Курстық жұмыс: География | Үндістандағы алғашқы теңіз жолдарының ашылуы
Мазмұны
І Кіріспе...................................................................3ІІ Негізгі бөлім
2.1 Ұлы географиялық ашылымдар мен оның себеп-салдарлары.................4
2.2 Үндістандағы алғашқы теңіз жолдарының ашылуы..................................8
2.3 Үндістанға апаратын батыс теңіз жолының ашылуы, географиялық ашылымдардың нәтижелері ......................12
ІІІ Қорытынды.........................................................................................................15
ІУ Сілтемелер...........................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................18
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Ұлы географиялық ашылымдар — феодалдық қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының феодалдық өндірістік қатынастар системасын ірітіп-шірітуші товар-ақша қатынастарының үнемі өсуінің, европалық елдердің Шығыс елдерімен сауда-саттық қарым-қатынастарының ұлғаюының нәтижесі болып табылды.Товар-ақша қатынастарының ұдайы өсе беруіне байланысты ақша орасан зор маңызға ие болды. Ақша мейлінше арта түскен қа-жеттіліктерді қанағаттандырудың бірден-бір құралына және байлық-тың ең басты түріне айнала бастады.
Зерттеудің мақсаты: Алтынға құнығушылық металл ақшаның санын барынша көбірек талап еткен сауданың өріс алуына байланысты мейлінше күшейе түсті. Оның үстіне ақшаның көбі Европадан тысқары жерлерге шы-ғыстан әкелінетін товарларға төлеуге кетіп жатты. Оларды әкелу үнемі ұлғая берді. Осының нәтижесінде асыл металлдың жетіспеуші-лігі күш санап күштірек сезіле бастады. Европада алтынға деген мұқтаждықты қанағаттандырарлық мүмкіншілік болмады. Бірақ оның есесіне европалықтардың ұғымы бойынша, Европадан сыртқы жерлерде байлықтың сарқылмайтын қайнар көзі жатқандай болып көрінді.
Зерттеудің міндеті: Европалықтар дүниедегі ең бай ел Африка деп саналды, өйткені Жерорта теңізінің жағалауындағы қалалар арқылы купецтер Се-негал мен Нигераның алабында өндірілетін алтынды Европаға әкеліп жатқан-ды. Мұнда, Сенегал мен Малидің, Жоғары Вольта мен Нигерияның территорияларында VII ғасырдан XV ғасырға дейін бірнеше бай мемлекеттер: Гана, Мали және Сонгали құрылды.
2.1 Ұлы географиялық ашылымдар мен оның себеп-салдарлары
Европалықтар дүниедегі ең бай ел Африка деп саналды, өйткені Жерорта теңізінің жағалауындағы қалалар арқылы купецтер Се-негал мен Нигераның алабында өндірілетін алтынды Европаға әкеліп жатқан-ды. Мұнда, Сенегал мен Малидің, Жоғары Вольта мен Нигерияның территорияларында VII ғасырдан XV ғасырға дейін бірнеше бай мемлекеттер: Гана, Мали және Сонгали құрылды. Осы елдердің бай қалалары, әсіресе Нигеридегі ислам мәдениетінің ең ірі орталығы Тимбукту — Сахара арқылы Жерорта теңізімен қызу сауда-саттық жұмыстарын жүргізді және мұнда алтын құмның саудасы үлкен орын алды. Купецтердің әңгімелеріне қарағанда, Африкадағы алтын қорлары ғажайып көлемде болды. /1/
Қытай, Индия, Үнді-Қытай, Индонезия таңғажайып бай елдер саналып, көбінесе «Индиялар» деп аталды. Бұл атаулар көптеген жағдайларда теңіздердің ар жағында жатқан сыры белгісіз елдерге арналып айтылды да, Европаның одан жібек және басқа заттар алып отыратын нақты Үндістанға оншалықты қатысы болмады. Осындай алып-қашты жорамалдар XV—XVI ғасырлардағы ұлы географиялың ашылымдарға әжептәуір себепші болды.Өйткені бұл лақаптар,алып қашпа әңгімелер теңіз жиһанкездерін болуы мүмкін немесе шынында да дүниеде бар елдерге қайткенде де кетуге ұмтылдырды.
Африканың алтынын іздеп табуға XV ғасырда португальдық те-ңзшілер құрамдары аттанды. Олардың пайымдауынша Африканың алтыны Атлантика мұхитына келіп құятын үлкен өзендердің шайырларынан атап айтқанда, солардың Бохадор мүйісінің маңындағы сағаларының бірінен табылып, өндірілуге тиісті болды. Сондықтан Алтынды өзенге, теңізбен Африканың батыс жақ жағалауын бойлай отырып жетуге толық мүмкіншілік бар сияқты болып көрінді.
XIV—-XV ғасырларда Португалияда сауда мен кеме қатынастары жақсы қарқынды түрде дамыды. Бұған португальдықтардың, арабтың бай және епті купецтерімен XII ғасырда-ақ басталған қарым-қатынастары көмектесті. /2/
Португальдықтар арабтардың математикасымен, географиясымен және картографиясымен танысты. Мұның өзі келешектегі теңіз кәсіпшілігі үшін өте ерекше маңызды еді. Олар теңіз қатынастарына қажет кемелерді — итальяндық Жерорта теңіздік кемелерге қарағанда, желге қарсы жүзуге қабілетті және аса жүрдек, толқында жеңіл және ыңғайлы каравеллалар жасап шығарды.
Португалияның жүргізген теңіз сауда жұмыстарына Португалияға Италиядан, ең алдымен Генуядаи қоныс аударған көптеген купецтер мен теңізшілер қатары белсене қатысып,өз үлестерін қосып отырды. Өйткені XV ғасырда түріктердің жаулап алуына байланысты Генуя купецтеріне шығыспен сауданы Александрия арқылы Жерорта теңізімен жүргізуге тура келді.
Бұл жерде барлық Шығыс Жерорта теңізіндегідей венециандықтар үстемдік жағдайда болды. Сауда-саттық пен теңіз қатынастарының қысқартылуы генуялық купецтер мен теңізшілерді бақытты жолдарды басқа елдерден іздестіруге мәжбүр етті. Колумб пен Каботтоның (Кабот) Генуядан шыққандықтарын осы жағдайлар барысында айта кеткен жөн.
Португалияға, сондай-ақ Испанияға теңіздің арғы жағындағы жерлерді іздестіріп, басып алуға түрткі салған себептер ішкі жағ-дайларға байланысты болды. Бұл елдердегі реконкистік жаугерші-ліктің заманы бітті. Тегін олжалар мен әскери авантюраны аңсаған соғысқұмар және кедей дворяндардың басым бөлігінің айналысар ісі болмай қалды.
Ал Африканы алар болсақ, осынау бай әрі беймағұлым өлкеге арнайы экспедициялар соғыс қимылдарын жүргізу үшін ұйымдастырылып отырды. Өйткені маврлар Африканың солтүстік-батыс жағалауынан Испания мен Португалияның кемелеріне, ал кейде тіпті Пиреней түбегінің жағалауындағы қалаларға тонаушылық шабуыл жасауларын тоқтатпады. /3/
1415 жылы португальдықтар Солтүстік африкалық жағалаудағы сауда-саттықтың ең маңызды пункті Сеутіні басып алды. Бұл жолмен, атап айтқанда, Жерорта теңізіне алтын тасылатын еді. Сеутіге ие болу Португалияның отарлық экспансиясының бастамасы болып табылды. Португалияның купецтері және басқа елдерден келген эмигрант-купецтер теңіздің арғы жағындағы алтын шығатын жерлерді іздеп табу мақсатымен теңіз экспедицияларын жабдықтап шығаруға кірісті. Бұл іске өзінің бас пайдасын көздеген Португалия королының інісі, XIX ғасырдың тарихшылары «Теңіз саяхатшысы» деп атап кеткен, принц Генрих, үлкен қамқоршылық жасады.
Сауда компаниялары Генрихтың көмегімен жаңадан ашылған аймақтарда сауда монополияларына ие болып, лезде-ақ олжаға батып байыды. Ең пайдалы «сауда» жергілікті халықты талан-таражға салып, құл саудасын жүргізу болды. Міне, осылар португальдықтардың Африкалық жағалауды бойлап жоғары жылжи беруіне себепші болды.
Олар отыз жыл ішінде Африканың батыс жақ шегіне жетті. Португальдықтардың әуел бастан-ақ Индияға апаратын теңіз жолын іздеп табуды көздегені жайында ешбір дерек жоқ.
Мұндай мақсатты олар тек 1460 жылдар шамасында, яғни Гвинея шығанағына кіріп, Африкандық жағалау шығысқа қарай кілт бұрылғаннан кейін ғана қоюы мүмкін.
Гвинея шығанағынан оңтүстікке қарай, Оңтүстік Африканың батыс жағалауымен ілгері жылжи беруге, арыны қатты қарсы ағыстар кедергі жасады. Бұл ағыстарға жоламау үшін теңіз саяхатшысы Бартоломей Диас 1486 жылы Козерог тропигіне жетті де, жағалаудан қашықтап, тура оңтүстікке қарай ашық теңізге шығьш кетті, сөйтіп мүлде орағытып барып Африканың оңтүстік шетінен бір-ақ шықты. Жағалаудың одан әрі қарай солтүстік-шығыстық бағдары бар екендігіне және өзінің шынында да материкті айналып шыққан-дығына көзі жеткен соң, Диас қайтар жолында Добрая Надежда мүиісін айналып өтті және бұл мүйіске озі нақ осындай ат қойды. Сөйтіп, ол 1487 жылы декабрьде, 16 ай бойы жүзіп жүргеннен кейін Лиссабонға қайтып оралды. /3/
Добрая Надежда мүйісінен Мадагаскарға дейін жүзіп, осылайша Үндістанға жететін жолдың бір бөлігінен өту мәселесі 1498 жылы ғана шешілді.
Американың ашылуы Африканың батыс жағалауларының өн бойымеп ілгері қарай жылжуымен қатар, сірә, итальяндық теңізшілердің қатысуымен болса керек, португальдықтардың оңтүстік-батыс және батыста ашық мұхитқа шығып алысқа жүзулері басталды. XV ғасырдың 20-жылдарында португальдықтар Мадейра аралдарына, 30-жылдардың басында — Азорларға барып орналасты.
2.2 Үндістандағы алғашқы теңіз жолдарының ашылуы
Ал 1456 жылы Жасыл Мүйіс аралдарына шейін жетті. І492 жылы Христофор Колумб Атлантика мұхитын жүзіп өтіп, Батыстық жарты шарды ашты. /4/
Колумбтың өмірбаянының көптеген фактілерін, сондай-ақ оның географиялық ұғымдарының сан алуан қырларын түгелдей және дұрыс анықталды деп санауға болмайды. Қазірде Колумбтың — итальяндық екендігі және 1451 жылы Генуя маңында бір тоқымашының семьясында туғандығы баршаға мәлім болып отыр. Оның жүйелі білімі де болған жоқ.
1474-1475 жылдары Шығыс Жерорта теңізіне кемемен сапар шекті. 1476 жылдың шамасында, сірә генуялық сауда үйлерінің бірінің агенті ретінде болса керек, Португалияға келеді, ал келесі жылы Англияға барады. 1479—1481 жылдары Мадейраде және оған көршілес Порту-Санту аралында тұрады. Осы жерде ол бір теңізшінің қызына үйленеді. Қыздың әкесінен көптеген теңіз карталары мен күнделіктер және түрліше жазбалар қалған екен.
1483 жылы үлкен теңіз экспедициясыи жабдықтау туралы Порту-галиямен жүргізген Колумбтың келіс сөздері басталды. Португалия үкіметінің Колумбтың жасаған ұсынысын қабылдамауының себебі, тамаша бай Үндістанға барар теңіз жолы табылып, көздеген мақсатты жүзеге асыру соншалықты жақын тұрған кезде басқа бір жаңа қауіпті іспен айналысқылары келмеген болар.Келіссөздер сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Колумб Испанияға келеді.Кароль Колумбға адмирал және «оның теңіз – мұхиттардан іздеп,тапқан» жерлерінің бәрінде де вице-кароль болу атағын береді. Колумб Багам аралдарындағы кішкентай бір теңізді Сан-Салваьдор деп атады.
Батыстық жарты шар жерлеріне баратын жол ашылды.Осы екі арада португальдықтар Үндістанға баратын теңіз жолын тауып,онан түрлі жеміс,тауар түрлерін алып келді.
Үндістанға баратын теңіз жолдарының ашылуы.
Фернандо Магеллан (1480—1521 ж.) жылдар аралығында өмір сүрген. 1519 жылы 20 сентябрьде Фернандо Магеллан командасымен Испания жағасынан бес желкенді кеме жер шарын сумен айналып шығу үшін батысқа аттанды. Сол кеменің бірін Магелланның өзі басқарды.
Бұлар ең алдымен Канар аралдарына келіп, одан әрі Оңтүстік Американы жағалай жүзіп, тұңғыш рет құрлықтың оңтүстігін айналып, ¥лы мұхит айдынына шықты. Бұл Атлант мұхиты мен ¥лы мұхит арасын байланыстырып тұрған бұғаз кейіннен «Магеллан бұғазы» атанды.
Жаңадан ашылған ¥лы мұхитты Магеллан «Тыныц мұхит» деп атады. Өйткені Магелланға Тының мұхит толқыны Атлант мұхитына қарағанда бәсең болып көрінді. Біраң оның тынықтығы шамалы еді. Магеллан Тынық мұхит арқылы Оңтүстік Американың батысын жағалай жүзіп барып, тіке шығысқа қарай бұрылады да, содан ары үздіксіз үш ай жүзеді, жолында бірде-бір арал кездеспейді. /5/
Ақырында азығы, тұщы суы таусылып, аштық тақсіретін тартады, 19 матрос өліп, 13-і ауырады. Кемедегілер өмірден күдер үзе бастағанда, (1521 жылы 9 мартта) алдынан аралдар көрінеді. Аралда адамдар тұрады екен. Оның біріне тоқтап, су, біраз азық-түлік алады да, одан әрі жүзіп кетеді.............
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: География | Ұлы географиялық ашылымдар
» Курстық жұмыс: География | Географиялық ашылымдардың мәнін ашып көрсету
» Курстық жұмыс: Тарих | Токугава сегунатының «Жабық есік» саясаты
» Курстық жұмыс: География | Шетелдік Азия
» Курстық жұмыс: География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
» Курстық жұмыс: География | Ұлы географиялық ашылымдар
» Курстық жұмыс: География | Географиялық ашылымдардың мәнін ашып көрсету
» Курстық жұмыс: Тарих | Токугава сегунатының «Жабық есік» саясаты
» Курстық жұмыс: География | Шетелдік Азия
» Курстық жұмыс: География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Іздеп көріңіз: