Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Мүгедектер
Мазмұны
Кіріспе.................................................................2-3 бет1. Мүгедектік жеке мәселе ретінде .............................................................3-4 бет
1.1 Мүгедектің ұғымы және оның топтары...............................................4-5 бет
1.2 Мүгедектік әлеуметтік мәселе ретінде.................................................6-8 бет
1.3 Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың ерекшеліктері мен негіздері...........................9-13 бет
2. Мүгедектік мәселесін шешу аспектілері мен жолдары...........................14 бет
2.1 ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты........15-16 бет
2.2 Мүгедектерді әлеуметтік оңалту........................................................17-20 бет
2.3 Мүгедектіктің алдын алу және медициналық - әлеуметтік сараптаманы жетілдіру..........................21 бет
2.4 Мүгедектерді әлеуметтік тұрғыдан жұмыспен қамту......................22-23 бет
Қорытынды.................................................................................................24-25 бет
Қосымша.....................................................................................................26-27 бет
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................28 бет
Кіріспе
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл тек қана медициналық мәселе емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік мәселе.
Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.
Қазақстанда мүгедектік мәселелерін халықаралық нормаларға сәйкес айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр. Қазіргі кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес, сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту мәселелерін тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын кешенді нысаналы бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді. Ағымдағы жылы осындай бағдарламаның біреуін - Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аяқталды, оның барысында тиісті органдарда мүгедектерді әдеттегідей күтуден мүгедек-балалардың аса сапалы білім алуға және жасы ұлғайған мүгедектерді оңалтуға дейін өтіп, мүгедектер мәселесі шешілді. Білім мен оңалтудың арқасында мүгедектер қоғамдық бірлестіктер арқылы мүгедектерге қарасты саясатты әрі қарай дамытуға аса тиімділік танытты.
Мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттағы оң өзгерістер 2005 жылы қабылданған заң жобаларының қатарында орын алды («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы; «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 Қаулысы; «Медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 Қаулысы және т.б.).
Қарағанды облысында мүгедектерді оңалтудың қалыптасқан жүйесі жоғары сапалы деңгейге көшу үшін шарттар мен мүмкіндіктер бар. Осыған байланысты, жақын арадағы болашақта жаңадан мүгедектерді әлеуметтік оңалту бағдарлама әзірлеу қажет.
Бағдарламаны әзірлеу үшін «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 10 бабы негіз болып табылады.
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл тек қана медициналық мәселе емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік мәселе.
Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.
Қазақстанда мүгедектік мәселелерін халықаралық нормаларға сәйкес айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр. Қазіргі кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес, сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту мәселелерін тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын кешенді нысаналы бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді. Ағымдағы жылы осындай бағдарламаның біреуін - Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аяқталады, оның барысында тиісті органдарда мүгедектерді әдеттегідей күтуден мүгедек-балалардың аса сапалы білім алуға және жасы ұлғайған мүгедектерді оңалтуға дейін өтіп, мүгедектер проблемасы шешілді. Білім мен оңалтудың арқасында мүгедектер қоғамдық бірлестіктер арқылы мүгедектерге қарасты саясатты әрі қарай дамытуға аса тиімділік танытты.
Мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттағы оң өзгерістер 2005 жылы қабылданған заң жобаларының қатарында орын алды («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы; «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 Қаулысымен жүзеге асырылады.
1.1 Мүгедектің ұғымы және оның топтары
Мүгедек - бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.
Мүгедектік мәселесі, ол жайлы ұғым әлеуметтану және әлеуметтік жұмыста басты зерттелу және талқылану тақырыбы болып табылады. Мүгедектік сырқатпен, зақымданумен, жарақатпен байланысты пайда болады. Бұл – мүгедек деп танылған адамның қабілітсіздігін түсіндіреді. Осыған байланысты қандай да бір жалпы қабылданған әрекеттер орындалуы керек, яғни халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуші мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелер тарапынан мүгедек деп танылған балалар мен азаматтарға әлеуметтік қорғау көрсетіледі.
“Мүгедек” - Қазақстан Республикасының “Мүгедектердің әлеуметтік қорғалғандығы туралы” заңында айтылғандай – сырқат, жарақат, зақымдану салдарынан пайда болған, өмір сүру шектелуіне әкеліп соқтырған, оны әлеуметтік қорғау қажеттілігін туындататын ағза қызметінің күшті бұзылуына алып келеді
Өмір сүру шектеулігі – бұл адамның өзіне - өзі қызмет көрсету, өзіндік қозғалу, бағдарлау, басқалармен қатынасу, өз әрекетін бақылау, білім алу және еңбек қызметімен айналасу қабілеттілігімен мүмкіндігін жартылай немесе толық жоғалтуы.
Соқыр, саңылау, мылқау, қозғалу координациясы бұзылған жартылай немесе толық сал болған адамдар адамның қалыпты физикалық жағдайымен күшті ауытқуымен айқындау нәтижесінде мүгедек болып табылады. Сонымен қатар мүгедек болып кәдімгі адамнан сыртқы келбетімен айырмасы жоқ, бірақ сау адам істейтін әр түрлі салада еңбек етуге мүмкіндік бермейтін сырқаты бар адамдар да танылады. Мысалы, жүрек ауруымен ауыратын адам ауыр физикалық жұмысты орындай алмайды, бірақ ми қызметі жақсы жұмыс істейді.
Өркениетті қоғамның қалыптасу жолында мүгедектік ұғымы айрықша өзгереді, яғни экономикалық дамуы және тарихи ұлттық дәстүрлеріне байланысты әрбір мемлекеттің заңдылықтары мен ұғымдарында әр түрлі болуы жалғасып келеді. Алайда бір ұғым барлық елде және әрқашанда сақталып келеді, яғни мүгедек қосымша әлеуметтік назарды қажет ететін азамат.
Егер мүгедекті барлық көзқарастар тұрғысынан қарастырсақ, онда оның басым жағы – бұл “мүгедектігі” бар адамға әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі. Мүгедектер және мүгедектік мәселесінің практикалық жағын қарастыру негізінде, берілген анықтама азаматтық – құқықтық қатынастарда қабылданған түсінік болып табылатының еске алу қажет. “Мүгедек термині заңдылықты актілерде бекітілген, оның заңдық анықтамасы берілген, және оны басқамен ауыстыру құқықтық көз қарасынан алғанда сыпайылыққа жатпайды.
Барлық мүгедектер әр түрлі негіз бойынша бірнеше топқа бөлінеді: жасы бойынша мүгедек бала, ересек мүгедектер.
Мүгедектіктің пайда болуы бойынша: бала кезінен мүгедек, соғыс мүгедегі, еңбек мүгедегі, жалпы сырқаттар мүгедегі.
Еңбеке қабілеттілігі деңгейі бойынша: еңбеке жарамды және жарамды емес мүгедектер, 1 – ші топ мүгедектері, 2 – ші топ мүгедектері, яғни уақытша еңбеке жарамсыз немесе шектелген сфераларда еңбекке жарамды, 3 – ші топ мүгедектері, яғни сақтандырылған еңбек жағдайларында еңбекке жарамсыз. Сырқат сипаты бойынша: қозғала алатын, аз қозғала алатын және қозғала алмайтын топтағы мүгедектер.
Қазақстан Республикасында мүгедектікті өмір сүру шектеулігіне сәйкес үш топқа бөледі:
• 1 – ші топ мүгедектігі ағза қызметінің және өмір сүру шектеулігінің ең жоғарғы дәрежесі анықталған тұлғаларға беріледі;
• 2 – ші топ мүгедектігі ағза қызметінің және өмір сүрі шектеулігінің орташа дәрежесі анықталғанда беріледі;
• 3 – ші топ мүгедектігі жеңіл шектеулер анықталғанда беріледі;
Топтардың сандық анықтамаларының әлеуметтік рөлі мүгедектерді қорғау өлшемінің әртүрлі қажеттілік деңгейінде тұрады. Топтардың анықтамасына сәйкес мүгедектерге жеңілдіктер бекітіледі және заңды белгіленеді. Жеңілдіктер зейнетақының әртүрлі көлемімен, мүгедектіктің ауыр тобындағы мүгедектерге жоғары мөлшердегі жәрдемақымен, компенсациямен, дәрімен қамсыздандыруды жатқызамыз. Реформалық кезеңге дейін “еңбекке қабілетті” және “еңбекке қабілетсіз деген” түрлерге де бөлінген.
Мүгедектік бойынша әлеуметтік тегін көмектің көлемін, түрін және оның қаржылану көзін анықтау үшін өмір сүру шектеулігінің көріну дәрежесімен қатар мүгедектікке әкелуші себебтер де маңызды орын алады. Мүгедектік себебтері жағдайдың тууына негізгі жауапкершілікпен кім көтеретінің көрсетеді, алайда мұны заңгерлік жауапкершілік деп атауға болмайды. Әлеуметтік қорғау органдары мүгедектіктің тобын ғана емес, сонымен қатар оның себебтерін де тіркейді. Мемлекеттік қайнар көздерден қаржыландыру көлемін есептеу үшін көп жағдайда негіз болатын статистикалық формаларда мүгедектер саны туралы ақпараттар мүгедектік себебтері тұрғысынан келтіріледі.
Ережеге сәйкес барлық мүгедектер келесі түрлерге бөлінеді:
• еңбектік міндеттерді орындау барысында мүгедектік алған, еңбек зақымы және кәсіби ауру мүгедектері;
• туылғанда және 18 жасқа дейін мүгедектік алған бала кезінен болған мүгедек;
• әскери қызмет және әскери міндеттерді орындау кезінде мүгедектік алған әскери қызмет мүгедектігі;
• жалпы аурудан немесе жарақаттан мүгедек болған, жалпы ауру мүгедектері.
1.2 Мүгедектік әлеуметтік мәселе ретінде
Жас мүгедектер мәселесі - қазіргі заманның өткір мәселелерінің бірі. Оның ауқымын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері былайша келтіреді: 500 миллионнан астам адам, яғни жер жүзіндегі халықтардың 10 пайызы қандай да бір мүгедектіктің нысанына ие екен, көптеген елдерде ең аз дегенде он адамның біреуі физикалық, ақыл – ой немесе сенсорлық кемшілікпен азап шегеді екен. Қазақстанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәліметтері бойынша 2001 жылғы 370 мүгедек тіркелген, оның 50 мыңы – жасы 16 – ға толмаған балалар болса, 60 мың мүгедек туа біткен мүгедектер екен. Ал республикалық медико - әлеуметтік комиссияның мамандарының пікірінше мүгедектердің шынайы саны бұдан да көп. Қазақстандағы жыл сайынғы мүгедектер санының өсуі халықтың өсу пайызынан да асып кетеді: жыл сайын 50 мың астам адам мүгедек болса, олардың еңбекке қабілетті жастағылары – 30 мыңнан астам. Жалпы еліміздің халқының жас мүгедектерінің жасару процесі байқалып отыр.
Жас мүгедектер халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған санатына жатады. Олардың табыстары орташа есеппен әлдеқайда төмен де, медициналық және әлеуметтік қызметке деген қажеттіліктері әлдеқайда жоғары. Жас мүгедектерге еңбек нарығында дене дамуы жағынан толыққанды адамдармен теңбе – тең бәсекеге түсу мүмкін емес, жұмыссыздық өсіп тұрған кезде олардың қоғамдық өндіріске қатысуы барынша қысқарады. Қамқорлығында жас мүгедегі бар отбасылары мен туыстары әдетте барынша материалдық және психологиялық қиындықтарды бастан кешіреді. Осындай барлық жағдайлар мүгедектерді, оның ішінде жастарды әлеуметтік жұмыстың обьектісіне айналдырады. Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарды “мүгедек”, “мүгедектік” деген түсініктерге әртүрлі нұсқада анықтамалар берілген. Әлеуметтік қызметкер үшін олардың құқықтық, заңдық анықтамалары қажет. Ең алғаш рет “мүгедек” түсінігіне жалпылама халықаралық – құқықтық анықтама 1975 жылы БҰҰ мүгедектерінің құқығы туралы Декларациясында берілген. Онда “мүгедек” өзінің жеке және әлеуметтік қажеттіліктерін туа біткен немесе жүре пайда болған, өзінің дене немесе ақыл – ой қабілеттерінің кемшіліктеріне байланысты толықтай немесе жартылай қамтамасыз ете алмайтын кез – келген тұлға дегенді білдіреді.
1992 жылы Еуропалық кеңестік Парламенттік Ассамблеясы қабылдаған реабилитациялық бағдарламасының Нұсқауларында мынадай анықтамалар бар: “Мүгедектік – физиологиялық, психологиялық, сенсорлық, әлеуметтік, мәдени, заңды және де басқа да кедергілер негізінде мүмкіндіктердің шектелуі, олар қоғамның басқа мүшелері сияқты мүгедек адамға қоғамға кірігуіне, отбасы немесе қоғам өміріне қатысуына кедергі жасайды”.
Тұлғаның тіршілік әрекетінің шектелуінің толықтай немесе жартылай өзіне қызмет көрсетуге, қозғалуға, бағдарлануына, қарым – қатынасына, өз мінез – құлқына бақылау жасауға, сондай – ақ еңбекпен айналысуға қабілеттерін немесе мүмкіндіктерін жоғалтудан көрінеді. Тұлғаны мүгедек деп мойындау заңда көрсетілген, оны соған өкілетті мемлекеттік органдар бекітілген ережеде жүзеге асырады.
Жас мүгедектігі бар тұлғалармен жүзеге асырылатын әлеметтік жұмыс әлемдік қоғамдастықтың, соның ішінде БҰҰ мен оның бөлімшелерінің нормативтік – құқықтық базасындағы құжаттарды, ТМД қатысушы – мемлекеттерінің парламент аралық Ассамблеясының заң актілерін, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңдық күші бар актілерін есепке ала отырып және солардың негізінде жүзеге асады.
Мүгедектердің құқығын қорғау, мүгедектіктің алдын алу және мүгедектерге олардың әрекеттіктің кез – келген салаларында қабілеттерін дамытуға көмек көрсету, қоғамдық өмірге қатысуына көмектесу салаларының жалпы негізі мен басшылық етуіне БҰҰ мүгедектер құқығы туралы Декларациясы жатады, сонда көрсетілгендей мұгедектер шыққан тегіне, мінезі мен зақымдылығының күрделігіне немесе кемістіктеріне қарамастан, сол жастағы азаматтар сияқты адамдық абыройымен құрметтелуіне құқығы бар, яғни бірінші кезекте қалыпты және толыққанды болуға тиіс өз өмірін қанағаттандыруға құқығы бар. Әлеуметтік қызметкер үшін Декларацияның 5 – ші пункті ерекше маңызды, онда мүгедектер үлкен дербестікке жетуге мүмкіндіктерді беретін арнаулы шараларға құқылы делінген.
Мүгедектердің құқығы бекітілген қазақстандық заңдылықтарға жоғарыда аталған “Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” Заңынан басқа 1997 жылғы 16 маусымда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және жасына қарай берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы” Заңында Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 28 сәуірде шыққан, заңдық күші бар, “Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер беру және әлеуметтік қорғау туралы” Жарлығы 1996 жылғы 23 қаңтардағы “мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерді реттеу бойынша шаралар туралы”, 1992 жылғы 27 мамырдағы Өкіметтің “Мүгедектерді арнайы құралдармен қамтамасыз ету туралы” Қаулысы, 1993 жылғы 17 наурыздағы “Барлық жеке меншік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерге еңбек міндеттерін орындауға байланысты зақым келтіру немесе басқа да денсаулығына келтірілген зақымдардың орнын толтыру ережелері”, 1999 жылғы 22 шілдедегі “адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережелерін бекіту туралы” Заңдары жатады.
Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың теориялық – методологиялық және адамгершілік негізіне “мүгедектік моделі” жатады. Бұл модельдердің бірнеше түрлері бар, дегенмен оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші жағдайда мүгедектік жеке бастың мәселесі деп түсіндіріледі, яғни мүгедектіктің дәрігерлік немесе “әкімшілік” модельдері. Мұнда шектеулі мүмкіндіктер адамның және оның дертінің арасындағы өзара байланыс контексінде қарастырылады: мүгедектік – бұл медициналық патология және осынысымен мүгедектер “қалыпты” адамдардан ерекшеленеді. Мүгедектіктің барлық мәселелері осы топтың моделіне сәйкес - осы патологияның нәтижесі. Ол “қалыпты” адамдардың қоғамына үйренуі керек, ал әлеуметтік жұмыстың мақсаты – мүгедекке оның бейімделуіне көмектесу болса, жұмысының негізгі мазмұны әлеуметтік қорғау болып табылады. Модельдердің бұл тобы мүгедектерге кемтар адамдар ретінде қараудың жасырын қарым – қатынасын білдіреді. Адамның құндылығы бұл жерде оның қоғамға “пайдасы бар” деген көзқараста қарастырылады. Мүгедектік мәселесін бұлайша түсіну қоғамдық санада 20 ғасырдың ортасына дейін басым болды және саяси режиміне қарамастан өндірісті қоғамға тән болып қалыптасты.
Мүгедектіктің екінші жағдайында ол әлеуметтік, қоғамдық мәселе ретінде қарастырылады. Мұнда адам мен оның қоршаған ортасы мен өзара қарым – қатынасы қарастырылады. Шектеулі мүмкіндіктер әлеуметтік жағдайлардың, яғни қоғамдық мораль, психологиялық климат, әлеуметтік ұйым, инфра құрылым және тағы басқалары мүгедектердің өз - өздерін көрсетуге деген мүмкіндіктерін тарылтады, яғни мүгедектер ауытқу емес жәбір көруші топ ретінде қарастырылады. Мұндай тәсілдегі әлеуметтік жұмыстың мазмұнына мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау, олардың өздерінің адамдық құқықтарын саналы түрде сезініп, оны жүзеге асыруға көмектесу.
Мүгедек әлеуметтік жұмыстың обьектісі ғана емес, қоғамдық өмірдің белсенді субьектісі және өз тағдырын жасаушы. Бұны мүгедек – балалармен және олардың отбасыларымен, жас мүгедектермен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызметкер есте сақтауы керек, себебі дәл осы жаста олардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасады. Мүгедектікті осылайша қабылдау, соған сәйкес мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жүргізу дамыған елдерде басты назарда болып келеді. Ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатында да, қоғамдық пікірде де тұрақталып отыр. Мүгедектерге қатысты республикада жүзеге асырылып отырған әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелеріне оларды басқа адамдармен бірдей құқықтары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету, оны өмірлік маңызды әрекеттеріндегі шектеулердің көзін ғана жойып қоймай, толықтай өмір сүруге, қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау жатады.
Жас мүгедектердің қоғамдағы жағдайын сипаттайтын негізгі әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік – демографиялық көрсеткіштерге мыналар жатады: еңбек әрекетіне және қоғамдық өмірге қатысу, еңбек ақысы мен зейнет ақысының мөлшері, тұрғын – үй жағдайы, отбасылық мәртебесі, білімі.......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Социалогия | ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау
» Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Мүгедектерді оңалту бағдарламасының паспорты
» Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Мүгедектердің жағдайын жақсарту
» Курстық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау
» Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл селодағы әлеуметтік жұмыс
» Курстық жұмыс: Социалогия | ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау
» Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Мүгедектерді оңалту бағдарламасының паспорты
» Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Мүгедектердің жағдайын жақсарту
» Курстық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау
» Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл селодағы әлеуметтік жұмыс
Іздеп көріңіз: