Курстық жұмыс: Кәсіпорын | Ұйымдастыру процесі
Мазмұны
1.Кіріспе.2.Негізгі бөлім:
а) Ұйымдастырудағы негізгі анықтамалар
б) Өкілеттілік және оның түрлері.
в) Ұйымдық құрылымды құру.
3.Қорынытынды.
4.Әдебиеттер.
Кіріспе.
Басқарудың маңызды функциясының бірі -ұйымдастыру.
Ұйымдастыру дегеніміз- ол мақсаттарға жету үшін адамдарға бірге тиімді жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін кәсіпорын құрлымын таңдау және жасау процесі.
Ұйымдастыру функциясы жоспарлау функциясымен тығыз байланыста.Жоспарлау функциясы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған.ал ұйымдастыру функциясы басты компоненті адамдар болатын жұмыс құрлымымен құрастыру.
Әрбір ұйым жұмыс түрлері мен олардың көлемдеріне байланыссыз белгілі бір тәртіппен ұйымдастыруға тиісті.
Ұйымдастыру процесі көп жағдайда ұйымның мақсатына жауап бере алатын, оның ішкі және сыртқы ортасынан ықпал ететін тиімді құрылымды құрумен байланыстырылады.
Ұйымдастыру функциясын орындау процесінде басшылыққа алатын қағидалар жиынтығы бар.олар .
-ұйым мақсаттарын анықтау және нақтылау.
-мақсаттарға жету ,әрекет түрлерін анықтау.
-еңбек бөлінісі және мамандандыру.
-жұмыстың әр-түрлі түрлерін үйлестіру.
-мақсат бірлігі
-басқарылу нормасы.
.Өзіміз білетіндей, басқарудың ғылым ретінде қалыптасуында орын алған процестік, жүйелік, бихевиоралдық және жағдайлық көзқарастар құрылым кезде қолданылады. Және де бір бюрократтық (кеңсешілдік) деп аталытын көзқарас еңбек бөлінісінің жоғарғы дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бөлінуінің жетілдіруімен, бұйрық беру тізбектілігімен, жүріс – тұрыс ережелерінің болуымен сипатталады. Сол жүйені М. Вебер “тиімді бюрократия” деп аталған.
Ұйымдық құрылымды қалыптастыру төмендегідей қағидаларға жүгінеді. Сызықтық және функционалдық басшылықтың арасындағы дәл шекараны анықтау;Жарлық беру мен дербес жауапкершіліктің тұтастығы;
Лауазымға берілетін міндеттердің өкілеттілік пен жауапкершіліктің арақатынасының сәйкестілігі;Жұмыс барысын бақылаудың өрістеуі мен үздіксіздігі;
Орта өзгерістерін сезінуде икемділік пен үнемділік, жоғарғы бейімделу қасиетінің болуы.
Курстық жұмыстың мақсаты: ұйымдастыру процесі не , ұйымдастыру қағидаларына , басқару құрылымдарына сипаттама жасау.
Курстық жұмыстың міндеті:
-ұйымдастырудағы негізгі анықтамаларына
-өкілеттілік және оның түрлеріне
-ұйымдық құрылымды құру барысына сипаттама жасау.
Негізгі бөлім.
Ұйымдастырудағы негізгі анықтамалар.
Басшының ең басты міндеті өзіне бағынышты қызметкерлерінің күш-жігерін алға қойлған міндеттерді шешуге және оларды мейлінше жақсы атқаруға қабілетті ұйым құруға бағыттау болып табылады. Осы тұста төменгі анықтамаларға көңіл бөлуіміз қажет.
Өкілеттіліктер-ұйым ресурстарын пайдалануда және қызметкерлердің күш-жігерін нақтылы бір мәселелерді шешуге бағыттауда берілетін шектеулі немесе құқық.
Делегирлер-мақсатардың орындалуына толық жауап беретін адамға өкілдік пен шешімдерді жүзеге асыруды жүктеу.
Жауапкершілік-алда тұрған мақсаттарды орындау жөніндегі міндеттеме және олардың қанағаттанарлық шешіміне жуап беру.
Делегирлеу тек қана өкілеттіліктер қабылданған кезде ғана жүзеге асады. Сондықтан жауапкершіліктің өзі делегирленуі мүмкін емес.
Өкілетіліктерді беру процесі екі тұжырымдамаға жүгінеді. Классикалық тұжырымдама бойынша, ұйым арасында өкілеттіліктер жоғарыдан төменгі буынға бер леді және бұл басқару деңгеін анықтайды. Қарама-қарсы немесе өкілеттілікті қабылдау тұрымдамасы кейбір жағдайда орындаушы ұйымдағы өз міндеттерін толық ұғынған кезде басшының берген өкілеттілігін қабылдамай тастайды деген ұғымға негізделеді. Дегенмен, кез-келген жағдайда өкілеттіліктер шектелуі болып келеді.
Өкілеттіліктер және жауапкершілік.Өкілеттілік берудің, яғни басшының өз өкілеттігін нақты мәселелерді шешкен кезде бағынышты адамдарға артуының зор маңызы бар. Өкілеттілік беру дегеніміз - басқару қызметін бөлісу процесін етене дамыту. Ол басқару жүйесінің икемділігін күшейтеді және штат құрылымын өзгертпей-ақ шаруашылық жүйесін жаңа проблемаларды шешуге, жедел реттеп отыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, міндеттердің өкілеттілік пен жауапкершіліктің арасында дұрыс ара қатынастың болуы жалпы басқару буындарына және жеке қызметкердің еңбегіне үлкен әсер ететінін атап көрсетуіміз қажет.
Басқарудың сызықтық құрлымының схемасы.
Кәсіпорын басшысы
Цех басшысы
Мамандар
Мастер
Бригадир
Жұмысшы
Жауапкершілік аз, ал өкілеттілік көп болса, әкімшілік озбырлық, субъективизм, ойластырылмаған шешімдер жасалуы үшін жағдай туады. Өкілеттілік аз болған жағдайда жауапкершіліктің зор болуына да жол беруге болмайды, ол оралымды қимылдап, қажетті шешімдер қабылдау мүмкіндігін жояды. Мұндай жағдайда ең ынталы деген қызметкердің өзі көбінесе дәрменсіз болып шығады. Сондықтан әрбір орган үшін ғана емес, сонымен бірге, әрбір қызметкер үшін де өздеріне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз және мерзімді орындауына жауапкершілікті берілген өкілеттілікке сәйкес белгілеу ұйымдастырудағы өзекті мәселе болып табылады.
Өкілеттіліктер және компетенция.Басқару органына бекітіліп берілген қызмет саласы компетенция (біліктілік) деп түсініледі, ол өзінің функциясын сол қызмет шеңберінде іске асырады, мәселелерді өз бетінше шешіп, тиісті құқыққа ие болады. Басқару органдарының компетенциясын белгілеу оның өкілеттілігі мен міндеттерінің жиынтығын, олардың тиімді арақатынасын белгілеуді білдіреді. Басқару қызметкерін мамандандыру біртектес жұмыстарды шоғырландыруға, олардың орындалу әдістері мен тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Басқару қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы, олардың бойында жауапкершілік сезімінің дамуы ең алдымен олардың компетентілігі мен саналылығына байланысты болады.
Өкілеттіліктер мен билік.Көп жағдайда өкілеттіліктер мен билік ұштастырылады. Дегенмен, өкілеттілік дегеніміз – ұйым ресурстарын пайдалануда лауазымға берілетін шектеулі құқық, ал билік – қалыптасқан жағдайда нақтылы ықпал әсер ету мүмкіндігі болып табылады. Және де өкілеттілікке ие болмай-ақ билікті жүргізуге болады.
Сонымен, өкілеттілік белгілі лауазымның нақтылы жағдайда іс-әрекет ету құқығын, ал билік сол іс-әрекеттің нақтылы мүмкіндігін береді. Билікті тиімді пайдалану үшін лауазымға берілетін өкілеттілікке сәйкестік қажет және жұмыстың орындалу барысын үздіксіз бақылап отыру туындайды.
Өкілеттіліктердің жіктелінуі. Ұйымдық өкілеттіліктер. Егер де белгілі бір адам ұйым ішінде лауазымға ие болып өз мойнына жауапкершілік артса, жұмысын орындауына қажетті ресурстарды ұйымы толық беруі қажет. Басшылық мұны өкілеттіліктерді делегирлеу және міндеттерді жүктеу арқылы жүзеге асырады. Айта кетер жәйт, аталған өкілеттілік жеке тұлғаға емес, сол жеке тұлға алып отырған лауазымға беріледі. Бұл көне әскери мақалды еске түсіреді. Әскери сәлем адамға емес, мундирге беріледі”. Адамның қызметі ауысқан кезде ол ескі қызметінде жаңа өкілеттілктерге ие болады.Сызықты (линиялық) өкілеттіліктер. Басшыдан тікелей бағыныштыға және одан әрі қарай берілетін өкілеттіліктер осылайша аталады. Сызықтық өкілеттіліктер басшыға алға қойған мақсаттарына жету жолында өз бағыныштыларына заңды билік жүргізуіне мүмкіндік береді. Аталған өкілеттілігі бар басшының дербес қабылдаған шешімдері ұйымның ережелік шектеулеріне, заңға және дәстүрге қарсы келмеуі қажет. Сызықтық өкілеттілікке сенім көрсету ұйымды басқару деңгейінің иерархиясын құрады. Иерархияның құрылуы процесін скалярлық процесс деп атайды.
Басқарудың сызықтық ұйымдастыру құрлымының артықшылықтары мен кемшіліктері.
Артықшылықтар Кемшіліктер.
1. 1.Басқарушылықтың бірлігі мен анықтылығы.
2. Орындаушылардың қимыл бірлігі.
3. Басқарудың қарапайымдылығы
4. Айқын жауапкершілік
5. Шешімдер қабылдауда шапшаңдылық
6.Өз бөлімінің жұмысының соңғы нәтижесіне дара жауапкершілік 1. Басшыға қойылатын жоғарғы талап тар .Ол жан-жақты дайындалған болуы тиіс, басқарудың барлық функциялары бойынша тиімді басшылыққа қамтамасыз етуі тиіс.
2. Жоспарлау және шешімдер дайындау звеноларының жоқтығы.
3. информацияның шамадан тыс көптігі .
4. Әр-түрлі деңгейлер арасындағы байланыс қиындығы
5. Басшы топтарында биліктің топтасуы.
Әдетте адамдарды басқару өкілеттілігі скалярлы тізбек процесс арқылы берілгендіктен, жинақты иерархияны скалярлы тізбек немесе бұйрық тізбегі деп атайды. Бұйрық тізбегінің айқын мысалына әскери ұйымдардағы иерархияны атауға болады. Сенім көрсетілген өкілдерден құрылған бұйрық тізбегі ұсақ ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарға тән болып саналады.
Аппаратты өкілеттіліктер.Басқару құрылымын айқындаған кезде ұйымдық жүйе мақсатын жеке анықтап, осы мақсатқа жету үшін қажетті процесстерді білу қажет. Әрбір кәсіпорын үшін мақсат тұтастай алғанда бірдей келеді, ал ол өндірістік, ғылыми техникалық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік болуы мүмкін. Осыған орай басқару органы (аппараты) құрылады.
Аппаратты өкілеттіліктер: кеңес беруші, қызмет көрсетуші және жеке аппарат болып жіктеледі.
Кеңес беруші аппарат. Сызықты басшылық арнаулы білімді қажет ететін ерекше проблема туындағанда тиісті мамандарды өзіне уақытша немесе тұрақты негізде жұмысқа шақыра отырып кеңес беруші аппарат құрады. Олардың міндетіне басшылықты өз мамандығы бойынша қызметкерлерді баулу және жетілдіру, жаңа техника және технология, құқық, т.б. салаларда жоғары дәрежеде кеңес беру, үйрету енеді.
Қызмет көрсетуші аппарат қоғаммен байланыс, қаржыландыру, маркетинг зерттеулер, жоспарлау, жабдықтау, мәліметтермен қамтамасыз ету, экологияны қорғау міндеттерін орындайды.
Жеке апарат жоғарғы басшының еңбегін тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін жеке хатшы мен көмекші қызметкерден құралады. Жеке аппараттың ресми өкілеттілігі болмайды, дегенмен, көптеген мәселелерді шешуде атқаратын мүмкіндігі зор болып келеді..............
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Экономика | МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
» Реферат: Экономика | МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
» Реферат: Ұйымдық құрылым
» Курстық жұмыс: Менеджмент | Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
» Реферат: Экономика | МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
» Реферат: Экономика | МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
» Реферат: Ұйымдық құрылым
» Курстық жұмыс: Менеджмент | Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Іздеп көріңіз: