Курстық жұмыс: География | Ұлы географиялық ашылымдар
Мазмұны
1. Кіріспе........................................................32. Негізгі бөлім
2.1 Ұлы географиялық ашылымдардың себептері...........................4
2.2 Х.Колумбтың Американы ашуы7
2.3 Үндістанға баратын теңіз жолының ашылуы...........................11
2.4 Португалдықтардың Индияда жүргізген отарлық басқыншылықтары мен сауда саттықтары............12
2.5 Индияға апратын батыс жолының ашылуы және жер шарын алғаш рет айланып шығу саяхаты ............14
2.6 Мексика мен Перуді, Испанияны жаулап алуы.....................16
2.7 1550-1650 жылдардағы географиялық ашылымдардар.....................18
2.8 Батыс Европа елдерінің отарлаушылық саясаты...................18
2.9 Европадағы ұлы географиялық ашылымдардың нәтижелері.20
3. Қорытынды..................................................................................25
4. Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі............................................ 26
Кіріспе
XVI ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында бұрынғысынша феодалдыққұрылыс үстем болды. Алайда Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік кәсіпорындар пайда бола бастады. Ұлы географиялық ашулар капиталистік өнеркәсіптің дамуына маңызды түрткі болды.
Жер шарында Ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты – аңызға айналған Үндістан жерін ашып , онымен сауда , қарым – қатнас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған Европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастаған еді. Алысқа жүзе алатын мұхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруалығын өркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп , Атлант мұхиты арқылы жүзіп , бірқатар жерлерді , белгісіз аралдар мен түбектерді ашып , оларды өздерінің отарына айналдырды.
Ұлы географиялық ашулар кезеңіне қарағанда XVII ғасырда жер шарының географиялық зерттелуі мүлде өзгеше еді. Ұлы географиялық ашулар кезінде мұхиттар мен теңіздер , материктер мен көптеген аралдар ашылды. Бірақ олар әлі түбегейлі зерттелмеген еді. Сондықтан , XVII ғасырдың негізгі географиялық зерттеулері бұрынғы ашылған құрлықты , теңіздерді толық білуге бейімделді. Сонымен қатар бұл ғасырдың өзінде де географиялық зерттеулердің ғылыми тәсілдері әлі де анықталмағанеді. Тек қана XVIII ғасырда анықталып іске аса бастады. Саяхатшылар мен ғалымдардың географиялық зерттеулер кезіндегі жазулары , күнделіктері кейінгі ғасырларға едәуір әсер етті.
2.1 Ұлы географиялық ашылымдар – феодалдық қоғамның өндіргіш күштерінің дамыуының феодалдық өндірістік қатынастар системасын ірітіп – шірітуші товар–ақша қатынастарының үнемі өсуінің, европалық елдердің Шығыс елдерімен сауда-саттық қарым-қатынастарынының ұлғаюының нәтижесі болып табылады.
Товар - ақша қатынастарының ұдайы өсе беруіне байланысты ақша орасан зор маңызға ие болды. Ақша мейлінше арта түскен қажеттіліктерді қанағаттандырудың бірден - бір құралына және байлықтың ең басты түріне айнала бастады.(1- 29бет)
Алтынға құнығушылық металл ақшаның санын барынша көбірек талап еткен сауданың өріс алуына байланысты мейлінше күшейе түсті. Оның үстіне ақшаның көбі Европадан тысқары жерлерге шығыстан әкелінетін товарларға кетіп жатты. Оларды әкелу үнемі ұлғая берді. Осының нәтижесінде асыл металдың жетіспеушілігі күн санап күштірек сезіле бастады. Европада алтынға деген мұқтаждықты қанағаттандырарлық мүмкіншілік болмады. Бірақ оның есесіне европалықтардың ұғымы бойынша , Европадан сыртқы жерлерде байлықтың сарқылмайтын қайнар көзі жатқандай болып көрінді.
Европалықтар дүниеде ең бай ел Африка деп санады, өйткені Жерорта теңізінің жағалауындағы қалалар арқылы күпецтер Сенегал мен Нигераның алабында өндірілетін алтынды Европаға әкеліп жатқан-ды. Мұнда , Сенегал мен Малидің , Жоғары Вольта мен Нигерияның территорияларында XVII - ғасырдан XV - ғасырға дейін бірнеше бай мемлекеттер : ғана, Мали және Сонгали құрылды. Осы елдердің бай қалалары, әсіресе Нигеридегі ислам мәдениетінің ең ірі орталығы Тимбуктың – Сахара арқылы Жерорта теңізімен қызу сауда - саттық жұмыстарын жүргізді және мұнда алтын құмның саудасы үлкен орын алды. Купецтердің әңгімелеріне қарағанда, Африкадағы алтын қорлары ғажайып көлемде болды.
Қытай, Индия, Индонезия таңғажайып бай елдер саналып, көбінесе «Индиялар » деп аталды. Бұл атаулар көптеген жағдайларда теңіздердің ар жағында жатқан сыры белгісіз елдерге арналып айтылды да, Европаның одан жібек және басқа заттар алып отыратын нақты Индияға оншалықты қатысы болмады. Осындай алып қашты жорамалдар XV- XVI ғасырлардағы ұлы географиялық ашылымдарға әжептеуір себепші болды. Өйткені бұл лақаптар теңіз жихангездерін болуы мүмкін немесе шынында да дүниеде бар елдерге қайткенде де кетуге ұмтылдырды.
Африканың алтынын іздеп табуға XV - ғасырда португальдық теңізшілер аттанды. Олардың пайымдауынша Африканың алтыны Атлантика мұхитына келіп құятын үлкен өзендердің қайырларынан атап айтқанда , солардың Боходор мүйісінің маңындағы сағаларының бірінен табылып , өндірілуге тиісті болды. Сондықтан Алтынды Өзенге, теңізбен Африканың батыс жақ жағалауын бойлай отырып жетуге толық мүмкін сияқты болып көрінді.
XIV- XV ғасырларда Португалияда сауда мен кеме қатынастары жақсы дамыды. Бұған португальдықтардың , арабтың бай және епті купецтерімен XII - ғасырда-ақ басталған қарым - қатынастары көмектесті. Португальдықтар арабтардың математикасымен, географиясымен және картографиясымен танысты. Мұның өзі келешектегі теңіз кәсіпшілігі үшін маңызды еді. Олар теңіз қатынастарына қажет кемелерді – итальяндық Жерорта теңіздік кемелерге қарағанда , желге қарсы жүзуге қабілетті және аса жүрдек, толқында жеңіл және ыңғайлы каравеллалар жасап шығарды.
Португалияның жүргізген сауда жұмыстарына Португалияға Италиядан, ең алдымен Генуядан қоныс аударған көптеген купецтермен теңізшілер белсене қатысты. Өйткені XV - ғасырда түріктердің жаулап алына байланысты Генуя купецтеріне шығыспен сауданы Александрия арқылы Жерорта теңізімен жүргізуге тура келді. Бұл жерде барлық Шығыс Жерорта теңізіндегідей венецияндықтар үстемдік жағдайда болды. Сауда - саттық пен теңіз қатынастарының қысқартылуы генуялық купецтер мен теңізшілерді бақытты басқа жақтан іздеуге мәжбүр етті. Колумбпен Каботтоның Генуядан шыққандықтарын, айта кеткен жөн.
Португалияға, сондай- ақ Испанияға теңіздің арғы жағындағы жерлерді іздестіріп , басып алға түрткі салған себептер ішкі жағдайларға байланысты болды. Бұл елдердегі реконистік жаугершіліктің заманы бітті. Тегін олжалар мен әскери авантюраны аңсаған соғысқұмар және кедей дворяндардың басым бөлігінің айналысар ісі болмай қалды. Ал Африканы алар болсақ , осынау бай әрі беймағлұм өлкеге арнайы экспедициялар соғыс қимылдарын жүргізу үшін ұйымдастырылып отырды. Өйткені маврлар Африканың солтүстік - батыс жағалауынан Испания мен Португалияның кемелеріне , ал кейде тіпті Пиреней түбегінің жағалауындағы қалаларға тонаушылық шабуыл жасауларын тоқтатпады.
1415 жылы португальдықтар Солтүстік африкалық жағалаудағы сауда - саттықтың ең маңызды пункті Сеутіні басып алды. Бұл жолмен, атап айтқанда, Жерорта теңізіне алтын тасылатын еді. Сеутіге ие болу Португалияның отарлық экспансиясының бастамасы болып табылды. Португалияның купецтері мен басқа елдерден келген эмигрант - купецтер теңіздің арғы жағындағы алтын шығатын шерлерді іздеп табу мақсатымен теңіз экспедицияларын жабдықтап шығаруға кірісті. Бұл іске өзінің бас пайдасын көздеген Португалия королінің інісі, XIX - ғасырдың тарихшылары «Теңіз саяхатшысы» деп атап кеткен, принц Генрих, үлкен қамқоршылық жасады.(2-18б)
Сауда компаниялары Генрихтың көмегімен жаңадан ашылған аймақтарда сауда монополияларына ие болып, лезде-ақ олжаға батып байыды. Ең пайдалы сауда жергілікті халықты талан таражға салып, құл саудасын жүргізу болды. Міне , осылар португалдықтардың әуел бастан - ақ Индияға апаратын теңіз жолын іздеп табуды көздегені жайында ешбір дерек жоқ. Мұндай мақсатты олар тек 1460 жылдар шамасында , яғни Гвинея шығанағына кіріп , Африкандық жағалау шығысқа қарай кілт бұрылғаннан кейін ғана қоюы мүмкін.
Гвинея шығанағынан оңтүстікке қарай , Оңтүстік Африканың батыс жағалауымен ілгері жылжи беруге , арыны қатты қарсы ағыстар кедергі жасады. Бұл ағыстарға жоламау үшін теңіз саяхатшысы Бартоломей Диас 1486 жылы Козерог тропигіне жетті де , жағалаудан қашықтап , тура оңтүстікке қарай ашық теңізге шығып кетті , сөйтіп мүлде орағытып барып Африканың оңтүстік шетінен бір - ақ шықты. Жағалаудың одан әрі қарай солтүстік – шығыс бағдары бар екендігіне және өзінің шынында да материкті айналып шыққандығына көзі жеткеннен соң , Диас қайтар жолында Добрая надежда мүйісін айналып өтті және бұл мүйіске өзі нақ осындай ат қойды. Сөйтіп , ол 1487 жылы декабрьде , 16 ай бойы жүзіп жүргеннен кейін Лиссабонға қайтып оралды. Добрая Надежда мүйісінен Мадагаскарға шейін жүзіп , осылайша Индияға жететін жолдың бір бөлігінен өту мәселесі 1498 жылы ғана шешілді.
2.2 Африканың батыс жағалауының өн бойымен ілгері қарай жылжумен қатар , сірә, итальяндық теңізшілердің қатысуымен болса керек , португальдықтардың оңтүстік – батыс және батыста ашық мұхитқа шығып алысқа жүзулері басталды. XV ғасырдың 20-жылдарында португальдықтар Мадейра аралдарына , 30- жылдардың басында – Азорларға барып орналасты. Ал 1456 жылы Жасыл Мүйіс аралдарына шейін жетті.
1492 жылы Христофор Колумб Атлантика мұхитын жүзіп өтіп , Батыстық жарты шарды ашты. Колумбтың өмірбаянының көптеген фактілерін , сондай – ақ оның географиялық ұғымдарының сан алуан қырларын түгелдей және дұрыс анықталды деп санауға болмайды. Қазірде Колумбтың – итальяндық екендігі және 1451 жылы Генуя маңында бір тоқымашының семьясында туғандығы баршаға мәлім болып отыр. Оның жүйелі білімі де болған жоқ. 1474- 1475 жылдары Шығыс Жерорта теңізіне кемемен сапар шекті. 1476 жылдың шамасында, сірә генуялық сауда үйлерінің бірінің агенті ретінде болса керек, Португалияға келеді , ал келесі жылы Англияға барады. 1479 – 1481 жылдары Мадейрада және оған көршілес Порту – Санту аралында тұрады. Осы жерде ол бір теңізшінің қызына үйленеді. Қыздың әкесінен көптеген теңіз карталары мен күнделіктер және түрліше жазбаларқалған екен.
1483 жылы үлкен теңіз экспедициясын жабдықтау туралы Португалиямен жүргізген Колумбтың келіс сөздері басталды. Португалия үкіметінің Колумбтың жасаған ұсынысын қабылдамауының себебі , тамаша бай Индияға барар теңіз жолы табылып , көздеген мақсатты жүзеге асыру соншалықты жақын тұрған кезде басқа бір жаңа қауіпті іспен айналысқылары келмеген болар. Келіс сөздер сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Колумб Испанияға келеді (1485 жылдың шамасы) . Сөйтіп, мұнда ұзаққа созылған келіс сөздерден соң корольдің ықпалды жақын адамдарының және ең бай испандық купецтердің қолдауымен король Фердинанд пен оның зайыбы Изабелланың экспедиция жабдықтауға берген келісімін алады. Король Колумбқа адмирал және “оның теңіз – мұхиттардан іздеп тапқан ” жерлерінің бәріне де вице – король болу атағын береді.
Колумбтың кітапханасындағы кітаптардың құрамына және оларға соққан белгілеріне қарағанда , оның Марко Полоның “ Сапарлар ” деген шығармасын оқығаны , сонымен қатар жердің шар тәрізді екендігі туралы ғылыми болжамды жақтаушы француз эпископы Пьер д , Алидің “ Әлемнің айнасы ” атты трактатын ерекше зейін қоя зерттегендігі байқалады. Бұл трактат Антика заманы авторларының , сондай – ақ орта ғасырлық авторлардың географиялық және космографиялық білімдер жөніндегі еңбектерінің жмнағы болып табылады. Тарихшылардың пайымдауынша , Колумб теңізден батысқа қарай жүзіп барып , сол кезде “ Индия ” деп аталынған Азияға жетуді ойлаған болса керек. Бұл ойды өзімен хат – хабар жазысып тұрған сол кездегі атақты итальяндық космограф Тосканелли айтқан болу керек. (Кейбір тарихшылар хат жазысуын Колумбтың Тосканеллимен жалған деп те санайды). Ал космографтар мен географтардың еңбектерін оқып зерттеген Колумб “ батыс жолы ” мәселесін өз бетінше – ақ ойластыруы мүмкін.
1492 жылы 3 августа үш кемеден құралған эскадра Испания порты Палосадан Канар аралдарына қарай бет алды , 10 сентябрьде одан әрі қарай сапар шекті. Кемелер суда жүзу сапасының жоғарылығымен және техникалық жағынан жақсы жабдықталуымен ерекшеленді. Колумб өзінің тамаша теңізші екендігін көрсетті , ол португальдықтар жеткілікті зерттеген Атлантиканың желдері мен теңіз ағыстарының жағдайларында жүзудің әдістерін асқан шеберлікпен пайдаланды. 12 октябрьде Колумб Багам аралдарының тобындағы бір кішкентай аралға келіп , зәкір тастады. Бұл жерді ол Сан – Сальводор деп атады.
Батыстық жарты шар жерлеріне баратын жол ашылды. Мұның нәтижелері әрі ашылған жерлер үшін де , әрі Европа үшін де орасан зор болды. Колумб жүзуінің ұлы тарихи маңызы да осында еді.
Осы алғашқы саяхаты кезінде Колумб Антиль архипелагының бірқатар аралдарын , Кубаның сол жағалауларын өзі Эспаньола (Кішкентай Испания) атаған Гаити аралын ашты. Осы жерге Навидад (Рождество) фортын салып , оған өзінің 39 теңізшісін қоныстандырды. Бұл Европалықтардың Батыс жарты шарындағы ең тұңғыш отары еді. Бірақ көп ұзамай - ақ , испандықтардың зорлығына ызаланған үндістер форттың тас – талқанын шығарып бұзып, қоныстанушыларды қырып тастады. Алайда испандықтар бұдан қаймыға қойған жоқ. 1496 жылы Эспаньоланың оңтүстік жағалауына Сан – Доминго қаласының негізін қаланды.
Колумб жергілікті адамдардан алтын жөнінде сұрастырды. Ол өзінің нені ашқанын және қандай жерде тұрғандығын жете ұғынып біле алмады және білуге де болмайтын еді. Оның жүргізген күнделігіне қарағанда , Азияны шығыстан айналдыра көмкеріп тұрған............
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: География | Үндістандағы алғашқы теңіз жолдарының ашылуы
» Курстық жұмыс: География | Географиялық ашылымдардың мәнін ашып көрсету
» Курстық жұмыс: География | Латын Америкасына экономикалық - географиялық сипаттама
» Курстық жұмыс: Тарих | Токугава сегунатының «Жабық есік» саясаты
» Курстық жұмыс: География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
» Курстық жұмыс: География | Үндістандағы алғашқы теңіз жолдарының ашылуы
» Курстық жұмыс: География | Географиялық ашылымдардың мәнін ашып көрсету
» Курстық жұмыс: География | Латын Америкасына экономикалық - географиялық сипаттама
» Курстық жұмыс: Тарих | Токугава сегунатының «Жабық есік» саясаты
» Курстық жұмыс: География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Іздеп көріңіз: