Курстық жұмыс: Экология | Табиғатты қорғауға бағытталған технологияларды еңгізу
Мазмұны
1. Кіріспеа) Ғылыми-техникалық прогресс.
2. Негізгі бөлім
а) Экология ғылымы.
б) Өндірістік экология.
с) Табиғатты қорғауға бағытталған технологияларды еңгізу.
3. Қорытынды.
Кіріспе
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.
Ғылыми-техникалық прогресс.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерінің бірі әлем кеңістігін игеру қазіргі экологиялық дағдарыстың себепшісі деп есептейтін көзқарасты жақтайтындар да кездеседі. Шынтуайтқа келгенде, ғылыми-техникалық прогресс адамдарды табиғи ортаға әсер етудің кең ауқымды мүмкіндіктері және құралдармен жарақтандырып қана қоймай, сонымен бірге бұл ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп берді.
Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі деңгейі, қуатты компьютерлер, талдаудың жүйелік әдістерін іске асыруға бағытталған кең көлемді жұмыстар мен жобалар табиғат кейпін елестетуге мүмкіндік береді. Олардың іс-жүзіне асырмас бұрын табиғат үшін теріс нәтижелер беретін тек талдау ғана емес, бұл нәтижелердің алдың алудың ең тиімді жолдарын таңдап алу немесе олардың теріс әсерін едәуір азайту жолдарын қарастыру қажет. Қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеуге, қамқорлық танытуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктердің бірнешеуі төмендегідей:
- табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны жаппай өндіріске ендіру және ортаның ластануын барынша азайту;
- су шығынының едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін өндірісті сумен жабдықтаудың қайтымды және тұйық айналымдарын кең қолдану;
- топырақтағы ылғалдың жиналуын, атмосфералық ауадағы газдардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман алқаптарының сақталуы және қалпына келтірілуі;
- жылу мен энергияның дәстүрлі көздерінің атмосферадағы көмір қышқыл газының жиналуы мен климаттық өзгеруінің алдын алуға мүмкіндік беретін табиғи көздерімен алмастырылуы болып табылады.
Экология ғылымы.
Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бірін-бірі толықтырып отырады. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негізін жасайды. Сонымен бірге табиғат ресурстары мен оның құрушыларында экологиялық факторларды қоршаған ортамен және адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі тұжырымдары бекітіледі. Ал табиғат қорғау ғылымы – экология ғылымының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыратын мемлекеттік немесе қоғамдық игі істер жиынтығы. Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бір-бірімен үйлесімді әрекет еткенде ғана табиғат апаттарына жол бермейді. Нәтижесінде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жоспары жүзеге асады.
Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтарымен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:
1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты және қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістер әкелуі мүмкін. Сондықтан адам баласы әрбір табиғат құрауыштарының орта мен табиғи экожүйедегі рөлін білуі тиіс.
2. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы тиіс. Ол зат табиғи айналымға түсуі керек. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдан барып жер бетінде қоқсықтар көбеюде.
3. Заттардағы барлық өзгерістер энеогия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді. Сол үшін адам баласы табиғатты пайдаланған кезде оны өндіру мен қайта түлетуді үйлестіре отырып, адам мен табиғаттың қауіпсіздігін сақтауы керек.
4. Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынастар ұзақ жылғы тұрақты даму эволуциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі мүмкін.
Осыған орай, табиғат қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр:
а) өндірісті, өнеркәсіпті және агрокешендерді игеру кезінде табиғатқа түсетін салмақ ең аз мөлшерде болуы керек;
б) өндіріс пен өнеркәсіп салаларын ұйымдастыру кезінде адам баласы мен табиғат арасында экологиялық қауіпсіздік сақталуы тиіс;
в) табиғат ресурстарын игеру кезінде оның қоршаған ортаға пайдалы әсеріне көңіл бөлінуі тиіс;
г) табиғат ресурстарын сол қалпында сақтау үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар мен басқа да ерекше қорғалатын объектілерді көбейту қажет;
д) қоршаған орта мен адам баласының денсаулығын сақтау үшін экологиялық қауіпсіздік шаралары қадағаланып отырады.
Өндірістік экология.
Табиғат анамен жылдар бойы қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуы ХХІ ғасырда бұрын-сонды болмаған днңгейіне жетті. Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер құнарыныңтас-талқанын шығарған 1653-1962 жылдардағы тың игеру, қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді.
Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр. Кеңес дәуірінде ірі өндіріс орындарының қауырт дамуына байланысты табиғат байлығын игеру мәселелерінде қоршаған ортаның бұзылуы ескерілмей, тек қана мол өнім алуға көңіл бөліп, ал табиғаттың ерекшелігін ескермей, көптеген зиян әкелгенін енді ғана біліп отырмыз.
АҚШ, Англия, Франция, Германия, Жапония сияқты бірқатар өркениетті елдерде ірі өндіріс орындарын салмастан бұрын оның қоршаған ортаға әкелетін экологиялық шығынын есептей отырып, сол жердегі халықтың денсаулығына тигізетін әсерін ғылыми түрде тұжырымдап барып қана жүзеге асырады екен.
Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 факторға байланысты:
1. Шикізат көзі.
2. Адам күші..........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экология | Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар
» Курстық жұмыс: Экология | Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық проблемалар
» Курстық жұмыс: Экология | Экологиялық құқық ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі
» Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық экологиялық құқық
» Курстық жұмыс: Экономика | Мақсат және басқару
» Курстық жұмыс: Экология | Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар
» Курстық жұмыс: Экология | Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық проблемалар
» Курстық жұмыс: Экология | Экологиялық құқық ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі
» Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық экологиялық құқық
» Курстық жұмыс: Экономика | Мақсат және басқару
Іздеп көріңіз: