Курстық жұмыс: Саясаттану | Үндістан-Қытай арасындағы қарым-қатынастарын жан-жақты сараптау
Мазмұны
Кіріспе------------------------------------------------------1-Тарау Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңдері
1.1 Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасының халықаралық аренаға шығуы және өзара дипломатиялық қатынастардың орнауы-----------------------------------------------------------------------------------------
1.2 1956 ж. дейінгі кезең аралығындағы Үндістан мен Қытайдыңөзаратүсінісушілік пен ынтымақтастық қарым-қатынастарының қалыптасуы---------------------------------------------------------------------------------
2-Тарау Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы туындаған территориялық мәселелер
2.1 Үндістан және Қытай саясатында Тибет аймағының алатын орны------------------------------------------------------------
2.2 Тибет мәселесі бойынша екі ел арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуі---------------------------------------------
2.3 Үндістан және Қытай арасындағы 1962 ж. шекара қақтығысы-------------
3-Тарау Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың серіктестік кезеңі
3.1 Мемлекетаралық саяси дағдарыстан шығу жолындағы Үндістан мен Қытайдың саясаты--------------------------------
3.2 Қазіргі кезеңдегі Үндістан мен Қытай арасындағы саяси байланыстардың жаңа бағыты--------------------------------------
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------------------
Үндістан мен Қытай елдері өз тәуелсіздігін алғаннан кейін және халықаралық аренаға жеке субьект ретінде шығуына байналысты, экономикалық, әскери және ғылыми-техникалық потенциалды қайта құруды және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына түзетулер енгізе отырып, сыртқы саясатта белсенділік көрсетіп, халықаралық қатынастарда өз елінің беделін жоғары көтеру мақсатында әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстар орнатуды көздеді. Сонымен қатар, Үндістан мен Қытай өзара екіжақты қарым-қатынастардың орнауына да ат салысып, екі ел арасындағы байланыстардың даму барысында пайда болған бірқатар күрделі мәселелерге шешім табуға тырысты. Алпауыт елдер арасындағы қатынастар достық қарым-қатынас пен жауласу кезеңдерін өткеріп, қазіргі заманғы серіктестікке бағыт алды.
Қазіргі уақытта да Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың жалпы дамуындағы өзгерістер тек Азия құрылығына ғана емес, бүкіләлемдік стратегиялық саясатқа да өзіндік ықпалын тигізуде. Сондықтан да осы екі алпауыт елдер арасындағы қарым-қатынастардың даму үрдісін зерттеу заман талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны даусыз.
Диплом жұмысының мақсаты: Үндістан мен Қытайдың қарым-қатынастарының күрделілігін ескере отырып, екі ел арасында саяси байланыстарының мәні мен сипатын жан-жақты айқындап болашақтағы даму барысын анықтау. Осы орайда диплом жұмысының мақсатын жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттер туындайды:
• Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан мен Қытай арасындағы саяси қарым-қатынастырының орнауын қарастыру
• Екі ел арасындағы саяси саладағы өзара түсінісушілік пен ынтымақтастықтың қалыптасуының қадамдарын саралау
• Екі жақты қарым-қатынастардың даму кезеңдерін анықтау
• Екі ел арасындағы туындаған қайшылықтардың мәнін ашу және екі тараптың қайшылықтарды шешуде ұстанған саясатын айқындау
• Қазіргі кездегі екі ел арасындағы серіктестік байланыстардың даму үрдісін көрсету
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Үндістан-Қытай арасындағы қарым-қатынастарын жан-жақты сараптауға үнді, кеңестік, қытайлық және американдық ғалымдар өздерінің көптеген еңбектерін бағыштады. Диплом жұмысын жазу барысында, әсіресе, үнді, қытай зерттеушілерінің еңбектері ерекше құнды болды.
Үндістан дипломаты Т.Н.Каул мырза өзінің ''Дипломаттың күнделігі (1947-1999 жж)'' деген еңбегінде Үндістан мен Қытайдың геосаяси жағдай қатынасындағы ерекшелігі мен оның екі ел қатынасындағы әсері тілге тиек етіліп, Үндістан-Қытай қарым-қатынасының тарихы, қазіргі жағдайы сарапталып көрсетілді. Сондай-ақ екі елдің реформасы салыстырыла зерттеліп, оның екі ел саясатындағы рөлі мен болашағы баяндалады /9/.
Қазіргі кезде Үндістанның халықаралық аренадағы басқа мемлекеттермен қатынастарының орнатылуы мен дамуын ғылыми талдау негізінде сипаттап, өзекті мәселелері мен принциптерін анықтауға арналған зерттеулер көп. Оның ішіндегі ең көлемдісі 1998 жылы жарық көрген ''Үндістанның сыртқы саясаты'' атты мақалалары жинағы. Бұл жинақта Үндістан елшілерінің өздерін толғандырып жүрген сыртқы саясат мәселесінің сан-алуан қырлары жөніндегі нақты пікірлері өзінің дәйектілігімен маңызды /11/.
Үндістан-Қытай қарым-қатынасы Қытайда зерттеушілердің еңбектерінде ашық көрсетілген. Қытайдың атақты ғалымы Джин Кэ-му ''Қытайдың сыртқы саясаты және Үндістан'' атты еңбегінде Қытайдың сыртқы саясатына, оның Үндістанмен байланысына ерекше тоқталған. Ол Қытай мен Үндістан тату көршілік қатынасын жақсарту-бүкіл әлемнің бейбітшілігі мен тұрақтылығын сақтауда аса зор маңызға ие деген көзқарасын жан-жақты нақты фактілер арқылы көрсетіп береді /15/.
Тарих ғылымының докторы Джан Ли ''Үндістанның тұңғыш премьер-министрі-Дж. Неру'' атты шығармасында Үндістанның Неру өкіметі билеу кезіндегі ішкі және сыртқы саясатына талдау жасайды. Сондай-ақ Нерудің сыртқы саясат ойларына зерттеу жүргізіп, Үндістанның сыртқы саясатының қол жеткізген табыстарының себебін көрсете білді/14/.
Сонымен қатар, Кеңестік әдебиеттерде, Үндістан тарихына және оның салаларын ашып көрсетуге арналған көптеген еңбектер жарық көрді. В.П. Нихаминнің '' Очерки внешней политики Индии 1947-1957 гг.'' атты еңбегі осы бір қатар еңбектердің бірі, автор өз еңбегінде 1947-1957 жылдар аралығындағы Үндістанның сыртқы саясатының тарихын баяндайды. Оның бағыттары мен халықаралық деңгейдегі рөлін көрсетеді /1/. Ю.П. Насенко болса ол ''Дж. Неру и внешняя политика Индии '' атты кітабында Дж.Неруді жеке тұлға ретінде, оның қызметі мен мемлекет басында болған кезіндегі көзқарастарын ашып көрсетті. /6/.
Осылардан басқа, АҚШ тарихшысы Джеймс Калвин '' Қытай-Үнді шекара соғысы-1962 жыл '' атты еңбегінде Үндістан мен Қытай арасындағы Тибет аймағында болған 1962 жылғы шекаралық қақтығыстың болу себептерін, даму барысын, нәтижесін және оның әлемге берген әсерін көрсеткен /10/.
Сондай-ақ, '' Проблемы Дальнего Востока ''/17,18,19/, '' Мировая экономика и международный отношения ''/20/, ''Азия и Африка сегодня''/21/ журналындағы мақалалардың да маңызы ерекше болды.
Диплом жұмысының негізгі мазмұны: Диплом жұмысының
1- тарауында тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңдері көрсетілген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда, бүкіл әлемде өзгерістер орын алып, ұзақ уақыт соғыстың нәтижесінде батыс ортаршыл елдердің өз отарындағы үстемдігі әлсірей бастады, бұл жағдай әлемдегі, әсіресе Азия және Африкадағы отар мемлекеттердің өз тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін мүмкіндік тудырды. Отарлы мемлекеттердің қатарында болған Үндістан мен Қытай 1947 жыл мен 1949 жылда арт-артынан егемендікке қол жеткізіп, 1950 жылы 1 сәуірде екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас ресми түрде орнатылып, Азиядағы осы екі ұлы мемлекет он жылдан астам достық қарымр-қатынаста болып, екі мемлекетте үшінші дүние қатарына жататын Азия және Африка елдерінің мүддесін қорғауды, әлемге бейбітшілікті орнатуды, отарлық басқыншылыққа қарсы тұруды мақсат етіп, оларды жүзеге асыру үшін күш салысты. Халықаралық қатынастарда өзара қолдау беріп, жақсы істестікке қол жеткізді. Өткен ХХ-ғасырдың 50 жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынастың гүлденген кезеңі болып табылып, Үндістанда осы кезде тіпті “Бхарат-Чини Бхай” (Үндістан-Қытай ағайынды) деген ұран халықтар арасында айтылып жүрді. /9, б.48 / 2- тарау Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы туындаған территориялық мәселелерге тоқталған. Қытай Халық Республикасы құрылған кезден бастап-ақ Тибет мәселесі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына кедергі жасай бастаған. Бірақ Азиядағы екі ұлы көршілес ел өз аймағында бейбітшілік пен тұрақтылық орнату мақсатында өзара Тибет мәселесі бойынша бірқатар келісімге қол қойған. Соның нәтижесінде, «ҚХР-сындағы Тибет аймағының Үндістанмен сауда байланыс және транспорт қатынасы туралы» келісім бойынша Үндістан Тибетті Қытайдың бір бөлігі ретінде мойындайды, және екі ел бірігіп бейбіт қатар өмір сүрудің бес приципін жасады. Ортақ шекара және бейбітшілікті қолдайтын халқы бар Азиядағы осы екі үлкен держава арасындағы ынтымақтастығы Азия және бүкіл әлемде бейбітшілік орнауында ерекше мәнге ие болды. Бірақ жақсы күндер жалғаса бере алмады, 20 ғасырдың 50 жылдар соңында Тибет мәселесімен шекарадағы территория таласы екі жақты қарсыласуға итермелеп, екі ел арасындағы қарым-қатынас нашарлап, он жылдан астам уақытқа жауласуға алып келді.
3-тарауға келсек, онда екі ел арасындағы шекаралық қақтығыстан кейінгі жылдардағы мемлекетаралық саяси дағдарыстан шығу жолындағы Үндістан мен Қытайдың саясатына байланысты екі ел басшылары арасындағы ресми түрде сапардың жиілеуі екі жақты қарым-қатынасты жақсартуға зор әсерін берді. 1998 жылғы Үндістанның Қытайдан қауып төнуді сылтау етіп, ядролық сынақ жүргізуі екі ел арасындағы жақсарып келе жатқан қарым-қатынасына соққы болды. Бірақ бір-біріне деген маңыздылығын түсінетін мемлекет басшылары екі ел арасындағы байланысты нығайтып екі жақты қарым-қатынасты серіктестік бағытына бұрды.
I-Тарау Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңдері
1.1 Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасының халықаралық аренаға шығуы және өзара дипломатиялық қатынастардың орнауы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда, бүкіл әлемде жаңалықтар пайда бола бастады, ұзақ уақыт соғыстың нәтижесінде батыс ортаршыл елдердің өз отарындағы үстемдігі әлсірей бастады, бұл жағдай әлемдегі, әсіресе Азия және Африкадағы отарлы мемлекеттердің өз тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін мүмкіндік тудырды. Азияның оңтүстігінде орналасқан елдердің басым көпшілігі Англияның отарында болған. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы Британдық Үндістан еді. Оны У. Черчилль: « Ағылшын королінің тәжіндегі жарқырап тұрған бриллиант » деп есептеді /12, б.23 /. ХХ ғасырдың басында ол артта қалған қоғам өмірінде касталар жүйесі мен феодалдық қатынастар үстемділік еткен ел еді. Алуан түрлі тілде сөйлейтін халықтар (тілдер саны 180-нен астам, ал негізгісі 15 тіл) отаршылдардың қанауынан бас көтере алмады. Елдің кейбір аудандарында ғана сол заманға сәйкес капиталистік кәсіпорындар пайда болып, темір жолдар мен байланыс тораптары, тау-кен өндірістері мен мата шығаратын фабрикалар жұмыс жасады. Ғасыр басында елде 800 мыңнан астам кәсіптік жұмысшылар болды. Олардың көбі ағылшындар иеленетін кәсіпорындарда еңбек етті. Сонымен бірге ұсақ және орта дәрежелі жергілікті үнді буржуазиясы да қалыптасты, байлықтың негізгі көзі мен саяси билік толығымен ағылшындар қолында болған. Саяси-әкімшілік жағынан ел жалпы екіге бөлінді: 3/4 бөлігінде Британдық Үндістан орналасса, қалған жерін саны 600-ге жуық князьдіктер иеленді. Британдық Үндістанды вице-король аталатын генераль-губернатор басқарды, оны Англия парламенті мен үкіметі тағайындайтын. Ағылшындардың барған сайын ұлғайған қанаудың қысымы халықтың хал-ахуалын нашарлата түсті, осы қанауларға байланысты Үндістан халқы мен отаршылдар арасындағы қайшылықтар өсе түскен. Бенгалияны екіге бөлу әрекеті елдегі наразылықты қатты күшейтті. 1905 жылы Үндістанда ереуілдер өршіп, қоғам және саяси ұйымдар мен партиялар өзін-өзі билеу тілектерін жүзеге асырғысы келді. Үнді Ұлттық конгресінің (ҮҰК) жетекшілері Б.Г. Тилак, Б.Ч.Һал, А.Гхош, Л.Л.Рай көптеген қимылдарды ұйымдастырып, ағылшын тауарларын сатып алмау, свадеши (жеке іс, яғни өзіңді өзің қамтамасыз ет), свараджа (жеке билік, яғни өзіңді өзің биле) ұрандарын алға тартып, көп уақыт өтпей-ақ елде отаршыл Ұлыбританияға қарсы күрес қыза түсті /12,б.31/. Мұсылман Лигасы (МЛ) атты партия құрылып, ол да осы күреске ат салысты. Теміржолшылар, мақташылар ереуілдері ағылшындарды састырса, бір жақтан жұмысшылар мен шаруалар кәсіподақтары т.б. неше түрлі жастар ұйымдары қатарға қосылып жатты. Бұқара халық свараджа ұранын қолдауы барған сайын күшейе түскендіктен, осы ұлт-азаттық қозғалысты басу үшін Англия Үндістанға жаңа вице-корольді тағайындайды. Ол- либерал Минто болып, Минто енгізген реформалар бойынша (Минто-Морли заңдары) астана Делиге көшіріліп, Бенгалия қайта біріктірілді. Англия ұлт-азаттық күресті осылайша бәсендеткен еді. Британдық отаршылдардың ұлт-азаттық күресті басу әрекеттеріне қарамастан, 1920 -1930 жылдарда халықтар Гандидің сатьяграха іліміне сүйеніп екінші ұлт-азаттық күресті жүргізді.
Ал 30-жылдардың аяғында Еуропа елдері жаңа соғысқа даярланып жатқан кезде, Англия жағы Үндістанның саяси күштерін Фашистік Германияға қарсы бағыттауға тырысып, қажетті үгіттеу шараларын жасады. Үндістан Ұлттық Конгрессі фашизмді әшкерелеп, Англияны қолдамас бұрын талаптар ұсынды. Олар: Үндістанда құрылтай жиналысын шақыру, тек оның алдында жауапты барлық саяси партиялардың қатысуымен үкімет орнату; елдің келешегін реттейтін құқықты мойындау /4,б.56/. Бірақ ағылшындар бұл талаптарға келіспестен, 1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталған күні Үндістанды соғысқа қатысушы ел деп жариялап, британдық үнді әскерлерін әр жақтағы майданға аттандыра бастады. Бірден « Үндістанды қорғау туралы заң» бекітіліп, елде әскери тәртіп орнатылды. Бұл заңның шараларын МЛ қолдаған еді. 1940 жылы наурызда Лахорде өткен МЛ-ның 27-мәжіліс елде мұсылмандар ошағы болатындай жеке Пәкстан мемлекетін құру туралы қарар қабылданып, осыдан кейін МЛ қимылдардың жаңа кезеңі басталды және оның ҮҰК-пен арақатынасын әбден нашарлатты. Осы соғыс барысында ағылшындар Үндістан байлығын, азаматтарын өз мүдделері үшін барынша пайдаланды. Ағылшындардың қысымы, экономикалық құлдыраушылық, ашаршылық, тұрмыстың нашарлауы мен саяси ұйымдардың араздасуы қоғамдағы ереуіддердің бәсеңдеуіне әкеп соғуына байланысты, ағылшындардың билігі төмендей түсті. Осыған қарамастан беделден жұрдай болған ағылшындар ел мәселесін қарастыру туралы келіссөздерді жүргізді. Ағылшындардың араласуымен болған М.К.Ганди-М.Джинна пікір алмасулар 1944 жылы болды. Бұл келіс сөзде екі саяси күш өз пікірлерін алға тартып, 1945 жылы көктемде келесі келіссөздермен аяқтады: Уақытша үкімет құрамында әр партия 40% орынды иеленіп, қалған 20% орын кесапаттыларға, христиандарға, парсыларға, синхтерге тиесілі болды/12,б.38/. Ал елді екіге бөлу тураны мәселені қарастыру Үндістанның саяси мәртебесін реттеген соң кейінге қалтырылды.
Бүкіл әлемде жүріп жатқан батыс отаршыл елдердің қанауына қарсы әрекетке байланысты, жағдайдың ушығып жатқанын сезген лейбористер (олар 1945 жылы шілдеде үкімет басына келген) 1947 жылы Үндістанға тәуелсіздік беруге келісті. Бірақ ағылшындар өз әскерлерін алып кетер алдында елді екі мемлекетке (доминионға) бөлу ісін алға қойды. Бірі-Үнді одағы (бір топ провинциялар және князьдіктер). Бұл елде халықтың көпшілігі-үнділер, біраз мұсылмандар да бар еді, ал екіншісі-пәкстан. Оның құрамына мұсылмандары басым бірнеше провинциялар және князьдіктер кірді, бірақ үнділерде жеткілікті болды. Осылайша Үндістанның үш рет Ұлт-азаттық көтерілістің және данышпан басшысы М.К.Гандидің бүкіл Үндістан көлемінде бастаған “САТЬЯГРАХА” атты ағылшындарға мәдени түрде бағынбау әрекетінің нәтижесінде, 1947 жылы Үндістан бейбітшілік жолмен ағылшын отаршылдардың үстемдігінен босатылып, өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Бірақ оның нәтижесінде, бұрынғы Үндістан –дінге негізделіп Үндістан республика мен Пәкстан болып екіге бөлінеді. Үш жыл бойы өз конституциясын дайындап 1950 жылы 26 қаңтарда Үндістан ресми түрде республика болып құрылады. 1951 жылы 25 қазан мен 1952 жылы 21 ақпан аралығында өткізген бүкіл халықтық сайлаудың нәтижесінде Үндістан республикасының тұңғыш өкіметі құрылады, Джавахарлал Неру Үндістан республикасының ең бірінші примьер-министрі болып сайланды.
Бүкіл әлемдік империалистікке қарсы қозғалыстың күшейюі және Үндістанның ағылшын отаршылдардың үстемдігін жойып, тәуелсіздікке қол жеткізуі бүкіл Азия еліне үлкен әсерін тигізді. Осы кезде Азияда тағы бір ұлы мемлекет-Қытайда өз тәуелсіздігіне жету жолында аянбай күрес жасап жатқан еді .
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Қытайда қайталай елді біріктіру мәселесі көтерілді. Елдегі екі ірі саяси топтар елде билік орнату үшін өзара қырылыса бастады. Солтүстік-Шығыс Қытай аймағында коммунистік партияның бақылауы орнаса, қалған бөлігінде Гоминьдан партиясының үстемдігі тұрақтанған еді. 1946 жылға дейін, КСРО мен Қытай арасындағы келісімге байланысты Қытайдың Маньчжурия территориясына КСРО әскері енгізілді. Бұл аймақда жапондықтар Маньчжоу-го мемлекетін құру барысында, оны Қытайдағы экономикасы дамыған үлкен аймақтардың біріне айналдырды және Қытайдың барлық өнеркәсіп өнімдердің 1/5 бөлігі бұл аймақта өндірілді/13,б.14/. Қытай КСРО-мен қайтадан темір жол басқарма бірлестігі туралы келісімге қол қойып, кеңес одағының мамандары Маньчжуриядағы қиратылған объекттерді қайта іске қосуға көмектесті. Солтүстік-Шығыс Қытайда КСРО әскері жапондық отаршылдарды талқандап, Квантун армиясы мен Маньчжоу-го армиясының қару-жарақтары Коммунистіктерге бағынатын Қытай Қызыл армиясына тапсырып беріліп, Солтүстік-Шығыс Қытай аймақтары Қытай революциясының базасына айналды.
Осыдан келе Гоминьдан үкіметі АҚШ және басқа капиталистік елдермен жақындасқысы келді, және коммунистік партиясымен жүргізген Қытайды бейбіт жолмен біріктіру келіссөздері сәтсіз болды. 1945 жылы 10 қазандағы Қытай коммунистік партиясы мен Гоминьган партия арасында Чунцинде өткізген келіссөздің нәтижесінде, екі жақ елде бейбітшілік және ұлт бірлігін орнату, ел саяси опека жүйеден демократиялық республикаға өту кезеңі үшін саяси консультативті кеңес шақыру деген келісімге қол қойды/17-2,б.22/. Бірақ Гоминьдан үкіметінің шыдамсыздығы 1946-1949 жылдардағы азамат соғысына алып келді. 1946 жылға дейін басымдық АҚШ-тың көмегімен соғысқа дайындалған Гоминьдан үкіметі жағында болды. Олар Қытай коммунистік партияның бақылауында болған орталық жазыққы жаулап алып, 1946 жылдың күзінде, ішкі Моңголдың орталығы-Чжанцзянкоуды басып алады. Бірақ Чан Кайши әскерінің ең маңызды жеңісі, ол 1947 жылы болған Қытай коммунистік партияның билік орталығы-Яньань қаласын жаулып алуы. Қытай коммунистік партиясына қараған аудандарда аграрлық реформа жүзеге асырылып, шаруаларға жер берілді. Халық бұқарасы, көптеген саяси ұйымдар Чан Кайши үкіметінің үстемдігінен құтылып, коммунистер жағына бет бұрды. Қытай ұлт-азаттық армиясы КСРО-ның қарулы күштің көмегімен қарсы шабуылға шығып, 1949 жылы Пекинді азат етті. 1949 жылы ұлт-азаттық армиясы Янцзы өзенінен өтіп, Гоминьдан армиясын дерліктей талқандады.
1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы құрылды, ал Чан-Кайши бастаған Гоминьдан армиясының қалдықтары Тайвань аралына келіп бекінді. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін КСРО-дан кейінгі әлемдегі екінші үлкен Социалистік мемлекет атанып/13,б.24/, Қытай коммунистердің үкімет басына келуі үлкен жаңалықтарға ие болды.
Осылайша Азиядағы көне заманнан бері өмір сүріп келе жатқан және бүкіл Азияда өз ықпалдарын тигізген ұлы мемлекеттер-Үндістан мен Қытай, өздерінің тәуелсіздікке деген мұқтаждары арақылы империалистердің үстемдігінен құтылып, арт-артынан ел тәуелсіздігіне қол жеткізуі, әлемдегі зор тарихи оқиғаладрдың бірі болып есептеледі. Осы екі ел сол замандағы отаршыл мемлекеттерге қарсы күресіп жатқан Азия және Африкадағыбасқа мемлекеттреге мақтаныш болардай үлгі болды. Өз егимендігіне қол жеткізген .............
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: География | Үндістан елінің экономикалық-географиясы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық
» Курстық жұмыс: География | Үндістан елі
» Курстық жұмыс: Тарих | КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама қайшылығы
» Курстық жұмыс: География | Азия қауіпсіздігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы
» Курстық жұмыс: География | Үндістан елінің экономикалық-географиясы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық
» Курстық жұмыс: География | Үндістан елі
» Курстық жұмыс: Тарих | КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама қайшылығы
» Курстық жұмыс: География | Азия қауіпсіздігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы
Іздеп көріңіз: