Курстық жұмыс: Экономика | Тұтыну нарығындағы сұраныс пен ұсыныс

Курстық жұмыс: Экономика | Тұтыну нарығындағы сұраныс пен ұсыныс

Мазмұны
КІРІСПЕ
І.Бөлім. Тұтыну нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі
1.1 Сұраныс пен ұсыныс заңдары және олардың баға бойынша әсері
1.2Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
1. 3Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
ІІ.Бөлім.ҚР-ғы түтыну нарығындағы тепе-теңдік жағдайлары
2.1 Қазақстанда бағаның қалыптасуы
2.2 Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздері
2.3 Нарықтық баға қалай анықталады
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Экономика ежелден келе жатқан ілім. Бұл ғылым әрқашанда ғұлама және білімді адамдардың өзіне көңіл аудартқан. Бұған дәлел көрнекті американдық ғалым П.Самуельсон экономика мен саясат экономикасын ғылымдардың патшасына балаған. Нобель сыйлығының иегері М.Фридмен айтқан: «Экономика – бұл ерекше ғылым, оның ерекшелігі сол оның білім іргетасының принциптері өте қарапайым және олар бір бет қағазға сыйғысуға болады,»-деген.
Экономикалық теория бұл адамдардың өндіріс жөніндегі , тауар алмасу жөніндегі, тауары тарату және қолдануды тиімді ұйымдастыру туралы ғылым.
Нарықтық экономикада, әдетте сұраныс пен ұсыныс арасында белгілі бір сәйкестілік құрылады.
Сұраным мен үсыным тепе-теңдігіне қарсы үш кедергіні атап өтелік.
1. Ұсыным мен сұраным қисығын сыза отырып, біз басқа факторларды өзгеріссіз қалады деп санаймыз.
Бидайға ұсыным қисығын бейнелей отырып, біз оның бағасына өзгеріс енгіземіз. Бұндай жағдайда, егер де осы уақытта басқа факторлар өзгеріссіз қалғанда, сатып алынатын тауардың санымен не болады? Жанұя табысын, басқа алмастыра алатын тауар бағасы өзгеріссіз делік. Не себепті? Тек біз бір ғана фактордың нәтижесін білмекпіз, ал басқаларынан дерексізденеміз (абстракцияланамыз).
2. Екінші кедергі қисық сызықтың қозғалысымен және қисық бойынша қозғалыстар арасындағы айырмашылықпен байланысты.
Сұранымның артуын (сүраным қисығының жылжуы) мен сатып алудың артуын (сүраным қисығы бойымен бағаны төмен қарай түсуімен байланысты қозғалыстың нәтижесі) жаңылыстырмас үшін үлкен сақтық қажет.
Астықтан аз өнім алынуы бидай бағасын көтереді. Себебі, үсыным қисығының қозғалысы бидайдың тепе-теңдік бағасын көтереді. Өте жоғары тепе-теңдік бағасы сұраным деңгейін төмендетеді, ал тұтыну сұраным қисығы бойымен төмен лықсиды.
3. Үшінші кедергі сұраным мен ұсыным тепе-теңдік нүктесінде тең деген мағынамен байланысты.
Бағаның қалыптасуы - маркетинг бағдарламасының ең басты элементтерінің бірі. Баға осы бағдарламаның қалай дұрыс жасалатынын және жүзеге асырылатынын көрсетеді. Егер де тауар белгіленген бағамен өткізілсе, онда табысқа қол жеткізгендіктің белгісі, ал, егер тұтынушы осы баға бойынша сатып алмай жатса, онда керісінше болғаны.
Баға - пайданың болуына тікелей әсер ететін фактор.
I-Бөлім. Тұтыну нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі
1.1. Сұраныс пен ұсыныс заңдылықтары және олардың баға бойынша әсері
Біз қандай бір тауар рыногында қалыптасушы ситуацияны қарастырсақ, тауар бағасы мен сатылған (өткізілген) тауар саны арасында белгілі бір байланыс бар екенін оңай байқаймыз. Тауар бағасы төмен болған сайын сатып алушылар сатып алғысы келетін оның көлемі де көп (басқасы тең жағдайда) болып, оған деген сұраныс жоғары болады. Мысалы, бағасы 60 теңге болғанда сатып алу-шылар X игілігінің бір бірлігін ғана сатып алғысы келсе, бағасы 30 теңге болса - үш бірлікті, 20 теңге болғанда - 4 бірлікті және т.б алғысы келеді. Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады. Сатылған игіліктер санының баға деңгейіне тәуелділігін сызба түрінде беруге болады. Сұраныс қисығы - сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен эконо-микалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық. Экономикалық теорияда тәуелсіз өзге-рушіні (бағаны) тігінен, ал тәуелдіні (сұраныс) көлденең осіне (1.1-сызбаны қара) қою қабылданған.
Бейнеленген қисық белгілі бір уақыт кезіндегі баға жағдайы мен X өнімінің сатып алынған көлемін си-паттайды (мысалы, 2002ж. 1 қаңтар). Одан теріс еңкеюді байқауға болады, бұл сатып алушылардың, өз бағасы кезінде игіліктің көп санын сатып алғысы келетінін білдіреді. Жалпы түрі:
Ондағы: Q- сұраныс шамасы
Р-баға
1.1-сызба. Сұраныс шамасының бағаға тәуелділігі
Сұранысқа бағадан басқа факторлар да әсер етеді. Осы әсерді толығырақ қарастырайық.
Сұраныс қызметі - сұранысты оған әсер ететін әр түрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішінде ең маңыздысы осы кездегі игілік бірл
ігінің бағасы болып табылады. Баға темен болған сайын сұраныстың жоғары және керісінше болатынын біз анықтадық. Баға өзгеруі сұраныс қисығы бойынша қоз-ғалысты көрсетеді (1.2-сызбаны қараңыз).
Сұранысқа тауардың өзінің бағасы ғана емес, басқа да факторлар әсер етеді:
1) тұтынушы табысының өсуі (немесе қысқаруы);
2) ұнайтын және басымдық беретін нәрселерінің өзгеруі;
3) бағаны және тапшылықты күту;
4) жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы;
5) субстит тауарлардың (алмастырушылардың) және комплементарлық (қосымша) тауарлардың бағасының өсуі;
6) сатып алушылар санының өсуі (немесе азаюы) және т.б.
Сұраныс осы факторлардың бәрінің қызметі болып табылады:
Ондағы: - сұраныс;
Р - баға;
I - табыс;
Z - ұнайтын нәрсесі;
W - күту;
субститут тауарлар бағасьі;
Рсом- комплементарлық тауарлар бағасы;
N - сатып алушылар саны;
В - басқа факторлар.
Осы факторлар сұраныс қисығының оңға немесе солға жылжуына көмектеседі (7.3-сызбаны көрсетіңіз).
1.2-сызба. Сұраныс қисығы 1.3-сызба. Сұраныс қызметі
(сұраныс қисығының жылжуы)
Ұсыныс тарапынан рынокта қалыптасушы жағдайды қарастырсақ, ұсыныс шамасының бағаға тәуелділігі тіке-лей екенін байқау оңай, баға жоғары болған сайын, сату-шылар ұсынуға дайын тауарлар саны кеп болады (басқа жағдайлары тең кезде). Мысалы, бағасы 20 теңге бол-ғанда өндірушілер X игілігінің тек 2 бірлігін, баға 30 теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты X игілігі бірлігін сатуға келіседі. Жалпы түрі:
Ондағы: - ұсыныс шамасы (sumpply);
Р - баға.
Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке бай-ланыс ұсыныс заңы деп аталады. Өндірілген игіліктер санының баға деңгейіне тәуелді болуын графикалық түрде көрсетуге болады (1.4-сызбаны қараңыз).
1.4-сызба. Ұсыныс шамасынуң бағаға тәуелділігі
Ұсыныс қисығы - өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық. Экономикалық теорияда тәуелсіз ауыспалыны (бағаны) тікелей, ал тәуелдіні (ұсынысты) - көлденең оське орнату қабылданылған.
Бейнеленген 3 қисығы белгілі бір уақыт ішінде сатылған X игілігінің сатылу көлемі (мысалы, 2002 ж. 1 қаңтары) мен баға деңгейін сипаттайды. Оның еңкеюі оң, бұл ендірушінің жоғарырақ бағамен игіліктердің көбірек көлемін сату жөніндегі ниетін білдіреді. Бағадан басқа ұсынысқа алуан түрлі факторлар әсер етеді.
Ұсыныс қызметі ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланьсты анықтайды. Біз анықтап алғанымыздай, осы уақыт ішіндегі игілік бірлігі бағасы маңыздыларының бірі болып табылады, Баға өзгеруі ұсыныс қисығы бойынша қозғалысты білдіреді (1.5-сызбаны қараңыз). Шынында игілік ұсынысына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді:
1) өндіріс ресурс факторларының бағасы;
2) технология;
3) рыноктық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі;
4) салықтар мен субсидиялар көлемі;
5) сатушылар көлемі.
Ұсыныс барлық осы факторлардың қызметі болып табылады:
Ондағы: Р - игіліктің өзінің бағасы;
Р - ресурстар бағасы;
К - қолданылатын технология сипаттары;
Т - салықтар мен субсидиялар;
N - сатушылар саны;
В - тағы басқа факторлар.
1.5-сызба. Ұсыныс қисығы (ұсыныс шамасының өзгеруі)
1.6-сызба. Ұсыныс қызметі (ұсыныс қисығының жылжуы)
Мысалы, өндіріс факторының бағасының өсуі ұсыныстың қысқаруын, яғни S қисығының S жағдайына жылжуын білдіреді. Керісінше, өндіріс факторларының бағасы төмендесе, ұсыныс өседі. Бұл S қисығының S2 жағдайына жылжуына әкеледі (1.6-сызбаны қараңыз).
1.2 Cұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
Рынокты дамыту барысында сатушылар мен сатып алушылардың өзара бейімделуі іске асырылады (2.1-сызбаны қараңыз).
Бұл кезде қажетті ақпараттың тез айырбасталуына көмектесетін бағалар маңызды рөл ойнайды. Олар айырбас шарттарын рыноктық экономикаға қатысушылардың бәрі үшін қарапайым, анық және стандартты жасайды. Тепе-теңдік нүктесін Е-мен белгілейді (латынның Equilibrium сөзінен).
Тепе-теңдік нүктесінде...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Тұтыну нарығындағы сұраныс пен ұсыныс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]