Курстық жұмыс: Экология | Топырақ және оның эрозиясы

Курстық жұмыс: Экология | Топырақ және  оның  эрозиясы

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Топырақ және оның эрозиясы................................................................5
1.1. Топырақ эрозиясына қарсы күрес шаралары.....................................8
1.2. Жел және су эрозиясына бейім танаптар алабы.............................10
1.3. Топырақ және оның құнарлылығы.....................................................11
1.4. Топырақты дұрыс өңдеу системасы.................................................13
2. Егеншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан қорғау......................................................................................13
2.1. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру................................................15
Қорытынды ....................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................18

Кіріспе
Табиғи себеп –шарттардың әсерінен,сондай-ақ адамның өндірістік әрекетінен пайда болған құнарлыққа ие және өсімдіктің өмірін қалыптастыра алатын,жер шарының құрғақ бөлігінің үстінгі қабатын топырақ деп атайды
.Топыраққа қана тән қасиет құнарлыққа байланысты.Сондықтан топырақ пен құнарлылық егіз.
Құнарлылық-топырақтың мүмкін өнімді қалыптастыру үшін өсімдікті бүкіл тіршілік мерзімінде қажетті қоректік заттармен,сумен және басқа да тіршілік себеп шарттарымен қамтамасыз ету қабілеті.Тау жынысының топыраққа айналуы қабыса және бір мезгілде жүретін екі-мүжілу және топырақ түзілу үрдістерінің нәтижесінде жүреді.
Физикалық мүжілу-бұл тау жыныстары мен минералдың химиялық құрамы өзгермей механикалық майдалануы, үгілуі. Мұндай мүжілудің факторларының бірі болып температураның ауытқуы саналады. Тау жыныстарын құрастыратын минералдардың түстері әр түрлі болады. Сондықтан қара түсті минералдардың көлемі қыздырған кезде, ашық түсті минералдарға қарағанда көбірек ұлғаяды.Салқындатқан кезде олардың көлемі осы кезекпен кішірейеді. Нәтижесінде тау жынысында әр түрлі бағыттағы жарықшалар пайда болады.Бұған тағы да, минералдың көлемдік және ұзындық кеңею коэфориценттерінің әр түрлілігі де ықпал жасайды.Пайда болған жарықшаларға жиналған су қатқан кезде оның қабырғаларына зор күшпен әсер етеді де, тау жынысын жарады. Тұз кристалдары да тап осындай әсер жасайды.Физикалық мүжілу үгітілу нәтижесінде тау жынысы әр түрлі іріліктегі сынықтарға бөлінеді. Мұндайда алғашқы тау жынысына тән емес жаңа қасиеттерге кеуектілікке әкеліп соғады, яғни ауа мен су өткізуге ие болған, «үгінді» пайда болады. Физикалық мүжілумен бірге судың көмір қышқыл газының және ауа оттегінің қатысыуымен химиялық мүжілуі жүреді .Мұндайда химиялық гидролиз, толығу, гидротация және тотықсыздану үрдістері өтеді. Химиялық мүжілудің нәтижесінде сыртқы түрлі, химиялық құрамы және қасиеттері бойынша алғашқы минералдан өзгеше екінші минералдар паида болады.Борпылдақ тау жыныстарына тірі ағзалар қоныстанудан бастап биологиялық мужілу жүреді.Тірі ағзалар шығарған көмірқышқыл газ бен органикалық қосылыстар минералдың еруіне және гидролизденуіне мүмкіндік жасайды. Одан басқа өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары ыдырағанда, минералды тау жыныстарына талқандағыш әсер ететін хрен қышқылы пайда болады. Биологиялық ыдырауда жоғары сатыдағы ағзлардан басқа, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және қыналар белсенді роль атқарады. Тау жынысының талқандалуында келе жатқан, қысымы 10-15кг/см2 жететін тамыр жүйесі де әсер етеді. Биологиялық мүжілуде топырақ түзіледі, сондықтанда да оны мүжілудің негізгі түрі деп санайды. Тау жыныстары мен минералдар мүжілгенде оларды құрастыратын өсімдіктердің қоректік ерекшіліктері элементтері еріген күйге көшедіде, өсімдіктер олардың жеңіл сіңіре алады. Бірақ қоректік заттар тек өсімдіктермен сіңіріліп қана қоймайды, сонымен бірге заттардың үлкен геологиялық айналымына қатысады. Суда еріген заттардың бір бөлігі өзендерге, теңіздерге және мұхиттарға шайылады. Тау жыныстарынан бөлінген қоректік заттардың біразы шөгінді тау жыныстарын құрастыруға қатысады. Бұл шөгінді жыныстар қайтадан мүжілуге ұшырап, олардағы қоректік заттарды өсімдік пайдаланғанша бірнеше геологиялық дәуір өту керек.
1.Топырақ және оның эрозиясы.
Топырақ эрозиясына қарсы қолданатын комплексті агротехникалық шаралардың тиімділігі қазіргі букіл елімизге белгілі болып отыр.Үкімет пен партия бұл жұмысты аса құнды деп балағалап,Бүкіл одақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі А.И.Бараев бастаған бір топ ғалымдарға 1973ж ғылым мен техника саласындағы Лелиндік сыйлық берді.Академик А.И.Бараевтің мәліметіне қарағанда жғарыда айтылған топырақ эрозиясына қарсы қолданатын комплекті шаралар тек біздің республикамыздың сол түстігінде ғана емес,осындай топырақ климат жағдайлары бар еліміздің басқа да аудандарында өте тиімді екендігі көрініп отыр. Топырақты өңдеу системасының және бір бөһлігі қопсыту.Қопсыту топырақтың су және ауа процестерін жақсартуға көмектеседі.Топырақты қопсыту ол қандай жерлерде,қай мезгілде және қандай дақылдар егісі үшін дайындалуына қарай әр түрлі болып келеді.Топырақты қопсытудың тырмалау,кулътивациялау,шабықтау сияқты түрлері бар.
Тырмалау көбінесе ерте көктемде,қыстан шыққан забътерге қолданылады.Оның мақсаты топырақ жоғарғы 5-10см қабатын қобсытып,көктемде топырақтың булануын азайту болып табылады.Тамырлауды кейде топырақты култивациялаудан кейін,көбінесе бірге жургізеді.Жерді көктемде тырмалаудын манызы зор,өйткені қыстан өз бойына мол ылғал жинап шыққан топырақ қоректери ерте көктемгі күн шуағымен теғз жиналып,кебе бастайды.Ал бұларды сол дегдіген кезінде тырмалап,топырақтың үлкен кесектерін уатып,бетін қопсытып жіберсе,судың булануы арқылы жоғары қарай қыл түтіктермен көтеру режимі бұзылады,яғни ылғал қоры жақсы сақталады.Тырмалау кезінде мұнымен қатар арам шөптердін өсіп келе жатқан көгі құриды,топырақ кесектері біршама уатылып,оның беті біршама тегістеледі.Тамырлауды көбнесе егіс бағытына кесе көлденең немесе диоганал бағытымен жүргізеді.Тырмалау жұмыстарын өсімдіктер өсіп тұрғанда да жүргізеді.Бидай егісіне кесе көлденең жеңіл тырмалармен жүргізілген бұл жұмыстардан кейін топырақтың беті біршама қопсып.су және ауа режимдері жақсарады,топырақ бетіндегі қабыршақтар бұзылғандықтан бидайдың кейбірі көктеп шыға алмай жатқан көктерінің өсүіне де жағдай жасалады.Топырақты ерте көктемде тырмалаудың ылғалдылығына және арам шөптердің көгін жоюға тигізетін әсерін тигізетин төмендегі мәліметтерге көңіл аударайық.Культивациялау-көбіне жазғытұрым,егін салу алдында жүргізіледі.Оның мерзімі егіс егілетін жердегі арам шөптердің көктігіне және дамуына тығыз байланысты.Топырақтың беткі қабатының су және ауа режимдерін жақсартып,қатты жаңбырлардан кейінгі топырақ бетінде пайда болатын қабыршақтарды жоюда ротоциялы шабықтауыштар қолданылады.Шабықтауыштар тұқым себілгеннен соң қатты жаңбыр болып,топырақ бетінде пайда болатын қабыршақтарды жоюда ротациалы шабықтауыштар қолданылады.Бұл жағдайда топырақтың жоғарғы қабатында ауа жетіспеуінен және қабыршақ тұруынан тұқым көгі көктеп шыға алмакйды.Мұндай шараны көбінесе отамалы дақылдар тұқымы егілгеннен кейін жаңбыр болса топырақ бетіне тегіс қатты қабыршақ тұрғандықтан қалайда жүргізу керек,әйтпесе тұқымның көктеп шығуы азаяды,ал ол өнім мөлшеріне әсер етеді.Топырақты өңдеу шараларының біріне оны нығыздау жатады.Топырақты нығыздау көбіне жақын арада ғана жыртылған топырақтарға егін егу үшін жүргізіледі.Егістікке дайындалған жер неғұрлым кеуек болса,соғұрлым тұқым өте тереңге түседі,әрі ол топырақтың арасындағы бос,қуыс жерлерге түсетіндіктен нашар өсіп-өнеді.Міне,осыны болдырмау үшін себудің алдында,не тұқым себілгеннен кейін жерді нығыздау керек.Мұндай жұмысты атқару үшін топырақ нығыздағыш катоктар қолданылады.Каток жүргіжудің және бір пайдасы ол топырақ бетіндегі үлкен кесектерді ұсақтайды.Топырақ эрозиясына қарсы күрес кейінгі кезде біздін елімізде қолға алынып отыр.Қазақстан ғалымдары солтүстік облыстарда қолдануға аса тиімді,топырақ эрозиясына ұшыраған топырақтарды өңдеу системасы жасалды.Бұл система бойынша жеңіл құрамды топырақтарды қайырмалы плугпен жыртуға еш жол жоқ,негізгі егіс дақылдарының алқабы қатты сабақты дақылдар алқабымен кезектесіп егіледі.Топырақ құндылығын арттыруда органикалық және минералды тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді пайдаланудың маңызы орасан зор.Бұл туралы толығырақ қамтып отыр қазіргі кезде.Түрлі топырақтар өздерінің түзілген жерінің табиғи-климат жағдайларына,түзіген аналық жынысының қасиеттеріне қарап түрліше болып келеді.Мысалы еліміздің қиыр солтүстігіндегі аудандарында ылғал мөлшерінің өте молдығына және күн көзінің аса ыстық еместігіне байланысты батпақтанған және оған бейім топырақтар түзілсе,оңтүстіктің ауа райы ыстық,аналық топырақ түзілу жыныстары тұзды аудандарда көбнесе сортаңданған және кебірленген топырақтар түзіледі.Топырақты меморациялау дегеніміз-түрлі жоғарғы агротехникалық шараларды қолдана отырып өңдеу.Топырақ құнарлылығын өңдеуде,арттыруда,оның қарашірігін едәуір көбейтуде және структурасын жақсартуда танапқа жоңышқадан басқа бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеудің,органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолданудың маңызы зор.Әсіресе топырақ құнарлылығын арттыруда мұндай бұршақ тұқымдас дақылдарды көк тыңайтқыш ретінде отап,оны жыртып тастаудың маңызы зор,бұл үшін оңтүстіктің суармалы облыстарында тастөбе,шабдал,ноғаттық және сиыр жоңышқа сияқты дақылдар падаланылады.Біршама жүргізілген жұмыстардың нәтижесі жел эрозиясна тек жеңіл құрамды топырақтармен қатар карбонатты топырақтар да бейім екендігін көрсетіп отыр.Оның негізгі себебі-карбонат тұздардың,топырақтың беткі қабатын борпылдақ етуімен байланысты болады.Механикалық құрамы жеңіл салмақты топырақтарды аударма плугпен жыртуға ешбір болмайды,өйткені жеңіл құрамды және структурасыз болгандыктан,олар жел әсеріне тез ұшырайды,сөйтіп топырақтың беткі қабаттарының құнарсыздануын тудырады.
1.1.Топырақ эрозиясына күрес шаралары.
Өсімдіктер өздерінің дамуы кезінде қоректік заттарды,суды,ауаны және жылуды керек етеді.Мәдени өсімдіктердің осы мұқтаждарын қанағаттандырұға қабілетті топырақты құнарлы топырақ дейді.
Құнарлылық-топырақтың ең басты,әрі ең негізгі агрохимиялық қасиеті,ол басқа да бірқатар қасиеттеріне тығыз байланысты болады.Топырақ құнарлылығының өзгеруіне тікелей байланысты болады.Топырақ құнарлылығының өзгеруіне тікелей әсер ететін оның негізгі қасиеттеріне топырақтың су,ауа,жылу және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі,механикалық құрамы реакциясы және микробиологиялық қасиеттері жатады.Агротехникалық шаралар дұрыс сақталынбаған топырақтарда оның жоғарыда аталған қасиеттері біршама төмендейді,ал мұның өзі,сайып келгенде,оның құнарлылығының да нашарлауына себепкер болады.Топырақ құнарлығын арттыру деген сөз-оның жоғарыда аталған әр түрлі қасиеттеріне падалы әсер ете отырып,оларды мейлінше жақсартып,әр түрлі топырақ жағдайында өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарынан мол әрі сапалы өнім алу шараларын жүзеге асыру болып табылады.Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралар үлкен комплексті мына төмендегідей жұмыстарды атқарудан тұрады.Атап айтқанда:топырақты дұрыс өңдеу системасын жүзеге асырады;дұрыс ауыспалы егіс жүйесін енгізу;органикалық және тиімді қолдану шаралары;әр түрлі комплексті меморациялық жұмыстарды жүзеге асыру.Топырақты дұрыс өңдеу системасы-оның құнарлылығын арттыруға арналған шаралардың ішіндегі негізгілерінің бірінен саналады.Бұл жағдайлардың ішіндегі негізгілеріне топырақта су,ауа,қоректік заттардың мол болуы жатады.Ал осы топырақтың осы айтылған режимдері көбнесе оны дұрыс өңдеу арқылы жасалынады.Неғұрлым терең жыртылған топырақта өсімдік тамырлары да едәуір тереңге жайылады,сондықтан да олар суды,ауаны,қоректік заттарды жақсы пайдаланады.Топырақты өңдеу системасын дұрыс жүргізгенде біз өсімдіктеге қажетті жағдайларды ғана жақсартып қоймай,арам шөптерді құртамыз,түрлі тыңайтқыштарды топыраққа береміз,тұқым егуге қолайлы,жақсы жағдай жасаймыз.Әр түрлі жағдайларда кездесетін топырақ түрлеріне,оның қасиеттеріне қарай және әр жердің климат жағдайларының ерекшеліктеріне қарай суару,жел және су эрозиясына қарсы күрес,тұзды және кебір топырақтарды өңдеу жұмыстарын жүргіземіз.Топырақты жырту,өңдеу оның жырту қабаты жетілген шағында ол механизмдерге жабыспай кезектеліп тұратын шағында жүргізіледі.Әдетте өңдеу системасының ережесін және мезгілін бұзу өнімнің азаюына әкеліп соғады,мұны естен шығаруға болмайды.Суармалы жерлердегі жасанды тұздану процесімен күресте де ауыспалы егісті игерудің,топырақты дұрыс өңдеудің, тыңайтқыштарды дұрыс қолданудың,дақылдардың суару режимін сақтаудың айтарлықтай маңызы бар.Орыстың атақты ғалымы Д.И.Менделеев 1880-1881оқу жылдарындағы жоғарғы оқу орындарында оқыған лекциясында:Топырақты механикалық өңдеу дегеніміз-тек қана оны жай қопсыту емес,ол-өсімдіктерге сіңімсіз қоректік заттардың сіңімді түрге өтуін жасау,сөйтіп топырақтың ауа,су және микробиологиялық процестерін едәуір күшейту-деген болатын.Ұлы ғалымның бұл сөзі осы уақытқа дейін маңызын жойған жоқ.Топырақтың құнарлылығының өзгеруіне тікелей әсер ететін оның негізгі қасиеттеріне топырақтың су,ауа,жылу және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі,механикалық құрамы,реакциясы және микробиологиялық қасиеттерін жүзеге асыру болып табылады........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Топырақ және оның эрозиясы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]