Курстық жұмыс: Тарих | Үйсін тайпалары

Курстық жұмыс: Тарих | Үйсін тайпалары

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Үйсін тайпалары туралы тарихи деректер
2.Үйсін ұлысының іле өңіріне келіп іргелі елге айналуы
3.Үйсін елінің екіге бөлінуі
4.Үйсін елінің өкіметтік ұйымы
5.Үйсіндердің әлеуметтік тұрмысы мен мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақ халқы ежелгі заманда ұлан байтақ Орта Азия өңірін мекен еткен түркі тілдес ру тайпалар мен тайпалық одақтардың (ұлыстардың) ұзақ тарихи дәуірлерде ортақ территорияда бірге өмір сүріп, этногендердің жалпы заңдылықтары бойынша бірте-бірте бірігуі және дамуы арқылы өз алдына жеке халық болып қалыптасты.
Қазақ халқы қалыптастырған негізгі этникалық құрам басты тайпалардың аттары мен таңбалары, ұрандары. Олардың шығу тегі мен таралуы туралы шежірелер ауызша әңгімелер және қолжазбалар түрінде біздің заманымызға жетті. Бұлардың басым көпшілігі ерте замандағы Жұңг оның және шет елдердің тарихшылары баяндаған жазба деректерге сай келеді және оларды толықтырып отырады. Бұлар қазақ халқының шығу тегі мен қалыптасу барысын зерттеудегі нанымды негіз болып табылады.
Қазақ халқының ата тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты ерте әйгілі болғандары: сақ, ұлы иозы (ұлы жүз), үйсін, қаңлы, алан және һұн (ғұн) тайпалары. Бұл тайпалар мен ұлыстардың тарихын олардың Орта Азия өңіріне - қазақтың өсіп өңген мекендеріне, өрістеу мезгіліне қарай баяндаймыз.
1. ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР
Қазақтың байырғы аңыз-шежірелері мен жазба әдебиетінде «үйсін» деген атау екі түрлі мағынада - тар мағынада және кең мағынада қолданылады. Tap мағынадағы «үйсін» - қазақтың ұлы жүзінің құрамындағы тайпаның аты. Ал кең мағынадағы «үйсін» - Іле алқабы мен Жетісу өңірін және оңтүстік Қазақстанды мекендеген ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бұлар ежелгі заманнан бері осы өңірді мекендеген, Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр тайпалары осы үйсін ұлысының тармақтары.
Байырғы қазақ шежірелерінің деректері мен тарихи жазба деректер, үйсін елінің тарихта тым ерте заманда әйгілі болғандығын және казақ қауымының негізгі тұлғасы мен ұйтқысы болғандығын дәлелдейді. Үйсіндер туралы деректер осыдан екі мың жыл бұрынғы ханзу тіліндегі жылнамаларда кездеседі. Қазақ шежіресі бойынша: қазақтың ұл баласының бірі Бекарыс (кейбірінде Ақарыс), одан үйсін туған делінеді. Қазақтың тегі туралы аңызда: Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін (ұлы жүз), ортаншы ұлы Болат (орта жүз), кіші ұлы Алшын (кіші жүз) делінеді.
19-ғасырдағы орыс ғалымы Н. Аристовтың (ұлы жүз ботбай руынан шыққан шежірөші Диқанбайдан жазып алған) шежірелік деректері бойынша: «Ұлы жүз қазақтарының атасы Майқы би. Майқыдан: қаңлы, бақтияр, қырық жүз, мың жүз; бақтиярдан: үйсін мен ойсыл; үйсіннен: ақсақал, (абақ), жансақал (тарақ); абақтан қараша, қарашадан байдібек; байдібектен: албан, дулат, суан, шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты тайпалары тарайды».
Шоқан Уәлихановтың қазақ арасынан жинап зерттеген шежірелік деректерінде, үйсін ұлы жүз қазақтарының түп атасы болып келеді. Онда: «Төбей, Төбейден үйсін, үйсіннен қойылдыр (қатаған шанышқылы), мекірейлі (жалайыр), майқы (абақ), қоғам (қаңлы) тайпалары өрбиді». Бұдан құлдағанда баққараша — байдібек. Байдібектен: албан, дулат, суан, шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты рулары тарайды. Кейбір зерттеушілер: қазақ шежіресіндегі үйсіннің түп атасы Төбей (Туби яки Дуби) ерте замандағы ханзуша деректердегі үйсін елінің Нән Ду би болуы ықтимал, деп топшылайды.
Қазіргі қазақ ішіндегі үйсіндердің тайпасының таңбалары ( ^? ) (ту) және ( £v ) (ағын су) формасында келеді. Қазақ арасында үйсін ұлысының арғы тегі мен өсіп өрбу жағдайын баяндайтын шежіре деректері сақталған. Үйсіндер - қазақтың ұлы жүзін құрайтын үлкен ұлыс. Еліміздің қазақтары ішінде албан, суан, жалайыр, шанышқылы тағы басқа тайпалар осы ұлы жүз үйсіннен тарайды.
«Үйсін» деген ат бұрын үйсіндер мекендеген өңірлердегі жер-су аттарында да сақталып отыр. Мысалы: ежелгі үйсіндіктің атамекенінің орталығы болған Іле аймағының Шапжал ауданы мен Маңғолкүре ауданының аралығында «Үйсін тауы» деп аталатын тау бар. Ежелгі ханзуша жазба деректерде үйсінді «усұн» деп жазған. Қазақтар мен маңғолдар бұрын Шиху ауданын «Қарусұн» деп атаған.
Қазіргі Манассауан аудандарының аралығындағы «Алусұн» деген өзен бар. Толы ауданыңда «Сарығусұн» деген өзен бар. Демек, «Қарусұн» - қара усұн (қара үйсін), «алусұн» - алусұн (алғы үйсін), сарығусұн - сарығусұн (сары үйсін) деген тайпа аттарының жер-су атында сақталған түрі болуы мүмкін. Ерте заманда бұл жерлерді үйсін тайпалары мекендеген.
Әйгілі ғалым Е. С. Малов: үйсін деген ел атының 8 - ғасырдағы Орхон - Енисей ескерткіштерінде барлығын дәлелдейді. Осыған сүйенген орыс ғалымдары үйсіндердің исондармен (сақ тайпасы) туыс екенін айтады.
Үйсіндер еліміздің тарихындағы ежелгі ұлыстардың бірі. Олар заманымыздан бұрынғы 1-2-ғасырлардан бастап еліміздің батыс солтүстік өңірінде өкімет билігін орнатып, батыс өңірдің отанымыздың ішкі өлкелермен байланысын және бірлігін күшейтуде, «ұлы жібек жолын» ашуда және қорғауда маңызды рөл атқарған, еліміздің шекара аймақтарын ашып, көркейтуде елеулі үлес қосқан.
Үйсін тарихының ең алғашқы дерегі «Хан патшалығы тарихы, Дауан шежіресінде» кездеседі. Бұдан соң «Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір шежіресінде», «Үйсін елі» деген арнаулы тарау енгізіліп, үйсіндердің тарихы баяндалады. Үйсіндер Іле алқабына қоныс аударудан бұрын Дұнхуаң мен Чилан (Шүлен) тауы аралығын (қазіргі Хыши аңғарын мекен етіп, көшпелі өмір өткізген, бұл кезде олар «һұндердің батыс жағындағы шағын ел еді». Нанымды тарихы деректердің дәлелдеуіне қарағанда: ол кезде үйсіндердің Нәнді би (Нанды би) атты көсемі болған. Осы Нәнді би ел билеген заманда, үйсін ұлысы өз маңындағы күшті көршілерінің шапқыншылығына тап болады, Нәнді би жау қолынан қаза табады. Ер өліп, Ертіс бұзылып, құтты мекен қонысын жау басып алған үйсін елі телім-телім боп тентіреп ауыр апатқа ұшырайды. Нәнді би жау қолынан қаза тапқанда, оның баласы Лежау би (Елжау би, Күнби) жаңа туған бала еді. Оны әкесінің туысы Боже Оңқа деген адам алып қашып, һұндерге барады. һұндердің чаниұйы (тәңір құты) бұл баланы асырап, ер жеткізеді.
Осы Хыщи аңғарындағы үйсін ұлысын ойрандап, Нәнді биді өлтіргендердің кім екендігі жөнінде «Тарихи жазбалар» мен «Хан патшалығы тарихында», бірі-біріне қайіпы екі түрлі дерек бар:
«Тарихи жазбалар. Дауан шежіресінде» Жаң Чиан былай дейді: «һұндерден естуімізге қарағанда, үйсіндердің ханы «күнму» (күнби) деп аталады екен. Күнмудың әкесі (Нәнді би) һұндердің батыс жағындағы шағын елді билеген. Осы кезде һұндер оларға шабуыл жасап, Күнмудың (Елжау бидің) әкесін өлтіреді. Жаңа туған нәресте бала күнму иен далада қалады. Бұл баланы құстар ет тасып беріп, көкбөрі емізіп асырайды. һұн тәңірқұты оны «киелі бала» деп біліп, әкеліп асырап ер жеткізеді. Ол есейіп ер жеткен соң шеру тартып, жорықтарға аттанып, жеңістерге жетіп, ерлік көрсетіп еңбек сіңіреді. Ақырында һұн тәңірқұты (Чанұй) әкесінің орнына күнму (күнби) етіп, бытыраған елін жинап, билігін береді, сонымен бірге батыс өңірдегі қалаларды қорғау міндетін тапсырады».
«Хан патшалығы тарихы. Жаң Чиан өмірбаяны» тарауында былай делінеді: патша (хан Удий) Жаң Чианнан Дашаның мәнжайын сұрағанда, ол мынаны айтты: «Менің һұндерден естуімше, үйсіндердің ханы «күнму» (күнби) деп аталады екен. Күнмудың әкесі Нәнді би тегінде Чилан мен Дұнхуан, аралығындағы ұлы иозылармен қанаттас отырған кіші мемлекеттің билеушісі екен. Ұлы иозылар Нәнді биді өлтіріп, олардың жерін тартып алған, халқы босып һұн еліне барып паналаған. Осы кезде жаңа туған жас бала күнмуды әкесінің туысы Боже Оңқа қалың шөптің арасына апарып тастап кеткен екен. Ашығыт жатқан жас нәрестені көкбөрі келіп емізіп, құстары ет әкеліп беріп асырап жүрген. Оны көрген һұндер баланы «кие» деп біліп, еліне апарған, һұн тәңірқұты асырап ер жеткізген.
Жоғарыдағы екі кітаптың дерегі бір-біріне қайшы. «Тарихи жазбаларда: Нәнді биді һұндер өлтірген деп, «Хан патшалығы тарихында»: Нәнді биді ұлы иозылер өлтірген Боже - кісі аты, оңқа немесе оңқы - мәнсәбі (Ұлыс бегі) дейді. Бұл мәселе жөнінде тарихшылар арасында талас бар. Бірсыпыра тарихшылар үйсінді ойрандаған ұлы иозылер еді десе, кейбір тарихшылар үйсіндерді қиратқан һұндер болатын деседі. Біз үйсін елін шауып, Нәнді биді өлтірген ұлы иозылер деген пікірді дұрыс деп құптаймыз. Оның дәлелі мынадай:
1. «Тарихи жазбалар» бұрын жазылған, «Хан патшалығының тарихы» кейін жазылған. Пан Чау «Хан патшалығының тарихын» құрастырып жазар алдында бұдан бұрын жазылған «Тарихи жазбалардан» басқа кітаптардан пайдаланған. Осы барыста «Тарихи жазбалардың» тарихы жинаққа үйлеспейтін жерлеріне өзгеріс енгізіп түзеткен, бұл түзету өз көзінде нанымды фактілер негізінде жасалған.
2. һұндердің күшеюі кейінгі кездері болды, алғашында һұндердің оң-сольшдағы көршілері күшті елдер еді. Олар чин дәуірі мен хан дәуірі аралығында «күшті дұңху, гүлденген иозы» деген даңққа бөленіп отырған болатын. Ұлы иозылер һұндердің батыс жағындағы ірі мемлекет еді. Моте (батыр) хан тағына шығудан бұрын ұлы иозылер ордасына кепілге (аманатқа) қойылған болатын. Үйсіндер ол кезде ұлы иозылермен аралас отырған шағын ел еді. Мұндай жағдайда, һұндердің ұлы иозылерді басакектеп келіп үйсіндерді шауып, Нәнді биді өлтіріп, жерін басып алуы оңай-оспақ іс емес.
3. «Тарихи жазбалар» мен «Хан патшалығы тарихының» екеуі де үйсін елі ойрандалып, Нәнді би жау қолынан қаза тапқан кезде; оның баласы Елжау би (күнму) жаңа туған бала екенін бір ауыздан анықтайды. Шұй Сұң «Хан патшалығы тарихындағы батыс өңір шежіресіне қосымша» атты еңбегінде: «Күнмудың (Елжау бидің) туылған уақыты Мотенің ұлы иозылерді талқандауынан бұрын болатын», дейді. Демек, күнму Елжау би туған кезде һұндердің күш-қуаты ол өңірге жеткен жоқ. Бұл тұста Хыши тілігіндегі күшті мемлекет ұлы иозылер болатын. Іргелес отырған шағын ел үйсінді бас салып, батыстағы Нәнді Биді өлтірген болса, онда Нәнді бидің баласы күнмуды (Елжау биді) бауырына салып, ардақтап асырмас еді. Оны әкесінің орнына күнби етіп, тозған елін құрап Қолына беріп, батыс өңірдегі қалаларды мәңгі қорғау міндетін тапсырмас еді. Сондай-ақ үйсін күнбиі (Елжау би)
Уаң Миңжие, Уаң Биңхуа «Үйсін жайындағы зерттеулер», «Тарихи дәуірлердегі ұлттарға тән деректер жинағы», ата кегін қайтару үшін ұлы иозылерге өшіге шабуыл жасамас еді. Жоғарыда айтылған жағдайлар мен тарихи фактілер үйсін елін шауып, Нәнді биді өлтірген һұндер емес, ұлы иозылер екенін дәллдейді.
2. ҮЙСІН ҰЛЫСЫНЫҢ ІЛЕ ӨҢІРІНЕ КЕЛІП ІРГЕЛІ ЕЛГЕ АЙНАЛУЫ
һұн тәңірқұты үйсін күнмуы Елжау биді асырап ер жеткізіп, һұндерге келіп паналаған үйсін халқын оның өз билігіне беріп, әкесінің тағына отырғызған соң, ол шеру тартып жорыққа аттанып, ерлік көрсетіп еңбек сіңіреді. һұн тәңірқұты оған батыс өңірді мәңгі қорғау міндетін жүктейді. Ол өз елін қолына жинап алған соң, төңірегіндегі ұсақ ұлыстарға шабуыл жасайды. Он мыңдаған әскер жинап, оларға соғыс өнерін үйретеді. һұндерге арқа сүйей отырып, бірте-бірте күш жинап, елдің санатын қалпына келтіруге ұмтылады. Бірақ бұл кезде олар әлі де болса һұндерге сырттай тәуелді еді. һұн тәңірқұты оларды әскери күш ретінде пайдаланып отырады.
Б. ж. с. бұрынғы 177-176-жылдарда һұн тәңірқұты Моте бастаған һұн әскерлері ұлы иозылерге шабуыл жасап, оларды ойрандайды. Мотенің орнына отырған Лаужаң тәңірқұт тұсында (заманымыздан бұрынғы 161 -174-жылдарда) билік жүргізген һұн әскерлері ұлы иозылерді талқандайды. «Лаушаң тәңірқұт ұлы иозы ханый өлтіріп, бас сүйегін ішімдік ыдысы етеді. Ұлы иозылар қазіргі Гансу өлкесіндегі Хыши дәлізінен Іле өзені алқабына ауып келеді де, бұдан бұрын осы жерді мекендеген сақ тайпаларын талқандайды. «Хан патшалығы тарихы. Жаң Чианның өмірбаяны» тарауында былай дейді: «һұндерден жеңілген ұлы иозылер батысқа ауып барып, сақ хандығына шабуыл жасады. Сақтардың ханы оңтүстікке қашып кетті, ұлы иозылер олардың жеріне орналасты». Бұл дерек «Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір шежіресінде» де жазылған. Онда «ұлы иозылер батысқа қарай ауып барып, сақ хандығын талқандады, сақтардың ханы оңтүстікке қарай беттеп, Индияға қашып кетті. Ұлы иозылер олардың жерін жаулап алды» дейді.
Ұлы иозылерден ата кегін қайтаруды есіне берік сақтаған үйсін күнмуы Елжау би ұлы иозылерге жорық жасауға бел байлайды. «Әкесінің кегін алуға аттанам деп һұн тәңірқұтына өтініш етеді». Ол һұн тәңірқұты Лаушаң.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Үйсін тайпалары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]