Курстық жұмыс: Экономика | ТАУАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Мазмұны
І. КіріспеІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1 Тауар және оның қасиеттері
ІІ.2 Тауар өнідірісі
ІІ.3 Құн заңы
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс рыноктың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.
Тауарлы шаруашылықшң пайда болушы қажетті шарты - нақгы бір өнім шығаруға өңдірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдык, еңбек бөлінісі тарихы 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы айырбастың болуына жағдай жасады. Екіншісіңде - қолөнер егіншілікген бөлініп шықгы да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал белініп шықты. Осы кезеңде рыноктық байланыстар ұдайы калыптасты.
Тауарлы өңдірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы. Ал жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның бақылау кезеңінде бой көрсетті.
Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты.
Рыноктың мынадай үлгілері белгілі: дамымаған, еркін, реттелетін, деформацияланған. Әр рынок үлгісіне тауарлы өңдірістің ерекше моделі сәйкес келеді:
1) дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;
2) еркін рыноктың тауарлы өндірісі;
3) ретгелетін рыноктың тауарлы өндірісі;
4) деформацияланған рыноктың тауарлы өндірісі.
1. Дамымаған рыноктың тауар өндірісі (жай товар өңдірісі) қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуына, тауар өңдірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезінде шығарьшған өнімнің тек белгілі бір ғана рынокқа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.
2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі (рыноктық экономика) түбегейлі жаңа белгіге ие болды, ол жалпы ортақ сипат алды, ягни ол келесі құбылыстарды білдіреді:
а) адамның жұмыс күші тауарға айналды және өндірушінің өз еңбегінің орнына жалдамалы еңбек келді;
б) қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рынок арқылы сатуға арналды.
Бұл кезеңдері тауарлы өндіріс еркін бәсекенің болуымен сипатталынатындықтан, оны өлі күнге дейін еркін бөсеке дәуірінің капитализмі немесе "еркін экономика" деп атайды. Мемлекеттің шаруашылық өміріне тіпті толық араласпауы оны "таза" - lаіssеr fаіrе, яғни "қалай жүрсе, солай жүрсін" дегенді білдіретін капитализм деп атауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекетті үйлестіру мақсатында барлық жерде рынок пен баға жүйелерін қолдану бұл тауарлы өндірісті рыноктық (капиталистік) экономика деп атауға негіз болды.
Рыноктық экономика машиналы өндіріс сатысьшда қалыптасты.
3. Реттелетіи рыноктың тауарлы өндіріс экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.
Бұл екеуінің елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлестері жоғары. Мемлекет белсенді түрде рыноктық экономикаға араласқанымен, рыноктың реттеуші ролі - "көрінбейтін қолды" жоққа шығармайды. Реттелетін рынок экономиканың монополияландыру, яғни үкімет алдында монополияны шектеу мәселесі пайда болатын кезде қалыптасады. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалар жатады.
Реттелетін рыноктық тауарлы шаруашылықгаң бірнеше модельдері бар:
а) әлеуметтік рыноктық шаруашылық;
б) аралас экономика;
в) корпоративтік экономика.
Олар, ең алдымен мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты бағытталуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықгағы басты мақсат - азаматтар мүдделерін қорғау; аралас экономикада кәсіпкерлікгің дамуына жағдай жасау; корпоративтік экономикада - ірі бизнес мүдделерін қорғау. Біріншісі, көбінесе; Германияға, екіншісі - АҚШ-қа, үшінші модель - Жапония мен Швецияға тән.
Деформацияланған рыноктың тауар өндірісі әміршіл-әкімшілік экономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісін, дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықгық қатынастарды басып тастауды білдіреді.
Бұл экономиканың екі моделі. бар: жоспарлы-директивалық және нормативті.
Жоспарлы-директивалық жүйе шаруашьшық қызметі ресурстарды таратуда қалай болса, баға тағайындауда да сондай орталықтандыруға негізделген. Нормативті модель тауар өндірушілердің дербестігіне рұқсат береді: әр көсіпорынның орындауы міндетті жоспар-директива, нормативтер, бағдарламалар және анағұрлым бәсең жоспарлаумен алмастырылады.
Қазақстан — экономикасын реформалау әміршіл-әкімшіл жұйеден рыноктық әдістерге өтуді білдіреді. Мәселе біздің қандай модельді таңдап және қандай экономика құрғымыз келетіндігінде.
Рыноктық экономика моделін таңдау - бұл ұлттық экономикаға мемлекеттің ықпал етуінің әдістер жүйесің таңдау.
Либералды экономикаға (АҚШ) рынокқа ықпал етудің каржы жүйесінің монетарлық құралдары тән. Әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикада белсенді салықтық-бюджеггік саясат жүргізумен байланысты әдістер басым.
Мемлекет тарапынан ұлттық экономикаға үлкен қолдау жасайтын және тиімді қайта бвлу процестерін жүргізетін әлеуметтік бағдарланған экономиканың анағұрлым ұнамдырақ екені айқын. Тауарлы өндірістің даму кезеңдеріне жасалған қысқаша шолу тауарлы өндіріс пен рыноктық экономика арасында абсолютті теңдіктің жоқ екендігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Рыноктық экономиканың негізі тауарлы шаруашылық екені даусыз. Алайда, тауарлы шаруашылық рыноктық (капиталистік) шаруашылықтан бұрын пайда болды және оның орнығуына дейін бірнеше жүз жылдықтар бойы әрекет етіп келді. Мұнан өзге тауар-ақша қатынастары әкімшіл-әміршілдік жүйеде де орын алған. Сондықтан "тауарлы өндіріс" ұғымының "рыноктық экономикаға" қарағанда анағұрлым кең екендігін мойындау қажет.
ІІ.1 Тауар және оның қасиеттері
Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал-жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттандырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қандай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өбтейтін заттың бәрін біз тауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес, өйткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ал осы ауаның белгілі бір бөлігін оттегі жастығына жиыстырса, ол тауар бола алады. Өйткені оны ауадан бөліп алуда белгілі бір мөлшерде адам еңбегі жұмсалды. Оны сатып алуға, сатуға болады, сөйтіп' оны адам қажетіне пайдаланады. Енді қандай да болмасын еңбек өнімі тауар бола ала ма деген сұрақтың қойылуы мүмкін. Мысалы, шаруалардың, қала тұрғындарының өз шаруашылығында, қосалқы шаруашылығында өсірген жеміс-жидегі өз отбасының, яғни жеке талғамын өтеуге пайдаланды делік. Осы өнімдер әлі тауар емес. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт. Сонымен тауардың екі жақсы қасиеті бар: біріншіден, ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат; екіншіден, ол басқа бір затқа айырбасталатын зат; заттың пайдалылығы оны тұтыну құны етеді.
Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:
1. тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамыңда адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады.
2. тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы бір-бірінен кем емес.
3. тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның келігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгінде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.
Жоғарыда атап өтілгендей, тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті — айырбас құны-немесе басқаша құн болуы керек. Айырбас құны — ең алдымен сан арақатынасы түрінде керінеді. Мұнда біртектес тұтыну құндары екінші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бүл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Мысалы, 50 кг астық 25 метр матаға айырбасталды делік. Бұл жерде 50 кг астықтың 25 метр матаға қатысы — осы тауардың айырбас құны болады. Жай көзге бұл бір кездейсоқ қатынас сияқты. Өйткені 50 кг астықтың бүгін 20 метр, ертең 30 метр матаға да айырбасталуы мүмкін ғой. Алайда осы кездейсоқ жайдың өзінде бір заңдылық бар. Оның негізі тұтыну құнында емес (екеуінде екі түрлі), осы тауарларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбекте. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген қоғамдық еңбегі тауардың құнын жасайды. Құн — тауарға сіңіріліп, онда затқа айналған қоғамдық еңбек. Тауардың құны қоғамдық категория, ол көрінбейді, бірақ ол тауарды тауарға айырбастағанда, бір тауарды екінші бір тауарға теңестіргенде айқындалып отырады.
Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек адамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалдарды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен, тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді ендіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-бір көзі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Тауарлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек — физиологиялық мағынада адам үшін жұмсау. Біз ілгері атап өткендей құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өндірушінің жұмсаған жұмыс уақытының санымен анықталады. Сонымен тауардың құнының мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады.
Алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жай түрде орын алды. Осыған орай құн да кездейсоқ, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап астыққа айырбасталды, яғни бір заттың құны (койдың) екінші бір тауар арқылы (астық) анықталады. Біздің мысалымызда бірінші тауар (қой) активті рөл атқарып тұр. Яғни өзінің құнын екінші бір тауар астық арқылы анықтап отыр. Сондықтан оны относительді құн нысаны дейміз. Ал екінші тауар (астық) пассивті рөл атқарады, бірінші тауардың құнын анықтай отырып, оған бірдей құн ретінде қарсы тұрады немесе оны эквивалентті құн нысаны деп атайды.
Өндіргіш күштердің дамуы, онымен байланысты қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі кездейсоқ айырбастан оның жүйелі нысанына, құнның да толық нысанына көшуге негіз қалады. Мысалы, 3 грам алтынға немесе 1 қой 10 балтаға, немесе 1 қап астыққа айырбасталады.
Мұның құнның жай нысанынан айырмашылығы жалпы эквивалент..............
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру
» Курстық жұмыс: Экономика | Қоғамдық өндірісті ұйымдастыру
» Курстық жұмыс: Экономика | Қоғамдық өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымы
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша туралы түсінік
» Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру
» Курстық жұмыс: Экономика | Қоғамдық өндірісті ұйымдастыру
» Курстық жұмыс: Экономика | Қоғамдық өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымы
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша туралы түсінік
Іздеп көріңіз: