Курстық жұмыс: Экономика | “Темір жол техникасы” Ж.Ш.С. – ның экономикалық жағдайы
Мазмұны
Кіріспе.1.Кәсіпорынның әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
1.1 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері мен олардың мәні .
1.2 Ұйымның әлкуметтік тәсілдері.
2.“Темір жол техникасы”Ж.Ш.С.- тің әлеуметтік – экономикалық дамуын талдау.
2.1 “Темір жол техникасы” Ж.Ш.С. – ның жалпы сипаттамасы.
2.2 “Темір жол техникасы” Ж.Ш.С. – ның экономикалық жағдайын талдау.
2.3 “Темір жол техникасы” Ж.Ш.С. – ның әлеуметтік жағдайын талдау.
3. “ Темір жол техникасы” Ж.Ш.С. – ның әлеуметтік – экономикалық дамуын жақсарту жолдары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста мен фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуын қарастырдым. Ол келесі көрсеткішкерден байқалады: кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, цехтың өндірістік қуатын есептеу, жұмыскерлер санын және еңбек ақысын анықтау.Осы көрсеткіштерді мен нақты, кәзіргі уақытта жұмыс істеп жатқан « Темір жол техникасы » ЖШС-нен алдым.
Бұл кәсіпорын двигательдерді жинау және құрастырумен айналысады, сонымен қатар басқа жұмыстармен де айналысады. Осы курстық жұмысты алуымның себебі, егер фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүріп жатса , онда халқымыздың да әлауқаты тез арада жоғарылайды деп ойлаймын. Ал бұл әр азаматты толғандыратын мәселе. Егер де кәсіпорын нарықты, сұранысты , тұтынушылардың талғамы мен қалауларын , сұранысты қанағаттандыратын тауар шығаратындарды , нарыққа ықпал ететін және өздерінің мүдделерінің сұранысына зерделейтін жағдайда болса, онда ол кәсіпорынның әлеумметтік – экономикалық дамуы жоғары қарқынмен жүреді.
Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тимділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның нарықтағы кәсіпкерлігінің белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы орнықтылығын және төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.
1 Кәсіпорынның әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
1.2 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері мен олардың мәні.
Практикалық қызыметінде кәсіпорын өзің ең алдымен сатудың көлеміне және пайда табуға бағыттайды.
Сатудың жалпы мөлшері – бұл тауарлар және қызмет көрсетудің құны, тұтынушыларға сатылғанын мына формулалармен анықтайды:
Q = Б * N
Мұнда, Q- сату мөлшері;
Б- тауардың бір өлшемінің бағасы, теңге;
N- сатылған тауардың мөлшері, теңге;
Нарықтық жағдайда кәсіпорын қызыметінің негізгі қорытындылайтын баға көрсеткіші пайда болып есептеледі.
Жалпы пайда – нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған сатымдық шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да өндіріс шығындары элементтерінің құнын анықтайды.
Шектік таза пайда – бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар және амортизаторлық аударым сомалары. Бұл көрсеткіш практикада бизнестің барлық түрлеріне пайдаланылады.
Шектік таза өнім – бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен шығындар немесе сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің құны оларды өндіруге жұмсалған ресурстардың құны арасындағы айырмасы (сатып алынатын материалдар, қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік төлемдер, амортизациалық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және т.б.).
Көрсетілген бағалық көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштермен қаралады:
• Кәсіпорын, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі;
• өнім сапасының көрсеткіштері;
• тұтынушылардың қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері;
• кадрларды дайындау, қайта даярлау көрсеткіштері.
Нарықтық экономика жағдайында басқа көрсеткіштердің ішіндегі кең таралғандары:
• Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері.
• Өндіріс шығендары құрылымының көрсеткіштері
Бірінші топқа жататын көрсеткіштер:
• Кәсіпорынның жалпы сату мөлшеріндегі жалпы немесе шартты таза пайда деңгейі;
• Сату көлеміндегі шартты таза өнім деңгейі;
• Шартты таза пайда мөлшерінің еңбекақыға кеткен шығындардың арақатынасы.
Екінші топқа жататындар:
• Жалпы сатудағы капиталдың авансыланған және шартты таза пайда денгейі;
• Тұтынылатын материалдардың және жартылай фабрикаттардың жалпы құнының қор деңгейі;
Кәсіпорын қызметін жүйелі және жан-жақты талдау мынадай мұмкіндік береді:
• Жалпы кәсіпорынның және оның бөлімше құрылымдарының шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігін тез, сапалы және кәсіптік бағалау;
• Тауарлардың және қызмет көрсетудің нақтылы тұрлеріне алынатын пайдаға әсер ететін факторларды нақтылы және дер кезінде табу және ессепке алу;
• Баға саясатын әзірлеуге қажетті өндіріс шығындарын және олардың өзгерулерінің бет алысые анықтау;
• Жақын және алыс келешегіндегі кәсіпорын және пайда табудың оңтайлы жолдарын шешу жолдарын табу.
Әр уақытта мынаны естен шығармау керек, шаруашылық қызметінің мұндай көрсеткіші ьолған емес және өмірдің барлық жағын қамту да мүмкін емес. Шиеленіскен бәсеке жағдайында өркендеу үшін, басшы, кәсіпкер өзінің іс-әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білуі, сезінуі тиіс, ал бұл мақсатқа жету денгейін, мерзімін және ұйым тұрпатын бейнелейтін өзара байланысты жүйенің қалыптастырудың қажет ететіндігін көрсетеді.
Кәсіпорынның бірден бір басты міндеті-оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады жіне өз көрсеткіш жүйелерінің немесе қаржы коэффицентін анықтайды.
Негізгі қаржылық коэффиценттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
• өтімділік (төлем қабілеттілігі)
• пайдалылық
• активтерді басқару тиімділігі
қаржы ресурстарының құрылуы түрлі көздері бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлініді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.
Кәсіпорынның өзінің қысөа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігі өтімділік немесе төлем өабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егерде айналым активтерін іске асыра отырып ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесңн орындауға жағдайы болса. Тез өтімділіктің коэффиценті - өысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтерді үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымдағы міндеттеменің қатынасын білдіреді.
Дебиторлық қарыздардың айналым коэффиценті – егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақасы әліде алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффиценті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
Несие қарыздарының айналым кезеңіеің –бұл коэффицент тауарларды сатып алуға және қымет көрсетуге байланысты өткізушілерді және несигер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффицент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар босалқы орларды басқару іскерлігіне байланысты болады.
Несиелердің орнын толтыру коэффиценті – ол компанияның қызмет табысының неше рет проценттік төлемақы соммасының және үзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі соммасының асқанын көрсетеді.
Төлем өабілеттілігінің коэффиценті – ло қарыз капиталының меншіктілікке ара салмағын белгіліейді. Бұл коэффицент кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың қарыздарын көп және сол орын оның тұрақсыздық ақуалы да орын алады.
1.2 Ұйымның әлеуметтік тәсілдері.
Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сійкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болыр табылады. Былай айтуға болады- еңбекақыкәсәпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбекақыны мынадый факторлар анықтайды:
Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
• жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
• оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындарды;
• жұмыскердің отбасының өмір сүруіне қажетті заттарды құны .
нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемінің анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлә және уақыт өткен сайын өзгеріп отырады.
Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ , оның өзінің еңбек өнімділігінің өсуі еңбекақының өсуінде шапшаң болады.
Жұмыс күшін біліктілеу және еңбектің түрі. Мысалы, күрделі, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектері және т.б. жоғры бағаланады.
Қажетті өнімнің әулеметтік дәрежесі. Қазіргі қоғамда қжетті өнімнің барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрінде берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әулеметтенеді және әр түрлі салық, есептеп беру арқылы мемелекетке қоғамдық тұтыным қорына кетеді.
Жалақы – атаулы және нақты жалақы болып бөлінеді.
Атаулы табыс жалақы – бұл қызметекердің белгілі кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілген жалақысы.
Нақты жалақы – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы; нақты жалақы – бұл атаулы табыс жалақының сатып алуға жарамдылығы.
Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбек ақының көп тараған екі түрі: кесімді және мерзімдік.
Жалақының кесімді нысаны қызметтің көлемдік, сандық көрсіткіштерін жақсартуға ынталандырады. Ол өндіріс учаскілерінде қол еңбегінің немесе машиналы қол еңбегінің басымдылығы жағдайында қолданылады. Дәл осы жағдайда өндірілген өнімнің көлемін жіне оның сапасын арттыру және еңбек мөлшерін белгілеудің негізділігін ескеру қажет.
Кесінді нысаны мына жағдайларда қолданылады:
• Тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстараының сандық көрсеткіштерінің бар болуы.
• Жұмысышының өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін арттыру мүмкіншілігі.
• Осы учаскіде жұмысшылардың өнім өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін одан әрі арттыруды ынталандыру қажеттілігі.
• Орындалған жұмыс көлемінің дәлме-дәл есептеу мүмкіншілігі.
• Техникалық негізделген еңбек мөлшерін қолдану.
Еңбекақының мерзімдік нысанында қызметкерлеге еңбекақы белгіленген тарифтік мөлшерлемеге немесе өндірсте нақты жұмыс істеген уақытындағы қызмет ақысына қарай белгіленеді.
Еңбеақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің білігтілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандырады.
Еңбек мерзімдік ақы төлеу нысанын қолдану жағдайы:
• Егерде жұмысшы машиналар немесе агригаттардың өнімділігін арттыру есебінен өнім шығаруды нығайтуға ықпалын тигізе алмаса.
• Егер де қажетті келісімді бағалауды белгілеу үшін өндірімнің сандық көрсеткіштерінің жоқ болуы.
• Ақы төлеудің мөлшері дұрыс қолданған жағдайда.
Өндіруші қызметкерлер үшін еңбек ақыны реттеу ұжымдық шарт арқылы жүзеге асады, ал басқару мен инжинерлік – техникалық қызмет жұмыскерлердің еңбегін төлеу жағдайын өзара шарт арқылы көрсетеді.
Ол белегілі бір кезеңде жұмыскер мен әкімшіліг арасында жасалады.
Еңбек нормалары еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметекер үшін техникалық, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді.
Еңбек нормаларын енгізуді, ауыстыруды және қайта қаруды жұмыс беруші жүргізеді. Қызметкерлердің жұмыс істеуі нормаларын орындауы үшін жұмыс беруші қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Нарықтық экономика жағдайында жалақы жүйесін дұрыс қолдану принциптерін түсіну үшін мына жағдайларды білген жөн : осы жүйеге негізделген күнкөрістің ең төмен деңгейі , “ ең төмен жалақы” – тұтыну игілігі және қызметінен тұрады. Жалақының ең төменгі мөлшері қабылданған заңмен анықталады және дүркін - дүркін баға индексінің өзгеруіне байланысты үйлестіріп, қайта есептеліп отырылады.
Ең төменгі жалақы – меншік нысанына қарамастан экономиканың барлық салалары мен барлық кәсіпорындардағы еңбекақы базасы болып есептеледі. Бұдан шығатын қорытынды кез келген жалдамалы қызметкердің ақшалай сыйақысы ең төменгі жалақвдан кем болмауы керек.
2 «Темір жол техникасы» Ж.Ш.С. - ның әлеуметтік - экономикалық дамуын талдау.
2.1 «Темір жол техникасы» Ж.Ш.С. - ның жалпы сипаттамасы.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы - номенклатура, нарық талап ететін тауарларды және қызметтерді, сапасы мен мерзімін, жылдық көлемін сипаттаушы өнім өндіру мен сатудың ауқымды және кешенді жоспары.
Кәсіпорынның өнім өндіру көлемі бейнелік, еңбек, бағалық өлшемде жоспарлануы мүмкін.
Өндірістік қызмет көлеміне 3-5 жылға болжам жасалады, бірінші жылы ай сайын болжам жасалса, екінші жылы-тоқсан сайын болжам жасалады.
Тауар өндіру номенклатурасы және өндіру көлемі, жұмыстарды және қызметтерді орындаудың еңбек өлшемінде сипатталатын (норма-сағат) кәсіпорынның (фирма), бір айда (тоқсан, жыл) тауар өнімін өндіруі, келесі формула бойынша анықталады:
n
ТП =e Tшт. X Nг /60.
I=1
Ондағы ТП – тауар өнімін өндіру, н-ч;
n - өндіретін өнім немесе жұмыс номенклатурасы;
Тшт. – уақыт, өнім бірлігінің нормативтік еңбек көлемі, мин/дана.
Nм,кв,г – (сұраныс) өнім шығарудың айлық, тоқсандық, жылдық көлемі, дана.
ТП1 =260*8300/60=3567 н/ч
ТП2-170*8300/60=23517 н/ч
ТП3=130*8300/60=17983 н/ч
ТП4=60*8300/60=8300 н/ч
ТП5=110*8300/60=15217 н/ч
ТП6=150*8300/60=20750 н/ч
ТП=121734 н/ч
Кәсіпорынның (фирма) тауарлық өнімінің бағалық көрсеткішінде бір айда шығарылатын өнімді (сұраныс) өнім бірлігінің нақты шамасына көбейтіледі, оған келесі формула қолданылады:
п
ТПст.=e Nм,кв,г, ХЦ,
I=1
Ондағы ТПст. – тауар өнімін өндіру, сом;
Nм,кв,г - өнім шығарудың (сұраныс) айлық, тоқсандық, жылдық көлемі, дана.
Ц - өнімнің, жұмыстың және қызметтің, сом/дана бірлігінің шамамен алғандағы нарықтық құны;
П – шығарылатын өнімнің немесе жұмыстың номенклатурасы;.........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыруға орындалған негізгі есептеу жұмыстары
» Курстық жұмыс: Қолданбалы математика | Кәсіпорын көрсеткіштері бойынша кәсіпорынның жалпы жағдайына диагностика жасау
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыруға орындалған негізгі есептеу жұмыстары
» Курстық жұмыс: Қолданбалы математика | Кәсіпорын көрсеткіштері бойынша кәсіпорынның жалпы жағдайына диагностика жасау
Іздеп көріңіз: