Курстық жұмыс: Экономика | Тауарлы-ақшалай қатынастар
Мазмұны
Кіріспе .............................................................. 3І. Тауардың экономикалық мазмұны
1.1. Тауар және оның түрлері.........................................................................4
1.2. Тауар саясаты ...........................................................................................8
ІІ. Тауарлардың өзіндік құнын анықтауға талдау жасау
2.1. Тауарлы-материалдык қорларды анықтау мен жіктеу.......................11
2.2. Тауарлы-материалдық қорлар есебі.................................................... 19
ІІІ. Тауарлы-ақшалай қатынастардағы қаржыларды жетілдіру бағыттары
3.1. Атқарылып жатқан қаржы саясаты ..................................................... 27
Қорытынды................................................................................................ 30
Қолданылған әдебиеттер ......................................................................... 31
Кіріспе
Қаржы қоғамның өндірістік қатынастарының 1 бөлігі. Қаржы қоғамдық өнімді бөлу және содан кейін қалыптасатын ақша түріндегі қорланудың, қаражаттың қалыптасуын, олардың өндірісті кеңейту мақсатында қоғам мен әлеуметтік кәсіби топтардың, сондай – ақ жеке тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруды зерттейді.
«Финанс» термині алғаш рет 13 – 15 ғғ Италияның сауда қалаларында қалыптасқан. Алғашқы мағынасы «төлем ақы» деген ағымды білдірген. Кейін келе бұл термин халықарлық деңгейде таралып, мемлекеттің ақшалай қаражат қорларының қалыптасуына орай мемлекет пен тұрғындар арасындағы қатынастар жүйесі есебінде қолданыла бастады. «Финанс» терминін алғаш рет француз ғалымы Ж.Боден 1577ж өзінің республика туралы «6 кітап» еңбегінде алғаш рет қолданды.
Қаржыны ерекшелейтін негізгі белгілері:
Екі субъект арасындағы ақшалай қатынастарды білдіреді.
Осы қатынастар процесінде субъектілер әртүрлі құқықтарды иеленеді. Мемлекет ерекше өкілеттікті иеленеді.
Осы қатынастар процесінде жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат қорларын мемлекеттік бюджет қалыптастырды.
Бюджетке тұрақты түрде түсімді қамтамасыз ету мемлекеттің күштеу сипатындағы міндетті салықтар және алымдар формасында жүзеге асырылды.
Қаржы дегеніміз – экономикалық, әлеуметтік саяси міндеттерді жүзеге асыру үшін жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат қорларының қалыптасуы мен қолдану процесінде мемлекетпен ұйымдастырылған ақшалай қатынастар жиынтығы.
Қаржылардың ұдайы өндірістегі маңыздылығы қаржылармен жүзеге асырылатын қызметімен байланысты. Тұрақты табысы бар кәсіпорынның өзінің өндірісін кеңейтуіне мүмкіндігі бар. Ал , кәсіпорынның қаржы ресурстары тұрақты қалыптаспаса кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.
Өнім көлемі + Баға =Түсім
Түсім - Өзіндік құн =Табыс
Табыс – Салық =Таза табыс
Тауар дегеніміз – қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Нарықтық экономика жағдайында оған деген ынта, қол-дану, пайдалану және тұтыну шарттары жүзеге асырылуы тиіс.
І. Тауардың экономикалық мазмұны
1.1. Тауар және оның түрлері
Тауар дегеніміз – қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Нарықтық экономика жағдайында оған деген ынта, қол-дану, пайдалану және тұтыну шарттары жүзеге асырылуы тиіс.
Тауарларды жіктеу
Тауарларды, пайдалану мерзімдеріне қарай былайша бөлуге болады :
• ұзақ пайдаланатын тауарлар - әдетте ,көп мәрте пайда-лануға төтеп беретін материалдық бұйымдар. Мысалы, станоктар, мұздатқыштар, киімдер және басқалар.
• қысқа мерзімді пайдаланатын тауарлар – бір немесе бірнеше кезеңде толығымен пайдаланылатын материал-дық бұйымдар : шикізат, азық – түлік.
Қызмет көрсету пайда табу немесе қажеттіліктерді қа-нағаттандыру мақсатында және үнемі қозғалыс түріндегі сату объектілерін қамтиды. Мысалы, шаштараз, жөндеу орындары ,т.б.
Қолдану аясы бойынша тауарларды екі топқа біріктіруге болады :
• күнделікті тұрмыста пайдаланылатын көпшілік қолды тауарлар ;
• өндіріске қажетті тауарлар.
Көпшілік қолды тауарларды жіктеу.
Тұтынушылар көпшілік қолды тауарлардың көптеген түрін сатып алады. Бұлар ұтынушының сатып алу дағдысына байланысты.
Сондықтан осы белгіге байланысты көпшілік қолды тауарларды:
• күнделікті сұраным ;
• алдын – ала таңдау ;
• ерекше сұраным ;
• пассивті сұраным тауарлары деп бөлінеді.
1. Күнделікті сұраным тауарлары. Тұтынушылардың қа-жеттерін өтеу мақсатында күнделікті ойланбастан жиі сатып
алатын тауарлары. Мысалы , азық – түлік , газет – журналдар,темекі.
Күнделікті сұраным тауарлары :
• тұрақты сұраныстағы негізгі тауарлар ;
• ойда жоқта сатып алынатын тауарлар ;
• төтенше оқиғаларға байланысты қажетті тауарлары болып бөлінеді.
Тұрақты сұранымдағы негізгі тауарлар – тұтынушылар рет – ретімен сатып алады, яғни пайдалану мерзімі өткендерін та-уардың жаңа түрімен алмастыра отырады. Мысалы, тіс пастасы, сабын, кондитер бұйымдары, т.б.
Ойда жоқта сатып алынатын тауарлар – алдын – ала жос-парланбайды. Мысалы, тұтынушылар өздерінің тәбеті тартқан немесе көңілі қалаған заттарын сатып алады. Әдетте, мұндай тауарлар көпшілік жерлерде сатыла береді, сондықтан оларды арнайы іздеудің қажеттілігі туындамайды.
Төтенше оқиғаларға байланысты тауарлар – оларға деген қажеттілік пайда болғанда ғана сатып алынады. Мысалы, қолшатыр, етіктер, дәрі – дәрмек. т. б.
2. Алдын – ала таңдау тауарлары. Тұтынушы таңдар немесе сатып алар кезде, бағасы мен сыртқы безендіру көрсеткіштерін өзара салыстырады. Мысалға : жиһаз, киім, көлік және тұрмыстық бұйымдар. Бұдан басқа мұндай тауарлар, қосымша :
• ұқсас
• ұқсамайтын болып бөлінеді.
Ұқсас тауарлар – сапа жағынан көбінесе біріңғай болып келе-ді, алайда олар бір – бірінен бағалары бойынша ерекшеленеді.
Ұқсамайтын тауарлар – сату кезінде , олардың жекелеген тал-ғамдарын қанағаттандыру үшін ассортименті көп болуы қажет.
3. Ерекше сұраным тауарлары – жеке маркалы тауар-лар немесе айрықша сипатты, тұтынушылар аса қызығатын тауарлар. Мысалы, үлгілі автокөліктер, фото жабдықтар.т.б.
4. Пассивті сұраным тауарлары – тұтынушылардың білетін немесе біле бермейтін тауарлары. Былайша айтқанда бұлар сатып алуда ойланбайтын бұйымдар, жаңа түрлері бойынша жарнама жасалып, қолданысқа енбейінше көбінесе белгісіздеу болады. Мәселен, өмірді сақтандыру, қабірлік жер
( шет елдерде ) , энциклопедия, коллекционерлер.т.б.
Өндіріске қажетті тауарларды жіктеу.
Кәсіпорындар өздеріне қажетті көптеген тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алады. Оларды үш топқа бөлуге болады :
• материал мен бөлшектер ;
• күрделі мүліктер ;
• қосымша материалдар мен қызметтер
1. Материал мен бөлшектер - өнім өндіруде іске толы-ғымен жаратылатын тауарлар. Бұлар кезегінше екіге бөлінеді :
• шикізаттар ;
• жартылай фабрикаттар .
Шикізаттарға жататындар : мұнай, газ, темір рудасы дәнді дақылдар, ауыл шаруашылық өнімдері ( бидай, мақта, жеміс, көкөніс. т.б. ) , балық, орман.
Жартылай фабрикаттар құрамына : материал ком-пененттері ( темір, цемент, сымдар, иірілген жіп ) ; дөңгелек, шағын моторлар .т.б. кіреді.
2. Күрделі мүліктер – құндарын дайын бұйымдарға біртіндеп сіңіретін тауарлар. Мұны да екіге бөлуге болады:
а) тұрақты құрылыс :
• ғимараттар ( зауыт, әкімшілік үйлері ) ;
• тұрақты жабдықтар ( бұрғылау станоктары, генераторлар ) кіреді;
ә) қосалқы жабдықтар :
• зауыт жабдықтары ( қол саймандары, автоматты тиегіштер) ;
• кеңсе жабдықтары ( компьютерлер, көшірме аппараттары, арнайы үстелдер, жазу қағаздары мен қарындаштар. т.б.)
3. Қосымша материал мен қызметтер. Дайын бұйым-дарға мүлдем қатысы жоқ обьектілер. Бұлар да екіге бөлінеді :
а) қосымша жұмыс материалдары ( жағар және жанар май, көмір ) және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу материалдары ( сырлар, шегелер, щөткілер .т.б. )
ә) іскерлік қызметтер : техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстары, кеңес беру қызметтері ( құқықтық кеңес беру, әкімшілікке қызмет жөніндегі кеңестер, жарнама ) болып бөлінеді.
Тауардың көрсеткіштері мен параметрлерін айрықша белгілері бойынша былайша топтастыруға болады : • экономикалық көрсеткіштер : бұйымның бағасы, пайда-ның мөлшері және өнімнің өзіндік құны;
• техникалық параметрі: жүк көтергішті, дәлдігі, сенімділі-гі, жөндеудің күрделілігі, салмағы, аумағ ;
• пайдалану көрсеткіштері: пайдалану шығындары, қыз-меткерлердің оқуларына және қайта оқуларына жұмсалған шығындар.
Сонымен қатар тауарлар тұтыну қасиеттеріне қарай да бөлінеді, яғни :
• экономикалық;
• эстетикалық;
• экологиялық;
• стандарттық;
• патентті – құқықтық.
Көпшілік қолды тауарларды жіктеу.
Көпшілік қолды тауарлар.Тұрақты сұранымдағы негізгі тауарлар.
Ойда жоқта сатып алынатын тауарлар.
Төтенше оқиға-ларға қажетті тауарлар.
Алдын – ала таңдау тауар-лары.
Ұқсас
Ұқсамайтын
Ерекше сұраным тауарлары.
Пассивті сұраным тауарлары.
Өндірістік белгідегі тауарларды жіктеу.
Күрделі мүлік.
Тұрақты құры-лыс.
Қосалқы жаб-дық. Қосымша материал мен қызметтер.
Қосымша жұмыс материал-дары.
Іскерлік қызметтер.
Материал мен бөлшектер.
Шикізат
Жартылай фабрикат.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың блок – кестесі.
Тауарға қойылатын талаптарды қалыптастыру
Бағалауға жататын параметрлердің тізбегі.
Параметрлік салыстыруларды топтастыру.
Экономикалық
Техникалық
Пайдалану
қанағаттанарлық
қанағаттанғысыз
Тауар өндіруші
Бәсекеге қабілеттілікті көтермелеу шараларын талдау.
1.2. Тауар саясаты
Бұл кәсіпорынның маркетинг қызметінің бір саласы, жаңа тауарлар жасап шығару және олардың түр – түр-ін көбейту, тұтынушы сұранымын қанағаттандыру мақсатында тауардың өндірістік бағдарламасын даярлаудағы негізгі бағыт.
Кез – келген тауардың өмірлік циклы болады.
Тауардың өмірлік циклы дегеніміз өндірілген тауардың өтімділігін және сатушының мақсатына жетуін қамтамасыз ететін белгілі бір мерзім. Ол мына төмендегілермен сипаттала-ды :
• тауардың нарыққа түсуі ;
• сатып алушылардың тауарды тануы және таңдап алу-ларының нәтижесінде сату көлемінің ұлғаюы ;
• жетілу кезеңі, оған барынша мол пайда келтіру тән ;
• нарықтың тауармен толығуы ;
• сатылатын өнім мен пайда мөлшерінің төмендеуі.
Кәсіпорынның бәсеке параметрлеріне байланысты тауардың барлық өмірлік циклын шешуі төрт кезеңге бөлуге болады. Олар :
1. енгізу кезеңі ;
2. арту кезеңі ;
3. жетілу кезеңі ;
4. тоқырау кезеңі.
Кәсіпорынның тауардың өмірлік циклының кезеңдері бойынша бәсекеге қабілетті
Көрсеткіштер Енгізу Арту Жетілу Тоқырау
Сатылған өнім-нің өсуі. Баяу Тез Баяу Азаяды
Пайда Жоқ Арту Азаяды Төмен
Ақша тасқыны Жоқ Жақсы Жоғары Төмен
Клиенттер Ынталы Артады Артады Ынта бәсеңдейді
Бәсеке Әлсіз Өседі Тұрақты Төмен
Енгізу кезеңі немесе тауарды нарыққа шығару кезеңі. Ол өндірістік қуаттылықтың өнім шығарудағы артықшылығы және тиелмеген тауардың көлемімен сипатталады. Бұл кезеңде пай-да жоқ немесе әзірге аз ғана.
Арту кезеңі өндірістік қуаттың толығымен іске қосылуымен және өнім шығаруда көптеген бәсеке көрсеткіштерінің жақ-саруымен сипатталады, яғни оған : сапа, өзіндік құнның төмен-деуі, сұранымның артуы және оңтайлы баға жатады. Нәтиже-сінде сату көлемі көбейеді және пайда да арта бастайды.
Жетілу кезеңінде тауарлар ірі – ірі партиямен шығарыла бастайды. Бұл кезеңде баға үлкен рөл атқарады. Сондықтан тиімді баға саясаты іске асуы керек.
Тоқырау кезеңі тауарларды сату және бұдан түскен пайда мөлшерінің төмендеу кезеңі.
Тауардың өмірлік циклының негізгі сипаттары.
Кезеңдері Өндіріс динами-касы Нарық
1 Енгізу Шамалы Жасалынады
2 Арту Тез өседі Өсу экстенсивтік сипат-та,сатып алушылар саны көбейеді.
3 Жетілу Өрлеу жоқ, төмендеу үрдісі байқалады Сату көлемі тұрақтана-ды.
4 Тоқырау, өндірістің құлдырауы
Төмендейді. Сату көлемі және пайда төмендейді.
Өзгеріс бар жерде даму, ілгерілеу де бар. Олай болса тауар-дың өзіндік ерекшеліктері ретіндегі өмірлік циклі – оның фи-зикалық қасиеттерімен қатар, ең алдымен, нарықтық айналымға қатысқан мерзіміне сәйкес қарастырылады.
Тауардың өндірілуінен бастап, оның дайын күйінде тұтыну-шысына ұсынылуына дейінгі циклі бес кезеңге бөлінеді.
• Алғашқы кезең. Болашақ тауар жөніндегі пікір дүниеге келіп, бұл бастаманың жүзеге асуын мақұлдау, қабылдау және қажет саналса, сол өндірілетін тауарды тәжірибе арқылы сынау процестері қолға алынады.
• Өндіріс – тауардың дүниеге келуіндегі бірінші, әрі шешуші кезең, осы кезеңде келешектегі тауар өтімділігінің сәтті немесе сәтсіз болуы анықталады.
• Енді дайын тауарларды зерттеуге, өндіруге жариялауға және тиімді сату мәселесін ұйымдастыруға жұмсалған алғашқы шығындардың орнын толтыру үшін тауар са-тыла бастайды. Бұл тауардың өсу және даму кезеңі ( екінші кезең ) деп аталады. Ол кезеңде әр ұсынылған тауарлар тұтынушылардың ойынан шығып, жоғары бағалануы мүмкін.
• Тауар үшінші кезеңде өзінің жоғары деңгейіне жетіп, сандық және сапалық жағынан жетіле түсіп, тұрақты пайда алуға қол жеткізеді. Іскер де сергек кәсіпкер осы кезеңде өз тауарын одан әрі жарнамалау жолдарын қа-растыра отырып, оны өткізуді ынталандыру жағына аса күш салады.
• Тауардың өмірлік цикілінің төртінші кезеңінде тауардың өту қарқыны біртіндеп төмендей немесе азая бастайды, тіпті өтпей қалатын жәйттер де кездесуі мүмкін. Мұның себептері әр түрлі.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар есебін ұйымдастыру
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Материалдық есепке алу
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША АҒЫМДАРЫ
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар есебін ұйымдастыру
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Материалдық есепке алу
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША АҒЫМДАРЫ
Іздеп көріңіз: