Курстық жұмыс: Психология | Темперамент туралы жалпы ұғым
Мазмұны
КіріспеI. Бөлім Темперамент туралы жалпы ұғым
1.1 Темперамент жөнінде түсінік
1.2 Темперамент туралы теориялар
1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
II. Бөлім Оқушы темпераментімен санасу
2.1 Кіші оқушылар темпераменті және оқушылар темпераментінің физиологиясы
2.2 Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу
2.3 Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажетін анықтау
2.4 Адамның темперамент түрлерін жұмысында және адаммен қарым– қатынасында анықтау
2.5 Павловтың темперамент туралы айтылған ой- пікірі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КIРIСПЕ
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта және орта мектепте қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектепте оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау , мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ.
Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Мектептегі бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң, әсіресе бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi.
Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Оқушылардың мінез –құлқын жан –жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбір мұғалім И.П.Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы іліміне сүйенуі тиіс. Мәселен, аса күшті ұстамсыз типтің жүйке процестерін теңдестіру арқылы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Осы ілімге сүйене отырып тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ уақыт жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді жайбарақаттылыққа салғызбай, меланхоликтерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуді олардың моралдық қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра жүргізуді жоспарлаған жөн.
Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда, әсіресе мінез –құлқының кейбір теріс көріністері әңгіме болған кезде олардың темперамент өзгешеліктері еске алынып отырылуы керек.
Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған.
Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да әр кезеңде балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенi заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани – адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.
Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Темперамент жөнінде түсінік ” деп алынып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы жүргізілді.
Егер, мектепте оқушылардың темпераментін анықтау, дамытудың әдiс-тәсiлдерiн тиімді қолданылса, онда оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді.
Курстық жұмысымның құрылымы: кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Тақырыптардың толықтай мазмұнымен төменде таныса аласыздар.
1. Бөлім Темперамент туралы жалпы ұғым
1.1 Темперамент жөнінде түсінік
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент дегеніміз-жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимылы мен қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент деген ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдайды, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз тағы басқа) эмоция сезімдерінен де ( біреу сабырлы, екіншісі күйгелек тағы басқа) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса сангвиникалық (латынша «сангиус»- қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма» -шырын ), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше «мелайне- холе -қара өт»), ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше «холе- өт») темпераменті деп аталған.
Гиппократ: «ағзадағы сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды» деді, ол мидың ролін түсіне біледі, оны «бездердің бірі», деп санады. Бұл –адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми жолға салды. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.
1.2 Темперамент туралы теориялар.
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ. Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.
3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4 Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.
1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
ТЕМПЕРАМЕНТ
Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі
ТҮРЛЕРІ холерик ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозу басым сангвиник ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең флегматик жүйке жүйесі күшті, тежелу басым, қозғалысы баяу меланхолик жүйке жүйесі әлсіз адамдар
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, белсенді
ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, оптимист өте сақ, байсалды, жақсылық тілейді, бір қалыпты өкпелегіш,
пессимист, тұйық, сөзге сараң, баяу
Сангвиник
Сангвиник темпераменті жиі көрініс беретін және бірте –бірте тез алмастыратын сезімдермен көзге түседі, Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қарым – қатынаста тұрақсыз болып келетін қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.
3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген ........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | Темперамент
» Курстық жұмыс: Психология | Психикалық қасиеттер қатарындағы темперамент
» Курстық жұмыс: Психология | Темперамент туралы түсінік
» Курстық жұмыс: Психология | ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
» Курстық жұмыс: Психология | ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
» Курстық жұмыс: Психология | Темперамент
» Курстық жұмыс: Психология | Психикалық қасиеттер қатарындағы темперамент
» Курстық жұмыс: Психология | Темперамент туралы түсінік
» Курстық жұмыс: Психология | ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
» Курстық жұмыс: Психология | ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Іздеп көріңіз: