Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Мазмұны
Кіріспе:Негізгі бөлім
$1Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы,..................................3
$2Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың формалары 6
1. Шығынды өтеу...................................................................................................................................... 7
2. Шығынды толық өтеу принціпі............................................................................ 8
3. Міндеттемені нақты орындау принціпі............................................. 12
$3Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың түрлері......... 15
$4Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық шарты........................... 25
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жүктелуінің жалпы.
Қолданылған әдебиеттер: Азаматтық құқық
$ 1 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.
Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс салдарларды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түрі бола тұрып, құқық бұзушы үшін жұмыс жасау, қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен, не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік салдарларға алып келеді. Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық, кез-келген азаматтық – құқықтық жауапкершілік сияқты, әрқашанда мемлекеттік мәжбүрлеумен қорқыту арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікті міндеттемелік азаматық құқықты бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндет жүктеу немесе оны, өзіне тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде, мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айырулар жүктеу деп анықтауға болады.
Жауапкершілік қолданудың АК-ның 349-бабында бекімін тапқан негізі деп міндеттеменің борышкердің міндетіне жататын кез - келген шартын, атап айтқанда, орындау уақытын, орынын, тәсілін, санын, сапасын, тауарлардың ассортиментін, жинақтылығын және тағы басқа оның бұзуын түсіну керек.
Көлемі, маңыздылық дәрежесі және құқықтық салдары бойынша алғанды міндеттемені бұзу, әдетте, 2 түрге бөлінеді: міндеттемені орындамау, яғни міндеттемені толықтау бұзу; міндеттемені тиісінше орындамау, яғни міндеттемені оның мазмұнында анықталған қандай да бір жеке жағдайларды бұзып орындау.
Міндеттемені борышкердің тікелей өзінің орындауы елеулі жағдайларға жататын, не ондай орындау заңнама талаптарынан туындайтын (императивтік талап) жағдайларда орындаушының алмасуы да міндеттемені бұзғандық болып табылады, ол да жауапкершілік шараларын қолдануы негіз болады.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік ұғымы туралы мәселені қарағанда жауапкершілік пен негізгі міндеттемені ара қатынасы проблемасын да айналып өтуге болмайды. Жауапкершілікті жүктеу субъективтік азаматтық құқықты бұзумен байланысты екендігіне қарамастан азаматтық – құқықтық жауапкершілік сырттай бұзылғаныннан бөлек ерекше міндеттеме болып көрінеді. Әңгіме салыстырмалы құқықтардың бұзылуы туралы болған жағдайды, оларға міндеттемелік субъективтік азаматтық құқықтарда жатады, жауапкершілік борышкерге құқық бұзушылық жасауы нәтижесінде алғашқыдан туындайтын қайтара міндеттемені жүктейді.
Өзінің заңдық мәні жағынан мұндай қайтара міндеттеме қорғаушы құқық қатынастарының өзінше бір түрі болып табылады және оның реттеуші құқықтық қатынастар жататын алғашқы міндеттемеден айырмашылығы осында.
Сондықтан міндеттемелік құқықты бұзғандық үшін санкция қосымша азаматтық – құқықтық міндеттемені білдіреді, оның ерекшелігі өзінің мүліктік сипатта болуында.
Негізгі міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен туындайтын қосымша міндеттемені орындау ғана құқық бұзушыны қосымша мүліктік салдарына әкеледі.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікке белгілі бір өзіндік ерекшеліктер ескерілген азаматтық – құқықтық жауапкершілік туралы негізгі ережелер таралады, оларға – жауапкершіліктің болуы мен негізгі шарттары, сондай - ақ міндеттемелік құқықтарды қорғауда қолданылатын белгілі бір санкциялар құрамы бойынша ерекшелік жатады.
Міндеттемені бұзған үшін жаупкершілік және міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік шараларына жататын санкциялар туралы мәселені қарағанда міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік жүктеу міндеттемелік субъективтік азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерінің бірі ғана екенін ескеру керек. Бұл қорғау, сонымен қатар, регулятивтік және ескерту тәсілдерімен де жүзеге асырылуы мүмкін.
$2 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың формалары.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік құқық бұзушыға қосымша міндеттеме жүктеу түрінде болатындықтан міндетеме бұзғандық үшін азаматық-құқықтық жауаптылықтың формасы ретінде, құқық бұзушы үшін белгілі бір қолайсыз шаралардың, міндеттемені бұзғандық үшін санкцилардың көрініс табуы болып табылады. Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық - құқықтық жауаптылық формаларына тән, онсыз болуы мүмкін емес сипатқа олардың қосымша мүліктік сипаты жатады.
Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық - жауаптылық мынадай формада болады:шығынды өтеу; тұрақсыздық айыбын төлеу ; кепіл - пұлды жоғалту не кепілпұлдың қайтарылған сомасын басқа қосымша сома төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша алынғанның бәрін мемлекет пайдасына тәркілеу; кепілге салынған мүлікке, сондай-ақ ұстап қалу ережесіне сәйкес ұстап қалынған мүлікке меншік құқығын жоғалту; моральдық залалдың орнын толтыру және т.б. Міндетемені бұзғандық үшін жауапкершілік формалатының бұл тізбесі толық емес. Борышкердің немесе үшінші жақтың құқық бұзуына негіз болған және құқық бұзушыға қосымша мүлік айыруды жүктейтін кез-келген айрықша қосымша міндеттеме міндеттемені бұзғандық үшін азаматық-құқықтық жауаптылықтың формаларына жатады. Сонымен қатар, шығынды өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеу міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың бірден-бір формасы болмаса да, неғұрлым көп таралған түрге жататындығын атай кетелік.
1 Шығынды өтеу
Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың жалпы шарасы болып табылады, ол кез-келген субъективтік азаматтық құқықты қорғаудың қолданыла алмайды. Шығындар ұғымы және азаматтық құқықты бұзудың барлық жағдайларында қолдану мүмкіншілігі АК-ның 9-бабының 4-тармағында көзделген. АК-ның 350-бабына сәйкес, өз міндеттемесін орындамаған борышкер несие берушіге міндеттемені бұзушылықтан болған шығындарды өтеуге міндетті, яғни құқық берілген адамды шығынға отырғызған кез-келген азаматық құқық бұзушылықта шығындарды өтеуге жол берілген. Бұл ретте, жалпы ереже бойынша, міндеттемені бұзғандық үшін шығындарды өтеуге қатысты шығындарды толық өтеудің АК-ның 9-бабының 4-тармағында бекімін тапқан бас принциптері қолданылады. Шығындарда толық көлемде өндіртіп алу мүмкіндігін шектеу заң актілерінің нормаларында немесе шартта көзделеді.
2 Шығындарды толық өтеу принціпі
құқықтың бұзылуына байланысты несие берушіде туындаған нақты залалдың да, және жіберіп алынған пайданың да өтелуін көздейді.
Нақты залал дегеніміз өз құқығының бұзылуына байланысты жұмсаған шығындардың жиынтығы (яғни бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін есептелген шығындар), оған жоғалған не бүлінген мүліктерді қалпына келтіру шығындары да кіреді. Бұл ретте, нақты залалды өтегенде несие берушінің жұмсаған шығындары да, ол жұмсауы тиіс шығындар деп есептелінеді.
Несие берушінің құқығы бұзылмағанда ол дағдылы айналым жағдайында алуы мүмкін табыстың кемшілігі қолдан жіберіп алынған пайда деп түсініледі.
Қолдан жіберіліп алынған пайданың мөлшерін анықтағанда несие берушінің оны алу үшін жүргізген шаралары да, сол табысты алу мақсатында жасалған дайындық жұмыстары да ескеріледі. АК-ның несие берушінің кінәсі туралы (364-бап) және несие берушінің мерзімді өткізіп алуы туралы (366-бап) нормалары ескеріліп, қолдан жіберіліп алған пайданың мөлшерін анықтағанда несие берушінің шығынның ұлғаюына әсер еткен кінәсінің де, несие берушінің мерзімді өткізіп алуының да мән-жайы ескеріледі, олардың қолайсыз салдарлары, оның ішінде, шығындар да, несие берушіге жүктеледі. Бұл ретте қолдан жіберіліп алынған пайданың мөлшері объективтік критийлер негізінде және нақты құқық бұзушылықтың барлық мән-жайлары ескеріліп анықталуға тиіс. Несие берушінің абстрактылы ұсынған, барлық мән-жайлар ескерілген, борышкердің жауапкершілігінң азаюына септігі тиетін нақты деректерге негізделген есептері назарға алынбайды.
Субъективтік міндеттемелік құқық бұзылғанда барлық уақытта бірдей шығын бола бермейді, не шығын өзіне тек нақты залалдарды немесе, қолдан жіберіліп алынған пайданы ғана қамтуы мүмкін. Сондықтан шығындарды көрсету үшін «нағыз шығындар» терминді де қолданылады, ол нақты құқық бұзудағы шығынды көрсетеді. Тиісінше нағыз шығындар ұғымына белгілі бір нақты мән-жайларда не тек нақты залал, не тек қолдан жіберіліп алынған пайда, не нақты залалмен жіберіліп алынған пайданың жиынтығы кіруі мүмкін. Бұл ретте кейбір жағдайларда, мысалы, заң актілерінде немесе шартты шектеулі жауапкершілік көзделген болса, нақты шығындардың сомасы борышкерден өндіріп алуға болатын шығындардың мөлшерінен асып түсуі мүмкін.
АК-ның 358-бабына сәйкес, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік жүктелгенде толық өндіру принципін ұсынбау, әдетте, заң актілерінің міндеттемелердің кейбір түрлерін реттейтін не қызметің белгілі бір саласын реттумен байланысты нормаларында көзделген. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікті шартпен шектеу мүмкіндігіне АК-да және заң актілерінде көзделген белгілі бір ережелер сақталғанда қол жеткізуге болады. Мысалы, мұндай ережелер, қолдан жіберіліп алынған пайданы өндіруді шектейтін және тек нақты залалды өндіру мүмкіндігін қарастыратын келісімдерден басқа, тараптардың борышкерді міндеттеме бұзылғанға дейінгі шығындарды өтеуден босату жөнінде келісуіне жол бермейтін 350-баптың 2-тармағында тұтынушы ретінде саналатын азамат несие берушіге айналған міндеттеме бойынша жауапкершілік туралы өзге келісімге жол бермейтін 358-баптың 2-тармағында көзделген, егер бұл түр үшін немесе осы бұзушылық үшін жауакершіліктің мөлшерін заңнама анықтаған болса.......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтық жауапкершілік түсінігі
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
» Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Міндеттемелік құқық
» Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
» Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтық жауапкершілік түсінігі
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
» Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Міндеттемелік құқық
» Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Іздеп көріңіз: