Курстық жұмыс: Экономика | Тауар және ақша нарығындағы макроэкономкалық тепе-теңдік.IS-LM моделдері
Мазмұны
Кіріспе ............................................................ 5-7I. Тауар және ақша қатынасындағы макроэкономиканың тепе-теңдігінің IS-LM модельдері.
1.1IS-LM. AD-AS және IS-LM үлгілерінің бір-бірімен байланысы... 8-13
1.2. IS және LM қисығы.......................................................................... 13-17
II. Қазақстан Республикасының макроэкономикасының тепе-теңдігі.
2.1. Ақша несие және салық-бюджет саясаттарының салыстырмалы тиімділігі.................................. 18-25
2.2. Бағаның тұрақты деңгейінде AD-AS және IS-LM үлгісіндегі экономикалық саясат............................. 26-29
2.3. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау................................... 30-38
Қорытынды.......................................................................................... 39-40
Пайдаланған әдебиеттер........................................................................ 41-42
Кіріспе
Менің курстық жұмысымда «Тауар және ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік IS-LM моделі» қарастырылған. Қазақстанды экономикалық дамудың «өмірлік локамативіне» - ал еліміз қазірдің өзіне көп мәселеде осындай болып табылады – және оны әлемдік экономиканың табысты «ойыншысына» айналдыра аламыз.
Әлемдік шаруашылық жүйесінде нақты бір қазақстандық «тауаршаларды» іздестіру мен игеру, шетелдік әріптестермен ірі-озық жобаларға қатысу, сондай-ақ біздің экономикамызға қатысушыларды жан-жақты және жауаптылықпен қолдау соның ішінде, оларға сапалы инфрақұрылымдық қызмет көрсету арқылы қолдау жөнінде ең таяудағы және алыс болашақтағы міндеттер бағдарламалары болуы керек.
Бұл ретте негізгі назарды Ресей, Қытай, Оратлық Азия, Каспий мен қара теңіз өмірлерінің рыноктарына шоғырландыру қажет.
ТМД ЕурАзЭҚ ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ықпалдастық саудадағыбасты бағдар болып қала береді. Біз мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одағын құруға жетуді, оны біздің басқа көршілеріміздің кіруі үшін қолайлы етуді ұсынамыз.
Қазіргі кезде әлемдік рыноктарда біздің тауарларымызға, қызметтерімізге және, озық идеяларымызға жаңа «тауаршалар» құру мен жеңіп алу үшін жеке меншік бизнеспен мемлекеттің күш жігерін топтастыру мәселесі қай кездедегіге қарағанда да өзекті болып отыр.
Бүкіл әлемдік рынок қамтылғанын, бізді оны тым сағынып отырмағанын талай рет айтқан.экспортқа қандай тауарлар мен шыққанымыз жөн? Мәселенің мәні осында. Бүгінгі таңда біз мұнайды, газды, минералдық ресурстарды жақсы саудалап, бидаймен де экспортқа шығудамыз. Бұл біз үшін жақсы.
2008 жылы бюджетке 30,6 млрд теңге түсірді. Білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты салаларды кадрлар тарту мен кадрлық әлеуетті нығауту үшін 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арнап бір лауазымдызқ оклады мөлшерінде жәрдем ақы төлеу енгізілді.
Біз экономикалық дағдарысты ойдағыдай еңсеріп, мемлрекегттік басқаруға деген қабілетімізді дәлелдедік демократияның берік негіздері мен өз дипломатиямызды құрып, бұл ретте мәдениетіміздің төл тумалығын және өз тарихымызға деген құрметті сақтай алдық.
Қазіргі кезде 2000 жылы құрылған Ұлтық қордың активтері 12 млрд доллардан асты. Бұл ретте ел бюджеті тұтастай экономиканың бюджеттік емес секторының есебінен, мұнай-газ ресуртарынан болатын түсімдердің қатысуынсыз қалыптастырады. Ауылды түлетудің 3 жылдық бағдарламасын іске асырудың арқасында мұндай жүйелік сипаттағы өзгерістер болып, сала дамудың жаңа сапалық деңгейіне шығарылды.Бүгінде біздің еліміз астық экспорты бойынша әлемдік көз басшы ел деңгейіне шықты. Қазіргі таңда Қазақстан астығы әлемнің 40 тан астам еліне экспортталады.
1994 жылы ұлттық валютаны енгізгеннен кейін халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ 600 доллардай шаманы құраса, келесі жылдың өзінен бзұл көрсеткішті 10 есе ұлғайта отырып психологиялық та, экономикалық та тұрғыда өте маңызды 6 мың долларлық табалдырықтан аттаймыз. Бұл кезеңде орташа айлық жалақы бірнеші есе өсіп 334 долларға жетті. Ең аз жалақы 15 есе өсті.
Бүгінде елдің тұрғын үй қоры 4 млрд метрден астам алтынды құрайды. Бұл ретте, 247 млн шаршы метр шеке меншікті 1991 жылғы бұл цифр 87 млн шаршы метрді құраған болатын. Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсату үшін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қабылданды және іске асырылды. Оны іске асыру нәтижесінде 12 млн шаршы метр пайдалануға беріліп қазақстандық 135 мың отбасы қоныс тойларын тойлауға мүмкіндік туғызады.
Қазіргі уақытта ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламысы әзірленуде. Оның мақсаты-ғылым саласының халықаралық деңгейіндегі секірісін және Қазақстаннның әлемдегі бәсекеге барынша қабілеті 50 елдің қатарына кіруін қамтамасыз ете алатын сапалы жаңа деңгейге көшіру болып табылады.
I. Тауар және ақша қатынасындағы макроэкономиканың тепе-теңдігінің IS-LM модельдері.
1.1 AD-AS және IS-LM үлгілерінің бір-бірімен байланысы.
Бөлімнің мақсаты нақты экономика секторының (тауар нарығының) және ақша нарығының өзара әсерінің тереңдетілген талдауын көрсету. Тауар нарығы түсінінігінде қызмет көрсетү мен тұтыну тауарлары нарығы да қарастырылады, олардың тұтыну игілігінен өзгешілігі жоқ деп айтуға болады.
Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктері бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы әр түрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табыспен байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлермен байланысты болады.
Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені инвестицияланған тауарлардың нарығын бір-бірінен шектеу үшін олардың салыстырмалы бағаларын білү керек.
Кейнс үлгісінде бұл жасалмаған, сондықтан да экономистер тауар нарығының барлық түрлерін бір нарық деп қарастырады.
Ақша нарығы - бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетігі. Бұл нарықты облигация нарығынан ажыратып қарастыру керек.
Облигация арқылы берілген ақшаның салыстырмалы бағасы - бұл облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі.
Бұл бөлімнің міндеті, осы нарықтардың құрылымын тура анықтаудан тұрады, бұл жердегі маңызды мәселе олардың арасындағы өзара байланысын табу. AD-AS үлгісін қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған, өйткені тауар мен қызмет көрсету бағаларының өзгерүі тікелей ақша сұранысына әсер етеді.
Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS-LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс «кресі») 1937 жылы ұсынған.
А. Хансеннің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналы саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке танымалы болды, содан кейін ол Хикс -Хансен үлгісі деп аталып кетті.
IS-LM үлгісі (инвестиция -қор жинағы, ұнамды өтімділік - ақша) – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін, қажетті табыс көлемі Y пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табұға мүмкіндік береді.
Сондықтан да, IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.
Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің теріс функциясы, ал тұтыну-нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз, демек жиынтық сұраныс теңдеүі төмендегідей:
AD = C (Y) + I (R)
Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынандай болады.
AS = C (Y) + S (Y)
Тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда ғана орын алады.
I (R) = S (Y)
Берілген теңдеуді Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы классикалық тепе-теңдік жағдайы үлгісінен басқаша.
I (R) = S (R)
Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. Бұл теңдеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.
IS-LM үлгісінің негізгі теңдеулері:
1) Y = C + I + G = Xⁿ - негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.
Мұндағы:
2) C = a + b (Y-T) – тұтыну функциясы.
3) I = e – d ∙ R – инвестиция функциясы.
4) Xⁿ = g – m' ∙ Y- n ∙ R- таза экспорт функциясы.
5) M = k ∙Y – h ∙ R – ақшаға сұраныс функциясы.
P
Үлгінің ішкі айнымалылары:
Y ( табыс), C ( тұтыну), I ( инвестиция), Xⁿ (таза экспорт), R ( пайыздық мөлшерлеме).
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G (мемлекеттік шығындар), Ms (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).
Эмпирикалық коэффициенттер:
(a, b, e, d, g, m’, n, k, h). оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
Қысқа мерзім кезінде экономика ресурстардың толық қамтылмаған жағдайында болады. (Y≠Y*), баға денгейі P тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесі R және жиынтық табыс Y өзгермелі. P= const тұрақты, өйткені барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді.
Ұзақ мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады.
(Y=Y*) баға денгейі P өзгермелі. Бұл жағдайда айнымалы Ms (ақша ұсынысы) атаулы шама болады, ал үлгідегі басқа айнымалылар —нақты шама болады.
IS қисығы тауар нарығындағы тепе теңдікті көрсетеді.
IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі (G,T) пайыз мөлшерлемесі (R) мен жиынтық табыс (Y) арасындағы байланысты көрсетеді.
IS қисығының қарапайым түрі инвестициялар мен қор жинағы функцияларымен тығыз байланысты. IS қисығының бойындағы кез келген нүктеде қор жинағы мен инвестицияның тең екендігі көрінеді.
42 (a) – суретте қор жинағы функциясы бейнеленген. Табыстың (өнім көлемінің) Y¹-ден Y²-ге өсүіне байланысты қор жинағыS¹-ден S²-ге өседі.
1 (a) – сурет. Қор жинағы
1 (ә) – сурет. Инвестиция функциясы 1(б) – сурет. IS қисығы
1 (ә) – суретте инвестиция функциясы бейнеленген, қор жинағының өсүі пайыз мөлшерлемесін R1- ден R2- ге азайтады,ал инвестиция I1- ден I2- ге өседі. Бұл жағдайда I1=S1, ал I2=S2 болады.
1 (б) – суретте IS қисығы бейнеленген, пайыз мөлшерлемесі төмен болған сайын, табыс деңгейі соғұрлым жоғары болады. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса онда табыс деңгейі соғұрлым төмен болады.
Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа факторлар IS қисығын не жоғары немесе төмен қозғалтады. Мысалы, Егер кез келген пайыз мөлшерлемесінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда ол жиынтық сұраныстың өсүіне алып келеді. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай өсіреді. Керісінше, берілген пайыз мөлшерлемесінде салық мөлшерімен қолда бар табыстың төмендеүін күту жиынтық сұранысты төмендетеді, IS қисығы солға қарай қозғалады.
Жоғарыда айтылған тұжырымды Кейнс крессінің үлгісін пайдаланып көрсетүге болады.
Кейнс тұтас сұраныммен тұтас ұсыным тепе – теңдік жағдайда яғни макроэкономикалық тепе – теңдікте тұрған кезде, толық жұмысбастылыққа қол жетпеуі теориялық жағынан мүмкін дегенді дәлелдеді.
Мұның үстіне Кейнс егер кімде – кім макроэкомикалық тепе – теңдіктің немесе тұтас сұранымның артуына байланысты шара қолданбаса, жұмыссыздықтың шектеусіз ұзақ уақыт бойы сақталынып қалуы мумкін екендігін де көрсетті.
Тұтас сұраным – бұл тауар мен қызметтің жалпы көлеміне деген сұраным, ол сол кездегі баға деңгейімен көрсетіледі.
Тұтас усыным – деп бұл тауар мен қызметтің жалпы саны түсініледі, ол бағаның қалыптасуына сәйкес өндіріліп, ұсынылуы мүмкін. Экономиканың еркін дамуына ештеңе де кедергі келтірмейді, сұраныммен ұсынымның күштері теңесіп кетеді. Одан ары, егер жинақталған ұсыныммен жинақталған сұраным макроэкономикалық тепе – теңдік жағдайда болса, жұмыс іздеген кез келген ........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар
» Сабақ жоспары (ұмж): Физикалық процестердегі тепе-теңдік. Тепе- теңдік түрлері (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Курстық жұмыс: Экономика | Макроэкономика
» Сабақ жоспары (ұмж): Иінтіректің тепе- теңдік шарты (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)
» Курстық жұмыс: Экономика | Бюджет-салық саясатының қысқа және ұзақ мерзімі
» Курстық жұмыс: Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар
» Сабақ жоспары (ұмж): Физикалық процестердегі тепе-теңдік. Тепе- теңдік түрлері (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Курстық жұмыс: Экономика | Макроэкономика
» Сабақ жоспары (ұмж): Иінтіректің тепе- теңдік шарты (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)
» Курстық жұмыс: Экономика | Бюджет-салық саясатының қысқа және ұзақ мерзімі
Іздеп көріңіз: