Курстық жұмыс: Психология | Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі

Курстық жұмыс: Психология | Тұлғаның танымдық  қызығушылығы мен белсенділігі

Мазмұны
Кіріспе
1 бөлім Танымдық қызығу мен белсенділік туралы теориялық мәселелер
1.1 Танымдық қызығу туралы ой пікірлер жүйесі
1.2 Танымдық белсенділік туралы зерттеулер
2 бөлім Оқушылардың танымдық қызығуы мен белсенділігін дамыту үрдісі
2.1 Танымдық қызығу үрдістерін дамыту жолдары
2.2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері
2.3 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық аспектілері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негіэі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен оқушылар дың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгіендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды. Танымдық қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер. Психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Курстық жұмыс тақырыбы: «Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі»
Курстық жұмыстың мақсаты: Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігін дамыту мен қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау
Курстық жұмыстың міндеті: Тұлғаның танымдық қызығушылығын айқындау; танымдық белсенділік көріністерін белгілеп көрсету мен олардың дамуы мен қалыптасу жолдарын анықтап көрсету.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: ғалымдардың мәселеге қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу, даму мен қалыптасуын зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады.
1 бөлім Танымдық қызығу мен белсенділік туралы теориялық мәселелер
1.1 Танымдық қызығу туралы ой пікірлер жүйесі
Қызығу (латынша іnterest - мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушының танымдық қызығуы танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белглі. Л.Выготский бұл жөнінде былай деген: "Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту ушін, сен оны қызықтыр, оның бүл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Оқушылардың танымдық қызығуы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің әдістерінің калыптасуына тәуелді".
Қызығу дегеніміз – жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олардың өзі емес. Қажеттілік міндетті түрде керек нәрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс – әрекетке адамның жеке қатынасын көрсетеді. Терең тамыр жайған және орнықты болған қызығу қажеттілікке айналуы мүмкін. Мәселен, театрға деген қызығу – спектакльді құр жібермеуді әдетке айналдыру тіпті сахна ісімен өзінің де айналысатын болуына жеткізуі мүмкін.
Қызығудың қалыптасуы әрқашан қажеттіліктерді, талантты немесе қоғамдық борышты сезінуден бастала бермейді. Қызығу объектінің эмоциялық тартымдылығы өз-өзінен және бет алды көрінуі мүмкін, ал кейін: қажеттіліктер, қоғамдық талаптар, қабілеттілік сияқты көптеген себептер арқылы анықталып әлгі объектінің өмірлік мәні танылуы мүмкін.
Объектінің эмоциялық тартымдылығының, алғашқы кезде, бәлкім, аңғарыла қоймағанымен, терең тамыры болуы мүмкін, ол тамыр объектінің қасиеттерінен де, сондай-ақ субъектінің қасиеттерінен де көрінбекші. Неліктен объект назар аудартып, қуаныш, рахаттану сезімін туғызады? Себебі ол өзінің қасиеттерімен белгілі бір дәрежеде адамның психикалық көңіл күйіне жауап береді. Сол бір объектінің барлық адамдардың бойында біркелкі сезім туғызбайтыны да содан. Рас кейбір объектілер адамның жалпы адамзаттық табиғатына жауап берсе, басқалары – жас мөлшерінің ерекшеліктеріне, үшіншілері – әлеуметтік-топтық және төртіншілері – жеке адамның бейімділігі мен икеміне, көзқарасы мен талғамына сай келеді. Мәселен, жалт-жұлт еткен объекті, дыбыстық ырғақ, әуен барлық балаларды да ләззаттандырады.
Объектіге деген көзқарастың бір-біріне ұқсамауы жеке адамның өмір тәжірибесінің көп немесе аз болуына, білмділігі мен тәрбиесіне, оның өмірі мен қызметінің тарихын бейнелейтін рухани дүниенің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болады.
Субъектінің көзқарасын басқа адамдар бағыттап қана қоймайды, сонымен бірге ол тәрбиеленеді де. Мәселен, объектінің сапасы және оның өмірлік мәні туралы коллективтік пікір, оған беделді адамдардың көзқарасы – осының барлығы жеке адамның сол объектіге деген көзқарасына ықпал етеді. Авиацияның айрықша дамыған кезінде жастар авиацияға құштар болды, ал космонавтика дәуірінде космосқа ұшуға құштарлық жалпылама сипат алды.
Сөйтіп, индивидтің қызығуы объектінің ерекшеліктері мен индивидтің өзінің психикалық сапасына байланысты бола тұрса да, оны түптеп келгенде басқа адамдар, коллектив, қоғам, қоғамдық психология қалыптастырады. Демек, адамдар қызығуының қоғамдық - тарихи тегі бар деу керек. Қызығу өндіріс пен қоғамның рухани мәдениетінің деңгейіне, әлеуметтік қатынастарының дамуына тағы сол сияқтыларға байланысты.
Қоғам дамуының әрбір тарихи кезеңінде жалпы адамзаттық мүдделермен қатар таптық мүдделер де бой көрсетіп отырады. Буржуазиялық қоғам өмірінің бүкіл құрылысының ықпалымен, мысалы, «жайсаң» жастар ақшалы болуды және ойнап-күлуді ең бірінші мақсат тұтады.
Социалистік қоғамда алдыңғы қатарлы жастар жасампаз еңбекке, ғылым, өнер, практика (техникалық творчество) саласындағы творчествоға деген қызығуды жоғары ұстайды. Қызығу еңбекке деген құлшыныс және қанағаттанушылық, объектіге тез бауыр басу, ең соңында адамның еңбекке қажеттілігінің арта түсуі сияқты қанағаттану сезімдері түрінде көрініс табады.
Қызығу адам өмірі мен іс-әрекетінде елеулі орын алады. Адам өмірінің бақыты мен бар болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу әрекетке талпындырады, адамды ширатады. И. П. Павлов қызығуды адам жанын жадыратушы, ми қыртысында іс-әеркет жағдайын туғызушы фактор деп қарастырған. Қызығып істелінетін жұмыс жеңіл және жемісті болады.
Жеке адамның дамуы мен білімнің қалыптасуы үшін қызығудың мәнін ескеру педагогикалық практикада ерекше маңызға ие болады. К.Д. Ушинский ешбір қызығусыз, тек қана зорлық күшімен жүргізілетін оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жойып жібереді деп өте әділ жазған болатын. Сонымен бірге ол, барлық оқудың мәнән тек қана қызығуға ғана құруға болмайды деп атап көрсеткен. Білім беру қара жұмысты да, едәуір ерік күшін де қажет етеді.
Қызығу түрлері. Адамдар қызығуы олардың іс-әрекеті сияқты өте алуан түрлі. Қызығуды олардың мазмұнынан немесе бағыттылығына қарай ажыратады. Бұл ретте материялдық, қоғамдық және рухани қызығуды бөліп қарауға болады.
Материялдық қызығу тұрғын үй ыңғайлығына, тағамдық заттарға, кмімге және басқа да сол сияқты қажеттіліктерге деген құлшыныс арқылы көрінуі мүмкін. Материялдық қызығу көбінесе нысапсыздық, баюға салыну, дүние-мүлік жинаудың қызығына түсіп дүние жинау сияқты жағымсыз формаларда кездеседі.
Рухани қызығу адамның жоғары дәрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен математикаға, физикаға, химияға, ибологияға, философияға, психологияға тағы басқаларға деген танымдық қызығулар. Бұған сондай-ақ, әдебиетке және өнердің алуан түріне (музыкаға, суретке, театрға) деген қызығулар да жатады.
Арнайы қоғамдық қызығулар қоғамдық жұмысқа, ұйымдастырушылық іс-әрекетке деген мүдделерді білдіреді. Қоғамдық жұмысты жақсы көретін және оған бар күшін жұмсайтын адамдар аз емес. Олардың қуанышы мен реніші көп ретте қоғамдық іістің жетістігіне немесе кемшілігіне байланысты.
Тікелей және жанама қызығулар да кездеседі. Тікелей қызығу дегеніміз – іс-әрекет процесінің өзіне қатысты: таным, білім алу, еңбек және творчество процестеріне қызығу. Жанама қызығу дегеніміз – іс-әрекет қызмет бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға ғылыми атаққа немесе ең соңында, еңбектік материалдық нәтижелеріне деген қызығулар.
Жеке адамның белсенді де жемісті іс-қызметі үшін тікелей және жанама қызығулардың дұрыс арақатынасы неғұрлым игі ықпал етеді. Егер адам еңбекті, еңбек процесінің өзін сүйетін болса, оның нәтижелері үшін қам ежйтін болса, онда ол белсенділік танытады, іс-әрекетке творчестволықпен қарайды және еңбекті нәтижелі аяқталуына қол жеткізеді. Қызығудың мұндай үйлесімі болғанда адам көп қанағат табады.
Қызығудың әсер ету дәрежесіне қарай самарқау және белсенді деп екіге бөледі.
Самарқау қызығу дегеніміз – адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі. Мысалы, опера тыңдауды сүйеді, картиналарды қараған кезде ләззат алады, бірақ объектінің терең тану, оны меңгеру және қызықтыратын салада творчествоменайналысу үшін белсенділік көрсетпейді. Белсенді қызығу дегеніміз – пәрменді қызығу, мұндайда адам көріп-білумен ғана шектелмейді, өзі тыңдаған объектіні меңгеріп алып әрекетке көшеді. Белсенді қызығу – жеке адамның дамуын оның білімі мен дағдыларының, қабілеттілігі мен мінез-құлқының қалыптасуын қамтамасыз ететін жайттардың бірі.
Қызығу сондай-ақ көлеміне қарай да бөлінеді. Мұндай бөлу қызығу түрін анықтамай-ақ, оның орнына жеке адам мүдделерінің құрылымын сипаттайды. Кең, жан-жақты әрі терең мүдделі, сонымен қатар кең, бірақ үстірт қана мүдделі адамдардың да болуы мүмкін. Мүдделері жан-жақты болған көптеген ғалымдар мен жазушылар бар (М.В.Ломоносов, Д.И.Менделеев, А.С.Пушкин, Л.М.Толстой және басқалар). Барлық нәрсені білгісі келетін, бірақ құбылысты ат үсті қарап, олрдың мәніне терең үңілмейтін, солардың белгілі біреуімен мықтап әрі тұрақты айналыспайтын адамдар да кездеседі.
Ақырында, терең, бірақ өте тар мүдделі адамдар да болады. Олар – өз дамуында шектелген, өте бір сыңар жақты адамдар.
Кең, алуан қырлы қызығулардың аясында өз өмірінің мәні мен іс-әрекетінің негізгі бағытын анықтайтын өзекті негізгі мүддесі бар адамдар неғұрлым дұрыс бағытта деп танылады. Мысалы, К.Маркс кең мүдделердің иесі болған адам, бірақ пролетариатты азат ету жолдарындағы күрес оның өмірінің негізгі мүддесі болып қалды. Ол өзінің теориялық және революциялық практикалық жұмысын түгелдей осы мақсатқа жұмсады.
Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негізі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен оқушылардың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді іздендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - таным теориясы" деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, обьективтік қатынастарды қалыптастыру.
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық әрекет танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.
Танымдық қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер. Психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады.
Көне замандағы Антика дәуірінің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер оқушылардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат түрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.
Ежелгі Грекия мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді. Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған. Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтері Плутарх, Пацит Квинтимин еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. әсіресе, шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.
Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық ізденімпаздықты оқыту құралы ретінде қалыптастырады.
И.Гербарт танымдық ізденімпаздықты дамыту оқытудың негізгі
міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы
керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте
күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығуларын алады. Адамдарға қызығулар айналасын қоршаған дүниесін танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығу - эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығуы эстетикалық қызығу - оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығудың екінші тобына жататындар – симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу әр түрлі қоғамдық үйымдардың арақатынасын анықтайды, дінге қызығу - діни ұғымды күшейтеді. Осы алты түрлі қызығу оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды екен.
1.2 Танымдық белсенділік туралы зерттеулер
Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығы мен қаруландыру емес, оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр.
Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі – танымдық белсенділікпен саналық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісімен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін көздейтін мүддесі- білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білу болып табылады.
Педогогтер, психологтер, әдіскерлер танымдық іс-әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыруды қарастырады.
Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып оқушылардың танымдық белсендік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі тән:
- оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- оқу-танымдық әрекеттің интелектуалдық сипаты;
- оқу-танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты.
Сондай-ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші факторлармен анықталады:
- оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу үрдісінде мәселік оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
- бірте бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т.б.............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыратын психологиялық шарттары
» Курстық жұмыс: Педагогика | МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымы
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]