Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ

Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................4
2. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ……………………………..12
2.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті …………….…………………...12
2.2 Материлдық емес активтер есебінің аудиті ………………………………25
3.АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ………………..…………………………31
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………...….39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………41
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………………….42

КІРІСПЕ
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізгі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы - бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.
Жұмыстың негізгі мақсаттары:
Біріншіден, қаржылық есеп-қисаптардың жаппай қол жетерлігі үшінші тұлғалардың (соның ішінде несиегерлердің, жеткізушілердің, жұмыскерлердің жəне т.б.) мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді, өйткені бұл кəсіпорындар мен үшінші тұлғалардың арасында ақпарат бөлудегі теңсіздікті қысқартады.
Екіншіден, бұл қоғамды ықтимал негативті экономикалық салдардан қорғауға көмектеседі; ол мысалы, экономикалық маңызды компаниялар жағдайында, егер олардың қызметі жəне/немесе жабылуы жергілікті экономикаға елеулі негативтік əсерін тигізуі мүмкін болса, маңызды бола алады.
Еліміз егемендік алып, өз алдына ел болғанына он алты жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдардың аралығында елімізде бухгалтерлік есеп саласын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылды десек артық айтқандық емес. Бұған дәлел 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Респупликасының президенті Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар жарлыққа қол қойған болатын болса, 2002-жылы 24-маусымда бұл “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” -деп аталатын заң болып қайта қабылданды. Ал өткен жылы, яғни 2007-жылыдың 28-ақпанында Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” -деп аталатын №234-III заңы күшіне енді. Еліміздегі ірі кәсіпорындар өз қаржылық есептілігін бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сай жасауға көшті.
Экономиканың қай саласындағы болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда ұйымның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті - аудитор растаған қаржылық есеп-қисаптар жалпыға қол жетерлік болуға тиіс (орта мерзімді перспективада): Қаржылық есеп-қисаптардың бүкіл жинағына, соның ішінде оларға ескерімдерге жаппай қол жетерлікке талаптың бірнеше себепке байланысты үлкен маңызы бар.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбекақы құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
1. КӘСІПОРДАҒЫ БУХГАЛЕРЛІК ЕСЕП ПЕН АУДИТ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
1.1 Ұйымның қаржы-экономикалық қызметі
“ҚазАвтоКөлік” Акционерлік Қоғамы 1994-жылы 23-қыркүйекте шаруашылық жүргізуші субъект ретінде тіркелген. Акционерлік Қоғамның жарғысы 1994- жылдың 27- мамырында мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Алматы қалалық территориялық комитетінің №965 қаулысымен бекітілген. Акционерлік Қоғам заңды тұлға болып табылады және ол өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарымен өзінің жарғысына сәйкес жүргізеді.
Акционерлік Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық даралық негізінде жүзеге асады. Акционерлік Қоғамның өзінің жеке (дара) балансы, банктерде есеп айрысу және өзге де шоттары, орысша қазақша аталуы жазылған мөрі бар. Акционерлік Қоғамның қызметінің мақсаты – пайда тауып, оны Акционерлердің мүддесінде, өндірісті дамытуға, кәсіпорын ұжымының және қоғамға қарайтын ұйымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға пайдалану. Қоғам этикеткалық орамдық, кітабтық, газеттік-журналдық, бланкілік, жарнамалық және өзге де полиграфиялық өнім өндіріп өткізумен, көтерме және жеке саудамен, кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған қызмет түрімен айналысады.
Акционерлік Қоғамның жарғылық қордының – 100%-ы мемлекет меншігінде. Акционерлік қоғамның барлық қатысушылары акционерлік қоғамнан алған акцияларының құнын өтегеннен кейін акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес құқтар мен міндеттерге ие болады. Нарықты қатынастық экономикаға көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит қызметінің алатын орны және қажеттілігі артуда.
“ҚазАвтоКөлік” Акционерлік Қоғамының №4 филиалының бухгалтерлік есебінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті жасаған типтік, арнайыландырылған типтік және типтік унифициалданған құжаттар қолданылады. Кәсіпорындағы есеп толығымен компьютерлендірілген. Машинограммалардың көпшілігі журнал-ордерлік қағида бойынша құрылған.
Акционерлік Қоғам тауарлық материалдық қорлар есебіне оперативтік-бухгалтерлік әдіс қолданады. Өндіріске кеткен шығындар есебі нормативтік әдіс бойынша жүргізіледі [4].
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызмет туралы есеп беруі халықаралық қаржылық есептіліктің №1 „Қаржылық есептілікті ұсыну” –деп аталатын стандартында және Қазақстан Республикасының 2007-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” -деп аталатын №234-III заңының негізінде дайындалып Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 21-маусым 2008-жылғы №217 бұйрығымен бекітілген №2 Ұлттық қаржылық есептілік –деп аталатын стандартында қарастырылған. “ҚазАвтоКөлік” Акционерлік Қоғамның №4 филиалының қаржы шаруашылық қызметін талдап көрстеу үшін оның негізгі “қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштері” кестесін келтіреміз. Мұндағы коэфициенттер келесідей есептелінеді:
Актив айнылымдылығы = негізгі құралдардың орташа жылдық құны/өндірілген өнім көлемі
Қор сиымдылығы = негізігі құралдардың орташа жылдық құны/өнімді өткізуден түскен табыс
Қор қайтарымдылығы = өнімді өткізуден түскен табыс/негізгі құралдардың орташа жылдық құны
Сату рентабелділігі = Таза табыс/өнімді өткізуден түскен табыс
Активтердің рентабелділігі = Таза табыс/активтердің жалпы орташа құны*100%
1-кесте
“ҚазАвтоКөлік” АҚ №4 филиалының қаржы шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер Өткен жыл (2006ж) Есепті
жыл (2007ж) Ауытқулар
Сомада %
1 Өткізуден (сатудан) түскен табыс (мың.тг) 299862,2 382993,31 +83131,11 28,0
2 Өнімнің өзіндік құны (мың.тг) 291463,4 371550,29 +80086,89 27,0
3 Салық салынғанға дейінгі табыс (мың.тг) -23667,1 -47237,18 -23570,08
4 Таза табыс (мың.тг) -23667,1 -47237,18 -23570,08
5 Негізгі құралдардың орташа жылдық құны (мың.тг) 236111,97 245508,53 +9396,56
6 Қор қайтарымдылығы (мың.тг) 1,27 1,56 0,29 23,0
7 Қор сиымдылығы (мың.тг) 0,30 0,001 0,299 11,1
8 Сату табыстылығы (рентабелділігі), % 0,0006 0,004 0,0034 6,4
9 Активтердің пайдалылығы (рентабелділігі), % 0,0004 0,005 0,0046 12,5
Мұндағы көрсеткіштер қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруден және баланстан алынды. Есептеулерге келсек, онда олар жоғарыда көрсетілген формулалар арқылы есептелінеді. Кестеден көріп отырғанымыздай 2007 жылы ұйымда қызмет көрсету, сату көлемі біршама көбейгенімен табыстық мөлшері жоқ. Сату көлемі ұлғайып, соған қарай өнімнің өзіндік құны да жоғарылаған. Яғни 2006 жылы 291463,4 тг. болса, 2007 жылы 371550,29 тг. болған.
2007 жылы сатудан түскен табыс 382993,31 тг. болып, өнімнің өзіндік құны 371550,29 болған. Ал, кезеңдік шығындар мөлшері тым көбейіп, яғни 58680207 тг. соған байланысты ұйым банкроттыққа ұшыраудың аз алдында тұр. Өйткені кезең шығындары мен өнімнің өзіндік құны тым жоғарылаған. Мұнда кестеде көріп отырғанымыздай активтер дейңгейі жоғарылағанымен, сондай-ақ табыс табу деңгейі де жоғары, бірақ соған қарай шығындар мөлшері де көп.
Сондықтан ұйым корпоративтік табыс салығын төлемейді. Өйткені салық салынғанға дейінгі табыс мөлшері (-47237186 тг.). Жалпы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемеде 2006 жылы сатудан түскен табыстың мөлшері 382993,31 тг. болса 2006 жылы 299862,2 тг. яғни ауытқу сомасы (+83131,11 тг.) болды. Мұнда көріп отырғанымыздай өткен жылмен салыстырғанда сату мөлшері (+83131,11 тг.) жоғарылаған. Ал, өнімнің өзіндік құны (+80086,89 тг.) көбейді. Енді, менің ойымша ұйымның банкроттыққа ұшырау себебі негізсіз шығындардың көбеюінен болып отыр. Яғни, мұнда әсіресе кезең шығындарының үлесі артып отыр.
Ұйымның есепті жылғы, яғни 2007 жылғы бухгалтерлік балансынан көріп отырғанымыздай міндеттемелер бойынша қарыздар өтелмеген. Және де өткен жылға қарағанда керісінше жоғарылаған. Мысалы, салықтар бойынша қарыз сомасы 2006 жылы 3491636 тг. болса, 2007 жылы 12766806 тг. жоғарылаған. Бөлінбеген пайда 2006 жылы (-48424407 тг.) ал, 2007 жылы (-93598568 тг.) құраған. Ал, кез-келген шаруашылықтың тиімділігінің артуы, едәуір дәрежеде активтердің ұйымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. Ұйым қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ осы ұйымның төлем қабілеттілігінің төмендегенін де атап өтуге болады. Төлем қабілеттілігі дегеніміз – бұл ұйым өзінің шұғыл міндеттемелері бойынша дер кезінде төлем жасау мүмкіншілігін айтады. Яғни, ұйымның төлем қабілеті бұл белгіленген мерзімде төлемді және міндеттемелерін өз қаржысымен өтеу дегенді білдіреді. Енді, осы ұйымның табысының болмауын сипаттайтын болсақ, мұнда әсіресе есеп айырысу шотында ақша қаражатының азаюы, яғни 2006 жылы 79448 тг. , 2007 жылы 25273 тг. болғандығын көруге болады. Сондай-ақ төлемі өтіп кеткен төлемдердің бар екендігін және қаржылық, инвестициялық, тиімді баға саясатының жоқтығы, төлем дәрменсіздігін аңғартады. Ол үшін, яғни ұйымның қызметін тұрақтандыру үшін кредиторлық “мезгіл дефицитін” кеміту қажет және айналым қаржыларының айналымдылығын арттыру арқылы ұйымның іскерлік белсенділігің де арттыруға болады [6].
1.2 Кәсіпорындағы аудиторлық тексеру процедуралары
Кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.
Кәсіпорын егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негзгі міндеттеріне жататындар:
- жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
- өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
- кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
- өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
- кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
- баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.
Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межелеген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн. Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан - өндіріс фактор рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс [3].
Әр саладағы қателер саны аудит жүргізу барысында бағаланады.Сондықтан аудитор маңыздылық туралы жасаған алдынғы пікірін өзгертіп отырады. Бағалауды қайта қарау негізі бірі ол есе беруге өзгеріс немесе аудитор жасаған қорытынды. Маңыздылық жоспарлау кезінде тәуекелділік төмендеу үшін қажет болған жағдайда маңыздылық деңгейін түзету қажет. Түзету дәлелдемелер алғаннан кейінгі соңғы күнде жасалады.
Маңыздылықтың жоспарлау деңгейін анықтау 2-10%. Арнайы бұйрық негізі бойынша арнайы аудиторлық ұйыммен құрылған деңгейі алдын ала бағалау Қаржылық есеп берудің көрсеткіштеріне сәйкес жасалады.
Қаржылық есептегі мәнділік деңгейіне мынадай фактрлер әсер етеді:
1. Субъект басшылығының біліктілігі мен шынайылығы басшылар құратын өзгеріс
2. Басшыларға қысым көрсету
3. Капиталдың жеткізілуі
4. Субъект бизнесінің сипаты, техникалық жағдайы, орналасуы, өндіріс көлемінің географиялық таралуы
5. Бәсекелестік жағдай
Аудиторлық есепті іріктеуге арналған маңыздылықтың 3деңгейі ажыратады:
1. Елеусіз сумма, егер сумма пайданың шешім қабылдануына ықпал етуі төмен, аз болса
2. Сумма маңызды болып саналса. Мұндай сумма пайданың шешіміне әсер еткен жағайда орын алады
3. Сумма маңызды әрі жиі кездеседі. Бұл қаржы есептілігінің объективті күмән келтіреді
Маңыздылық деңгейі бухгалтерлік есеп қателіктің шекті шамасы ұғынылады. Бұл шамадан бастап осы есептілікті білікті пайдаланушы................
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бухгалтерлік есеп жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]