Курстық жұмыс: Педагогика | Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп психологиясы
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................31. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп психологиясы(1946-1956 жылдар).............................4
2. 1956-1970 жылдардағы совет мектебі мен педагогиканың дамуы.............................7
3. Социалистік елдердегі мектеп және оқу-ағарту ісі....................16
Қорытынды........................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................20
КІРІСПЕ
Тәрбие мәселелерін дұрыс шешу тәрбие және оқыту теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанын мұғалімнің білуін керек етеді. Совет педагогикасының қатарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие-мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашақ мұғалімдердің педагогтық дайындығын күшейтеді.
Советтік педагогика тарихы әр дәуірдегі тәрбие мен тәрбие мекемелерінің даыуын зерттеуде қоғамның дамуы туралы маркстік ілімге сүйенген. Бұл ілім бойынша педагогикалық теориялар, тәрбие мекемелерінің жүйесі, оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастырылуы, мазмұны және әдістері қоғамның материалдың өмірінің жағдайларына сай белгіленген.
Мектеп тәжірибесі мен педагогикалық ой-пікір қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық талаптары мен дәрежесіне тәуелді болады деген объективтік заңдылыққа сүйене отыра, педагогика тарихының марксист зерттеушілері мектеп білімінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін қайта құрудың, педагогикалық көзқарастардың өзгеріп отыруының шын себептерін ашып отырады.
Советтік педагогика тарихы советтік педагогика ғылымы мен совет мектебі тәжірибесіне шолу жасау курстық жұмыстың мақсаты.
1. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп пен педагогика (1946-1956 жылдар)
Ұлы Отан соғысынан кейінгі 1946-1950 жылдарда СССР Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дайыту туралы бесжылдың жопарда соғыс кезінде қираған мектеп үйлерін қалпына келтірумен қатар, оны көптеп салу арқылы мектептің санын әлдеқайда көбейту жоспарланды. Жеті жылдың жаппай міндетті оқуды толық жүзеге асырумен қатар, орта мектептің жоғары кластарында оқитын балалардың санын көбейту белгіленді. Мектеп үйлерін қалпына келтіруде, жаңа мектеп үйлерін салуда мектепті шефке алушы өндіріс орындары мен колхоз, совхоздардың ролі ете зор болды.
Осы шаралардың нәтижесінде жеті жылдың міндетті жаппай оқуды жүзеге асыруға мүмкіндік жасалды. 1949 жылы барлың бесінші класты бітірген оқушылардың алтыншы класқа алынуын жүзеге асыру мақсатымен алыс жерде тұратын балаларды мектепке жеткізіп салып, алып қайту ұйымдастырылды, мектеп жанынан интернаттар ашылды.
Партияның XIX съезі 1951-1955 жылдарда СССР халық шаруашылығын дамытудың бесжылдың жоспары туралы өз директивасында республика мен облыс орталықтарында, ірі қалаларда, ірі өндіріс орталықтарында жеті жылдың оқудан жаппай міндетті толық орта білім алуға көшуді жүктеді. Әсіресе селолық жерлерде жеті жылдың және орта мектептер көбейтілді. 1955-1956 оқу жылында еліміздегі барлық орта мектептердің жартысынан көбі селолық жерлерде болды. Осы шаралардың нәтижесінде орта мектеп бітірушілердің саны жоғары оқу орындарына оқуға алынатындардың санынан әлдеқайда көбейді. Орта мектеп бітірушілердің белгілі бөлімі тікелей өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық еңбегіне араласуға тиісті болды. Ал оларды бұл міндетке даярлау тиісті жолға қойылмады. Орта мектеп бітірушілердің арнаулы даярлығын күшейту үшін, техникумдарда екі-үш жылдық арнаулы бөлімдер ашылды, бір жэне екі жылдың техникалық училищелер ұйымдастырылды.
Отан соғысынан кейінгі жылдары совет адамдарыңа идеологиялық тәрбие беру мәселесіне зор көңіл бөлінді. 1946-1948 жылдары Коммунистік партияның Орталық Комитеті идеология мәселелері бойынша бірнеше қаулы алды, ол қаулыларда идеологиялық жұмыстың міндеттері белгіленді. Мектепте тарих, конституция және әдебиет пәндерінің идеологиялық дәрежесін көтеруге үлкен мән берді. Әдебиет пәнін оқытуда совет әдебиетіне көбірек уақыт бөлінді. Мұғалімдер және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында социалистік құрылыстың жетістіктерін, совет ғылымы мен мәдениетінің. табыстарын көрсету арқылы оқушыларда өз отанын мақтаныш ету, советтік патриотизм, отанына шын берілгендік сезімін тәрбиелеуге міндеттелді.
Мектшіте биология пәнін оқыту мәселесіне зор көңіл бөлінді. Оқу программасына Мичурин және Павлов ілімдері кеқ кіргізілді. №40-50-жылдарда мектептерде оқу-тәжірибе учаскесі, тірі табиғат бұрышы, биология кабинеттері ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы совет мектептері Отан соғысына дейінгі, әсіресе соғыс жылдарында, партияның XVIII съезінің; шешімдеріне сай оқушыларды практикалық әрекетке даярлауда белгілі пайдалы жұмыстар жүргізді. Бұл жұмыстар негізінен сабақтан тыс уақытта немесе мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысында үлкен орын алды. Әсіресе мектеп жанындағы учаскеде және техникалық үйірмелерде бұл жұмыстар нәтижелі түрде жүргізілді. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер сабақта лабораториялық жұмыстар жүргізді, өндіріс орындарыңа балаларды экскурсияға апарды. Физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері тәжірибе жасауға, есеп шығаруға көп көңіл бөлді.
Әйткенмен соғыстан бұрынғы жылдары басталған мектептің өмірден алшаңтығы соғыстан кейінгі жылдары күшейе түсті. Мектепте политехникалық оқыту мен еңбек тәрбиесінщ жүйелі түрде жүргізілмеуі, мектептің өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінен алшаң болуына себеп болды. Осының нәтижесінде мектеп бітірушілердің өмірге, практикалық әрекетке қажетті даярлығы болмады.
1951-1955 жылдардағы бесінші бесжылдың жоспарда орта мектепте политехникалық оқытуды жүзеге асыру міндеті жүктелді. 1954-1955 оқу жылынан бастап жаңа оқу жоспары мен оқу программалары енгізілді. Бұл оқу жоспарлары бойынша I-IV кластарда еңбек сабағы, V-VII кластарда оқу-тәжірибе учаскелерінде жұмыс істеу, VIII-X кластарда машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығынан: практикумдар жүргізілді, мектепте оқытылатын пәндердіқ (физика, математика, жаратылыс, химия, география) өмірмен байланысты жүргізілуі ескерілді.
1955 жылдан бастап мектептерде жоғары класс оқушыларының өндірістік бригадалары құрылды. Бұл бригадалар оқушыларды ауыл шаруашылық еңбегіне араластыруда үлкен роль атқарды. Коммунистік партияның XX съезінің шешімдеріне сай мектептерде политехникалық білім беруді жақсарту шаралары белгіленді. Мектеп оқушыларды өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салаларымен таныстыруға, оқытуды қоғамдың еңбекпен байланыстыруға міндеттеді. Мектеп оқушылары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы саласында өндірістік практикадан өтетін болды.
Соғыстан кейінгі жылдары совет мұғалімдері оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлері мен әдістерін ңолданды. Бұл жұмысқа алдыңғы қатарлы жеке мұғалімдер ғана ат салысып қойған жоқ, бүкіл мектеп коллективі, аудан, облыс болып кірісті. Оқу-тәрбие жұмысында балалардың ерекшелігін ерекше ескере отырып, класта екінші жыл қалып қоюды болдырмау үшін үлкен күрес өріс алды, оқытуда әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолдануға көп көңіл белінді. Сабақта әр түрлі жаттығулар жүргізуге уақыт көп бөлінді.
География, тарих сабақтарында өз өлкесін тану, өз өлкесінің тарихын, адамдардың ерліктерін білу, тарихи оқиғалардың болған жеріне экскурсия және туристік саяхат жасау жұмыстары кең жүргізілді. 50-60-жылдары оқу және тәрбие процесінде техникалық құралдарды пайдалану өріс алды.
Осы кезеңде мұғалімдер даярлау және олардың білімін көтеру жөнінде бірнеше шаралар жүзеге асырылды. Педагогикалық училищелерде он жылдық мектеп бітіргендерді екі жыл оқытатын бөлім ашылды. Бұрынғы мұғалімдер институттары 1952 жылдан бастап педагогтық институтқа айналдырылды. Мұғалімдердің материалдың жағдайын жақсарту мақсатымен 1948 жылы 10 февральда КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі олардың еңбек аңысын, пенсиясын көбейту және тағы басқа жеңілдіктер беру жөнінде қаулы алды.
Мұғалімдердің білімін көтеру мақсатымен, педагогтың институттардың және педагогтық училищелердің жанынан сырттан оқитын бөлімдер ашылды. 1957-1958 оқу жылынан бастап педагогтың институттарда жоғары білімді бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1953-1954 оқу жылынан бартап педагогтың институттарда студенттерді политехникалық білім беруге даярлау мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары үнемі курстар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар өткізетін болды.
2. 1956-1970 жылдардағы совет мектебі мен педагогиканың дамуы
КПСС XX съезі жалпы білім беретін мектептің тәрбиелік ролін көтере түсу мақсатымен, орта мектеп бітіруші жастарға еркін мамандық таңдауға мүмкіндік туғызу үшін мектепте политехникалық білім беруді кең түрде жүзеге асыруды талап етті. 1956 жылы бұл нұсқау КПСС XX съезінде айқындала түсті. Халық шаруашылығына мамандығы бар адамдардың қажеттілігіне байланысты жэне орта мектеп бітірушілердің тез өсуі, елуінші жылдардың ортасында мектеп оқушыларын жоғары және арнаулы орта оқу орындарына оқуға түсуге ғана даярлап қоймай, оларды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өнімді еңбекке араласуға даярлау мәселесін күн тәртіпке ерекше қойды, осыған сәйкес еңбек тәрбиесі мен политехникалық білім берудің тиімді жолдары іздестірілді. Мектепте политехникалық білім берудің елімізде мынадай жүйесі қалыптасты: жалпы білім беретін пәндерді оқытуда политехникалық білім беру принципін жүзеге асыру, I-IV кластарда қол еңбегі сабақтары, V-VII кластарда оқу шеберханаларында және оқу-тәжірибе учаскелеріңде практикалық сабақтар жүргізу, VIII-X кластарды машинатану, электро-техника және ауыл шаруашылығы негіздерінен арнаулы білім беру және тәжірибе өткізу жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар физика, химия, биология және т.б. пәндерді оқытумен ұштастыра жүргізілді. Мектептерде өндіріс орындарына экскурсия, өндірістік практика, техникалық және ауыл шаруашылық білім беретін үйірмелер ұйымдастырылды.
1958 жылы декабрьде СССР Жоғарғы Советі қабылдаған «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы заң» жаппай сегіз жылдың оқуды жүзеге асыруды талап етті. 1962-1963 оқу-жылы барлық жеті жылдың мектеп сегіз жылдың мектепке айналуы тиісті болды.
СССР шаруашылығы мен мәдениетін дамытудың жеті жылдық жоспарын (1959-1965) орындау жылдарында елімізде мектептің түрі мүлдем өзгерді, мектептің жалпы санында сегіз жылдың және орта мектептердің алатын үлесі әлдеқайда артты.
Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдарда елімізде қалыптасқан мектеп жүйесі соғыстан кейінгі жылдарда да негізінен саңталды. Бірақ мектептің өмірдея алшақтығы, бір жақты кітаппен оқыту әдістері басым орын алғаны тиісті документтерде ескертілді.
Партияның XX съезінің қарарларына сай, семья мен қоғамдық, тәрбиенің бірлігін жақсарта түсу мақсатымен, 1956 жылдан бастап мектептің жақа түрі - мектеп-интернаттар ашыла бастады.
Мектептің бұл түріне жалғыз ана тәрбиесіндегі балалар, мүгедектің балалары, ата-анасыз балалар, семьяда тәрбиелеу мүмкіндігі жоқ балалар алынды. Ата-анасыз балалар, көп балалы семьядағы және аз жалақы алатын семьядағы балалар түгелдей мемлекет қаржысына тәрбиеленді.
Семьяға көмек көрсету мақсатымен мектептерде балалар күні бойы болатын ұзартылған белімдер ашылды. Мектептің бұл түрі көпшілік тарапынан зор қамқорлыққа ие болып, тез тарады. Мұндай мектеп пен бөлімдерді ашуға өндіріс орындары, колхоздар мен совхоздар және ата-аналар белсене араласты. Бұл мектеп пен бөлімдерде балалар сабақтан бос уақыттарын көңілді, ұйымдасқан түрде өткізді, олармен әр түрлі тәрбие жұмыстары жүргізілді, үйге берген тапсырманы тәрбиешілердің басқаруымен орындады. Жаппай міндетті оқуды жүзеге асыруда, мектепті тастап кетумен және класта екі жыл қалып қоюмен күресуде жоғарыда аталған мектеп пен бөлімдер зор роль атқарды.
1958 жылғы мектеп туралы Заң бойынша жеті жылдық мектептер сегіз жылдың мектептерге айналдырылды. Сегіз жылдық мектепте балалар жалпы біліммен қатар, политехникалық дайындың алды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық еңбегінің негізімен, техникамен танысты, сегіз жылдың мектеп бітірушілер не орта мектептің IX класына, не арнаулы орта оқу орындарына түсетін болды. Тікелей еңбекке араласқандары кешкі мектептерде оқыды. 10 жылдық мектепте жастар жоғары оқу орындарында оқуға даярланды, әрі белгілі салада еңбек етуге дайындық алды. Соғыстан кейінгі жылдары кешкі мектептер кең түрде дамыды. Жұмысшы мен шаруалардың мәдени-техникалық дәрежесін. көтеруде бұл мектептер үлкен қызмет атқарды.
Сегіз жылдық мектепгің негізінде арнаулы кәсіптік-техникалық училищелер ашылды. Бұл оқу орындары қалалы жерлерде өнеркәсіп, құрылыс, ал селолық жерлерде ауыл шаруашылығы үшін механизаторлар және жұмысшылар даярлады.
Совет мектебінің даму бағыты партияның XXII съезінде қабылданған КПСС Программасында анықталды; негізгі міндеттердің бірі таяудағы он жылда (1960-1970) жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыру болып белгіленді.
Бұл міндет 1966-1970 жылдарда СССР халық шаруашылығын дамытудың бесжылдың жоспары туралы КПСС XXIII съезінің директивасында және КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің «Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын онан әрі жақсарту шаралары туралы» (1966 жылы ноябрь) қаулысында аталып көрсетілді.
Жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыруда арнаулы орта оқу орындары да зор роль атқаруға тиісті болды. Олар арнаулы білім берумен қатар, орта білім беруді жүзеге асырды. Орта білім беруді жүзеге асыруға кешкі мектептер мен кәсіптік техникалық училищелер де көп ат салысты.
Жаппай орта білім беруді жүзеге асыруға байланысты мектепте балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұны кеңи түсті Коммунистік саналылықты тәрбиелеуге КПСС Программасы: ғылыми көзқарас қалыптастыруды, еңбекке коммунистік көзқарас туғызуды, социалистік патриотизм мен пролетарлық интернационализмді тәрбиелеуді, коммунистік моральды қалыптастыруды, адамды жан-жақты дамытуды және адамының қабілетін барынша дамытуды жатқызды.
Балаларда ғылыми көзқарас қалыптастыруда орта мектептің төменгі кластарынан басталып, ол барлық пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын болды. Коммунистік көзқарас қалыптастыруда барлық пәндермен қатар тарих, әдебиет және қоғамтану пәндері ерекше роль атқарды.
Орта мектепте берілетін білімді белгілеуде бастауыш білім беруді төрт жылдан үш жылдық мерзімге қысқарту үлкен жақалық болды. Жеке пәндерді оқытуды төртінші кластан бастау, ол пәндерді оқытуға арналған сағаттың әлдеқайда көбеюіне мүмкіндік берді.
Мектеп туралы заңды (1958 жылы) іс жүзіне асыруда қазақ республикасында ңыруар жұмыстар жүргізілді. Мектептерді жеті жылдықтан сегіз жылдық; оқуға кешіру 1962-1963 оқу жылында толық аяқталды. Сонымең қатар орта мектептер саны да өсті. Жеті жылдықтың аяғында 1965-1966 оқу жылының 1 сентябрінде республикада жалпы білім беретін 9500 мектеп болды.
Заңның жүзеге асырылуы мектептің өмірмен, коммунистік құрылыстың практикасымен байланысын нығайтты. Оқушыларды мектеп тек қана жоғары оқу орындарына түсу үшін емес, сонымен бірге қоғамдың пайдалы еңбекке тікелей белсенді қатысу үшін даярлауды көздеді........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Тарих | Ұлы Отан соғысы жылындағы мектеп және педагогика
» Курстық жұмыс: Педагогика | Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
» Курстық жұмыс: Педагогика | КСРО кезіндегі 1917 1945 жылдар арасындағы педагогика
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
» Курстық жұмыс: Тарих | Ұлы Отан соғысы жылындағы мектеп және педагогика
» Курстық жұмыс: Педагогика | Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
» Курстық жұмыс: Педагогика | КСРО кезіндегі 1917 1945 жылдар арасындағы педагогика
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
Іздеп көріңіз: