Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Тінтудің түсінігі
КІРІСПЕ
Қазақстан елінің ілгері дамуы заңдылықтың түбегейлі бекітілуімен, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының толық деңгейде қамтамасыз етілуімен құқық қорғау органдарының тиімді қызмет етуін және соттың демократияға бағытталған арнайы шараларды жүзеге асыруымен тығыз байланысты болып келеді.
Оған Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциясы" және сот прокуратура алдын ала тергеу, анықтама органдарының әділдігін реттейтін заң актілері мысал бола алады.
Әр құқық саласының заңдары Конституцияға сәйкес келіп және біріншіден адам және азамат құқықтарын бұзбайтын негізде қүрылуға тиісті.
Бұл қағиданы криминалистика құқық саласы да сақтауда. Әр тергеу әрекетін, жүргізбес бұрын тергеуші өзінің жасайтын ісінің заңға және Конституциясымен көзделген жоғарыда айтылған қағидаға сәйкес келетіндігіне көз жеткізуі ретті. Бұл тергеу әрекеттерінің ішінде, тінту де маңызды орын алады. Кейбір қылмыстық істер категориялары, нағыз осы тергеу әрекетін қажет етіп ашылуы жасалған тінтудің нәтижесіне байланысты болуы мәлім.
Тінту Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 230-234 баптарында көзделген жөне тергеушінің жүргізетін бірінші тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады. Мақсаты болып қылмысқа маңызы бар дәлелдемелерді, ұрланған қүнды заттарды, құжаттарды, бұрын іздеуде жүрген қылмыскерлерді және мәйітті табу болып табылады.
1 ТАРАУ. ТІНТУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1. Тінтудің маңызы
Тінтудің мақсаты — қылмыстың іздері мен құралдарын табу, ұрланған және қылмыстық жолмен алынған қүндылықтарды табу, сондай-ақ, тергеуден жасырынған қылмыскерлерді табу болып табылады.
Қылмыстарды тергеу кезінде тінту жүргізу қажеттілігі жиі туындайды. Қылмыстық істердің көптеген категориясы тінтусіз ашылмауы да мүмкін.
Тергеу кезінде тінтуді қажет ететін қылмыстық істердің категорияларын нақты анықтауға болады. Оны әрбір жеке қылмыстық іс бойынша тергеушінің, анықтаушының өзі шешуі тиіс.
Тінтуді жүргізу өте күрделі, әрі қиын болып табылатын тек ерекше жағдайларда ғана тінтудің жағымды нәтижелеріне жету аса қиындықсыз болуы мүмкін. Қылмыстық элементтердің қулығына жасырын заттай дәлелдемелерді барлық жерден таба алатын тергеу қызметкерлерінің ептілігі қарсы қойылуы тиіс. Сондықтан да, көптеген авторлардың тінту өнері жайлы айтып, оның қиындықтары мен ерекшеліктерін атап көрсетуі бекер емес.Тінтудің нәтижелілігі тінту жүргізетін түлғаның криминалистиканы білуіне, оның практикалық дайындығына, бүкіл операцияның жоспарлануына, тергеушінің жеке қасиеттері мен ептілігіне байланысты болып келеді.
Тінту негізінде ізденетін объектілер жасырылуы мүмкін, учаскінің бәрін толық қарап, ол объектілердің орналасқан жерін сипаттайтын барлық белгілерге, соның ішінде, кіші-гірім ерекшеліктерге көңіл бөлген жөн.
Тінту кезінде айыпталушының жеке өмірін немесе қызметін сипаттайтын құжаттары мен іс қағаздарына көңіл аудару керек. Себебі, осы құжаттармен айыпталушының мінез-қүлқын, әдістерін, оның жақындарының сипаттануын, олармен қарым-қатынасын, және тағы басқа жағдайларды анықтауға болады. Сонымен қатар, тінту кезінде осы қылмыстық іске қатысы жоқ, бірақ басқа қылмыстарды сипаттайтын заттар мен іздерді анықтауға болады. Мысалға, мемлекеттік мүлікті талан-таражға салу жөніндегі қылмыстық іс бойынша жүргізілген тінту кезінде айыпталушының үйінен есірткі заты табылады.
Тінтудің, сонымен қатар, қылмыскерлерді іздестіруде де маңызы өте зор. Мысал ретінде, бір қылмыскер жасырынып жүр дейік. Тінту кезінде тек қылмысты сипаттайтын заттардығана іздестірмей, қылмыскерді іздестіруге көмегш тигізетш заттарды, құжаттарды, блокноттарды, күнделіктерді, тағы басқаларды қарастыру керек, сонымен бірге, пәтерде ораласқан заттар арқылы қылмыскердің өзімен бірге не алып кеткендігі туралы да ақпарат жинауға болады /мысалы: киім-кешек/.
Нәтижелі жүргізілген тінту тергеудің ондағы жағдайына эсер етеді.
Көп жағдайда тінту кезінде табылған заттай дәлелдемелер қылмыскерді толығымен әшкерелеуге көмектеседі. Кей жағдайда тінту қылмысты сипаттайтын дәлелдемелерді жинауда жалғыз құралы болуы мүмкін.
Тінтудің түсінігі
Алдын ала тергеу және анықтама органдарының тәжірибесі көрсеткендей, қылмыскерлер көп жағдайда, өздерінің қылмысқа қатыстылығын сипаттайтын іздерді жойып, жалған алиби жасап тергеуді теріс жолға түсіруге тырысады. Олар өз киімдерін қаннан жөне кірден тазартып, әшкерелейтін құжаттар мен заттарды жасырады. Сонымен бірге, қылмыстың іздерін жоюда, оларға басқа адамдар, тіптіқылмысқа қатысы жоқ достары мен жақын туыстары көмектесуі мүмкін.
Қылмыскерлердің жасырынатын жері ретінде, сонымен қатар, әр түрлі қүрылыстар, күдік тудырмайтын жерлер болып табылуы мүмкін. Жасырынып, тергеуден қашып жүрген қылмыскер, әдетте, әр түрлі жасырын хат жазу арқылы және басқа да жолдармен байланыс орнатуға тырысады.
Жасырынып жүрген қылмыскерлерді табу үшін, іске маңызы бар заттар мен мәліметтерді алу үшін тергеу және анықтама органдары тінту және зат алу тергеу эрекетіне жүгінеді.
Тінтудің мақсаты, қылмыстық құралдар мен іздерін алу, ұрланған және заңсыз алынған қүндылықтарды анықтау, қылмыскердің түлғасын сипаттайтын және оның орналасқан жерін анықтайтын құжаттық мәліметтерді алу болып табылатын тергеу әрекеті.
Іс бойынша маңызды заттарды іздестіру мен алу мақсатында тергеуші және анықтаушы тінтуді тергеудің барлық сатысында жүзеге асыруға құқылы. Мысалга, "ыстық іздер" бойынша ашылған іс бойынша белгілі бір үйді немесе қылмыскерді тінту қажеттілігі туындауы мүмкін. Кей жағдайда тінту жүргізу қажеттілігі оқиға болған жерде қарау негізінде туындауы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда, оқиға болған жерді тексеру мен тінтудің әдістерінің араласуы мүмкін. Мысалы, тергеуші оқиға болған жерді тексеру кезінде қаралған аумақта, және содан жақын маңайда іске маңызы бар заттар жасырылуы мүмкін деп тапса, ол тінту жүргізуі мүмкін.
1.2. Тінтудің процессуалдық жағдайы
Қазақстан Республикасының Конституциясының 18 бабында жеке өмірге қол сүқпаушылық қағидасы бекітілген.
Қылмыстық істер жүргізу туралы заңның талабына сәйкес, тінту тек оған қажеттілік туындаған кезде ғана жүргізілуге тиіс. Тінту жөне жеке өмірге қол сүғатын тергеу эрекеттерінің барлығы прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі керек. Тек ерекше күттірмейтін жағдайда ғана тінту прокурордың санкциясысыз жүргізілуі мүмкін, бірақ оның заңдылығын тексреудің арнайы тәртібі орнатылған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 230 бабына сәйкес, тергеуші тінтуді "заттар немесе құжаттар белгілі бір түлғада, немесе бөлмеде болуы мүмкін" деп тапқаннан кейін жүзеге асыруы тиіс.
Бір жағдайда, тінтудің негізі ретінде тергеуге маңызы бар деп танылған белгілі бір түлғаларда деп көрсеткен куәнің жауабы және үйымдар мен мекемелердің хабарлауы болса, басқа жағдайларда тінту қажеттілігі іс бойынша айқындалып, туындауы мүмкін.
Кей тәжірибе қызметкерлері тінту тек айыпталушыларға қарсы ғана жүзеге асырылады деп қателесуі мүмкін. Заңда бүндай талап қойылмаған. Тергеуден, іске маңызды заттарды тек айыпталушылар ғана жасыра алмайды, ол заттар, сонымен қатар туыстарының, достары мен таныстарының қарамағында болуы мүмкін.
Егер де осы түлғалар іске маңызы бар заттарды өз еркімен өткізбесе, тергеу әрекеті осы заттарды алу үшін тергеуші тінту және зат алу тергеу әрекетін жүргізуге құқылы.
Тінтуді тағайындау. Тінтудің фактілік негізі ретінде, осы тергеу әрекетін жүргізу қажеттілігін анықтайтын іс бойынша дәлелдемелер немес жедел іздестіру мәліметтері табылады.
Тергеуші егер белгілі бір бөлмеде немес түлғада іске маңызы бар заттар немесе құжаттар бар деп таныса, сол заттар мен құжаттарды алу мақсатында тінту тергеу әрекетін жүргізеді.
Тінту жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін тергеуші бұл шешімін процессуалды түрде бекітуі тиіс. Бүндай процессуалдық құжат — тінту жүргізу туралы қаулы болып табылады. Тінту тергеупіінің мотивтендірілген қаулысымен1 жүргізілуі тиіс. Басқаша айтсақ, қаулыда тінту жүргізуге негіз болып табылатын жағдайлар мен прокурордың санкциясы көрсетілуі тиіс. Прокурордың санкциясысыз тінту, мотивтендірілген қаулы шығара отырып, күттірмейтін жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ тергеуші 24 сағаттың ішінде прокурорға жүргізілген тінту туралы хабарлауы тиіс. Хабарлама алғаннан кейін прокурор тінтудің жағдайларын тексеріп, оның заңдылығы немесе заңсыздығы туралы қаулы шығарады. Егер тінту заңсыз деп танылса, тінту кезінде алынған іс бойынша дәделдемелік маңызын жоғалтады.
Тінту жүргізу туралы қаулы 3 бөлімнен түрып, төмендегі мәліметтерді көрсетуі тиіс:
Бірінші бөлім: 1/ қаулы шығарылған жер: 2/ қаулы шығару уақыты /күні, айы, жылы/; 3/ қаулы шығарған түлғаның аты-жөні мен лауазымы /кластық шені/; 4/ тінту жүргізуге негіз болып табылатын қылмыстық істің номері мен аталуы.
Екінші бөлім: 5/ тінтуге негіз болып табылатын істің мән-жағдайларының қысқаша көрсетілуі; 2/ тінтудің кімге қатысты жүргізілетіні.
Сүрақтардың осы тобы қаулының сипаттау жөне негіздеу бөлімін қүрайды.
Қаулының үшінші бөлімі резолюция болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 232 бабына сәйкес қаулы шығаратын түлға өзінің тінту жүргізуді тағайындау жайлы шешімін осы үшінші бөлімде көрсетуі тиіс.
Тінту жүргізудің қылмысының үлгісі ретінде төмендегі құжатты мысалға келтіруге болады.
Егер де тінтілуші тінту жүргізетін түлғаларды пәтеріне кіргізбесе немесе басқа да жолдармен, заттай дәлелдемелер мен құжаттарды жою мақсатымен тінту жүргізу уақытын созса тергеуші тінтуді күш қолдану арқылы жүзеге асыруы мүмкін.
Бірақ та, қылмыстық іс жүргізу заңы берген құқықтармен тергеуші "ақырын", заңсыз келтірілген зал алы мен материалдық зардаптары үшін жауапкершілігін ескере
ҚР ҚІЖК 233-бап, 1-тармағы.отырып қолдануы тиіс. Тінтушінің меншігіне материалдық зардап аса қажеттіліксіз келтірілмеуі керек.
Тінту міндетті түрде куәгерлердің қатысыумен жүзеге асырылуы тиіс. Куәгерлер ретінде айыпталушыға ешқандай қатысы жоқ, бөтен адамдар қатарынан шақырылады. Куәгерлер тергеушінің әрекеттерінің өзіндік куәлары болып табылады. Олар тінтудің жүргізілуіне қатысуы тиіс. Оларға тінту кезінде табылған барлық заттар көрсетіледі және олар өздерінің қолдарымен тергеу әрекетінің барысын куәландырады. Куәгелерді таңдау сақтықпен жүзеге асырылған жөн. Куэгер табуды тінтілушіге немесе оның туыстарына тапсыруға болмайды, себебі олар қылмыстың басқа қатысушыларын куәгер ретінде шақырып немесе басқа да жолдармен заттай дәлелдемелерді жоюы мүмкін. Кәугерлерді тінту жүргізілер алдында тапқан дүрыс.
Тінту кезінде куәгерлермен қатар тінтілетін түлға немесе оның өкілі қатысуы міндетті. Оларға куәгерлер сияқты табылған заттардың барлығы көрсетіледі және сол заттар бойынша түсініктеме алынады. Тінтілушінің өкілі ретінде оның туысқандары болуы мүмкін. Егер де тінтілушінің туысқандары болмаса, онда өкіл ретінде үй басқармасының қызметкерлері танылады.
Тінтілушінің өкіліне қажеттілік тінтілушінің жоқ болуына байланысты пайда болады /қамауда отырса, тергеуден жасырынып жүрсе, басқа жерде өмір сүрсе/. Бұл жөнінде тіпті хаттамада ерекше белгіленуі тиіс.
Содан кейін, қылмыстық іс жүргізу заңына сэйкес: "Тінту негізінде тергеуші тінтілушінің іске қатысы жоқ жеке өмірінің мән-жағдайларын жарияламауы тиіс".
Сонымен қатар, осы жерде тергеушіге қарсылық /отвод/ жариялау туралы айта кеткен жөн. Себебі бұның тәжірибелік жөне теориялық маңызы өте зор. Тергеушіге қарсылық білдіру тергеудің барлық сатыларында жүзеге асырылуы тиіс. Тінту тергеу шараларының қатарына жатқызылғандықтан тінту жүргізушіге тінту басталардан бұрын немесе тінту кезінде қарсылық білдірілуі мүмкін. Бұл қарсылық білдірудің тергеу әрекетін бүзуға бағытталғаны айқын. Бүнда не істеу керек? Тінтуді тоқтату керек пе әлде тінтуді одан әрі жалғастыру керек пе? Жауабы, қарсылық білдіру арызы тергеу әрекетін тоқтатпайды. Тінтуді жалғастыра отырып, тергеуші 24 сағат ішінде прокурорға хабарлауы тиіс және тергеушіні айырбастау туралы шешім прокурорға байланысты болу керек.
Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің жалпы мазмүнынан тәжірибеде қабылданған тінту кезінде тергеушіге қойылатын тағы басқа талаптарды да қарастырып өтейік. Жеке айтатын болсақ, тінту кезінде тергеушіні тінтілушіге қатысты сыпайылығын көрсетуі тиіс, сонымен қатар, тергеушіні тінтудің мақсатына жету үшін өзінің талабына қаталдығын танытуға тиіс.
Тінтілушінің ізделінетін заттарды өз еркімен беруі тергеушінің тінтуді ары қарай жалғастыру құқығынан айырмайды. Себебі, көп жағдайда тінтілуші ізделінетін заттарды өз еркімен беруі арқылы қылмыстың басқа іздерін жасыруы мүмкін.
1.3. Тінтудің психологиялық жағдайы
Тінту — қылмысты тергеу үшін дәлелдемелік маңызы бар заттар мен құжаттарды табу және алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті. Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексіне сәйкес тінту алғашқы тергеу әрекетінің қатарына жатқызылады.
Тінту кезінде тергеуші немесе басқа түлғалар үйлерді, қүрылыстарды, белгілі бір аумақты, киім-кешекті /қажет болса адамның денесін/ тексереді. Тергеушінің тінту жүргізу туралы қаулысында тінтудің не себептен және қай жерде болатындығы көрсетіледі, қандай заттар мен құжаттардың алынуы тиіс екендігі көрсетілуі керек. Қаулыда тергеудің жүзеге асырылуына эсер ететін деректер көрсетілуі тиіс.
Осы тергеу эрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшелігі жасырын объектілерді іздестіру және тінту. Тінтудің күштеу сипатында болып келуі тінтуге қатысушылардың қиындықтарға тап болуына, осы тергеу әрекетінің ерекше психологизациялануына байланысты.
Тінтілушінің психикалық қызметінде қорғанушылық механизмі іске қосыла бастайды. Тінтілуші көп сөйлеуі немесе керісінше сөйлемей қоюы мүмкін, агрессивтілік қасиеттерін көрсетуі мүмкін. Тінтудің негізгі 4 сатысы бар: дайындық, шолу, деталді /түбегейлі/ және қорытынды. Осыған байланысты көрсетілген сатылардағы кездесетін кейбір психологиялық жағдайларға қысқаша тоқталып өтейін.
Тінтуге нәтижелі дайындалу, алдымен, толық ақпарат жинаумен сипатталады. Ақпарат іздейтін объектілерге ғана емес, сонымен қатар, тінтілушіге де қатысы болуы керек. Тінту кезінде тергеуші тінтілушіге эсер ету арқылы тексеруді тактикалық әдіспен жүзеге асыруы тиіс. Тінту кезінде тінтілушінің өз еркімен заттарды беруі, тергеушінің өз еркімен заттарды беру талабынан емес, көп жағдайда, тергеушінің іздеу әрекетін дүрыс жүргізуіне байланысты болып табылады. Көп жағдайда тінту жауап алудан кейін жүзеге асырылады. Тінту әрекеттерінің болу мүмкіндігін ескере отырып, тергеуші жауап берушінің белгілі бір сүрақтарға жауап беруінен "осал" жерлерін табуға тырысады.
Белгілі бір жағдайларда жасыруға тырысатын түлға өзіндік "қорғау зонасын" қүрып, оған келетін жолдарды бекітуге үмтылады. Бірақ бұл жағдай
......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Құқық | Іс жүргізу құқығы
» Курстық жұмыс: Құқық | Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
» Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы
» Курстық жұмыс: Құқық | Прокурорлық қадағалау
» Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері

Іздеп көріңіз: