Курстық жұмыс: Медицина | Тұрғындардың жұқпалы аурумен ауруындағы статистикалық ақпараттық жүйесі
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………. 31. Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау....................... 5
1.1 Медициналық-демографиялық ахуал және науқастанушылық...................................... 9
1.1.1 Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі.....................................12
1.2 Салауатты өмір салтын қалыптастыру Жұқпалы аурулар және олардың кейбір түрлері...........................11
1.3 Тұрғындардың жұқпалы ауруымен ауруының статистикасы..................................................16
2. Статистикалық ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты.......................................................21
2.1 Есептің берілуі. Коцептуалдық схема ..........................................26
2.2 Ақпараттық база.................................................................................27
2.3 Программалық жабдықталуы. DELPHI тілі................................30
2.4 Есепті шешілу алгоритмі.................................................................33
Қорытынды (Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі)....................................34
Әдебиеттер...........................................................................................................37
Қосымшалар
Кіріспе
Қазіргі кезеңде жұқпалы ауру актуалды тақырыпта болып отыр. Жұқпалы ауру жиырма бірінші ғасырдың ең бір көп талқыға түсетін мәселелердің бірі. Оны айналып өту мүмкін емес, күнә десе де болады. Менің курстық жұмысты жазудағы ең басты мақсатымыз жұқпалы аурулардың статистикалық мәліметтерін пайдалана отырып оның адам өмірі үшін қауіптілігін ақпараттық жүйе көмегімен көрсету, талдау, жариялау болып табылады.
Халық денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік бағдарлылығының, мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілік дәрежесін сипаттайтын әлеуметтік кепілдіктерінің интегралды көрсеткіші болып табылады.
Қазақстан, мемлекеттік қалыптасуы кезеңінде елеулі экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтік салада, соның ішінде кеңес уақытында құрылған және негізінен жұмыстың сандық көрсеткіштеріне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсіз жүйесінен тұратын денсаулық сақтау жүйесінде елеулі оңтайландыру жүргізді.
Соңғы жылдары Қазақстан едәуір экономикалық өсуге қол жеткізді, осының нәтижесінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулі өсті (соңғы үш жылда екі рет), сондай-ақ олардың одан әрі дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтік бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрі де саланың дамуына елеулі түрде көңіл бөлуге ниеттенеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) дерегі бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-і ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екендігіне қарамастан, мемлекеттің қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі күш-жігері экономикалық және әлеуметтік прогреске қарай өсе түсуге тиіс.
Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерін, жұмыс берушілерді тарту және денсаулық сақтау саласында іс-шаралар жүргізуді сектораралық үйлестіруді күшейту маңызды.
Бүгінгі таңда саланы дамытып отырған негізгі бағдарламалық құжаттар оларды әзірлеу сәтіндегі талаптарына барабар болған, алайда қазіргі уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерістер қарқынынан кейін қалып отыр. Осы құжаттарда белгіленген жекелеген іс-шаралар түпкілікті нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның ішінде қаржыландыру жүйесін өзгерту үнемі дәйекті сипатқа ие бола бермейді. Бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі қоғамды, мемлекетті және саланың өзін толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.
Жинақталған пробламалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етеді. Мемлекет басшысының 2005 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесін, денсаулық сақтау ісін қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек беруді ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілікті оңтайландыруды жетілдіруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен сатып алуды міндетті түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерістер жүргізу қажеттігі көрсетілген.
Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған осы мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейінгі Даму стратегиясын, Президенттің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.
1. Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиялогиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесінің дамуы соңғы онжылдықта оң үрдістермен де, сол сияқты теріс үрдістермен де сипатталды.
Соңғы жылдары негізгі медициналық көрсеткіштерді – тууды, өлім-жітімді, өмір сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыруға қол жеткізілді. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендеді. Денсаулық сақтау саласында бірқатар реформалар жүргізілді, олардың бір бөлігі табысты іске асырылды, басқалары өзінің қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына міндетті медициналық сақтандыру жүйесін құруды, отбасылық медицина моделіне көшуге әрекеттенуді жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтік құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулі ұлғаюын оң өзгерістер ретінде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазіргі заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделі жөндеулер жүргізуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгізуге мүмкіндік туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесінде бірқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдістерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемінің көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік жылдарында саланы реформалау қадамдары бірнеше мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау жүйесіне принципті түрдегі жаңа екі элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектің көлемі мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемінің пайда болуына мүмкіндік туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттік-сақтандыру моделі енгізілген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін қаражатқа байланысты түпкілікті нәтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретін бағдарламалық қаржыландыру енгізілді. Сонымен бірге, реформаларды талдау көрсеткендей, олар елеулі өзгерістерге бағытталмады, өзінің қисынды ақырына жеткізілген жоқ, және денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды түбегейлі өзгерте алмады.
Саланы басқару құрылымында соңғы жылдары болып өткен өзгерістер арасынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін қалпына келтіруді, Фармация комитетін, фармацевтивкалық және медициналық өнеркәсіп пен оның аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау органдары мен санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама және зертханалық зерттеулер жүргізетін мемлекеттік ұйымдар қызметіне бөле отырып, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау комитетін құруды атап өту керек.
Қазіргі кезде республикалық денсаулық сақтау жүйесі, барлық ведомстволарды қоса алғанда, 886 ауруханалық және 3463 амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдар жүйесінен тұрады. Өңірлердегі медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесінің өзінде мынадай бірқатар өлшемдер:
• қаржыландыру және басқару функцияларын топтастыру деңгейі;
• бір тұрғынға есептегенде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруға бөлінетін ресустардың мөлшері;
• пайдаланылатын қаржыландыру әдістері;
БСМК құрылымы;
• медициналық ұйымдардың ұйымдастыру нысандары;
• медициналық көмек сапасын бақылау жүйесі бойынша айырмашылықтары бар.
Істің мұндай жай-күйі азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуді және олардың мемлекеттік кепілдіктерді тең дәрежеде алуын едәуір қиындатады.
2001 жылдан бастап ауруханалық мекемелер санының көбеюі байқалады. Айталық, 2001 жылы олар 845, 2002 жылы – 860 болды.
Халықтың төсек-орындармен қамтамасыз етілу көрсеткіші халықтың 10 мың адамына шаққанда 76,8-ді құрады (төсек-орындардың жалпы саны – 114782). Бұл халықтың 10 мың адамына шаққанда 73,3 құрайды. ДДҰ деректері бойынша ол еуропалық орташа көрсеткіштен біршама жоғары. Бұл көрсеткіштің көлемінен тіпті дамыған елдердің (Германия, Франция, Жапония және т.б.) өзінде айтарылықтай айырмашылық байқалады, ал жоғары көрсеткіштер, негізінен медициналық қызмет көрсетудің негізгі тұтынушылары болып табылатын кәрі жастағы адамдардың басым үлесімен түсіндіріледі.
Дәрігерлердің саны 54,6 мыңға, орта медициналық қызметкерлер – 115,0 мыңға жетті, дәрігерлермен қамтамасыз ету халықтың 10 мың адамына шаққанда – 36,5-ті, орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету – 76,9-ды құрайды. Алайда халықты медициналық қызметкерлермен және төсек қорымен қамтамасыз етудің орташа көрсеткіштерінің жоғарылауына қарамастан, Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі, әсіресе БМСК деңгейінде, жеткілікті дәрежеде тиімді жұмыс істей алмай келеді.
Соңғы жылдарда фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункттерді (бұдан әрі – ФП және ФАП) қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе де, алайда бүгінгі күні қалыптасқан жағдай әлі де БМСК-ні дамытуға және нығайтуға жеткіліксіз көңіл бөлумен, оның бастапқы буынының нақты мүмкіндіктерін жеткіліксіз бағалаумен, қалдық принципі бойынша қаржыландырумен және технологиялық тұрғыдан артта қалушылықпен сипатталады. БСМК-нің медициналық қызметкерлерінде еңбек нәтижелерін жақсартуға экономикалық уәждеме жоқ, олардың қоғамдағы беделі төмендетілген.
Қазіргі уақытта БМСК объектілері білікті мамандармен жасақталмаған. Емдеу-алдын алу ұйымдары материалдық-техникалық базасының, әсіресе ауылдық жерлерде қанағаттанғысыз жағдайда болуы жалғасуда. Талдаулар бірқатар өңірлерде амбулаториялық-емханалық бір ауысымда оларға барушылардың іс жүзіндегі саны нормативті көрсеткіштерден 1,5 еседен асатындығын көрсетеді.
Медициналық ұйымдар, негізінен, бейімделмеген, санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін үй-жайларда орналасқан (ауылда – 70%-тен астам). Қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен, санитарлық автокөлікпен жарақтандыру 50%-тен төмен. Ауылдағы БМСК объектілерінің тек 36%-іне ғана телефон орнатылған. Дәрілік заттарды сату ауылдық денсаулық сақтау объектілерінің барлығында бірдей ұйымдастырылмаған. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі өткізген паспорттаудың деректері бойынша республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде қазіргі кезде бар ғимараттар мен құрылыстар белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, денсаулық сақтау ұйымдарының 447-сі нығайтуға немесе құлатуға жатады. Медициналық жабдықтарға сервистік қызмет көрсетудің тиімді жүйесі жоқ.
Жүктелген функцияларды жүзеге асыру қажеттіліктеріне байланысты БМСК-ға шығындарды жүйелі түрде ұлғайту жүргізілмеді, бұл аталған буын қызметінің тиімділігіне әсер етеді. Қазіргі кезде БМСК-ні қоса алғанда, мемлекеттік медициналық ұйымдар үш бағыт – қызмет көрсетулерге ақы төлеу, күрделі жөндеу мен медициналық және медициналық емес жабдықтарды сатып алу бойынша бюджеттік қаражат алады. Ал БМСК-ға жан басына шаққандағы норматив, әдетте, тұтынушылық баға индексіне және еңбекақыны көбейтуге тең дәрежеде ұлғайтылады. Жан басына шаққандағы нормативтің қазіргі түрі – бұл жүргізілген оңтайландыруды ескере отырып, БМСК-інің ескі жүйесін ұстауға жұмсалатын шығыстар. Қолданыстағы қызмет көрсетулерге ақы төлеу әдістемесі жеке медициналық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай шектейді, өйткені олар тек бір көзге – тарифке ғана ықтимал түрде үміткер бола алады, бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі осы сектордың дамуын тежейді. Осыны ескере отырып, тарифтерді қалыптастыру әдістемелерін (жан басына шаққандағы норматив, тарификатор, клиникалық-шығындау топтары жетілдіру қажет.
1.1 Медициналық-демографиялық ахуал және науқастанушылық
Қазақстанда соңғы жылдары белгілі бір медициналық-демографиялық өзгерістер болды. Республикада халықтың саны 2003 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өсті және 2004 жылдың басында 14 951,2 мың адамды құрады.
2003 жылы бала туу көрсеткіші халықтың 1000 адамына шаққанда 17,2-ні құрады және 1999 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсті. Республикада бала туудың өсу үрдісі 1999 жылдан бастап байқалып отыр.
Соңғы 5 жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 2003 жылы 6,7-ні құрай отырып, 1,6 есе өсті. 1999 жылдан бастап халықтың өлім-жітім коэффициентінің болмашы өсуі байқалады, ол 1000 адамға шаққанда 2003 жылы 1999 жылғы 9,7-ге қарағанда, 10,5-ті құрады. Соңғы 5 жыл ішіндегі ерлер мен әйелдер өлім-жітімінің неғұрлым үлкен жас мөлшері коэффициенті 70 және одан да астам жасқа сәйкес келеді, ол жас мөлшері тобын 1000 адамға шаққанда 2002 жылы тиісінше 104,51-ді және 79,98-ді құрады. Халықтың өлім-жітім құрылымында жүрек-қан тамыры, онкологиялық аурулар, жарақаттану жетекші орын алады. Өлім-жітім құрылымының көрсеткіштерін бұрмалау факторларының бірі - өлім себебін тиімді сараптау жүйесінің жоқтығы болып табылады.
Республика халқының болжамды орташа өмір сүру ұзақтығы соңғы 5 жыл ішінде тұрақтанды және 2003 жылдың соңына қарай 65,9 жасты: ерлерде - 60,5 жасты, әйелдерде – 71,5 жасты құрады.
Қазақстан Республикасы халқының жалпы науқастанушылық көрсеткіші серпінді өсті және 2003 жылы халықтың 100 мың адамына шаққанда 1999 жылғы 47972,8-ге қарағанда 56413,9-ды құрады.
Науқастану құрылымында халықтың 100 мың адамына шаққанда бірінші орынды - тыныс алу ағзаларының аурулары (22160,6), екінші орынды – жарақаттар мен уланулар (4003,7), үшінші орынды – несеп-жыныс жүйелерінің аурулары (3948,6), төртінші орынды – тері және тері асты...............
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Жұқпалы аурулар 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Курстық жұмыс: Медицина | Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі
» Сабақ жоспары (ұмж): Жұқпалы аурулар 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері
» Реферат: “Пациент” туралы түсінік
» Сабақ жоспары (ұмж): Жұқпалы аурулар 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Курстық жұмыс: Медицина | Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі
» Сабақ жоспары (ұмж): Жұқпалы аурулар 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері
» Реферат: “Пациент” туралы түсінік
Іздеп көріңіз: