Курстық жұмыс: Тарих | Ұлы Француз ревалюциясы және оның тарихнама

Курстық жұмыс: Тарих | Ұлы Француз ревалюциясы және оның тарихнама

Мазмұны
Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
І-тарау Ұлы Француз ревалюциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 11
1.1. Ұлы Француз революциясының тарихнамалық дамуға ықпалы _ _ _ 11
ІІ-тарау Ревалюцияның кезіндегі тарихнаманың дамуы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26
2.1. Ағартушылық бағыттағы тарихнама А. Н. Кондорсе, А. Барнав, К.Ф.Вольней шығармалары _ _ _ __ _ 26
2.2. Француз ревалюциясы кезіндегі коммунистік утопистік ағым және оның өкілдері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 38
Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 45
Сілтемелер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 48
Пайдаланған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 50

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі тарихи даму бағытында тарихнамалық дүниеге мол көңіл бөлінуде. Жалпы тарихи ойдың дамуы жөніндегі ой- пікірлер қай тарихшыны болмасын елеңдеттетіні анық. Ең алғашқы уақытта өзіндік ғылым ретінде танылмаған және белгіленген мамандардың қарауында болмаған тарих, бүгінде ауқымды дүниесімен, барлық ғылымдардан еш бір қалыс қалмайтындай дәрежеге жетіп отыр. Тарихи ілімдердің ішіндегі әліде аз талданып, әліде қарастыруларды талап ететін бөлім тарихнамалық ілімі болып табылады. Бұл орайда жекеленген мемлекеттердің тарихнамасы немесе жекеленген кезеңдердің тарихнамалық даму бағыты, сонымен қатар қандайда бір оқиға кезіндегі тарихи ойдың даму жағдайын қарастыру үлкен талқылауларды және ерекше зерттеулерді талап етіп отыр. Сондықтан тарихнамалық даму бағытын үлкен талқылаулардан және ерекше сараптаудан өткізген қандай да бір жұмыс болмасын бағалы және тарих ғылымының дамуында ерекше орынды иемденетіні сөзсіз.
Жалпы тарих ғылымының айналымында өзіндік ерекше орынды иемденетін, маңызын ешқашанда жоғалтпайтын, қай заманда болмасын қайта қарастырудан шықпайтын тақырыптар мол. Осындай тарих айналымында ерекше орынды иемденетін тақырыптардың бірі Ұлы Француз буржуазиялық революциясы болып табылады. Ұлы Француз буржуазиялық революциясы тарихи шындықтың қандай бұрышынан қаралмасын ерекше ауқымдылықты және тарихи мәнділікті иемденеді. Ал, Ұлы Француз буржуазиялық ревалюцияны тарихнамалық жағынан қарстыру екі еселік ғылыми қызығушылықты оятады. Біріншіден, басқа тарихи кезендерден қарағанда Ұлы Француз буржуазиялық революциясы ерекше тарихи кезеңді қамтиды, бұл аталмыш кезенде бүкіл тарихи тағдыр қарама-қайшылықтарға толы болды. Екіншіден, Ұлы Француз буржуазиялық революциясы кезінде жалпы идеологиялық көзқарастардың даму жағдайы бойынша жарылыспен салыстыруға сайып келетіндей еді, яғни революция жаңа көзқарастардың қалыптасып дамуына әкелді. Бұл тарихи ойдыңда дамуында байқалды. Ұлы Француз буржуазиялық революциясы кезіндегі тарихи ойдың даму бағыты өзгеше көріністерді байқатты. Осы кезде тарихи көзқарастардың дамуы жаңаша яғни ревалюциялық көңіл күйге толы болғаны анық болатын.
Осылайша, Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы қандай жағдайларда дамып, қандай бағытта дамығандығын анықтау арқылы оның тарихнамалық дамудағы орнын анықтау жұмыстың басты өзекті мәселесі болып табылады. Сонымен қатар Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ой, тарихи дерек ретінде маңыздылығын анықтауда маңызды мәселе ретінде алға қойылғандығын ескере кету қажет.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Бүгінгі күнде тарихи ойдың түрлі бағыттар мен көзқарастардың толастаған күндері қандай да бір тақырып болмасын оны жан жақты тарихи шындықты тұстарымен қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі қазіргі кезде тарихи көзқарастар ешқандайда идеологиялық бұғаумен шектелмеген, олар еркін дамып, қай тарихшының болмасын еркін пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз қазіргі уақытта қандай да тарихи оқиғаны болмасын ерекше тарихи дүниелермен талдауға зерттеушінің мүмкіндігі бар, оның осылайша өзіндік көзқарастарында қалыптастырады.
Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы тақырыбы ерекше зерттеу тақырыбы, себебі мұнда тарихи көзқарастарға талдау жасалу қажеттігі туындайды, сондықтан тақырыпты зерттеу барысында тарихнамалық еңбектер молынан пайдалануы қажет болып табылады. Бүгінгі тарихи зерттеулерді түрлі бағыттар мен түрлі көзқарастармен дамуытуға мүнкіндік бар жағдайда Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы мәселесінде де бірқатар бағыттарда жазылған еңбектерді қарастыруға мүмкіндігіміз бар. Алайда жалпы тақырыптың тарихнамалық даму жағдайын талдамас бұрын жұмыстың деректеріне тоқталып өтелік.
Г. Бабефтің «Сочинение» кітабында XVIII ғасырдағы идеологияны, тарихи көңіл күйді және көзқарастардың бірін, яғни утопиялық социолизм мәселесін француздық сипатпен ашуға тырысады. Шетелдік тарихшылардың ішіндегі Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы тақырыбын ашу мәселесіне үлкен үлесін қалдырған Л. Ф. Вольнейдің «Избранные атеистические произведения» атты еңбегі, аталмыш еңбек сонымен қатар дерек ретінде қолданылады, сондықтан мұнда француздық тарихи көніл күйдің XVIII ғасырдың соңында қандай бағыттарда болғандығын толық ашып көруге болатынын атап өту қажет. Келесі шетелдік тарихшылардың ішіндегі Ұлы Француз буржуазиялық революция мәселесіне жалпылама тоқталып өткен және мұнда жекелеген мәселелерді қарастыруда осындағы идеологиялық тұстарға мән берген Жан Жорес «Социальная история Французской революции» атты еңбегінде көрсеткендігін байқауға болады.
Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы тақырыбына байланысты жоғарыда айтқандай негізгі мұнда қолға тиетін зерттеулер кеңестік дәуірдің еңбектері болып табылады. Бұл орайда Ұлы Француз буржуазиялық революция тақырыбына өзінің өмірлік зерттеу негізін арнаған А. Э. Монфредті атап айтуға болады. Жалпы А. Э. Монфред өз зерттеулеріндегі негізгі тақырып Франция болғаны рас, дәлірек айтқанда Франциядағы революция. Жалпы тарихшының кеңестік идеология тұсында өмір сүрседе және оның бұғауынан еркін кете алмауына қарамастан, ол өзіндік ерекше тарихи шындыққа бағыт ұстанғандығын байқауымызға болады. Қай зерттеуші болмасын Ұлы Француз буржуазиялық революцияны қарастыратын болса А. Э. Монфред еңбектерінен аттап өте алмайтыны анық. Оның «Три портрета», «Наполеон Бонопарт», «Великая Французская буржуазная революция XVIII века (1789-1794)», «Итория Франции» және тағы басқа еңбектерінде Ұлы Француз буржуазиялық революциясына байланысты тақырыпты жан жақты қарастырылғандығын байқауға болады.
А. Э. Монфред еңбектері мен жұмыстың күрделілігі жағынан қатарласа келетін Е. В. Тарленің шығармаларыда, атап айтқанда «Сочинения», «Наполеон», «Талейран: из мемуаров Талейрана», «Талейран» еңбектерінде Ұлы Француз буржуазиялық революциясын өздігінше бір бағыттылықпен және зерттеудегі көзқарастарымен ерекшеленеді. Жалпы А. Э. Монфред және Е. В. Тарле кеңес дәуірінде өмір сүріп кеңестік идеологиямен шектелген болсада, олар ерекше бағыт ұстанып бүкіл әлем тарихшыларына үлгі болды деуге болады.
Тақырып мазмұнын зерттеу барсында ерекше көңілге түйіп алатын еңбектердің бірі В. П. Волгиннің «Французский утопический коммунизм» кітабы болып табылады. Мұнда XVII-XVIII ғасырлардан өзінің бастауын алатын француздық утопиялық коммунизмнің қалыптасуын, даму бағытын, ерекшелігін және жекеленген еңбектердегі орнын анықтап беруге ұмтылыс жасалған.
Келесі зерттеудің тақырыбына ерекше әсер еткен еңбек Д. А. Бендрикованың «Французская революционная историография» зерттеуі болып табылады. Мұнда жұмысқа революциялық көңіл күйде жазылған француздық тарихи беттерге үңіліс жасалып, талдауға орын берілген.
М. А. Алкатовтың «Политические идеи французской буржуазной историографии» зерттеуінде жалпы француздық буржуазиялық тарихнама көңіл бөле отырып революциялық кезеңдегі буржуазиялық тарихнамаға да ерекше тоқталып өткендігін көруге болады.
Сонымен қатар П. А. Коропаткиннің «Великая Французская революция (1789-1793)» және В. Г. Ревуненковтың «Очерки по истории Великой Французской революции» монографияларында жалпы Ұлы Француз буржуазиялық революциясы жөнінде тарқатылып зерттелгендігін көрсетеді және кеңестік дәуірдің көзқарасымен жазылсада идеологиялық бұғаудың әлсіреген тұсында, яғни кеңестік дәуірдің соңғы жылдарында жазылғандығын сараптап көрсетеді.
Осылайша Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы тақырыбын зерттеу барысында негізгі кеңестік әдебиеттер қолданылған, алайда осыған қарамастан бүгінгі тарихи даму тұрғысынан қарастыру негізге алынғандығын айта кету қажет.
Деректер. Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы тақырыбы негізгі деректерді Францияның XVIII ғасырдың аяғы кезіндегі тарихи еңбектермен көрініс табады. Мұнда жұмыстың өзіндік тақырыбына арналған дерек көздерінің пайдаланылуы алдынғы мақсат ретінде қойылған. Сонымен қатар жұмыстың құрылымына байланысты бірнеше деректер қолданылған, яғни жұмыс бөлімдерінің тақырыптарына сәйкес Франциядағы буржуазиялық революция мәселесін және негізгі Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы тақырыбына сәйкес деректер қолданылған. Осыған қарамастан жалпы тақырыптың нағыз негізін ашуға көмек берін негізгі дерек ретінде Л. Ф. Вольнейдің «Избранные атеистические произвендения» еңбегі және француз утопистік коммунизмнің негізін салушы Г. Бабефтің «Сочинение» еңбектері қолданылған. Қосымша дерек көздері ретінде Ұлы Француз буржуазиялық революциясына қатысты бірқатар деректер алға қойылған. Ш. М. Талейран «Мемуарлары» (Е. В. Тарленің жетекшілігімен басып шығарылған) А. Э. Монфредтің «Три портрета», «Очерки истории Франции. Сборник статей», «Великая Французская буржуазная революция XVIII века (1789-1794)» еңбектері мен зерттеулері дерек көздері ретінде қарастырылған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы тарихи көңіл күйді көрсету жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер алға қойылды:
- Ұлы Француз революциясының даму тарихы мен идеологиялық сипатын анықтау;
- Ұлы Француз революциясының тарихнамалық айналымға әсерін көрсету;
- Француз ағартушылық бағытындағы тарихнама өкілдері А. Н. Кондорсе, А. Барнав және К. Ф. Вольнейдің шығармаларына талдау жасау;
- Ұлы Француз революциясы кезіндегі утопистік коммунизм бағытын анықтау;
- Утопистік коммунизм ағымының өкілдері Морелли және А. Бабефтің бағытының ерекшеліктерін көрсету болып табылады.
Жұмыстың құрылымы Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы тақырыбын қарастыру барысында неғұрлым тарихи обьективтілікке жету, ғылыми сипат беру және тарихи шындыққа жақындау мақсатында тақырыптың айналасында бірнеше бөлімдерге бөлініп жазу қарастырылды. Мұнда тақырыпты негізгі үш бөліммен көрсету байқалды.
Бірінші бөлім – кіріспе жалпы жұмыс жөнінде толыққанды сипат беруге жол ашылған. Мұнда тақырыптың өзектілігі – яғни тақырыптың ғылыми айналымдағы орны мен маңызын анықтап, жұмыс барысында қандай мәселені басты өзек немесе негіз етілгендігі көрінген; жұмыстың зерттелу дәрежесінде – тақырыптың толық мәнін ашу мақсатында және жұмыстың ғылыми дәрежесін жоғарылату мақсатында пайдаланылып, қолданысқа түскен тарихи әдебиеттер мен зерттеулерге анализ жасалынған; жұмыстың мақсаты мен міндеттері – тақырыптың мәнін ашудағы алға қойылған мақсаттар мен міндеттер қарастырылған; жұмыстың құрылымы – тақырыптың толыққанды және жан-жақты зерттелуі мақсатында құрылған бөлімдер мен тарауларға жалпы сипаттама берілген; жұмыстың хронологиялық шеңбері – тақырыптың жалпы қамтитын уақыттық шеңбері мен кезеңін көрсетеді.
Екінші бөлім – негізгі бөлімде жұмыстын негізгі мәтіні ашылған, және ол бірнеше тараулардан құралған болып табылады. Бірінші тарау - Ұлы Француз буржуазиялық революциясы және оның тарихнаманың дамуына әсері – тақырыбымен көрсетіліп, мұнда революцияның барысына, идеологиялық ағымына, жалпы осы кездегі Франциядағы көңіл күйге тоқталып отырып, оның осы кездегі француз тарихнамасына қай жақтарымен әсер еткендігін көруге болады. Екінші тарау – Ағартушылық бағыттағы тарихнама А. Н. Кондорсе, А. Барнав, К. Ф. Вольней шығармалары – тақырыбымен анықталып, мұнда Ұлы Француз буржуазиялық революциясы кезіндегі ағартушылық ағымы өкілдерінің тарихнамадағы орнын, тарихнамалық дамудағы әсерін байқауға болады. Үшінші тарау – Француз революциясы кезіндегі коммунистік утопистік ағым және оның өкілдері – тақырыбы аясында қарастырылып, жалпы коммунистік утопия ұғымының түсінігін, Ұлы Француз буржуазиялық революциясы кезіндегі француздық утопиялы коммунизм ағымының өкілі еді және олардың еңбектері мен көзқарастары көрсетіліп, оның тарихнамалық айналымдардағы орнын анықтап айтылған.
Қорытынды бөлімінде жалпы тақырыпты және жасалған жұмысты тұжырымдап, жұмыстың түйіндемесі жасалынған. Сонымен қатар мұнда жұмыстың әр бөліміне арналған жүйелі қорытындылау және талқылап түйіндеу айқындалған.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Жалпы тарих беттерін жүйелі бақылау үшін және нәтижелі талқылану үшін зерттеудің хронологиялық шеңберіне тоқталмай кетуге болмайды. Ал тарихнамалық ғылымда хронологиялық шеңберді анықтау жалпы тарихи ойдың қандай уақыттың әсерінде болуын байқаумен маңызды болып табылады. Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы тақырыбындағы хронолигиялық шеңбердің маңызы да ерекше болып табылады. Себебі Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуын білу үшін осы кездегі тарихи оқиғалардың барысын түсінуге және уақыттың шеңберін анықтаумен заманның талаптары мен тарихнамалық ағым нысанасын білуге болады. XVIII ғасырдың соңына тиісті болған Ұлы Француз революциясы дәл ағартушылық көңіл күйдің және утопиялық коммунизм идеологиясына тура келді. Осылайша Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихи ойдың дамуы тақырыбы XVIII ғасырдың соңын, яғни дәлірек айтқанда 1789-1793 жылдар аралығын қамтиды. Аталған жылдар аралығы Франциядағы иделогиялық шеңбердің өзгеруіне әкелгені сөзсіз.
І тарау Ұлы Француз ревалюциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
1.1. Ұлы Француз революциясының тарихнамалық дамуға ықпалы
XVIII ғасырда Францияда абсалюттік монархия шегіне жетіп, революциялық жағдайдың туындауына әкелді. Жалпы саяси әлеуметтік-экономикалық революциялық себептер шарықтап XVIII ғасырдың соңында шегіне жетті. Үшінші сословиенің ішіндегі экономикалық қатынаста күшті орынды иемденетін, сауда мен өнеркәсіп орындарын өз қолында біріктірген буржуазия революциялық идеологияға басқалардан қарағанда жақын болды. Саяси құқықтарды иемденбеген ол мұндай жетістікке ұмтылысын байқатты және оған қайткенде де жету үшін мемлекеттің жүйесін қайта ұйымдастыру қажеттігін түсінді. 1788 жылы егістіктің жартысы шықпауы төменгі тап өкілдерін шарасыздыққа әкелді. 1989 жылдың ерте көктемінде Францияның барлық территориясында шаруалар қозғалысының толқыны болып өтеді. Сонымен қатар жұмысшылардың көтерілісінің алғашқы қадамдары да байқалды. Көреген саясаткерлер бірқатар реформаларды жүргізуді жөн көреді, алайда реформаларға сарай өкілдері мен дворяндар қарсы болды. Жердің феодалдық меншігінде болуы, мемлекеттің ішіндегі кедендік шекаралар, Францияның дамуына қарсы тұрды. Қала мен ауылдардағы халық бұқарасы тапшылықта болды. Жалпы атағанда үшінші сословие өз өмірін осылайша өткізуден бастарта бастады, бұрынғысынша корольде басқара алмайтын еді.(1) 1789 жылы революциялық жағдай толық орнап аяқталды.
1789 жылы 12 шілдеде жалпы толқулар күшейе түседі, себебі париждіктер 1788 жылы орнына келген басты контролер және Басты Штаттардың құрушысы Неккер отставкаға жіберілгенін білген болатын. Нәтижесінде Париждің көшелері халықпен толастады. Әскери адамдарда халықтың жағына шықты. Ескі париждік мэрияның мекемесінде бірнеше жүздеген адамдар жиналып Париждік комиттеті құрады. 13 шілдеде Комитет азаматтық гвардияны құрады. 14 шілде таңертең халық бұқарасы қару-жарақтармен қамтамасыз етіліп Бастилияға беттейді. Халық Бастиляны алумен абсалютизмнің құлауын байқатты. Людовик ХVІ революциялық әрекеттерді ескере отырып Ұлттық Комиттетті мойындады және Неккерді орнына қайтарды. Ескі билік органдары тарқатылып, жаңа үшінші сословиеден тұратын әсіресе буржуазиядан тұратын үкімет құрылды. Көптеген халық бұқарасының көтерілістері билік органдарын шешуші істерге итермеледі.
Тағайындалған жиналыстың комиссиясы «Адам және азаматтардың құқықтары деклорациясын» жариялады. Алайда мұны алғашқы кездегі корольдің көңіліне алмай қабылдамауы, халықтың Версальға жорығына алып келеді, нәтижесінде король «Құқықтар деклорациясын» бекітіп қана қоймай, сонымен қатар Парижге үкіметін ауыстыруға мәжбүр болды. Революцияның дамуына Париждік клубтардың рөлі ерекше болды, мұнда революциялық ойлармен жиналған қауымдар өзінің мақсаттарын жүйелеген болатын. Өткенде Бретондік клуб деп аталған ұйым Версальдан Париж қаласына көшіп келеді және ревалюцияның көптеген жақтастарын Мирабодан бастап Робеспьерге дейін өзінде біріктіреді. Бұл клуб Якобиндік деп аталды. 1790 жылы Кордельерлер клубы ұйымдастырылды, ол якобиндік клубына қарағанда демократиялық болып келген. Ал 1791 жылғы корольдің нәтижесіз қашуына байланысты клубтар демократиялана бастады және елді республикалық көңіл күй күшейе түсті. Тіптен кордильерлердің ұйымдастыруымен халық париждегі Марс алаңына жиналып монархияның тіптен алынуын талап етеді, бірақ бұл іс нәтижесіз және көптеген халықтың жазықсыз өлуі мен жаралануына әкелді.(2)
Революцияның алғашқы жылдарындағы ең ірі жетістіктердің бірі болып Францияның жаңа әкімшілік басқаруының орнауы болатын. Жаңа құрылымға сәйкес Франция көлемі жағынан бірдей 83 департаментке бөлінді. Бүкіл Францияда бірегей әкімшілік, салықтық жүйе орнатылды, елде қажетсіз ішкі кедендер және сеньорлік соттар жойылды.
Революцияның алғашқы жылдарындағы декреттер 1791 жылғы 3 қыркүйектегі конституцияда бекітілді. Конституцияға орай жоғарғы заң шығарушы билік Заң шығарушы жиналысқа берілді, оны екі деңгейлі және екі жылға сайлау арқылы орнықтырды. Атқарушы билік король және оның министрлеріне берілді, оны корольдің өзі тағайындайтын және олар корольге ғана бағынатын болды. Король заңдарды кейінге қалдыруға және қайта қарауға жіберуге мүмкіндігі бар болатын. Осылайша жаңа конституция елде конституциялық монархияны бекітті. 1791 жылғы конституция бойынша сайлау жүйесі билікте буржуазияны бекіткен болатын. Заңшығарушы жиналысқа сайлау либералдық дворянға және ірі буржуазияға билікке жетуге мүмкіндік берді, олар революцияның тереңдеуін қаламаған болатын. 745 депутаттың ішінде шамамен 260-ы конституциялық монорхистер болатын, 136 Якобиндік клубтің өкілдері болды, олар жирондистерге бөлінген еді.(3) Жирондистерді атақты ораторлар Бриссо, Верньо және энциклопидист-математик Кондерсе және тағы басқалар басқарған болатын. Жирондистер ірі меншік иелерінің, мануфактура иелерінің, ірі шарап сатушыларының, жаңа жер иеленушілердің қызығушылықтарын қорғады; олар корольдік биліктің шектелуін немесе тіпті жойылуын, эмигранттардың құқықтарының әлсізденуін және олардың жерінің конфискеленуін қалады. Сонымен қатар жирондистер спекуляцияның шектелуін қаламады, ауылдардағы феодалдық міндеткерліктердің жойылуынан қорықты. Заң шығарушы жиналысы корольдік билікті шектеп, жоюға асықпады. Тәуелсіз революциялық Франция үшін күресті Париждің 48 секциясы басқарды, олар 60 дискриттің орнына 1790 жылы құрылған болатын. Бұл секциялардың өкілдері 1792 ж. 9 тамыздағы отырысында өзін Париж Коммунасының революциялық органы деп атайды. 10 тамыздың түнінде Коммунаның басқаруымен мыңдаған қарулы адамдар корольдің сарайын.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Тарих | Француз буржуазиялық революция. Халықаралық қатынастарға тигізген әсері
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | "Егемен Казакстан», "Казакстанская правда» газеттерiнiң қоғамдық саяси лексикалық салыстырмалы талдауы
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Ұлы Француз ревалюциясы және оның тарихнама курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]