Курстық жұмыс: Психология | Мінез туралы жалпы ұғым

Курстық жұмыс: Психология | Мінез туралы жалпы ұғым

Мазмұны
І. Кіріспе.
Мінез туралы жалпы ұғым..................................................................................3-6
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Мінез бітістері............................................................................................6-7
2. Типтік мінез бітістері..............................................................................8-14
3. Мінез типологиясы................................................................................14-20
4. Мінез туралы теориялар.............................................................................21
5. Мінезді зерттеу әдістері..............................................................................21
6. Мінезді тәрбиелеу жолдары..................................................................22-30
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Мінез туралы жалпы ұғым
Әр адам сыртқы дүниесінің сансыз тітіркендіргіштеріне өз елінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-катынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кей де оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераметінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды ор қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбмелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі саналары болып есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да, сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жүртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік псн адалдық - мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мсн қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. "Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты". Мінез сапаларының бірі — оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сез бен істің бірлігі. Кімнің мінезі болық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жеріндс батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетінадам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. "Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз" деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тияқты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бүл жағы жетпей жатады.
Адам, сондай-ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде батыл, жігерді болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераметімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераментердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.
И. П. Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік "құйындысы" деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: "... адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйссінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге, организмнің жске өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты , демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады".
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емсс, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан "еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз " болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-катынас. "... Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады". Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізілді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші рөль атқарып отырады.
Мінез бітістері
Адамдардың өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерскшелік көптеп кездесіп отырады. Сонымсн қоса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара және типтік бітістерін қоса еске алып отыру қажет. Типтік мінездер — белгілі тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден әр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешеліктері де тиісінше орын алып отырады. Мәселен, қарама-қарсы тап қайшылықтары бар қоғамда мінездің таптық өзгешелігі ерекше көзге түседі. Осындай қрғамда әрбір тап өкілдерінің таптық мүдделері де дүниетанымдары да бөлек болады. Мәселен, зауыт фабрикалардың қожасы болып табылатын капиталистер жұмысшылардың еңбегі арқылы баюға тырысса, жұмысшылар өздерінің тұрмыс жағдайы мен адамдардың мінез бітістеріне, психологиясына ықпалын тигізбей қоймайды.
"Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын болса, онда сол жағдайларды адамға тиімді етіп құру керек" — деп жазды Маркс пен Энгельс.
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей:
Адамның ұстаған бағытынан, мінез бітістері ор түрлі жағдайда көрініп отырады. Мұның біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді. Бұларға: гуманизм, қайырымдылық, үйірсектік, адалдық және осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатыгездік, тұйықтық, зымияндық т. б. бітістер жатады. Осы топқа сондай-ақ адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері де жатады. Бұларға еңбек сүйгіштік, құнттылық, иницитавалық, салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т. б. бітістер кіреді.
Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады.
Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос "пысықтығын" мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге — мақсатқа талпынғыштық, дербестілік, тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақылық, ерлік т. б. жатса. әлсіз мінезге негативизм иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік, т. б. кіреді. Мінез ауыр, жеңілтек, мінезсіз, сотқар, тентек, бейбастак, ит мінез т. б. түрлерге бөлінеді.
Типтік мінез бітістері
Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездсрдің қатарына: Отанға берілгендік, адалдық, шыншылдық, сңбекке және қоғам мүлкіне дүрыс кезкарас, үжымшылдық, гуманизм, борышын жоне жауапксршілігін түсіну, киыншылыктарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпсйілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық, т. б. жатқызуға болады. Типтік мінездерді зерттеу психология ғылымының алдындағы басты міндет. Дүниетанымы мен сенімінің үқсастығынан адамда дара мінез болмайды деген қоорытынды шықпайды. Адамда типтік ортақ мінездермен қатар дара мінез бітістердің де сан алуан түрлері болатындығы өткен параграфта айтылды. Гуманистік — демократиялық қоғамда жағдай туады.
Типтік мінездің кейбіреулері:
1)Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білім мен тәжірибесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір жуып кіндік кескен жеріне білдіретін перзентік борышы - оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді, ой түйіндерін осыған бағыштаған. Мәселен М. Әуезов : "Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенің іркер күшім жоқ" десе, В. А. Сухомлинский : "Отан өз бесігің өз үйің... өз бесігіңді ұмыта көрме", Баубек Бұлқышев: "Адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш" деген ғой. Тағы да бірнеше ақыл-ой заңғарларын тыңдап көрейікші: "Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы туған жері".
Отан, отаншылдық қасиет туралы тебіренгендегі қаздауысты Қазыбек бидің: "Алтын ұяң - отан қымбат... туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерін, қымбат деп келетін аталы сөздерің де қалай еске алмассың!
"Қазақстан — біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи отаны", олай болса, осы жерді жан- тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қоршап сақтайтын да алдымен қазақ халқы. Біздің ата-
бабаларымыз сонау Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұланғайыр мол жерді талай ғасырлар бойына басқыншы жаудан қалай қорғап, тәуелсіздігімен бостандық жолында шыбын жанын пида еткені белгілі, ондықтан да біздер халқымыздың хас батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кеңесары мен Наурызбайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып, қастерлейміз, олардың халқы үшін қалтқысыз қызмст еткенін өнеге-үлгі етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етсміз. Туған жерді, атамекенді сүю жеткіліксіз, оны қажет болған жағдайда қорғай білуіміз де қажет. Өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты, Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі әрі оның бүкіл халқының ісі деп санайды. "Біздің басты мақсатымыз - Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау" Өз қарулы күшіміздің болуы, онын, алдыңғы санында ер азаматтардың, өсіресе, қазақ жастарының тұруы, бір кісідей ынтымақтықпен топтастасуы — ата заңымызда көрсетілгендей қасиетті борыш, перзенттік парыз екендігін ешуақытта да естен шығаруға болмайды. Отаншылдық - ата- мкенге дегсн сүйіспеншіліктің негізгі мазмұны, имандылық пен кісіліктің басты белгісі, басты өлшемі.
2)Мақсаткерлік — бұл адамның мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мүны өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос белбеулікке салыну — ар-намыс пен ожданға сиыспайтын қасиет. Мақсаткерлік - тек бір іспен өнебойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Бұл соны қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп тындыру. Мұндай кісі өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіп орындап шығуды жан-жақты ойластырады осы жолда творчестволық белсенділік көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады.
Есте жоқ ерте замандарда-ақ адамзат мақсатсыз жандарды кісі.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Мінез туралы жалпы ұғым курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]