Курстық жұмыс: Экономика | Тауар нарығындағы тепе-теңдік
Мазмұны
КІРІСПЕ .............................................31. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС НЕГІЗДЕРІ .
1.1. Сұраныс, функциясы және сұраныс қисығының қалыптасуы........................................................................5-7
1.2. Ұсыныс, функциясы және ұсыныс қисығы..................8-10
1.3. Нарықтық тепе-теңдік және “өрмек тәрізді” модель...............................................................................10-13
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІККЕ ӘСЕРІ
2.1. Тұтынушылар мен өндірушілердің ұтысы және оған мемлекеттің әсері............................13-19
2.2. Мемлекеттік реттеудің нарықтық тепе-теңдікке ықпалы...............................................................................19-22
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIК ЕРЕКШЕЛIКТЕРI, ПРОБЛЕМАЛАРЫ.
3.1 Қазақстанның тепе-теңдік экономикалық жағдайы .......... 24-25
3.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі...............................26-27
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................28-29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................................
Кіріспе
Бүгінгі таңда нарықтық тепе-теңдік микроэкономика саласында елеулі орын алуда. Осы күндері сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгешеліктер өзекті мәселенің біріне айналуда. Сондықтан да осыншама кең ауқымды мәселені түсіну үшін, оның теориялық және практикалық негіздемелерін біліп, түсіну қажет.
Бұл еңбек 2 негізгі бөлімнен тұрады:
I Сұраныс және ұсыныс негіздері
Бұл бөлімде нарықтық тепе-теңдікке әсер ететін, оны құрайтын және анықтайтын факторлар: ұсыныс пен сұраныс негіздері қарастырылған.
II Мемлекеттің нарықтық тепе-теңдікке әсері атты бөлімде мемлекеттің нарықтық тепе-теңдікке, жалпы дотация және салық енгізудің түрінде ықпалы көрсетілген.
Еңбекті жазу барысында микроэкономика саласының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың еңбектері қолданылды. Соның ішінде, Симкина Р.А, Корнейчук , Нуреев, Емцов, Гребенников, сонымен қатар, Хайман, Р. Пиндайк, Д. Рубинфельд, Мұхамедиев, Мамыров.
Нарық (market) жүйедегі тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы еркін және бір тауардың бағасы бір мезетте тепе-теңдік жағдайына келе алатын қатынастарды көрсетеді.
Нарық – біріншіден, өндірушілер мен тұтынушылар кездесетін орын. Олардың арасында баға айырбасы болады. Оны келісе отырып қоюға болады. Бұл жағдайда тұлға өз меншігінен бас тартады, ал біреудің меншігін өзіне алады. Екіншіден, нарық меншік құқығын келісе отырып беруді білдіреді. Келісімді жүзеге асыру үшін шығындар ескерілуі қажет. Олар ақпарат
іздеумен байланысты, келіссөздер жүргізуге, сатып алынатын тауардың немесе қызметтің сандық және сапалық мінездемесін анықтауға, меншік құқығын қорғауға, келісімді қорытындылауға жұмсалатын шығындар. Сондықтан, нарықты трансакциялардың (transaction-келісім) бірлігі түрінде анықтауға болады. 1
Қоғамдық индустриалды дамуда нарық жеке тұлғалар мен жеке өндірушілер кездейсоқ кездескен ауданын емес, әлеуметтік механизмді, яғни экономикалық игіліктерді тұтынушылар мен өндірушілер арасында әрдайым бөлу қатынастарын білдіреді.
Сату және сатып алу объектісі тұтыну тауарлары мен ресурстары болып табылады.1 Соған байланысты тұтыну тауарлары мен қызметтер нарығын және ресурстар нарығын (еңбек, жер, капитал, ақпарат) айырып қарайды. Тауар нарығымен бірге ақша нарығы жүреді. Нарықтағы баға сату, сатып алу процесінде ғана емес, сонымен бірге сол кезеңге дейін де қалыптаса алады. Біз мұндай тауар және қызметтермен жиірек кездесеміз, ал олардың бағалары алдын-ала қойылады. Нарықтағы бағалар өзгешеліксіз және жеке процесте қалыптасуы мүмкін.
Кез келген қоғамда белгілі бір игіліктерді алу үшін қолданылатын ресустар шектелуіне байланысты олардың жетіспеушілігін байқауға болады. Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдар таңдауға мәжбүр.
Экономика – шектеулі ресурстарды орынды пайдаланатын ғылым деп айтуға болады. Бір тармағы – микроэкономика. “Микроэкономика” – үй шаруашылығы, фирмалар, салалар сияқты кіші бірліктердің экономикалық іс-әрекеттерін (мінез-құлқын) зерттейді.2
I Сұраныс пен ұсыныс негіздері.
1.1. Сұраныс, функциясы және сұраныс қисығының қалыптасуы
Сұраныс кез келген игілікті тұтынуға ұмтылу, адам үшін табиғи қасиет.2 Осы қасиет сұраныс теориясының негізін құрайды, алайда сұраныс көлем мен бағасы қажеттілі төлемдік сұраныс мөлшерінде тауарлар немесе қызметтер көрсету түрінде қанағаттандырылады.
Сұраныстың бағалық емес факторлары:
1. тұтынушылардың табысы
2. рынок сыйымдылығы
3. басқа тауарлардың бағасы мен пайдалылығы
4. инфляциялық күтімдер
5. салыстырмалы бағалардың өзгеруі
Кез келген тауар мен қызметке сұраныс сұраныс функциясы арқылы анықталады. Ал сұраныс функциясы төменде көрсетілген сұраныс заңдылығына сәйкес тұрғызылады:
“Тауар бағасы мен сұраныс көлемі әр уақытта кері байланыста”.3 Оны төмендегі сызбадан байқауға болады:
Сызба 1.2
Сұраныс қисығы әдетте функциясы түрінде жазылады. Мұндағы: Р-тауар бағасы, Q-тауар көлемі,
-сұраныс көлемі.
Сұраныс заңдылығын жай сөзбен айтсақ, былайша оқылады: “егер тауар бағасы төмендесе, сұраныс көлемі өседі”. Сұраныс заңдылығы Гиффен және Веблен тауарлары кезінде өзгереді.(нарушается).
Гиффен тауарлары дегеніміз төмен сапалы тауарлар. Егер мұндай тауардың бағасы көтерілсе, онда тұтынушының басқа қымбат, сапалы тауарға деген сұранысы кемиді.3
Веблен тауарлары дегеніміз бағасы өте жоғары тауарлар. Бұл жағдайда баға тауардың негізгі тұтынушылық сапасын көрсетеді. Сондықтан да баға жоғары болған сайын, сұраныс көлеміде жоғары болады.3
Сызба 1.3-те сұраныс қисығы көрсетілген. Ондағы түзу сызық “қалыпты тауар” үшін, пунктирді сызықтар Веблен және сәйкесінше Гиффен тауарлары үшін сұраныс қисығы.
Р --- Веблен тауарлары (алмаз, бриллиант)
Гиффен тауарлары
(күнделікті мұқтажды тауарлар)
Q
Cызба 1.3
1.4 суретте сұраныс көлемінің өсуі ( cұраныс қисығы бойындағы бағытталған кесінді) мен сұраныстың өзгеруі (сұраныс қисығының жағдайынан жағдайына ауысуы) арасындағы айырмашылық көрсетілген.
0 Сұраныс көлемі
Сурет 1.4. Сұраныс көлемінің өсуі және сұраныс қисығының өзгеруі
Сұраныс қисығын берілген мысал бойынша тұрғызайық.
Мысал1. Есептің қойылымы: Бағасы 40 тг болғанда, стадионға 30000 әуескер келеді, ал бағасы 90 тг болғанда, келушілердің саны 5000-ға қысқарды. Егер сұраныс қисығы сызықтық функция ретінде өрнектеледі десек, билет бағасы 90тг, 40тг болғандағы сұраныс қисығын тұрғызу керек.
Шешімі: =40тг, =30000
=90тг, =30000-5000=25000
Р
90 (25,90)
D
40 (30,40)
Q
25000 30000
1.2. Ұсыныс, функциясы және ұсыныс қисығы.
Нарықта бірде-бір тауар бағасына жеке әсер ете алмайтын көп сатушылар бар деп есептеледі.
Ұсыныс – сатушылардың сатқысы келетін және сата алатын тауарлар бағасы мен оның санының арасындағы тәуелділік. Экономистердің пайымдауынша, ұсыныс тауарларды сатып алуға немесе қызмет көрсетуге деген құштарлық. Оны келесі түрде көрсетеміз , мұнда
р-тауар бағасы, Q-ұсыныс мөлшері, -ұсыныс функциясы.
Нарықтық ұсыныс көлемі дегеніміз белгілі бір уақыт бірлігінде сатушының берілген тауарды берілген баға бойынша сата алатын және оған тілектес болатын тауардың көлемі.3
Ұсыныс бағасы – сатушылардың берілген тауардың белгілі көлемін сатуға келіскен минималды бағасы.3
Ұсыныс функциясы мына ұсыныс заңына сәйкес тұрғызылады:
“Тауардың бағасы мен сатылатын тауардың көлемі өзара тура пропорционалды болады”.
Сурет 1.5. Ұсыныс қисығы
Ұсыныс заңына сәйкес, неғұрлым тауар бағасы жоғары болса, ұсыныс мөлшері соғұрлым көп болады, яғни тәуелділік оң. Сондықтан ұсыныс функциясының графигі оң ылдилы болады. (1.5. сурет). Бұл график S ұсыныс қисығы деп аталады. 2
Егер баға -ден -ге дейін көбейсе, ұсыныс көлемі -ден -ге дейін өседі. Бұл өнім бағасының өсуі, өндіріс көлемінің көбеюіне қосымша ынталандыру жасайтынын және пайданы көбейтіп, нарыққа жаңа өндірушілерді тартатындығын түсіндіреді және керісінше, тауар бағасының төмендеуі оның өндірісінің залал шегуіне әкелуі мүмкін. Фирмалар бұл жағдайда өндірістерін қысқарта бастайды немесе мүлде жауып тастайды.
Ұсыныстың бағалық емес факторлары:
1) экономикалық ресурстардың бағалары
2) қолданылатын технологиялар
3) альтернативті немесе балама тауарлардың бағалары
4) сатушылар сан
5) акциз салығын енгізу
Акциз салығын енгізгеннен кейінгі ұсыныс қисығының өзгеруін қарастырайық. Бұл ұсыныс функциясында бағаны өндірістік көлемі бойынша жазу тиімдірек:
p=f(Qd )
Онда ұсыныстың минималды бағасы :
=f(0)
Акциз салығын (Т) енгізгеннен кейін оның көлемі барлық өндірушілердің шығындарына қосылады, минималды шығындары +T дейін өседі.4 Нәтижесінде жаңа функция төмендегідей беріледі:
1.6. суретте акциз салығын енгізу нәтижесінде ұсыныстың төмендеуі (ұсыныс қисығының жоғары солға жылжуы) көрсетілген.
баға S1 S2
Ұсыныс көлемі
Cурет 1.6. Акциз салығын енгізу нәтижесінде ұсыныс қисығының өзгеруі.3
1.3 Нарықтық тепе-теңдік
Нарықтық экономикада , әдетте, сатушылардың, тұтынушылардың сандары шексіз көп деген келісім қабылданған . Осы жағдайда, сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағалары таза бәсекелік тұрғыдан анықталуы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетінің нәтижесінде шығады.
Тауар бағасының бір мәнінде сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне теңесу жағдайы нарықтық тепе-теңдік деп атайды. Берілген баға тепе-теңдік баға деп, ал сұраныс (ұсыныс) көлемі сәйкесінше тепе-тең көлем деп аталады.5
..........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Тұтыну нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
» Курстық жұмыс: Экономика | Макроэкономика
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ
» Курстық жұмыс: Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар
» Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
» Курстық жұмыс: Экономика | Тұтыну нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
» Курстық жұмыс: Экономика | Макроэкономика
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ
» Курстық жұмыс: Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар
» Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Іздеп көріңіз: