Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі
Кіріспе
«Аударма» деген түсініктің ауқымы өте кең. Бір тілден екінші тілге өлең, әр түрлі мазмұндағы көркем проза, ғылыми- көпшілік кітаптар, дипломатиялық құжаттар, іс- қағаздары, саяси қайраткерлердің мақалалары мен сөздері, газет материалдары, әр тілде сөйлейтіндіктен аудармашыға жүгінуге мәжбүр болатын адамдардың сөздері т.б. аударылады. Аударманың мақсаты- түпнұсқа тілін білмейтін оқушыны немесе тыңдаушыны берілген текспен немесе ауызша айтылған сөздің мазмұнымен неұрлым жақынырақ таныстыру: бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу. Сонымен қатар осы іс- әрекет арқылы алынған нәтиже, мәтін, туынды «аударма» деп аталады.
Аударма тарихында түпнұсқаның бұрмалануы, ондағы ойдың көмескіленуі сияқты жағдайлар өте көп болған.
Бұл әсіресе, көркем әдебиет пен қоғамдық- саяси еңбектерге қатысты.
Көркем әдебиет стилінің әдебиеттің тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде көркем өнері: туындының эстетикалық функция, прагматикалық сипаты- баршасы тілді иеленуші халықтың рухани- мәдени ұлттық танымның мүддесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады. Көркем аудармаға екі түрлі талап қойылады; біріншіден, аударылып отырған шығарманың негізгі идеясының екінші тілде дұрыс берілуі, ал екіншіден, шығарманың көркемдік қасиетінің толық сақталуы. Соңғы талап сол аударылып отырған жазушының тек оның өзіне ғана тән тілектерін, белгілі дәрежеге сөз бояулары арқылы әдемі суреттелулері арқылы, характерлердің саналуан болып қабысулары арқылы бүркемелеп қойған жасырын сырларын аудармашының түсінуіне байланысты. Әрине аударма екінші тілде қайта жасалған көркем шығарма болғандықтан аудармашылар түпнұсқаны жай ғана түсініп қоймай, оны екінші тілге көркем етіп жеткізу үшін шығармашылық елегінен өткізеді. Бұл елек аудармашының күшіне, мәдениетне, аудармаға сіңірген еңбегіне қарай нәтиже береді.
Көркем шығарманың әр алуан қырлары мен сырлары болады: табиғат көріністері суреттеледі, адамның ішкі сыры (монолог) шертіледі, көңіл күйі, сезім дүниесі баяндалады, философиялық толғаныстармен психологиялық тебіреністер ашылады, тағысын тағылар. Бұлар кейде суреттеу түрінде, кейде баяндау түрінде берілсе, кейде асқақ пафоспен, кейде ұтымды афоризммен беріліп отырады. Аудармада осылардың бәрін өз қырымен, өз сырымен, өз бояуымен жеткізу керек.
Жұмысымыздың тақырыбы «
Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі»
Зерттеудің өзектілігі. Аударматану ғылымында түпнұсқа тілдері ерекшеліктердің сақталуына қатысты біршама зерттеулер жүргізілген. Аударылатын тілдің ұлттық бітімге негіздері қалай игерілгендігі турасында еңбектер аз.
Қазақ ғылымында дербес, арнайы, зерттеуді талап етіп отырған салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. «Аударма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып есею күйінде ғана екендігін» бұдан жарты ғасырдай уақыт бұрын М. Әуезов атап өткен болатын [1;3] Ғұлама жазушының тәржіма ғылыми – аударматану турасындағы тұжырымы маңызын жоғалтқан жоқ, өйткені қазақ филологиясында - әдебиеттанымдық жағынан да, тілтанымдық жағынан да – қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері аударматану ғылымының объектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын, талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың оның- қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес.
Осы ғасыр бойында, әсіресе соңғы жартығасырда қазақ мәдениетiнде өзге тілден қазақша аударудың бай тәжірибесінен жинақталды. Ал қандай да бір тәжірибиенің негізінде ғылыми тұжырымдарды түйіндеу, теориалық негіздемені қалыптастыру – бір тілден екінші тілге аударудың нысандарын, түрлерімен тәсілдерін қамтитын, өзге де бірнеше ғылым тармақтарымен тығыз байланысты, әлеуметтік, мәдени, шығармашылық, коммуникативтік қызметі бар тұтас жүйе аударма- мәдениеттің феномені, мәдениеттер байланысына тән құбылыс, ұлт мәдениеті мен ұлттық тілдің жеке адамды тәрбиелеудегі рөлі мейлінше артып отырған қазіргі кездегі кезеңде қазақ тілінде жасалған аударманың рухани- мәдени, тілді байыту қызметі, тәржімә әдебиетте қазақ тілінің лексикалық- фразеологиялық құрамының игерілуіндегі сипаттар тарихи- иәдени тұрғыдан, мәдениеттер байланысын мен тілдер ықпалдастығы аспектісінде зерттеуінің маңызы зор.
Еліміздіңдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі – дүниежүізілік ақпараттар алмасудың сапалы деңгейіне көтерілу; ақпартаттық база жасау; ақпараттық анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен ҚР-ның саяси-әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде нақты ақпараттарды жинау, қабылдау,өңдеу,жеткізу жүйесі бар бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аталған жағдаяаттарға орай соңғы онжылдық көлемінде аударылу процесінің объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса, күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әралуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкілдер, өнімдер жардығар мен ережелер, қатнас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен аудармамен жолы арқылы жүзеге асырылуда – жазба аудармамен қатар ауызша аударма (ілеспе аударма және қосарлас аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады. Сондай-ақ бұрын бір тілден екінші тілге аудару процесі орыс тілі мен қазақ тілінің арасында көрініс тауып келген болса, енді өзге де еуропалық тілдерден және араб парсы, қытай, жапон, түрік тілдерінен қазақ тіліне тікелей аудару тәжірибесі белгі беріп отыр. Қазақ тілімен өзге тілдерге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек, қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-үйренуді, шетел тілдері туралы білім дағдыны еңбек процесінде пайдалануды талап етіп отыр: осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда. Байырғы тәжірибенің негізінде бір тілден екінші тілге аудару процесіндегі ортақ заңдылықтарды, тілдердің өзара ықпалдасуын, бір-біріне қарым-қатысын ғылыми тұрғыдан қорыту - егеменді Қазақстан Республикасымен рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси байланыстары орныққан халықтар мен қазақ халқы арасындағы тіларалық коммуникацияның оңтайлы, ұтымды, білікті деңгейде қалыптасуына ықпал етеді.
Зерттелуi. Аударма ғылымында этнотұрмыстық белгiнiң этно- этникалық ерекшелiктердiң сақталуына қатысты бiршама зерттеулер жүргiзiлген.Олар Коныленко М. “Основы этнолингвистики”, В.С.Виноградов “Перевод. Общие лексические вопросы”, А.Алдашева “Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелерi”, Нурланова К.Ш. “Человек и мир. Казхская национальная идея ”, Н.Ж. Шаханова “Мир традиционной культуры казахов”, М. Муканов “Этнопсихическая специфика невербальных коммуникативных знаков”, және тағы басқа еңбектерде көрсетiлген.Бiрақ, әлi жеке тақырып ретiнде қарастырылмаған.
Зерттеудің мақсаты Мәдениетаралық және тіларалық байланыстардың нәтижесі –аударманың ұлттық мәдениетте ықпалын анықтау.
-тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, бір- біріне ықпалын танытатын, ұлттық мәдени нышанға ие тілдік единицаларды (лингвокультуремаларды, атап айтқанда этнобелгілерді) талдау.
- көркем аударма материалдарнегізінде аудармадағы сөз таңдау, сәйкестік заңдылықтарын айқындау;
- аударманың сапасын анықтау;
Осы жұмысымызда этнотұрмыстық белгілердің мағынасын ашу үшін салыстырмалы әдіс қолданылды.
Дипломдық жұмысымыздың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындымен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде көркем аударма әдебиеттің түрлеріне жалпы түсінік беріліп, көркем аударма жайлы айта отырып сонымен қатар Қ.Жұмаділовтiң орыс тіліндегі ерекше туындылары туралы айтылады.
Екінші бөлімде мәдениетпен тіл тұтастығы айтылып баламасыз лексика және ұлттық этникалық мәдениетте этнотұрмыстық белгінің алатын орны жайлы түсініктер берілген.
Үшінші бөлімде Қ.Жұмаділовтің шығармаларындағы этнотұрмыстық белгілердің аударылу ерекшеліктері туралы, аударылу барысында қолданылған әдіс- тәсілдер туралы айтылады.
1- Бөлім. Көркем аударма- дербес шығармашылық туынды
Қазақ мәдениетінде, тұтас бір кезең бойында жинақталған аударма қоры бар. Жанрлық, стильдік жағына келгенде аударманың түрлері де әралуан. Көркем әдебиеттің қай-қай тармағы да аударма елегінен өтті; ғылыми, әдебиет пен көсемсөз стилі жанрларының ағарту, білім беру, мақсатындағы кітаптар мен оқулықтардың көпшілігінің өз кезегінде мазмұны мен құрылымы жағынан өзге тілдегі түпнұсқаға иек артуы да басым болды. Сөз жоқ, әр жанрды немесе әр стильді дербес бөліп алып, аударма ерекшелігі тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл аударматанудың дербес теориясының аспектісі. Әр тармақтың түпнұсқа мен аударма арасындағы барша, айырым-белгілері мен ортақ заңдылықтарын бүге- шүгесіне дейін талдау, айталық, орыс тіл білімінде жоғары деңгейде қалыптасқан.Дербес мәселелерді талдап барып, «Жекеден жалпыға қарай принципімен жүріп, одан әрі жалпы теория негіздерін қалау – дұрыс, ұтымды бағыт.
Дегенмен, мәселенің ғылыми жағын сөз еткенде, қазақ тіліне аударылған барша нұсқауларды кешенді тұрғыдан топтастыруға мүмкіндік беретін басқа заңды факторлар жа жоқ емес. Белгілі бір бір заңдылықтарға сүйене отырып, ұзақ мерзім бойында жүргізіліп келген аударма нұсқауларды шартты түрде көркем аударма әдебиет және арнаулы ақпаратты әдебиет деген қос топқа жіктеуге болады. Шарттылықтың бұлай болуына жол ашатын дәйек – ойлаудың типі.
Аударма жұмысы -жеке адамның ойлау-психикалық қызметінің жемісі; аударманың психолингвистика ғылымына ұштасатын жағы осында. Жазылған дүние сондай-ақ қабылдаушының да ойлау-пайымдау қабілет деңгейін ескереді, адамның ойлау психикалық әрекеті, қоршаған дүниені өз пайымынан өткізуді бірізді, тұйық, «механикалық» түрде жүрмейді. Ой-психика қоршаған дүниені логикалық шындыққа сәйкес тура қабылдайды немесе көріп-білген мағлұматынан әсер алады, алған мағлұматын өзге құбылыстармен теңестіреді, шендестіреді, образдар, суреттер жасайды; міне, осылардан барып психолингвистика ғылымы ойлаудың образды типі және ойлаудың логикалық типі деген түрлерді ажыратады.
Көркем әдебиет-ойлаудың образды типінің нәтижесі; ал ғылыми әдебиет, көсемсөз, ресми стиль тармақтарының ақпарат беру, ақпаратты логикалық, ғылыми, дүниетанымдық шындыққа сәйкес етіп, астарламай тура, дәл жеткізу функциялары ойлаудың логикалық типі арқылы жүзеге асырылады. Бұдан, әрине, тіл қызметіндегі әр алуан функционалдық стильдердің өзіндік бет-бейнесі көмескіленіп кетеді деген ұғым тумаса керек. Әр стиль, стильдің құрамына кіретін, подстильдер - өз алдына жеке-жеке стильдік, тілдік ерекшеліктерімен дараланатын күрделі салалар. Әсіресе бұл көсем сөздің жанрлық түрлерінде айқынырақ; очерк, репортаж, сұхбат сияқты шағын, ішкі тармақтардың төл тілде жазылуында да, өзге тілден аударылуында да ойлаудың логикалық типі мен ойлаудың образдылық типі бір-бірімен астасып жатады. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау-психика қызметінің арасындағы қарым-қатынас - өте күрделі мәселе. Бұған жол-жөнекей, хабардар ету мақсатында ғана соғып отырғанымыздың себебі бар: өйткені ойлау-писхикалық қызметтің көп сипаты аударма жұмысымен айналысқан істе нақтырақ байқалады. Туындыны төл тілде жазатын адамның ой-психика қызметі еркін, шектеусіз. Оның пішін жағынан да, мазмұн жағынан жаңалық ашуына өріс кең. Ал өзге тілден аударма жасаушылық ойлау қимыл-әрекетінің алдына шекара жатады.
Ақпаратты (арнаулы) әдебиет қоғамдық-саяси, ресми, ғылыми мазмұндағы тәржіма үлгілерін қамтиды. Бір қарағанда жеке-жеке, дербес аспектілерді қарастырылуға тиіс қоғамдық – саяси, ғылыми немесе ресми мазмұндағы әдебиеттерді біртұтас ыңғайда зерттеуге негіз болатын дәйек – олардың негізгі функциясы.
Ақпараттың (арнаулы) аударманың негізгі қызметі – түпнұсқада айтылған мәліметті, ақпаратты екінші тіл арқылы қабылдаушыға (рецепторға) нақты, ..............

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қазақстандағы аударма теориясы мен практикасының негізгі бағыттары
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қазақстандағы аударма өнерінің даму
» Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақстандағы аударма теориясы мен практикасының негізгі бағыттары
» Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері
» Курстық жұмыс: Салыстырмалы грамматика | Аударма теориясы мен аударма практика

Іздеп көріңіз: