Курстық жұмыс: Тарих | Тарихи әдебиеттердегі «қазақ» этнонимының тарихы
Мазмұны
1.Кіріспе:«Қазақ» атауының төркіні туралы.
2. Негізгі бөлім:
«Қазақ» атауының мән – мағынасы туралы.
Қазақ руларының тайпаларының елдерінің этникалық төркіні, олардың басқа халықтармен байланысы.
3. Қортынды:
«Қазақ» деген сөздің қайдан шыққаны туралы.
«Қазақ» атауының төркіні туралы
Бір ұлттың атының «этнонимінің» шығу тегі, мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе, қай қашанда тарихнамада талай пікір туғызып, айтыстар көтереті, сан алуан жорамал-жоруларды жарыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Бейне сол сияқты, «қазақ» атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселеде талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жорулар мен дәлел-деректер, келелі пікірлер айтылып келе жатқан кәделі мәселе. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселе ғылымда дәл, тоқ етер жауап жоқ. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құралу, қалыптасу тарихы мен уақытынын «қазақ» атауының деректемелерде жарыққа шығуынан ажырата білу керек. Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының тарихи деректемелерде жарыққа шығуы үнемі бір уақытта бола бермейді, ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселелерінің бірі.Сондықтан қазақ тарихын баяндаудан бұрын, «қазақ» атауы туралы бұрынды-соңды айтылған болжал-пікірлер мен дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталудытиімді көрдік.
«Қазақ» атауының төркіні, қай кезде, қалай пайда болғаны жайында сан алуан пікірлер айтылып келеді. Еліміздугі зерттеушілердің бұл жөніндегі болжал-пікірлерінің бастыларын мынадай үш түрге бөлуге болады:
1.«Қазақ» деген атау 15-ғасырда жарыққа шыққан. Жәнібек және Керей бастаған көшпенді тайплар 15-ғасырдың 60-шы жылдарында Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы шығып, Шығыс дешті қыпшақтан батыс Жетісуға, Шу өзені бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар «қазақ» деп аталды. Мұның мағынасы: «Өз ұлысынан бөлініп шыққан, қашақтар» деген сөз еді. Бұл кейін келе «қазақтардың атына айналған» деседі.
2. Ежелгі Жұңго жылнамаларындағы «үйсін», «усын» яки «асу» деген ұлыс аттары «қазақ» атауының дыбыстық дыбыстық баламасы дейді. Жаң Шимаң, Хи Шиутау қатарлы зерттеушілер осы пікірді қуаттайды.
3. «Қазақ» атауы «Таң патшалығы тарихында» (7-8 ғасырларда) «қаса», «хаса» түрінде жазылған. Бұл атаудың тарихи деректемелерде жарыққа шығуы тым ерте деп есептейді.
«Қазақ» атауы ерте кезде қазақтармен қарым-қатынас жасаған, жазу-сызу мәдениеті бар елдердің көбінің жазба деректерінде, атап айтқанда ханзу, араб, парсы, византия, орыс, маңғол және түркі тілдеріндегі жазбаларында кездеседі. Бұл елдердің тіл өзгешелігі мен жазу-сызудағы дағды-дәстүрлеріне сай, «қазақ» атауы әр алуан формада-аса, каса, хаса, хайсақ, қасақ, көсек, гәсуг, гасаг, хасық, т.б. болып жазылып келген. Біз енді деректерге аялдаймыз.
Араб саяхатшысы және жазушысы Мұхаммед Әл-Ауфи 1228-жылы Индияда «Таңдаулы әңгімелері мен аңыздар жинағы» («Жәмихәлхикаят о Доам Әлроят») атты кітап жазған. Осы кітапта: «Алтайды мекендеген қарлықтар тоғыз ұлысқа бөлінген, бұлардың ішінде үш тайпа шығыл үш ұлыс қазақ бар» дейді.Қарлықтардың Жетісудағы өкімет билігін қолына алып, Қарлық қағандығы құруы 766-жылдағы оқиға болатын.
982-жылы парсы тілінде жазылған «Хұдұд Әл-Ғалам» (Әлем шекаралары) атты кітапта Алан мемлекетті және оның қалалары жайында тоқталып: «Алан елінде қасақ деген ұлыс бар» дейді.
Шығыс әдебиетінің әйгілі классиктерінің бірі-Әбілқасыым Фердоуси (940-1020) өзінің «Шахнама» атты эпопеясында: «Қазақ», «Қазақ хандығы» деген ел көк теңіздің (Арал теңізі) солтүстігін мекен етіп тұрған күшті және көп санды ел» деп, Тұранның жауы Иранды «қорқытпақ» болған.
Оныншы ғасырда араб авторы Мәсғудидың шығармасында «қазпақ» деген халық аты аталады. Түркия профессоры З.У.Тоған тоғызыншы ғасырда араб авторы Әбдһам Әл-Купидің шығармасында «қазақ» деген сөздің бар екендігін атап айтады.
Византияның императоры Константин Порфирордни (905-959) өз жазбаларында Кубаннан шығысқа қарай мекендеген елді «Қазақия» деп аталған. Ол кезде (10-ғасырда) Кубанның шығыс жағында қазақ халқының құрамындағы ең зор, саны мол тайпалардың бірі қыпшақ елі тұрғандығы тарихқа әйгілі. Егер қыпшақтар өздерінің «қазақ» деп атамаған болса Константин Порфирордни оны қалай ойлап тапсын. Ал ол кезде орыс пен украин казачествосының аты да, заты да жоқ еді.
Оныншы ғасырдан бастап орыс жылнамаларында да қазақтар туралы бірсыпыра деректер берілген. 965-жылы жазылған «Повесть временных лет» жынамасында 968-жылы орыс князы Сватославтың Кубань өзеннің оңтүстігіндегі қасақтарға әскери жорық жасап, оларды жеңгендігі баяндалған. 102-жылы Тмутаракан князы Митлав қасақтарға шабуыл жасаған. 1066-жылы Тмутаракан князы Ростлав қасақтардан салық алып тұрған.
Орыс шежірішісі Никонның мәліметінде: Кавказға келіп, оңтүстік Ресейге шабуыл жасаған Шыңғыстың әскерлері бұдан бұрын да «қазақтарды» бұлап-талаған деп жазады. Осыған үйлесетін дерек, «Моңғолдардың құпия шежіресінде» де кездеседі. Онда: «Солтүстік жақтағы қаңлыларға, қыпшақарға, байжігіттерге, орыстарға, мажарларға, сасаларға, шеркештерге, бұлғарларға жорыққа аттанып, Еділмен Жайық өзеніне өтіп, Киев қаласына шабуылжасау жөнінле Сүбітай батырға бұйрық берілді», делінген. Орыс шежірішісі Никон «қазақтар» деп осы жолғы шабуылға тап болған қаңлы, қыпшақ, байжігіт, аса, т.б. ұлыстарды айиып отырған көрінеді.
Мауараннахрдың билеушісі Әмір-Темірдің жылнамасында: һижрияның 737-жылы (жаңа эраның 1356-жылы) қазақтардың Мауараннахрға шабуыл жасағандығы жазылған.
Зерттеуші П.Путков өзіінің «Қазақ атауы туралы» деген мақаласында: «Грузия аймағында 1480-жылдары көшіп жүрген түркі тектес халықтар бізге қазақ деген атпен белгілі» дейді.
Орыс тарихшысы Карамзин: «1481-жылы Алтын Орданың ақырғы ханы Ахметке шәйбандық Ибақ хан 100 мың қазақпен шабуыл жасады, сондай-ақ ноғай мырзалары Мұса мен Жаңбыршы 15 мың қазақпен шабуыл жасап, Ахмет ханды өлтірді» деп жазады.
Әйгілі тарихшы, этнограф, тіл ғылымы А. Вамбери 1885 жылы баспадан шыққан «Түрік халықтарының этнологиясы мен этнографиясы» деген кітабында көптеген жазба деректер келтіре отырып, қазақ деген аттың 9-10 ғасырларда ел таныған, әлемге әйгілі халықтың аты болғандығын айтады, сонымен бірге қазақ атты халықтың сол уақытта болғандығын дәлелдейді. Қазақтың антропологиялық типтік ерекшеліктерінің, кейіп- келбетінің мәліметтерін жинап, зерттей келіп... қазақ халқының тіпті ертеде, оныншы ғасырдан ілгері қалыптасқан антропологиялық ерекшелігі бар, деп батыл тұжырым жасайды.
Маңғол Халық Республикасы Ғылым академиясының қызметкері Ісләм Қабышұлы «хасаг» деген сөздің маңғол әдебиетінде оныншы ғасырдан бастап белгілі болғанын, маңғолдардың «Батырлар жыры» мен «Бабалар шежіресінде» «хасаг» («қазақ») деген сөздің кездесіп отыратынын атап көрсетеді. Автордың айтуына қарағанда, ерте кезде маңғолдар көшіп жүргендерді «қасақтар», деп атаған.
Телқожа Жанұзақов: «Қазақ атауы Кавказдағы түркі тайпалары құрамында алтыншы ғасырдан бастап жалпы есім және этнотермин ретінде кездескен... кейіннен оныншы, он бірінші ғасырларда да осы қазақ сөзі түркі тайпалары арасында кеңінен тараған. Қыпшақтардың, ноғайлардың ішінде де қазақтар болған» дейді.
Біз жоғарыдағы жазба деректер мен дәлелдерден «қазақ» атауының тоғызыншы, оныншы ғасырлардан бұрын-ақ төңіректің төрт бұрышына таныс, әлемге әйгілі ат болғанын көреміз, бұл атау оныншы ғасырдан кейін тіпті де кең тараған. Демек, «қазақ» атауы тек 15-ғасырда ғана жарыққа шыққан» дейтін пікір дәлелсіз, жетпей айтылған жадағай тұжырым.
Ежелгі «усин», «үйсін» яки «асо» деген ұлыс аттары «қазақ атауының дыбыстық баламасы» дейтін пікір де орынсыз. Өйткені «үйсін» мен «қазақ» атауы дыбыстық жағынан тым алшақ, оның үстіне қазіргі қазақ арасында үйсін ұлысының аты сақталып отыр. Егер үйсін мен қазақ бір сөз болса, онда қазақ атауымен қоса үйсін аты сақталмаған болар еді. «Қазақ» - жалпы халықтың аты. «Үйсін» - қазақтың құрамындағы ұлы жүз ұлысының аты, қазіргі қазақтар бұл ұғымды екі басқа түсінеді.
Қазақ атауы «Таң патшалығы тарихында» (7-8 ғасырларда) «каса», «хаса» түрінде жазылған деген пікір өте дәлелді. Жұңгоның 7- ғасырдағы «Таң патшалығының жаңа тарихы» атты кітабының «Парсы тарауында»: Парсылар шығыс жақта тохар, қаңлылармен шекаралас, олардың солтүстік жағында түріктердің «каса» ұлысы тұрады, деп жазылған. «Иуан патшалығы тарихындағы аудармаларға қосымша» атты кітапта: «Түріктер мейлінше күшейген кезде... олардың батыс бөлегін каса яки хаса ұлыстары қоныстанады. Батыс елдерінің ежелгі деректерінде бұл ұлыс – қазақ деп аталған. Каса яки хаса деген атау осы қазақ атауының дыбыстық баламасы» дейді. Ханзу тілінің дыбыстық жүйесінің дамуы мен өзгеруіне байланысты ханзу әрпі әр дәуірде әр түрлі дыбысталып (оқылып) отырған. Сондықтан, ханзу тарихшылары ұқсас бір ұлттың атын түрлі дәуірде түрліше әріптермен таңбалап отырған. Бұл әріптер өз дәуірінде сол ұлтттардың атын едәуір дұрыс бейнелеген. Бұл әріптердің ерте замандадағы оқылуыменқазіргіоқылуыының –арвасында айтарлықтай айырма бар. Демек, 7-8-ғасырлардағы көне жазу тілінде жазылған тарихтардағы «каса», «хаса», «аса», «кіса», «хса», «касо» деген халық аттары «қазақ» атауының сол замандағы көне ханзу тіліндегі дыбыстық баламасы екені анық. Жоғарыда баяндалған батыс пен шығыстың тарихшыларының деректемелерінде оныншы ғасырдан бұрын пайда болған «қазақ» атауы осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.
Тарихи деректердің қисынынақарағанда, осы «Таңпатшалығы тарихында» кездесетін «қаса»,«хаса», «аса» атауларын «Таң патшалығы тарихында» кездесетін тайпа аты «аса» («янса») мен байланыстыра зерттеуге болады. «Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс өңір шежіресінде»: ... «алаңдардың бұрынғы аты аса» дейді. «Уи хандығы тарихының түсіндірмесінде»: «Аса елінің тағы бір аты - Алан» деп жазылған. «Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс өңір шежіресінде»: «Аса мемлекеті өзінің атын Алан бірлестігі деп өзгертті, олардың жерлеріндегі қалалар қаңлы еліне тәуелді» деген дерек беріледі. Бұған қарағанда, «аса» мен «алан» бірге жасаған тұтас екі тайпаның аты болған, асалар үстем орынға шыққанда бұл екі тайпа аса деп аталып жүрген. Кейін келе алаңдар үстем болғанда «алан бірлестігі» деп аталған. Тарихшы М. Ақынжановтың айтуынша, осы алан ұлысы кіші жүз алшын тайпасының арғы тегі. Оның үстіне қазақтың кіші жүзіндегі алшын, алаша, алаш деген тайпа аттары тіл тұрғысынан қарағанда алан атауымен түбірлес.
Алан (аса) тайпалары заманымыздан бұрынғы үшінші ғасырдан бастап Арал теңізі атырабы мен қазіргі Батыс Қазақстан өңірін мекен еткен. 982 – жылы парсы тілінде жазылған «Хұдұд әл – ғалам» атты кітапта: «Аландар елінде қасақ (қазақ) ұлысы бар» деп көрсетілген. Әбілқасым Фердауси осы Арал теңізінің солтүстігін мекендеген халықты «қазақ» десе, Константин Порфиродни осы өңірді «Қазақия» деп атаған. Осы деректерге, әсіресе «Хұдұд әл - ғаламдағы» деректерге қарағанда, аландардың қосарлы аты болған «аса» да «қазақ» атауының хан әулеті кезіндегі дыбыстық баламасы болып шығады. Демек, «қазақ» атауы жазу тіліндегі деректерде, «аса», «каса», «хаса», «хасақ» түрінде жазылып келген. Ежелгі замандағы «хан патшалығы тарихы» қатарлы деректерде «алан» мен «аса» деген аттың қосарлана қолданылуы қазақтың шежірелері мен тарихы аңыздарында «қазақ» пен «алаш» атауының қосарлана қолданылуын еске түсіреді.
Жоғарыдағы жазба мәліметтер «қазақ» атауының тарихи дерктемелерде жарыққа шығуының ерте екендігін дәлелдейді. Алайда, «қазақ» атауы деректемелерде жарыққа шығысымен халық атына айналған. Мысалы: кіші жүз алшын ұлысының құрамындағы жеті ру (кердері, керейт, табын, тама, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары «қарт қазақ» деп те аталып жүрген. «Қазақ» атауы кейін келе кеңейіп халық атына, ұлт атына айналған.
«Қазақ» атауының мән – мағынасы туралы
Қазақ атауының мән – мағынасы туралы айтылған пікірлердің бірсыпырасы қазақ халқының арасында сақталған тарихи аңыздар мен шежіре деректерді сабақтаудан туған. Қазақ аңыздары мен шежірелері: «қазақ», «алаш» және «жүз» (үш жүз) деген атауларды бір – бірімен байланыстыра баяндайды. Қазқ арасына таралған тарихы аңызда: ерте заманда Қалша Қадыр деген батыр қолбасшы болады, ол шеру тартып, қол бастап, талай – талай жорықтар мен соғыс шайқастарын бастап өткізеді. Бір жолғы жорықтағы шайқаста ауыр жараланған Қалша Қадыр елсіз, сусыз жапан түзде жалғыз қалады. Жарақаттан қиналып, шөлден бұрлығып, әбден болдырған қолбасшы қанша қарманса да жүруге шамасы келмей жығылады. Өлім халінде жанталасып жатқан кезде аспаннан бір ақ қаз (аққу) ұшып келіп аузына су тамызып, оны шөлден құтқарып алады да, айдын шалқар көл жағасына бастап барады. Бұл қаз, аққу болып құбылып келген перизат – ақ қыз екен, үстіндегі аққу терісін сыпырып тастап, ару қызға айналып, Қалша Қадырдың жарасын емдеп жазады. Қалша Қадыр осы ақ қызғаүйленеді, бұдан туған ұл «қазақ» атанады. Қазақтан: Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс деген үш ұл туады. Ақарыстан ұлы жүз,Бекарыстан орта жүз,Жанарыстан кіші жүз тайпалары тарайды, - дейді.
Бұл аңызда қазақ халқының негізін салған қыз бейнесі ерек сипатталады. Бұл аңыздың тегі аналық дәуірде аққу – қазға сиынып, оны төмендік нышан етіп табынған аналық рудың сәбилік санасынан туғандығын..........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ''Қазақ'' этнонимі
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ халқының қалыптасуы заңдылық па? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)
» Реферат: Педагогика | Қазақ сөзінің шығу тегі тарихы
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдер (9 сынып, IV тоқсан)
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ''Қазақ'' этнонимі
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ халқының қалыптасуы заңдылық па? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)
» Реферат: Педагогика | Қазақ сөзінің шығу тегі тарихы
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдер (9 сынып, IV тоқсан)
Іздеп көріңіз: