Курстық жұмыс: Этнография | Торғай өңірі

Курстық жұмыс: Этнография | Торғай өңірі

Мазмұны
Кіріспе
І-тарау. Торғай өңірінің қысқаша тарихы.
І.1. Жер асты байлығы- қала орынығу себепшісі.
І.2. Торғай облысының ашылды. Арқалық- облыс орталығы.
ІІ-тарау. Арқалық қаласының әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы.
ІІ.1. Арқалық қаласының әлеуметтік экономикалық дамуы.
ІІ.2. Қаланың мәдени дамуы.
ІІІ-тарау. Арқалық қаласының бүгіні мен болашағы.
І.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Бүгінгі таңда егемендігімізді алып, тәуелсіз елге айналған шағымызда өз билігіміз өзімізге дара тиіп, төл тарихымызға деп қойылып, ақтаңдықтар ашылуда, жаңа тарихтар жазылуда. Сол жаңа тарих ортамызға қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, сынды азаттық үшін күрескен кемеңгер азаматтарын қайта оралып, елімен қауыштырды. Тарихшылар көтерер жүк өте ауыр. Олардың алдынан құм жұтқан қазақтың қалаларының тарихын зерттеу міндеті түскен жоқ. Қалалардың тарихы тұтас елдің тарихымен сабақтас, өз кезегінде жеке адамдардыңда тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. Тарихтағы жеке тұлғалар сияқты әр қаланың да қалыптасуы, даму немесе құлдырау кезеңдері бар. Талай кезеңдерді жас болса да басынан өткізіп отырған қаланың бірі – Арқалық. Сондықтанда Арқалық тарих деп халықтардың қалай тіршілік еткенін, олардың өмірінде қандай өзгеріс болғандығын адамзаттық өмір сүруі қалай өзгеріп, бүгінгі күнге қалай жеткенін зерттейтін ғылым. Қаланың өмірі, тағдыры, ол туралы өңір қандай да болмасын өлкемен тығыз байланысты, сабақтас. Сондықтан да Арқалық тарихын тілге тиек етер болсақ, Торғай өңірінің төкіне таққан шаржандай болып аз ғана жыл көлемінде дүр ете қалғанын кейін талай жыл тақырауда басынан өткізген Арқалық қаласының тарихын зерттеу бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Зерттеу нысан болып отырған тақырыптық өзектілігі – Торғай өңірінде орнаған, ондағы мекен еткен халықтардың баспанасы, орталығы болған Арқалықтың бұрынғы да бүгінгі тарихын, оның әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуын терең зерттеп, таразылау мен сараптау арқылы қаланың қазіргі кезеңдегі жағдайын және келешектегі даму болашағын ашып көрсетуде.
Тақырыптық зерттеу деңгейіне келсек, 1990 жылы облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ы.Сариева, облыс әкімі Ж.Қосабаев, Торғай боксит кен басқармасының директоры болған Л.Ситников көрнекті мемлекет қайраткері, тарихшы – этнограф, өнер зерттеуші, ғалым, партияда қызмет атқарған Ө.Жәнібековтер жалпы Торғай елінің тарихы, Торғай дарабоздары мен ел ішіндегі атақты өнер жұлдыздары және 1956 жылы Арқалық құрылғаннан бастап 1988 жылы жабылғанын, одан 1990 жылы ашылып, торыққан Торғай жері 1997 жылы тағы да тоқырауға ұшырап, нарық қыспағына алынғанын өз еңбектерінде сөз етті. Олардың қатарына тоқтала отырып, талдау жасайтын болсақ, Ы.Сариева өзінің «Текті Торғай» кітабында тым ертедегі өлке тарихынан бастап, қазіргі кезеңдегі тарихында баяндайды.
Ө.Жәнібеков атты естелік кітабында өзі қызмет еткен қала тынысына, ондағы мәдени орындарды, көркем де әсем қаланың бір кездері шырқау шегіне жеткендігін, алайда нарық қыспағына шыдамай жабылғандығын паш етті. Сонымен бірге «Торғай тоқы» газетінің бетінде 1990 жылдан бері қала әкімі мен ел азаматтарының қаланың әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты мақалалар, жылдық қорытындылар мен есептері басылып отырады, атап айтсақ, Торғайда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1864 жылы Торғай жерінде мектеп ашқан Ы.Алтынсарин, қазақтың бір туар азаматтары Ақаң мен Жақаң елге жақсы танымал қылған ақын Күрдері Жолдыбайұлы, Нәзипа Кулжанова сынды алаштың аяулы азаматтары туралы жазады. Сондай-ақ атақты ақын, этнограф, жазушы, музыкант әншілер мен өнер шеберлері Қоғабай Сәрсекеев, Сейіт Кенжахметұлы, кеңшілік Мырзабек, күйші Сағын Жәнішов, сазгер-күйші, домбырашы Айтбай Муздаханов, оның қызы Анар Мұздаханова туралы сыр шертеді.
Ал, Л.Ситников тың «Торғай алабының тынысы» кітабында бұрын құрлығызыған кең далада қатантты метал-боксит кенінің пайда болуы, оның өркендеуі мен келешегі туралы жан-жақты әңгіме болады. Сонымен бірге кәсіпорын жұмысшылары, олардың қыпсырлы да жемісті еңбегі баяндалады.
Өнер зерттеушісі, ғалым Өзбекәлі Жәнібеков болса, «Тағдыр тағылымы» атты естелік кітабында өзі қызмет еткен кездегіқала тынысына, ондағы мәдени орындар мұражац, «кенші» мәдениет үйінің құрылысының салынуы мен пайдалануға берілуі, ондағы алғашқы қойылған спектакль, облыстық филармония, «шертер», «метелица» - фальклорлық этнографиялық ансамбльдері, «цирк тобы», «Отырар сазы» оркестірің құрылуы туралы сөз етілген. Сондай өңір тарихына байланысты тың және тыңайған жерлерді игеруге арналған мынадай еңбектерді атап көрсетуге болады: «Жизнь замечательных людей в краю хлеба и металла». Бұл кітаптар жинағын құрастырушы Қозыбаев болды. Сонымен қатар В.В.Владимиров пен Х.Ш.Абрашитов «Всенародный подвиг на целине» т.б. деген кітабын атауға болады. Бұған қоса «Торғай таңы» газеттерінің беттерін қала әкімі мен жергілікті ел азаматтарының, қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайына, бала да көптеген мәселелерге байланысты мақалалары, дала дамуының жылдық қорытындылар мен есептері жарық көріп отырды.
Осылайша көріп отырғанымызда аталған кітаптар авторлары өлке тарихына тоқтала отырып, Арқалық қаласына қатысты кейбір мәліметтерді тек дерек ретінде келтірген. 1973 жылы 23 қарашада ашылып, 1988 жылы жабылып, 1990 жылы екінші рет қайта ашылған Торғай облысының орталығы болған Арқалық қаласының тарихына тікелей арналған, оның қала типтес поселка болып құрылғанна облыс орталығы статусын алынған дейінгі тарихы, қазіргі жағдайы мен тыныс тіршілігі жайлы жазылған жеке еңбек жоқтық қасы.
Сондықтан да диплом жұмысының ғылыми жаңалығы сонда, ал тұңғыш рет ғылыми айналымға арнайы зерттеу объектісі ретінде еніп отыр. Диплом жұмысының негізгі мақсаты - өлке тарихын тереңнен зерттеу негізінде Арқалық қаласының тарихы, әлеуметтік – экономикалық жағдайы, өнері мен мәдениеті және бүгінгі жағдайын, даму болашағын ашып көрсету.
Осы мақсатқа сәйкес бітіру жұмысы төмендегідей міндеттерді алға қояды.
1. Торғай өңірінің қысқаша тарихымен таныстыру.
2. Арқалық қаласының қалыптасуы мен облыс орталығына айналуы және оның әлеуметтік –экономикалық жағдайына тоқталу.
3. Жергілікті жердегі өндіріске нарық экономиканың әсері, қала кәсіпорындарының тығырыққа тірелуі мен оның нәтижесін жан-жақты ашып көрсету.
4. Қаланың экономикалық - әлеуметтік жағдайының тұрақтануы мен мәдениетінің дамуын тереңнен зерттеп, саралау;
5. Қазіргі кезеңдегі Арқалық қаласының жағдайына тоқтала отырып, оның болашағына сеніммен қарап, жастардың бойында елжандылық тәрбиесін қалыптастыру.
Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығына келетін болсақ, болашақта жұмысты орта мектептерде, арнайы оқу орындарында, тарих үйірмелерінде, өлкетану, факультатив сабақтарында кеңінен қолданып, қосымша құрал ретінде пайдалануға болады. Деректі база ретінде тарихи өлкентау Мұражайы материалдары №2 облыстық кітапхана, ғылыми-техникалық кітапхана қорлары, статистикалық деректер, ғылыми мақалалар, кітаптар, баспасөз материалдары алынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспе бөлімнен үш тараудан, оның ішінде алғашқы тараудың әрқайсысы екі параграфтан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Торғай өңірінің қысқаша тарихы.
Баланың өмірі, тағдыры ол тұрған өңір, өлкемен тығыз байланысты, сабақтас сондықтанда Арқалық тарихын тілге тиек етер болсақ Торғай өңірін сөз етпеу, қысқаша тарихына тоқталмау мүмкін емес. Есіл мен Торғай өңірінің төсіне шыққан маржанындай болып аз ғана жылдар көлемінде дүр ете қалған, кейіннен талай тоқырауды басынан өткізген Арқалық тарихы мен тағдырына бүгін күні біз қарай алмаймыз.
Тарихқа жүгінсек Торғай есімі тым әріге сілтейді. Халық қамқорышысы, би, философ дана Асаққойғы Торғай өзеніне қарап «Ақсуың бал татитын, ақ шабағын май татитын екен» - деп тамсанған дейді. Бұған қосымша тағы бір дерекке назар салсақ, Торғай даласының сан ғасырлардан белгілі екендігіне көзіміз жете түседі, «Торғай даласы ескі болғанымен Ресей жеріне қатынастың ең маңызды керден жолы болды» деп жазды, Гладышев пен Муравев деген зерттеушілер бұл жолмен 1283 жылы Италия саяхатшысы Рубик Еділден бастап, Жайықтың жоғары жағынан созақ, құмкент арқылы Іле қаласына дейін жүріп өткен. Орта Азиямен байланыстыратын маңызды керуен жолы болды. Ол жолмен тауар тиеген керуендер жүретін еді, сондай-ақ бұл жолмен талай Ресей және Батыс емшілері жүріп өтті» - деп сол заманның өзінде-ақ Торғай даласы деген сөз тарихқа енгендігін көрсетеді.
Мына дерек те назар аударуға тұрарлық; 1694 жылы тобылдық Тәке ханға Ресей елшісі Прашин мен Скибин Торғай даласындағы керуен жолымен жіберілген» деген архив деректерібар. Тұтас бір ұланғайыр өлкеге есімін беріп тұрған Торғай өзені – тіршілік көзі, оның ұзынды,ы 825 шақырымға созылып жатыр.
Ресей патшаларының қай қайсысы болмасын қазақ даласын отарлауды басшы мақсат еткені тарихтан белгілі Ресей пастшасының 1732 жылы берген уәдесі далада қалып, қазақ жері бөлшектенуге түсті, орыс отарлаушылары Жайық бойымен ішке қарай 744 шақырым, жоғарғы Жайыққа дейін 561,5 шақырым, жоғары Жайықтан үйге дейін 753 шақырым, Үйден Омбыға дейін 641 шақырым, Омбыдан Өскемен –Ертіске дейін 950, барлығы 3590 шақырымдық орыс пайдасы үшін желі тартылды. Оңтүстік жағын Сырдария – Жетісу жерлері мен түйсіктіріп, қазақ даласын түгел әскери күшпен қоршауға алды». Әскери отарлаушылар қазақ жерін шарлап, үлкен 3 бөлікке бөліп тастады. Олар Шығыс, Орта және Батыс бөлік болып аталады. Торғай даласы осы үш бөліктің шығысына қарады, 1845 жылы Торғай өзенінің оң жағасына бекіністің іргесі қаланып, оған Орынбор қазақтарының бірнеше отбасы көшіріліп әкелінді. Оларды жерсіндіріп тұрақтандыру үшін әскери міндеттен, салықтан босатты. Оларды жергілікті халық шабылуынан қорғау үшін 2 рота солдат ұстады. 1868 жылы патша әкімшілігінің шешімімен қазіргі Арқалық қаласынан 289 шақырым қашықтықтағы Торғай бекінісі қола болып аталады. Ресей отарлаушылары көздеген мақсатына жету үшін қазақ даласына басқару жүйесін күн сайын жақындатуды көздеген. Сөйтіп, 1868 жылы 21 қазанда орынбор даласындағы және Сібір ведомствасына қарайтын қазақтарды қиындықтан құтқару үшін деген желеумен жаңа Ереже шығарды. Бұл Ереже бойынша Торғай, Орал, Ақмола облыстары құрылды. Бұрынғы Орынбор облыстық басқармасы таратылып, орнына Торғай облыстық басқармасы құрылды. Торғай облысы солтүстігінде Орынбор губерниясымен, батысында Орал, оңтүстігінде Сырдария, шығсында Ақмола облыстары мен шектесті. Торғай облысы Торғай, Ырғыз, Елек, Николаев деген төрт уезге бөлінді. Жаңа ереже қазақтардың қалыптасқан басқару жүйесін быт-шыт қылды. Аға сұлтандық билік жаратылды. Сұлтандар, ел билеуші ру басшылары мен билердің, дін иелерінің ісіне шек қойылды. Сот құрылымы өзгеріп олардың бәрінің орнына ауылдық, болыстық, уездік жүйе құрылды.
Қазақ күн көрісінің негізгі – малдық өрісі, шабындағы халық жер-жерде көтерілістер жасап жаты. Олар: Торғай облыстарының Арыстанов Ханғали (сурет) Сұлтан патша үкіметінің жаңа ережесіне қарсы көтеріліс жасады. Ашал не қамтыған және қаруланған орыс әскеріне көмек бере алмады, «Жаңа Ереже бойынша Торғай уезінің географиялық жағдай, бұрынғыға қарағанда билік жүргізуге оңай, «ықшам» - деп жазды уезд бастығы А.П.Яковиев, 1888 жылғы есебінде «Торғай облысына орыс қарашекпенділері ХІХ ғасырдың аяғына жақын еркін ене бастады. 1882 жылғы мәлімет бойынша Торғай 501 келімсек болса, 1901 жылы оның саны бірнеше есеге өскен. Келімсектер саны өскен. Келімсектер саны өскен сайы қазақ халқының да мінзе-құлқы, дәстүр –салты өзгере бастағанын көреміз. Амал не, ел, өзгерістер оң өзгеріс емес еді.
Қазақ даласында, онымен қатар Торғай өңірінде де отаршыларға қарсы жекелеп күресу, қарсылық көрсету нәтижесіз екенін қазақ зиялылары жақсы білді. Сондықтан да күш біріктіріп, жаппай жұмыла қарсы күрес мәселесін көрерді. Бұл мәселе жөнінде өзінің әділ сөзін Ә.Бөкейханов «Қазақ» газетіне 1913 жылғы 23 қарашадағы №39 сонында жазды.
Торғай өңірі халқының өмірі жыл сайын құлдырап бара жатқандығы жөнінде «Тургайская газета», «Қазақ» басылымдары қатты алаңдаушылық білдірді. Торғай түнегі кешеңгер Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтар жылма жыл кедейленіп, халық күш-қуатынан айырылуда, егіншілікті дамытуға қаражаттары жоқ. Сондай-ақ, құнарлы жерлерді переселендер иеленіп келіп жатыр» деп патша саяхатын әшкерленген еді. Сол кездегі қазақ ахуалына ара түскен қазақ зиялылары бірен-саран болса да болды. 1941 жылғы 23 қаңтарда «Қазақ» газетінің №97 санында Досымжал Қылышбай.
«Өткен жылдарда Есіл өзені бойындағы ата-бабаларымыздан бері мекен етіп атқарған қыстаулық, жаздық, егіндік жерлерімізді мұжықтарға тартып алып берді.
Өзімізді тақыр далаға айдап шықаннан кейін ол жерде молымызға жайлым болмай, арық болып қыстан қырыла бастады» - деп жазды.Мақалада орыстардың қарсылық көрсеткен қазақтарды заңсыз өлтіргенде жазады.
Бұл 1941 жылғы жағдай болғанмен орыс отаршыларының қазақ жеріне тұяғы тигеннен бергі әрекеті екені даусыз.
Халқының тағдыры таразыға түскен осындай ауыр күндерде Торғайдың тонжарған түлегі Мыржақып Дулатов, «Қалғанша жарты жөңқом мен сенікі, пайдаланып шардақа жараса, Алаш» деп жария салды. «Оян, қазақ» кітабында.
Торғай елі, көпке томырақ шаша алмай шұрайлы жерлерінен айырылды. Жоқшылық пен кедейшіліктің зардабын тарты. Оның үстіне бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Рсей мемлекетіне жылу жинауға отырған Торғай халқына патша үкіметіне 1916 жылғы 25 маусымдағы қазақтарды майданның қара жұмысына алу жөніндегі жарлығы жераның алдын алды. Қазақ даласында, жорлық шыққан кейін бес күн өткенде Қостанайдың Қарабалық болысында көтеріліс алауы бұрқ етті. Ол көтерілісті Осман, Әбдіғапор, Айжорқын, Кейкі, Амангелді сияқты батырлар басқаларды. Торғай өңірінде, әсіресе Түйікше, Бетпаққарада, Құмкешуде, Доғалда,............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Торғай өңірі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар этнография жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]