Курстық жұмыс: Тарих | Тарих сабағында оқу картасы, карта сұлба және кескін картаны қолдану

Курстық жұмыс: Тарих | Тарих сабағында оқу картасы, карта сұлба және кескін картаны қолдану

Мазмұны
Кіріспе ................................................................................3
І Карталардың түрлеріне сипаттама
1.1 Тарихи карталар ............................................................................................................5
1.2 Географиялық карталар.................................................................................................6
ІІ Тарих сабағында оқу картасы, карта сұлба және кескін картаны қолдану
2.1 Картамен жұмыс істеуге қойылатын талаптар............................................................8
2.2 Оқушыларда картографиялық білім және дағдыларды қалыптастыру.....................11
2.3 Тарих сабағында карта сұлба және кескін карталарды пайдалану............................14
2.4 Каротографиялық ойындар...........................................................................................16
Қорытынды......................................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................................19

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Адам баласының ғылыми дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының мәні зор. Дүниені , дүниедегі құбылысты, өзгерісті жан-жақты түсіну үшін өткен өмірімізді, тарих беттерінің өткен ерте кездегі кезеңдерін, ондағы құбылыстарды білуіміз керек. Тарихты оқытып білдіре отырып бала санасында дұрыс дүниетанымды қалыптастырамыз. Тарихи оқиғаларды жан-жақты дұрыс түсіну үшін әуелі ойлау, елестету, одан кейін фактілерді, оқиғаларды, жағдайларды ойша қорыту арқылы түсінік қалыптастырған жөн.Ал одан кейін сол тарихи жағдайларды білуге құмарту,терең түсінуге жағдай жасау,яғни оқушылардың қабілетін дамытуды қалыптастыру,оқушылардыөз бетінше ізденуге әкеп тіреу керек.Сонда ғана біз баланың жан-жақты дамуына әсер ете аламыз. Мұғалім жаңа сабақты оқушының санасында ой туғызып, білуге ынтасын арттырып, алдыңғы уақытта өз бетінше жұмыс орындауына негіз қалайтындай жүргізу керек. Бұл үшін тиімді формалар мен әдістерді пайдалана отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын ояту қажет. Ең бастысы, сабақты түрлендіре отырып шәкіртті қызықтыра білу, тарта білу, жаңаны көрсету, өз ойын ашық айта білуге жетелей отырып, ойланта білу керек. Оқушылардың есте сақтау белсенділігін арттыруда тарих сабағында әр түрлі көрнекіліктер пайдаланған жөн. Оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыруда картографиялық көрнекіліктердің маңызы зор.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Тарих сабағында картографиялық көрнекіліктерді пайдалану арқылы оқушылардың ой-танымы мен көзқарасын, білімі мен біліктілігін арттыру,оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Тарих сабағында картографиялық көрнекіліктерді пайдалану арқылы сабақтың мазмұнын ашып көрсету
-Тарихи карталардың географиялық карталардан айырмашылығын айқындау
-Сабақта кескін карта, оқу картасы, карта сұлбаны қолдану арқылы оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру
- Картографиялық ойындарды сабақта қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту
Курстық жұмыстың тарихнамасы.
Курстық жұмыста негізінен Т.Тұрлығұлдың Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі ( Алматы,Ғылым 2003),Тұрсын Хәзіретәлідің Мектепте тарихты оқыту әдістемесі ( Алматы,Дарын 2004), Жанысбекова Г.А., Шабанов Е.И.,Жанысбеков А.Ж., Тарихты оқыту әдістемесі ( Шымкент 2004) атты оқу құралдары кеңінен қолданылады.Жоғарыда аталған тарихшы ғалымдар кітаптарында тарихты оқытуда географиялық көрнекіліктерді қолдану тәсілдері туралы кеңінен баяндалған.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Бұл курстық жұмыс үш бөлімнен: бірінші кіріспе, екінші негізгі қаралатын мәселелер, үшінші қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I.Карталардың түрлеріне сипаттама
1.1. Тарихи карталар
Тарихи карталар географиялық негізде жасалады және тарихи оқиға немесе дәуірдің кішірейтілген, жинақталған бейнелі –шартты көрінісін танытады. Ол көріністе нысанның кеңістікте орналасуы белгілі бір масштабқа түсіріледі. Карталарда тарихи оқиғалар мен құбылыстар, олардың байланыстары мен орналасуы шартты түрде беріледі. Ең ежелгі карталар б.д.д. ПІ - І мыңжылдықтарда Вавилон мен Египетте жасалса, арнайы оқу карталары Ресейде ХҮШ ғасырдың соңында дүниеге келді.
Тарихи және географиялық карталардың бір - бірінен айырмашылықтары бар. Географиялық картадағы үйреншікті түс тарихи картада басқа мағына береді. Тарихи картаның тағы – бір ерекшілігі онда оқиғалар мен процестердің қозғалысы ашылады. Географиялық картада тұрақты болып көрінген нысандар тарихи картадан өзгермелі сипат алады, мысалы, мемлекеттердің қалыптасуы олардың аумағының өзгеруі, әскердің, сауда керуендерінің қозғалыстары. Картада тарихи қозғалыстар мынадай шартты белгілер тілінде сөйлейді: әскери соққы – жебе, шайқас алаңы айқасқан қылыш, көтеріліс ошақтары – алау.
Тарихи карталар аумақтарды қамтуы бойынша әлемнің, құрлықтың, мемлекеттің картасы; мазмұны бойынша жинақтаушы және тақырыптық; масштабы бойынша ірі, орта, ұсақ масштабты болып бөлінеді.. Жинақтаушы картада мемлекеттік стандарт пен мемлекеттік оқу бағдарламасы бөлімінде қарастырылған негізгі оқиғалар мен құбылыстар белгілі орта мен уақыт шеңберінде бейнеленеді. Жинақтаушы карталар: «Ежелгі Қазақстан», «Б.д.д. ІІІ – ІІ ғ. Рим мемлекетінің өсуі», «ІХ – ХІІ ғ.ғ. Ежелгі Русь».
Жинақтаушы карталарды тақырыптық карталар одан әрі нақтыландыра түседі. Оқу тақырыбының оқиғалары мен құбылыстарын қамтығандықтан ол карталар тақырыптық карталар деп аталады. Ол карталарда тақырыпқа қатысы жоқ белгілер бейнеленбейді. Оларда жинақтаушы карталардың маңызды оқиғалары мен құбылыстарының фрагменттері барынша егжей – тегжейлі, айқын және әсерлі етіп беріледі. Тақырыптық карталар: «ХІІ ғ. Орыс князьдықтары», «1812 жылғы Отан соғысы». Әдетте, тақырыптық карталар жинақтаушы карталардың аясында қолданылып, бірін – бірі толықтырып отырады. Мысалы, 1812 жылғы Отан соғысы тақырыбында «ХІ ғасырдың басынан 1861 жылға 1914 жылға дейінгі Ресей империясының аумағының өсуі» атты карталарды қосарлай пайдалануға болады.1
Картада тарихи оқиғаларды оқшаулау. Тарихи оқиғалар уақыт және кеңістік шеңберінде өтеді. Тарихта кеңістіктік – уақыттық байланыстар белгілі бір оқиғаның белгілі бір мемлекеттің белгілі бір жерінде белгілі бір уақыт аралығында өтуін танытады.
Көптеген тарихи оқиғалар кеңістікке қатысты шарттармен байланысы арқылы түсінікті болады. Оқиғаның нақты кеңістікке теліп, оның өткен жерінің географиялық бейнеленуін оқшаулау деп атаймыз. Мысалы, Ежелгі Ресейде өзендердің қатынас құралы ретіндегі маңызын оқушылар Шығыс – Европа жазығы ну орман, ми батпақ екендігін түсінген соң аңғарады.
Тарихи оқиғаларды оқшаулап оқып үйренуде сұлбалық құралдар – жергілікті жердің жоспары, карта сұлбасы, тарихи картасы кеңінен қолданылады. Олардың бәрі тарихи оқиғалардың байланыстарын, мәні мен даму қозғалысын анықтау үшін пайдаланылады. Сұлбалық құралдар тарихи білім көзі және оны жүйелеу құралы ретінде қолданылады.
Басқа көрнекі құралдарға, мысалы, оқу картиналарына қарағанда карталар оқиғалар туралы нақты көрнекі ұғым қалыптастырмайды, тек дерексіз рәміздер тілін пайдаланып, оқиғаның кеңістіктік – уақыттық құрылымын жаңғыртады.
Тарих сабағында пайдаланылатын схемалық оқу құралдардың көбірек тараған түрі — шартты белгілермен көрсетілген табиғи және қоғамдык, кұбылыстарды (таулар, өзендер, қалалар, жол қатынастары, әскерлер т. б) жер бетіндегі орналасуына қарай сызып көрсететін сызба. Шартты түрде біз оларды картографиялық сызба деп атаймыз. Олардың бәріне ортақ жағдай, белгілі бір уақыттағы жер бетіндегі учаскеге ұқсас болып көрінетіндігі және оның бетіндегі құбылыстардың аралық қатынасын көрсететіндігі болып табылады. Бұл ұқсастығын санамағанда, картографиялык, көмекші құралдар алуан түрлі болып келеді.
Картографиялық негізде жасалған көмекші құралда бүкіл жер шары беті, бір елдің территориясы тіпті жеке үйдің ауданы, мәселен, ежелгі грек театры немесе орта ғасырлық храм бейнеленуі мүмкін. Картографиялық көмекші құралда болмыстың әр түрлі құбылыстары, оның басқа құбылыстар мен онық түрлерінен абстракцияланып көрсетілуі мүмкін. Мәселен, тарихты оқытқанда жиі қолданылатын физикалық - географиялық картада жердің рельефі, гидрографиялық тор және баска да табиғи құбылыстар, сол территориядағы адамдардың өмірінен белініп көрсетіледі. Бұған керісінше, карта мемлекеттердің саяси шекараларын, халықтардың орналасуын басқа қоғамдық құбылыстардан, сондай-ак көптеген табиғи құбылыстардан абстракциялап көрсетуі мүмкін. Мысал үшін ежелгі дүние тарихына қосымша ретінде берілген Египеттің түрлі түсті картасы мен сол оқулықтың 50-бетінде берілген ежелгі Египеттің текст картасын салыстырып көрелік. Олар негізінен бір территорияны көрсетеді, бірақ олардың мазмұны әр түрлі. Оларда нақты білімдік мақсатты жүзеге асыруға керекті құбылыстар ғана көрсетіледі. Осыған сай түрлі түсті картада ежелгі Египет өнерінің көрнекті ескерткіштері, ал тексті картада — ежелгі Египеттің соғыс тарихымен байланысты құбылыстар керсетілген.2
1.2. Географиялық карта
Географиялық карта — жер бетінің ұсақ масштабта бейнеленуі.
Географиялық карталарда бүкіл Жер бетін және оның үлкен бөліктері — елдерді, материктерді, мұхиттарды бейнелейді. Қағаз парағына үлкен территориялардың бейнесі сыйып орналасуы үшін оларды өте кішірейтіп көрсетуге тура келеді. Географиялық карталардың масштабтары ұсақ: 1 см-де — ондаған және жүздеген километр болады.
Жердің планындағы секілді, географиялық карталарда да жер беті мен ондағы заттар шартты белгілермен бейнеленген. Олардың ішінде сендер жердің (мысалы, қалалардың)жоспарын таба алмайтын белгілер де бар.
Карталарда жердің планындағы белгілерге ұқсас та белгілер болады. Мәселен, теңіздер мен көлдердің жағасын белгілеу, батпақтардың, құмдардың шартты белгілері. Географиялық карталар мен пландағы кейбір шартты белгілер бірдей болғанымен, олар әр түрлі объектілерді білдіреді. Мысалы, планда орман жасыл түспен көрсетілсе, картада мұндай түс құрлықтың ойпаң жерлерін білдіреді.
Жер бетінің жазық, өте кішірейтілген бейнесін географиялық карта деп атайды, онда географиялық объектілер шартты белгілер арқылы көрсетіледі.
Географиялық карталардың масштабы ұсақ болатындықтан, оларда жер бетіндегі ең ірі және маңызды нәрселерді ғана, мысалы, басты салаларымен қоса үлкен өзендерді, ірі қалаларды, аса маңызды жолдарды бейнелейді. Материктер, мұхиттар мен теңіздер, аралдар, өзендер, көлдер және т. б. табиғат объектілері бейнеленген географиялық карталарды физикалық карталар деп атайды.
2. Жарты шарлардын физикалық карталары. Шығыс және батыс жарты шарлардың физикалык карталарынан бүкіл Жер бетін бірден көруге болады, ал глобустан оны көре алмаймыз. Бұл карталардың масштабы ұсақ болады. Оларға қарап, мысалы, әрбір материк пен мұхитгың пішіні мен көлемін, материктерде қандай жазықтар мен таулы елдер бар екенін олар арқылы қандай ірі өзендер ағып өтетінін және шөлдердің кайда орналасқанын білуге болады.
3. Достастық елдердік физикалық картасы. Достастық елдердің физикалық картасында Жер бетінің дүние жузіндегі ең үлкен мемлекет — біздің Отанымыз орналасқан бір бөлігі бейнеленген картаның масштабы ұсақ..
Бұл карта бойынша біздің еліміздің табиғаты туралы көп нәрсені білуге болады. Мысалы, жазықтардың немесе биік таулардың оның қай бөлігінде орналасқанын, өзендердің қайдан басталып, қайда құятынын, еліміздің жағасында қандай теңіздер бар екенін, оларды қандай бұғаздар байланыстыратынын, оларда аралдардын бар жоқтығын білуге болады.
4. Контур карталар. Контур карталар — географиялық карталардың ерекше түрі. Олар біздер оқып білетін географиялық объектілерді белгілеудің негізі болып табылады. Бұларға да обьектілерді баспадан шыққан географиялық карталардағыдай, дәл әрі ұқыпты бейнелеу керек.
II.Тарих сабағында оқу картасы, карта сұлба және кескін картаны қолдану.
2.1. Оқушылардың ксңістік туралы түсінігін қалыптастыру. Картамсн жұмыс істсудің алғашқы дағдыларын оқушылар бастауыш сыныптарда меңгереді. Олар көлбеу жазықтықта шартты түрдс және масштабпен елді мекендср картаға түсірілгенін біледі. Жер жағдайының рельефі, тау, өзсн, көлдің шартты белгілерін және олармен жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын игереді. Елді мекендерді көрсетіп, мемлекеттердің шекарасын ажырата алған
оқушыларда тарихи және географиялық карталардың айырмашылығы туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Сонымен бірге олар картамен бағдарлау дағдыларын да меңгеріп шығады. Негізгі мектепте осы білімдерді одаін әрі дамыту және тереңдету талап етіледі.
Негізгі мектептің алғашқы сабактарында оқушылардың картографиялық ептлігі мен дағдылары, ең алдымен картаның шартты белгілсрін (ол картаның аңызы дсп аталады) пайдалана алуы, нысандарды бағдарлай білуі анықталады. Мұғалім картадан шартты белгіні көрсетіп, аңыз бойынша оның мазмұнын анықтауды сұрайды. Немесе сабақты түсіндіру барысында картадағы шартты белгілер жиынына оқушылардың назарын аударады. Тарихи картаны оқу барысында қабырғалық карта және үлестірме материал түріндегі оның кішірейтілген көшірмесі бір мезгілде қолданылада.
Картографиялык білім тарихи біліммен тығыз бірлікте болады. Сондықтан тарихи картаны пайдалануды мснгеру аясы тар мақсат емес, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды барынша терең ұғынудың құралы болуы керек. Ол үшін тарих кабинетінде сонымен бірге дәлізде де тарихи картаның, үнемі болуы шарт. Сабақтан тыс уақытта да картаны пайдалана алу мүмкіндігі оқушылардың ондағы белгілерді игеруіне көмектессді. Сабақ, үстіндегі мұғалімнің әңгімесі немесе тарихи оқиғаны суреттеуі әркез картадан көрсетумен бірге жүруі тиіс.
Оқушыларға жаңа тарихи картаны таныстырғанда карта құрлықтың қай бөлігін қамтығандығын, онда тарихтың қандай хронологиялық кезеңі көрініс тапқандығын, ауа-райының георафиялық ендікке тәуелділігін түсіндіру керек. Сонымен бірге мұғалім картадан географиялық бағдарларды, маңьзды нысандарды сол кезеңдсгі шекараның ерекшеліктерін айқындап, география бойынша нысандардың сол кездегі жене қазіргі атауларымен таныстырады, картаның шартты белгіерін түсіндіреді.
Бір картадан екінші картаға ауысқанда сабақтастық сақталуы тиіс. Егер картада түрлі аймақтар белгіленсе олардың кеңістіктегі өзара байланысы анықталуы тиіс. Сонан соң барып карталардағы тарихи оқиғалардың синхрондығы немесе әртүрлі уақытта болғандығы айқындалады. Курс аралық байланыс міндетін шешу үшін 1939-1945 жылдардағы екінші дүнисжүзілік соғыс" және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы". Бір мезгілде бірнеше картамен жұмыс істеу оқушыны тарихи-географиялық нысанды картаның көлемі, масштабы және қамтыған аумағына қарамастан жаңылыспай табуға үйретсді.3
Сабақ тақырыбындағы мемлекеттің Жер шары картасында орналасқан орны мен кеңісгігі туралы барынша кең түсінік калыптастыру үшін бір мсзгілде тарихи және географиялық (физикалық), тақырыптық және жалпы карталарда қолдануға болады. Бір нысан олардың әрқайсында әр түрлі масштабта бейнеленеді. Осындай проблемалық ахуал оқушыны терең танымдық ізденістерге жетелейді.
Оқушылардың кеністік туралы ұғымдарын дамытуда оқу_ карталары мен картиналары бір мезгілде колданылады. Картиналар картадағы шартты белгілсрдің мәнін ашып, белгілі бір жер мен кеңістік туралы нақты ұғым қалыптастыруға көмектеседі. Мысалы, "Ежелгі Қазақстан" картасы бойынша "Атасу қонысы" картинасын көрсету сол кезеңнің табиғатынан айқын көрініс береді.4
Маңызды дерсктердің географиялық бағдарын есте сақтауға үйрету үшін негізгі мектеп оқушыларына физикалық карта бойынша басты тарихи оқиғаларды көрсетуге тапсырма беруге болады. Бұл тәсіл оқушылардың түрлі картадан бір нысанды жанамалай табу дағдысын қалыптастырады. Осы жсрде әсксри мамандардан картаны есте сақтау әдісімен таныстыру орынды.Жоғары сыныптарда өзгермслі және тұрақты ұғымдардың арақатынасьн ажырата білу окушыларға бір масштаб, бір аумақта, бірақ әр түрлі тарихи жағдайда берілген бірнеше тарихи картаны салыстыруына мүмкіндік береді. Оқушыдардың тарихи оқиғаларды бейнелейтін картографиялық әдіс тәсілдердің болатындығына көзі жетуі керек. Карталар белгілі бір адамдар тобының немесе тұтас халықтардың, мемлекеттердің тарихқа деген көзқарасын білдіреді.
Оқу нысанын жақсы естс сақтап, тез тауып алу үшін ірі жер массивтерінің географиялық кескінін үқсас бейнелермен салыстыру тиімді. Шындығында, Апенин түбегі - етікті, Скандинавия - созылып жатқан арыстанды, Пириней – күлпәрә киген бастың кескіні, Сицилия - үш бұрыш, Қара теңіз -бұршақты, ал Қазақстан шекарасының кескіні - алтын балықты ескс түсіреді.
Шартты-географиялық көрнекілікті байыпты тусінуде географиялық атаулардың тарихи қалыптасуын білудің маңызы зор. Тарих сабағында картадан Ежелгі Шығыс елдерін көрсету барысында ол еддердің Батыс Европаға қарағаңда Шығыста орналасқандықтан Шығыс деп атлатындығы түсіндіріледі. Сол сияқты Азияның басқа елдеріне қарағанда Еуропаға жақын орналасқан Қосөзеннің оңтүстігі Алдынғы Азия деп аталады. Осындай тәсілмен Еуропа мен Азияның шекарасын көрсетуге болады. Ол түрде Орал тауынан Жем өзені ақылы Каспи теңізіне, одан Кума ,Маныч өзендерінен Донның құярлығына дейін, одан Азов, Қара, Мрамор, Эгей теңіздері арқылы өтеді. Осы маршырут арқылы картаны тірілту оқушылардың қызығушылығын оятады. Географиялық атауларды түсіндіру үшін сабақ барысында олардың мәні аталуы керек. Мысалы, Лена өзенінің атауы эвен тілінде Еаэ — Элюенэ — "Үлкен өзен" дегенді білдіреді. Байкал –Бай көл,Ангара- Аңғар, Саратов - Сарытау, Сибирь — Сыбыр деген түркілік мазмұнын ашу арқылы түсіндіріледі. Тарих мұғалімі оқыту барысында әр түрлі тарихи дәуірлерге қатысты қабырғаға ілінетін не стол бетіне жаятын карталардың көмегімен екі не одан да көп картаны салыстыру тәсілін кеңінен қолдана алады. Территорияны керсететін карталар, онда көрсетілген құбылыстар мен шартты белгілер неғұрлым көбірек салыстырылса, оқушылар болған өзгерістерді белгілі бір құбылыстың бүкіл даму процесін соғұрлым жақсы меңгереді. Карталардың және олардағы шартты белгілердің бояуындағы елеулі айырмашылықтар карталарды салыстыру кезінде V—VI класс оқушыларын біраз ойландырады.
Картографиялық көмекші құралдардың шартты белгілермен берілуі бір сызбаның өзінде бір кезеңдегі процесті жарып көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар сол процестердің өзін де — тарихи кұбылыстардың ондаған, жүздеген жылдар бойғы дамуын да көрсетуге мүмкіндік береді. Бұлай істеудің негізгі әдісі сызба тарихи құбылыс дамуының әр түрлі уақыттағы әр алуан жағдайын мемле-кеттің, территориясының өсуі, немесе керісінше, оның ыды-рауы, жаңа территорияларға халықтың таралып орналасуы, шайқас кезінде әскерлердің орналастырылуы, т. б. көрсетілуі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген бірнеше сызбада берілетін жағдайларды іс жүзінде бір сызбада, бірақ әр түрлі шартты белгілермен көрсетуге болады. Біршама ұзақ тарихи дәуірлерді қамтитын картографиялық көмекші қүралдарда осы дәуірде болып өткен, бірақ уақыт жағынан бір -біріне сәйкес келе бермейтін жеке оқиғалар — соғыстар, шайқастар, кетерілістер, ашылған жаңалықтар да көрсетіледі. Картографиялық көмекші құралдарға жорықтар мен саяхаттардың маршрутын, жау-лап алулар мен отарлаушылықтың бағытын, т. б. білдіретін сызықтар мен стрелкалар зор динамикалық өң береді. Тарихи – географиялық объектілерді салыстыруды көздейтін тапсырмалар көрнекі құралдармен жұмыс істеу барысында да орындалады, бірақ оның өзіндік ерекшелігі мен айрықша міндеттері бар.Ең алдымен біз V класс оқушыларында екі картада екі түрлі масштабпен берілген бір объектіні салыстыру және ажырата білу тәсілдерін қалыптастырамыз. Мысалы, «Ежелгі Шығыс» тақырыбын өткен кезде біз оқушыларға «Ежелгі Шығыс, Алдыңғы Азия және Египет» деп аталатын қабырға картасындағы мемлекеттердің орналасқан территориясын жарты шар картасынан көрсетуді ұсына-мыз. Оқушылардың тапсырманы орындауын жеңілдету үшін әр түрлі карталарда бейнеленген жердіц бірдейлігін салыстырған кезде негізгі бағдар ретінде мұғалім оқушылардың назарын кұрлық пен теңіздің, өзендер мен таулардың сыртқы кескініне аударады.
Біраз кейінірек салыстырудың жаңа бағдары ретінде мемлекеттік шекара пайдаланылады. Осы бағдарлауды пайдалана отырып V класс оқушылары бір мемлекеттің әр кездегі б. э. дейінгі VI ғасырдагы және III ғасырдың орта кезіндегі Рим мемлекетін: Рим республикасы мен Рим империясының неғұрлым ұлғайған кезін т. б.) территориясын салыстырады.Картамен жұмыс .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: География | Физикалық география сбақатрында орындалатын (6,7,8) орындалатын практикалық жұмыстар
» Курстық жұмыс: Тарих | Тарих сабағында білім берудің негізгі құралы оқулықты пайдалану
» Курстық жұмыс: География | География оқулықтары және олардың атқаратын қызметі
» Курстық жұмыс: Тарих | Тарих сабағындағы ойындар
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасында пластикалық карточкаларды енгізу

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Тарих сабағында оқу картасы карта сұлба және кескін картаны қолдану курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]