Курстық жұмыс: Психология | Түйсік

Курстық жұмыс: Психология | Түйсік

Мазмұны
1. Түйсіктер туралы жалпы ұғым.
2. Түйсіктің физиологиялық негізі.
3. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
4. Түйсіктердің өзара байланысы.
5. Түйсіктердің түрлері.

Түйсік
§ 1. Түйсіктер туралы жалпы ұғым
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: "қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе" деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді. Мәселен, адам секундтың /10 бөлігінде жалт еткен жарықты көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді.
И. П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөліктен құралады. Олар: бірінші сезім мүшесі (рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екінші бөлігі — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті (құрамы) — мидағы түрлі жүйке орталықтары. Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.
Егер осы айтылған анализатордың үш бөлігінің біріне зақым келсе, (мәселен, көзге зақым келсе) көру түйсігіне нүқсан келеді. Анализаторлардың мидағы ядролары тиісті аймақтарға орналасқанмен, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға да қабілетті. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды. Сезім мүшелерінің мимен байланыстылығы жәйлі Шәкәрім "Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын-исі, тіл — дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мұндағы ой хабар алып, жақсы жаман ор істі сол тексермек",— деп мидың жетекші, басқарушылық рөлін ерекше атап көрсетеді.
Кейбір философтар мен психологтар адам түйсіктері заттардың объективтік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын өзгерістерді ғана бейнелейді дейді. Олардың айтуынша, түйсіктердің мазмұны сыртқы тітіркендіргіштердің, яғни сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байланысты емес, түгелдей сезім мүшелерінің өздерінің қасиеттерімен белгіленетін болып шығады. Осы тұрғыдан қарағанда түйсіктер сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгілер, символдар, нероглифтер болып шығады. Бұл түсінік бойынша біз түйсіктеріміздің нені бейнелейтінін, оларға не сәйкес келетінін де, заттарды қалайша танып білуге болатынын да түсіндіре алмаймыз. Мұндайда тіпті біз заттардың өзінің қандай нәрсе екенін де біле алмайтын боламыз. Өйткені белгі дегеніміз қандай затты болса да", қандай оқиғаны болса да таңбалай алады, бірак оның өзі таңбалайтын затына ұқсас бола бермейді. Түйсік жөніндегі осы теориялардың қай қайсысы да сезім мүшелерінің көрсеткеніне сенбейді, заттар мен құбылыстардың бізден тыс өмір сүретіндігіне күдік туғызады, егер түйсіктер заттардың объективті қасиеттерін бейнелемейтін болса, онда адамдардың табиғат пен қоғамды танып білудегі табыстары мен олардың белгілі бір мақсатқа сай еңбек етуі мүмкін болмас еді.
Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсіктерінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлде қашан дәлелденген жәйт.
Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасын да айқындайтын негізгі факторлардың әуелде ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі. Бұл үшін құстардың көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет. Жыртқыш құстардың көзі аса қырағы, өйткені олар өз жемтігін алыстан көруі қажет, ал иттерде иіс түйсігі ерекше дамыған. Әйтсе де, құстар да, иттер де заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен байланысын ажырата алмайды. Адам түйсіктерінің ерекшелігі олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз байланыстылығында.
§ 2. Түйсіктердің негізгі зандылықтары
А. Сезгіштік және табалдырық
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық — түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Мәселен, біреу алақанындағы бір ми квадрат аумақка түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, кез улыра күлгін сәулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсік туғызарлықтай күш жоқ.
Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3—4 грамм қосу керек. Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100-ге тең. Бұл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға тағы да он адам қосылса, хордың даусы аздап болса да көтеріледі.
XIX ғасырдың орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э. Вебер (1795—1878) мен С. Фехнер (1801 -1887) тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің психофизикалық заңы дейді. Осы заң бойынша тітіркендіргіштердің күші геометриялық прогрессия жолымен көбейсе, одан туатын түйсіктер арифметикалық прогрессия жолымен өседі.
Әлсіз немесе күшті тітіркендіргіштердің әсерін бұл заңмен түсіндіру қиынға соғады.
Ә. Адаптация29
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді.
Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай-қайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздін қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың әсері өте күшті. Олардың нашар жарықты да жақсы сезе алатын қасиеті бар. Мәселен, 30—40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Ал қараңғыдан жарыққа қарай сезгіштіктің өзгеруі жарық адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағылысып, көз еріксіз жұмылады. Бірақ төрт-бес минуттан кейін көз бұған үйренеді де, көздің көруі қалпына келеді.
Адаптация құбылысына перифериялық нерв жүйесімен қатар ми қабығы да қатысады.
Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол.
Мәселен, судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.
Иіс түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, камфараның иісі 1—2 минуттан кейін сезілмейтін болса, горщица мен нашатыр спиртінің иісіне адаптациялану тезірек болады.
Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты жұмысының бұзылғандығын, осы сигналдың биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптацня құбылысы үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне анализаторлардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.
Б. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация30
Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.
Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның кору қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі ұшуға дайындық кезінде ұшқыштардың көздеріне 20—30 минут бойына қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.
С. В. Кравков, К. X. Кекчеев зерттеулерінде адамның дамыл-дамыл таза ауада дем алуы, жеңіл дене қимылын жасауы, беті-қолды салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы дәлелденген.
Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен әсер, қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (қышқыл нәрсе) көру сезгіштігін арттырады, түз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тәтті болып көрінеді. Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозғалыс түйсіктерінде де көп байқалады. Түйсіктердің озара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст (қарама-қарсылық) құбылысы. Мәселен, айналасын ақ түске бояған сүр тік бұрыш айналасын қара түске бояған сұр тік бұрыштан күңгірттеу көрінеді. Ал осы сұр тік бұрыштың айналасын қоңыр түске бояса, жасыл тартып, сары түске бояса, көгілдір болып көрінеді. Тым-тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі, ыссы нәрседен кейін салқынды түйсіну өзінен-өзі белгілі. Жоғарыда көрсетілген мысалдарда түйсіктердің қарама-қарсылығы жүйке процестерінің өзара индукция заңдылығымен (бір мезгілдік индукция) түсіндіріледі.
В. Синестезия31
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Мұндай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, екіншілері — көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипай сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.
Г. Бір ізді бейнелер (эйдетикалық ес)
Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дөм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2—3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса (көзді жұмғанда қабақтан жарық түсірмеу үшін шамды алақанмен қалқалау керек), жарықтың ізін айқын көре алады. Бір ізді образдардың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады.
Қолымызға екі парақ ақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бұдан кейін осы қызыл қағаздан көз алмай 20—30 секундтай қарап отырып, көзімізді сәл ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түсті көруге болады.
Бұл теріс бір ізді образдардың мысалы. Соңғы түс алғашқы қызыл шаршының теріс бір ізді образы. Кино лснталарындағы жеке кадрлардың арасындағы үзілістерді байқамау осындай оң бір ізді образдардың қызметі болып табылады. Өйткені мұндайда бір тітіркендіргіш екіншісімен жалғасып отырады. Бір ізді образдар көбінесе адамға байқалмайды. Өйткені көздің тор қабығы үнемі қозғалып тұрады да, осыдан адамның көзі талмайды. Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерінде түрлі қозулардан қалған іздер — бір ізді образдардың физиологиялық негізі болып есептелінеді.
Бір ізді образдарға ұқсас, бірақ одан табиғаты бөлектеу заңдылықтың бірі — эйдетикалық құбылыс. Бұл — эйдоне деген грек сөзінен алынған, мағынасы көру, сурет, бейне, идея деген мағынаны білдіреді. Кейбір адамдарда бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстарды, сол объектілер ...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Түйсік курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]