Курстық жұмыс: Мемлекет және құқық | Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы
Мазмұны
КіріспеII Негізгі бөлім
1. Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы
2. Құқықтық сана-құқықтық мәдениеттің негізгі элементі
3. Құқықтық сауаттылық және оның құқыққа қатысы
4. Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
5. Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірбиесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мәдениет-адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы . Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси , экономикалық, әлеуметтік,парасаттылық, инабаттылық, экологиялық құқықтық т.б. мәдениет жүйе салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси,әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп,басқарып отырады.Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып, қоғамның экономикасын,әлеуметтік жағдайын жақсартып,нығайтып отырады.
Жақсы дамыған экономика мәдениеттің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекеттпен бірге бірлестіктер,одақтар, ұжымдар зор үлес қосады. Жоғары деңгейі мәдениетке жол ашады.
Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық,тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады.Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақтық байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді. Мысалы,дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып,оладың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп,мәдениетін дамытады.
Мәдениеттің мазмұны туралы ғылымда бірнеше пікірлер бар,оларды үш топқа бөлуге болады: антропологиялық, социологиялық, философиялық көзқарастар-жіктеулер :
- антропологиялық жіктеу адамдардың іс әрекеті мен қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасқан материалдық және рухани жетістіктер. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын жақсы түсіну үшін қоғамның барлық саласының жетістіктерін біріктіріп зерттеуді жақтайды ;
- социологиялық жіктеу – қоғамның даму процесінде қалыптасқан рухани жетістіктер.Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіну
үшін қоғамның әлеуметтік және идеологиялық жетістіктерін біріктіріп зерттеуді қостайды ;
- философиялық жіктеу – қоғамның барлық материалдық және рухани құбылыстардың жиынтығы – деп түсіндіреді. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіну үшін қоғамдағы барлық құбылыстардың объективтік және субъективтік заңдылықтарын зерттеп, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасауды дұрыс дейді.
Қоғам мәдениетінің ең негізгі салаларының бірі құқықтық мәдениет.
Бұл қоғамдағы мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды құқықтық нормалар арқылы реттеп, басқару. Құқықтық мәдениет қоғамдағы мәдениеттің деңгейінен жоғары бола алмайды. Бұл объективтік процесс.
Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық санасының айнасы деуге болады. Өйткені бұл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының құқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап,біріктіріп отырады.Құқықтық мәдениет екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Жеке тұлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Құқықтық мәдениет жалпы-халықтық байлық,ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі.
Құқықтық мәдениет жеке тұлғалардың білімінің деңгейіне қарай үшке бөлінеді: күнделікті, профессионалдық, теоретикалық . Күнделікті мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің көлеміндегі дәреже . Бұл дәреже еңбектенсе өсуі мүмкін. Профессионалдық мәдениеттің бір немесе бірнеше саласын игеру. Теоретикалық мәдениеттің теориясын жақсы білу .
Қоғамдық жүйедегі нормативтік актілер барлық халықты қамтып, қоғамдық көлемде мәдениетті дамыту; топтық жүйе – бірлестіктер,одақтар, ұжымдар көлемінде мәдениет мәселесімен шұғылдану; жеке тұлға жүйесі – жеке адамдардың рухани сана-сезімін, білімін, мәдени тәжірбиесін дамыту.
II Негізгі бөлім
1.Ұлттық құқықтың мәдениеттің қалыптасуы
Бұл күнде ұлт тағдыры барша халықты ойланта бастаған секілді. Осыған қарағанда саны аз ұлттардың өз ертеңіне қобалжи қарап, болашағымыз не болады,алда бізді не күтіп тұр,деген ойлардың құшағына берілуі әбден заңды да. Ерте өмір сүрген талай халықтардың бұл күнде тарих таңының астында қалғанынан әркім-ақ хабардар . Сондықтан да қазіргі кезде ертеңін ойламайтын халық кемде-кем.
Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры , оның ертеңі , болашағы қазақ ұлтының өркениетті әлемде тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан-жылға күшейіп, өткен кезеңде жақсы көрініс тапты.
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту – бүгінгі сара бағытымыз, ашық та айқын саясатымыз. Мұның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп ұлтты Қазақстан қазақтың тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан,ол қазақтардың ұлттық , түбегейлі мүдделерін қорғауға , қастерлеуге міндетті . Осы қажеттіліктің өзі оны XX ғасырдың соңында дүниеге қайта оралтып,өмірге әкеліп отырғаны белгілі.
Тарихқа үңілер болсақ біз қазақ хандығының алғаш құрылған кезеңінде де одан кейінгі уақытта да қазақ халқының құқықтық мәдениетте елеулі орын алатын , құқықтық қатынастарды реттейтін заң нормаларын , жинақтарын , баршылыққа міндетті әдет-ғұрып ережелерін қалыптастырып,соларға сүйене отырып билік , саясат жүргізгенін білуге болады . Ондай заңдардың ішінде ежелгі «Есім ханның ескі жолы» , «Қасым ханның қасқа жолы» , кейіннен Тәуке ханның «Жеті жарғысы»,Абылай ханның заңдары қазақ хандығының қоғамында алғашқы құқықтық мәдениеттің пайда болуының бастамасы болды. Қазақ дәстүрлі қоғамында ұлттық мәдениеттің маңызы зор болды.
Сол мәдениет қазіргі заманғы мәдениеттің бастауы ретінде қалыптасып,бізге біртұтас , құрылымды құқықты мәдениет ретінде бізге жетті.
Сондықтан да Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері қоян-қолтық бірлесіп, ынтымағы жараса өмір сүре отырып,қазақтардың ұлттық өсіп-өнуіне жағдай жасайтын тек Қазақстан екенін, оның басқа Отаны, елі жоқ екенін терең сезініп , оған түсіністікпен қарауы – бірлесіп ынтымақтасып өмір сүрудің нақты кепілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында барлық азаматтардың, ұлттардың, халықтардың бостандығын,құқықтарын,мәдениетін,тілін қорғауға мемлекет кепілдік береді – деген. Осы саясатты іске асыру үшін ұлттар Ассамблеясы құрылды , оның жұмысын басқаратын комитеттің құрамында барлық ұлттардың өкілдері бар.
Мемлекеттің өкілетті органдарында,құқықтық нормаларда мәдени ағарту мекемелерінің,көркемөнерпаздар ұжымдарының,халық театрлары мен ән-би ансамбльдерінің , мәдениет мектептерінің жұмысы , тілек-талаптары жиі талқыланып, мемлекетіміздің мүмкіншілігіне сәйкес іс-әрекеттер жасалып, тиісті нормативтік нормалар қабылдануда . Еліміздің экономикалық дағдарыстан шығып, нарықты экономикалық жүйені толық қалыптастыру процесі аяқталса,мәдениет мәселесі мемлекет пен құқықты қызметінің негізгі бағытына айналады. Өйткені мәдениеті төмен дәрежедегі елдер өркениетті елдер дәрежесіне кіре алмайды . Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясында ашық айтылған.
Қазіргі жағдайда қоғамымыздың құқықтық мәдениетінің қалыптасуы біркелкі емес десе болады . Шынтуайтқа келгенде , бұқаралық ақпарат құралдары құқықтық нигилизм,заңдық озбырлық және заңдық мәдениетсіздік тақырыбын көтермейтін күн жоқ . Құқықтық нигилизмнің етек жаю ауқымы кеңейіп барады. Көп жағдайда құқықтық нигилизм қоғам дамуының тарихи жолы ерекшелігінің туындысы болып табылады . Көп уақытқа созылған құқықтық озбырлық қоғамдық санада тұлғаға қол сұқпаушылық , барлық адамдардың заң алдында бірдей болуы,сотта іс қараудың әділ болуы сияқты
басты демократиялық принциптердің шынайылығына деген сенімсіздіктің туындауына алып келді . Ал қазіргі өтпелі кезеңде қоғамдағы заңдық нигилизмді азайтуға септігі болмай отыр , бұл , басқасын айтпағанда, экономикада , сондай-ақ қоғам өмірінің өзге де салаларында криминогендік алғышарттың ұлғаюына алып келді.Бүгін құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында құқықтың қоғамдық өмірде алатын орнына деген бұрынғы көзқарасты өзгерту керек сияқты.Мемлекетпен құқықтың өзара қатынасында құқықтың рөлі басым болуы керек , ал барлық мемлекеттік органдар Заңға, қолданыстағы заң нормаларына сөзсіз бағынуы тиіс.
Қазіргі қоғамдық қатынастарды заманға лайық ету,құқықтық мемлекетті қалыптастыру бағытында таңдау жасалған кезде құқықтық мәдениет , оның деңгейін жоғарылату кезек күттірмес мәселеге айналып отыр және оның табысты шешілуі Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық құрылыстың тағдырына көп әсерін тигізеді . Әзірше құқықтық ақпарат пен насихаттың бірегей жүйесі жоқ , құқықтық білім негіздерін мақсатты оқыту,нормативтік материалды және заң әдебиетін көпшіліктің қолы жетерліктей жариялау жолға қойылмаған.Құқықтық мәдениетті жоғарылату мәселелері – қоғамның өмір сүруінің объективтік жағдайларының өзгеруіне,мақсатқа бағындырыл-
ған идеологиялық, ұйымдық жұмысқа ,әлеуметтік-заңдық шараларды жүзеге асыруға байланысты ұзақ процесс екендігін қайталап айтқан артық болмас. Осындай жағдайда құқықтық сананы қалыптастыру мемлекеттік билік институттары алдында тұрған аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр . Осы міндет орындалмай азаматтық қоғам құру,өмірдің көптеген сала-
сын реформалау, әлеуметтік жағымсыз мінез-құлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу мүмкін емес . Әрине, бүкіл заңдарды білу іс жүзінде мүмкін емес, әсіресе заң мәселелерімен арнайы айналыспайтын азаматтар үшін бұл тіпті қиын. Сондықтан азаматтардың білуі үшін неғұрлым қажетті және қолданыс-
тағы заңнамада бағыт-бағдар ұстануға мүмкіндік беретін заңнама салалары мен ережелерін айқындап алу міндеті тұр.
Құқықтық мәддениетке қарама-қарсы бағыт – құқықтық нигилизм.
Нигилизм қоғамда қабылданған,бүкіл адамға пайдалы,жағымды мұраларды, ғылым заңдарын,мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын,қоғам-
дық өмір нысандарын т.б. жоққа шығарып,мойындамау.Ресейде,Германияда, Испанияда т.б. еуропалық елдерде нигилизм XIX ғасырда қалыптасқан саяси реакцияшыл ағым. Марксизм болашақта – комунизмде – мемлекет пен құқық болмайды деп түсіндіреді. Қазіргі заманда саясатшылар,заңгерлер,ғалымдар құқық пен мемлекет адам қоғамымен бірге өмір сүреді дейді.
Нигилизм әлеуметтік құбылыс, оның аз да болса дұрыс бағыты болады. Мысалы Ресейдегі патшалық саяси-экономикалық жүйеге демократтардың қарсы күресі ( XIX ғ.).Кеңестік дәуірде тоталитарлық саяси басқару жүйесіне еліміздегі қарсы күрес. Бұл саяси күрестердің стратегиясы дұрыс,тактикасы – күресті жүргізу нысаны реакцияшыл бағытта болды – террор, төңкеріс т.б. Бірақ бұл саяси ағындарды нигилизмге толық жатқызуға болмайды.
Нигилизмнің өзіне тән белгі-нышандары: субъективизм, волюнтаризм , үстемділік ,асыра сілтеу,террор,төңкеріс,контрреволюция т.б. Нигилизмдік саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде әр түрлі нысандарда үзіліссіз жүріп жатты. Постсоветтік республикаларда нигилизмнің түрлері , нысандары көбеюде. Олар әр түрлі саяси бағыттағы қозғалыстар,монархистер,социалис-
тер, большевиктер, т.б.
Бұл қозғалыстар қоғамның , халықтың өміріне көп зияндар келтіруде: рухани, моральдық, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді жоюда,еңбексіз баю жолында, ар-ұятты , әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді аяқ асты қылуда.
Бұл топтың біразы мемлекеттің ең жоғарғы басқару аппаратына орналасып алған. Қазіргі кезде постсоветтік республикаларда нигилизмнің көріністері жоғары мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетінен байқала бастады. Социалистік жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшеміз деп еліміздің экономикалық, әлеуметтік байлығын талан-таражға салып, өздері байып, жұртты қу-тақырға отырғызды.
Нигиллизм сан қырлы, өте қауіпті саяси ағым. Ол өзінің реакцияшыл тактикасын неше түрлі шым-шырақай өзгерістерге айналдырып ,халықты алдауға өте шебер . Осы реакцияшыл тактиканың негізгі түрлері :
1) Қоғамдағы құқықтық нормалардың талаптарын қасақана орындамау іс- әрекеті немесе әрекетсіздігі.Бұл құқық бұзушылық қылмыс немесе теріс қылық,қоғамға,ұйымдарға,адамдарғаморальдық,материалдық зиян келтіре-
тін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін қоғамға жат қылықтар.
2) Адамдардың жаппай заңды нұсқауларды орындамай, өздерінің ойдан шығарған нормасымен жүріп,қоғамдағы азаматтық,әкімшілік тәртіпті бұзуы. Бұл мемлекеттің әлсіздігі.
3) Заңдардың арасындағы күрес – соғыс , нормативтік актілердің арасындағы қайшылықтар. Кейде заңға тәуелді нормалар заңнан жоғары болып кетуі де кездесіп жатады. Бұл нигилистік асыра сілтеу...Заңдардың, биліктің күресі – соғысы қоғамға өте қауіпті нигилистік іс-әрекет.
4) Заңдылықты субъективтік , прагматикалық саясатпен ауыстыруға талаптанған ағымдар да өмірде кездесіп жатады.Олар қоғамның объективтік дамуына көп зиян келтіреді.
5) Мемлекеттік билік және басқару органдарының арасындағы күрес-қайшылықтар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен Президентінің арасындағы келіспеушіліктер, Жоғарғы Кеңестің таратылуы.
6) Қоғамда адамдардың бостандығы,құқықтары,теңдігі толық қамтамасыз етілмесе саяси нигилизмнің негізіне айналып, көп зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, Ресейдегі чечен халқына деген соғыс.
7) Әр түрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер. Мысалы марксистік және буржуазиялық идеологияның күресі 50 жыл атом қаруын себепсіз дамытып, дүние жүзіндегі халыққа қауіп төндірді.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Құқық нормаларының құрылымы
» Курстық жұмыс: Құқық | Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері
» Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқару
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
» Курстық жұмыс: Құқық негіздері | Құқықтық мемлекет
» Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Құқық нормаларының құрылымы
» Курстық жұмыс: Құқық | Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері
» Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқару
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
» Курстық жұмыс: Құқық негіздері | Құқықтық мемлекет
Іздеп көріңіз: