Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиті
Мазмұны
Кіріспе...............................................................................3I. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері...............4
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.8
II. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ.
2.1 Тауарлы–материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы.............................11
2.2 Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті.......14
2.3 Тауарлы-материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті..................................18
Қорытынды..........................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................28
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “ Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиті ” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста тауарлы – материалдық қорлар есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықталады.
Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылады: бірінші бөлімінде “ Тауарлы – материалдық қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі. Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық қорлардың алатын орны өте зор.
Екінші бөлімінде тауарлы – материалдық қорлар есебінің аудиті, тауарлы – материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы, тауарлы-материалдық қорлар есебінің аудиторлық бағдарламасы қамтитын басты мәселелеріне тоқтала кетеміз.Оладың қоймадағы есебінің аудиті, тауарлы - материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті қаралады.
Аудитор тауарлы – материалдық қорлардың қолда барлығын тексерген кезде олардың нақтылы қолда бары туралы жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұл аудитордың түгендеуге қатысуы арқылы қол жеткізіледі.
Тауарлы- материалдық қорлардың қорытындыларының аудиті толығымен, зерттеліп қарастырылды. Аудитордан әр түрлі мақсаттарға қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.
Аудиттің маңызды сұақтарының бірі өндіріске шығысқа шығарылған материалдар ресурстарының дұрыс бағалануын тексерумен тығыз байланысты.
Өйткені материалдар әр түрлі көздерден келіп түсетіндіктен, олардың бастапқы қалдығын сатып алу бағасымен салыстырғанда арасында айырмашылық болуы мүмкін. Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алу, жеткізу, тасымалдау, дайындау, өнімді қайта өңдеу шығындарын қамтиды.
Өз кезегінде тауарлы-материалдық қорларды сатып алу бағасын, ауданнан, аймақтан алып шығу баждарын, жабдықтау, делдалық ұйымдарға төлеген комиссиондық сый ақыларын, тасымалдау-дайындау шығындарын және сатып алуға тікелей байланысты басқа шығындарын қамтиды.
Бұл тақырыптың негізгі масаты болып жоғарыда айтылған мәселеледі жан-жақты, мән мағынасын ашып көрсету табылады. Кейін аудиторлық қорытынды жасалып, ұсыныстар айтылады.
I.Тауарлы – материалдық қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі.
1.1 Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері.
Тауарлы- материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:
• олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
• олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
• өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
• өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;
Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық қорлардың алатын орны өте зор.
Тауарлы-материалдық қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер 1340, тауарлар 1330, аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .
Аудитордан әр түрлі мақсаттарға қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.
Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер, бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары, есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат шығындарының нормасы, лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат, салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп түскен жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға үстемелер, тауарлы- транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар, сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т.б.
Ішкі бақылаудың құрылымын түсіну үшін аудитор:
• Тауарлы-материалды қорлар табиғатын анықтау мақсатымен, өткен жылғы жұмыс құжаттарына шолу жасау керек.
• Тауарлы материалды қорларға бақылаудың қалай жүргізілгендігін зерттеу.
• Қандай мәселе табылғанын зерттеу;
• Құралған сауалнама бойынша персоналдардарға сурау жасау;
Өзінің әдеттегі есебін және бақылау жұмысын атқаратын, клиент жұмысшыларын бақылау, аудиторға бақылау кезеңін және процедураны түсінуге мүмкіндік береді және олардың бәрі тәжірибиеде қолданылатынына сенімділігін береді.
Оларды жақсы түсіну үшін деректі алғашқы құжатты тексере отырып, аудитор өзіне қажет мазмұн нұсқауларын айқындай алады.
Сипаттау есебін, құжат айналымын, ішкі бақылау сұрақтарын, сұраулар тізімін құру арқылы ішкі бақылау жүйесінің түсінігін құжаттай алады. Шаруашылық қызметтің және клиенттің ішкі бақылауын алудағы сұрақтар тізімінің үлгісін келесі кестеден көреміз.
Шаруашылық операцияларды орындау барысында болатынын бұрмалауларды ішкі бақылау жүйелері арқылы жою мүмкін еместігін аудитор біліп жүруі керек. Сондықтан ол керекті тексеру процедуларын өзінің тәжірибиесіне және пікіріне сүйене отырып қабылдайды.
Ол арқылы тауарлы-материалды қорлар аудитінде қандай бұрмалаулар орын алатынын анықтайды. Тауарлы-материалды қорлар есебінде орын алатын бұрмалаулар.
Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтерлік есебінде болатын бұрмалаулар
Кесте-1
Бұрмалаулар
тіршілік толықтық дәлдік баға
1) Жабдықтаушылардан тауарлы-материалды қорларды уақтылы есепке, кіріске алмау.
2) Қабылданбаған материалды құндылықтарды шығысқа шығару
3) Бухгалтерлік есеп шоттарындағы нақты емес дебиторлық және кредиторлық қарыздың қамтылуы
4) Дұрыс құжаттарды жою салдарынан болатынн бұрмалаулар.
5) Бухгалтерлік есеп шоттары нақты емес, корреспенденция санының, аналитикалық есептің жоқтығы.
6) Жалған құжаттарды құру (келісім, накладной актілер)
7) Жеткізушілер есебінің өндірушілер есебімен сәйкес келмеуі.
8) өнімді өткізу бағдарламасын және жеткізу мерзімінің мәліметтерін жақсарту үшін өндірістік бөлім мен өнімді өткізу бөлімінің арасында адекваттық коммуникация бар ма?
9) Материалдарды дайындауға кеткен өнімнің нақты өзіндік құнын дұрыс есептемеу
10) Материалды шығындар нормасының жоқтығы және сақталмауы.
11) Есеп саясатында қабылданған қорлар бағаларының нұсқауын сақтамау.
12) Бухгалтериядағы және өндіріс қоймасындағы материалды құндылықтардың қозғалысын салыстырмау.
13) Бар қорларға жылдық түгендеу жүргізуді сақтамау.
14) Қоймаларада қолданылмайтын материалды құндылықтарды көп мөлшерде сақтау.
15) Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын дұрыс бағаламау
16) Шығындарды есеп периодтарына дүрыс бөлмеу.
Шаруашылық қызметпен және тауарлы-материалдық қорлардың ішкі бақылау жүйесімен таныс болғаннан кейін, аудитор, бақылау тәуекелінің деңгейін алдын-ала бағалай алады. Ол үшін ол ұйымдастырушылық құрылымын талдай алады, яғни басқару және бағындыру, клиент жазбаларымен және құжаттарды зерттеу арқылы ішкі аудитті (қызметтік нұсқаулар, құжат айналымының кестесі, ішкі аудит жағдайы, стандарттар және ішкі аудит процедуралары және тағы басқалар.
Сондай-ақ аудитор орындаған процедура негізінде алған білімін, бақылау құралдары құрастырылғанын тексере алады. Келтірілген процедура нәтижесі аудиторға бақылау тәуекелін жоғары, орташа және төмен екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарғы тәуекелділікте-процедура әдістемесі мәні бойынша тексеріледі.
Орташа және төмен тәуекелділікте-бақылау тиімділігіне сынақ құрастырылады.
Бақылау тиімділігінің тесттері.
Егер осының алдындағы аудит жүргізу кезінде бақылаудың тиімді екендігінің айғақтары жинап алынған болса және егер аудитор осы жағдайдың өзгермегендігін көрсе, ағымдағы жылда оларды қайтара тестілеу көлемі белгілі бір дәрежеге дейін азайтылуы мүмкін. 2-кестенің мәліметтері бойынша тексерілуге ұшырауы тиіс негізгі бақылаушы сәттерді атап көрсетейік.
Тауарлы - материалдық құндылықтардың аудиті кезіндегі бақылаушы сәттердің мүмкін болатын тесттері
Кесте-2
Бақылаушы сәттер Ішкі бақылау жүйесінің міндеттері
№ р.р. Барлық операцияларға рұқсат берілген (санкция беру) Барлық операциялар ескерілген (толықтық) Активтер дұрыс жіктелген (жіктеу) Активтердің қозғалысы жөніндегі операциялар регистрлерге енгізіліп, дұрыс көрсетілген (дәлдік)
1. Жабдықтау (сатып алу) бөлімі жеткізу шарттарының орындалуына үнемі бақылау жасауды жүзеге асырады х
2. Қорларды жеткізуге тапсырыстарға (өтініштерге) өкілдік берілген адамдар рұқсат етуі керек х
3. Міндеттерді (жеткізу шарттарының орындалуын бақылау, қорларды сақтау, оларды есепке алу және жіберуге рұқсат ету) тиісінше бөлу жүргізіледі х х х
4. Активтер мен міндеттемелерді шарттарға, тапсырыстарға, сонымен қатар тауарды алу мен сақтауға қатысы жоқ тұлғалар тіркейді. х х
5. Шикізат пен материалдар рұқсат беретін құжаттардың негізінде өндіріске жіберіледі х х
6. Кәсіпорында материалдарды жіберуге шектеу белгіленеді және тек өкілдік берілген тұлғалар ғана материалдарды лимиттен тыс жіберуге немесе олардың бір түрін екіншісімен алмастыруға рұқсат бере алады. х х
7. Қорларды күзету оларға бұған рұқсаты жоқ персоналдың кіруіне шектеу қою арқылы ұйымдастырылған. х
8. Кәсіпорында рұқсат ету ережелері және нақтылы лауазымды тұлғалардың шаруашылық операцияларына рұқсат ету беруі үшін өкілеттігі (қызметтік нұсқаулар) бекітілген. х
9. Материалдарды өндірістік цехтарға беру тек тиісті рұқсат етумен ғана жүзеге асырылады. х х
Клиенттің ішкі бақылау жүйесі қаншама тиімді ұйымдастырғанымен, әрқашан да осылардың барлық айтарлықтай бұрмалаулардың алдын ала бермеуінің немесе таппауының тәуекелі қалып отырады
Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30 пайызға жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтарға деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.
1.2 Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.
Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары төмендегі кестеде кетірілді.
Тауарлы - материалдық қорларды реттеуші негізгі нормативтік құқықтық құжаттар
Кесте-3
Реттік номері Құжаттың аты
1 2
1 «Тауарлы-материалдық босалқылардың есебі», бухгалтерлік есептің 7-стандарты, ҚР бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссиясының 13.11.1996ж № 3 қаулысы (ҚР қаржы министрінің 28.01.2003ж №27 бұйрығымен енгізілген толықтыруларымен және өзгертулерімен)
2 ҚР-ның салық бюджеттеге төленетін басқада міндетті төлемдер туралы кодексі. 12.06.2001 жыл № 209-2 «2004 ж 22- қазанда жасалған өзгертулермен және толықтырулармен »
3 ҚР –ның Кеден кодексі 05.04.2003 ж №401-ІІ 2004 жылғы 9 шілде жасалған өзгертулермен және толықтырулар
4 ҚР-ның Валюталық реттеу туралы заңы 14.04.1993 ж 1995ж 20 шілдеде жасалған өзгертулермен және толықтырулар
5 ҚР-ның вексель айналымы туралы ҚР- ның заңы 28.04.1997 -1 2003ж 9-шілде өзгертулермен және толықтырулар №482-2
6 ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы 26.12.1995 №273 2004 ж 11 маусымдағы өзгертулермен және толықтырулар
7 Фискалық еске сақтау мүмкіндігі бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану Ережелері:ҚР Үкіметінің №449 қаулысы 18.04.2002 ж
8 Кәсінорындардың, ұйымдардың және мекемелердің шағым талаптар қою және құрау мен шаруашылық келісім шарттар бойынша келіспеушіліктерді реттеу тәртібі туралыЕреже-Нұсқау:ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысы, №111 15.02.1995
9 Жөнелту және жабдықтау кезінде өнімдер мен тауарлардың сақталмауы және жетіспеушілігіне байланысты дауларды шешу кезінді заңдарды қолдану тәжірибесі туралы:ҚР жоғарғы арбитраждық соты Пленумының қаулысы, №4 23.12.1993 ж
10 «Тауарлы- материалдық босалқыларды алуға сенімхат беру және оларды сенім-хат бойынша босату тәртібі туралы» , 06.03.1998ж. №41 әдістемелік ұсынымдар
11 "Қаржылық қорытынды есепті дайындау тапсырудың тұжырымдамалыұ(концептуалдық) негізі".ҚР Қаржы Министрлігінің №542 бұйрығы, 29 10 2002 ж
12 "Бастапқы құжаттардың нысандарын бекіту туралы" :ҚР Қаржы Министрлігінің №128 бұйрығы , 19.03.2004ж
13 "табыс " деп аталатын бух. есептің №5 ұлттық стандартына әдістемелік ұсыныстар:ҚР Қаржы Министрлігінің бух.есеп және аудит методологиясы департаментінің №7 бұйрығы 21.05.1997 ж
14 "Күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі" 5" табыс " деп аталтын бух. есеп стандартына әдістемелік ұсыныстар.ҚР Қаржы Министрлігінің №457 бұйрығы .31.12.1997ж
15 "Бух. есеп регистрлігін толтыру туралы" ҚР Қаржы Министрлігінің №72 ереже нұсқау 24.11.1997ж
16 Бух.есеп шоттарының Типтік жоспары:ҚР Қаржы Министрлігің №438 бұйрығы, 18.09.2002ж
17 Көлік экспедициясы келісім шартының шеңберінде жүзеге асырылатын,жүктерді тасымалдауға экспидиторлардың шот фактура жазып беру тәртібі:ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының №18 бұйрығы. 23.01.2003ж
18 "Вексельдік операциялардың бух.есебі туралы ":ҚР Қаржы Министрлігінің №23-2-2-6/63/1540 хатты, 07.02.2001ж
Аудиторға клиенттің ішкі бақылау жүйесі алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуге деген әкімшіліктің толық сенімділігі үшін дайындалған процедуралар мен әдістемелік басшылықтан тұруы мүмкін екені белгілі болуы керек. Оның ішінде өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін кәсіпорын әдетте бағалаудын негізгі жолдары мен тандап алынған әдістерін есеп саясатында немесе оның жеке қағидаларында бейнелейді. Бұл кезде есеп саясаты немесе ереже келесідей аспектілерді сақтауы керек.......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар есебін ұйымдастыру
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Материалдық есепке алу
» Курстық жұмыс: Экономика | ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар есебін ұйымдастыру
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Материалдық есепке алу
Іздеп көріңіз: