Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру

Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру

Мазмұны
Кiрiспе......................................................................................................................3
I. Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері
1.1. Меншік мәні және элементтері....................................................................5
1.2. Меншік қатынастарының даму заңдылықтары.........................................11
1.3. Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама............................................................13
II. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері
2.1. Экономикадағы күрделі жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері ............................................17
2.2. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері.................................20
2.3. Қазақстан Республикасындағы реформа және жерге жеке меншік..........................................................27
ІІI. Қорытынды ...................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................33

Кіріспе
XXI ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің коғамдық дамуындағы аса маңызды мәселелердің бipi – меншік қатынастарын жан-жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу бүгінгі таңда негізгі мәселе . Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп қырлы. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын қамтиды. Бүгінгі танда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бipi және пікір-талас туындайтын тақырыпқа айналып отыр.
Нарықтық экономикаға көшу – меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы жатыр. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезеңінде оның көптеген объективті мәселелері өз шешімін күтуде.
Қазіргі таңда айқындалып отырғандай, бұрынғы көзқараспен социализм орнату жолында деп есептелінген елдердегі элеуметтік-экономикалық жүйенің күйреуiнің басты себептерінің бipi – мемлекеттік меншік қатынастарының үстемдікке ие болуы. Сол себепті де оларды өзгерту және түбегейлі құру туралы қортынды жасалды. Сөйтіп, бұл проблемаларға қоғам тарапынан өзіндік көзқарас білдipy мәселесі алға тартылып отыр. Бүгінгі таңдағы меншік ұғымының төңірегіндегі пікір-таластарды талдау мен меншіктің нақты әр түрлі формаларын өндірудің мәнін түсіну үшін аталған күрделі проблеманың теориялық негізін анықтау қажет.
Қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінде меншік мәселесі, даму перспективасы ең алдымен көтеріліп, жалпы қозғалыстың, дамудың өзіндік өзегін құрайды. Қоғамның, мемлекеттің, жеке адамдардың болмысының даму заңдылықтары, өндірістің материалдық және рухани негіздері барлығы да меншік жүйесіндегі маңызды өзгерістерге тәуелді.
Іc тәжірибеде және теорияда терең зерттеп, саралауды талап ететін құбылыстардың қатарында, меншік ұғымы мен жүйенің ішкі даму заңдылықтарын және түр өзгерістерінің себеп-салдарлы байланысын анықтау, екінші кезекте, осыдан туындайтын шаруашылық құқықтық қатынастардың нормативтік негіздері мен өзара тәуелді қатынасын анықтау мәселесі аса маңызды міндетке айналды. Жеке меншік немесе мемлекеттік меншік құбылыстарының сан-алуан түрлерінің өзіндік даму заңдылықтары мен қайшылықтары ғылыми негізде шешілуі тиіс.
Меншік туралы ғылыми еңбектердің молшылығы К.Маркс пен Ф.Энгельс жүзеге асырған “Капиталдың” 4-томында және дайындық жұмыс қолжазбаларында жинақталған.
Кейінгі жылдары жарық көрген монографиялар мен ғылыми мақалаларда меншік мәселесінің Қазақстандағы елеулі мәселелері жан-жақты қарастырылып, ғылыми концепциялардың бағыт-бағдары айқындала бастады. Іc – тәжірибедегі қайшылықтарды талдауда субъективті көзқарастарды арылтып, объективті негіздерін, қайшылықты дамуын сипаттайтын ғылыми негіздеуге ұмтылған еңбектер кездеседі. Аса маңызды мәселелердің бipi – өтпелі дәуірдегі меншік құрылымы мен шаруашылық жүйесінің тәуелді қатынастарын және жаппай жекешелендіру және оның әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін реттеу – басқару шараларына тікелей қатысы бар ғалымдар Ашимбаев Т.А, Нысанбаев Б.Н, Нәрібаев К.Н, Арынов Е, Әубәкіров Ж.А, Жатқанбаев Е.Б, Қалиев Г.А, т.б жұмыстарын атауға болады. (14)
I. Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері
1.1. Меншіктің мәні және элементтері
Меншік ұғымының мәнін анықтауда негізгі қағида "қандай да болмасын өндіріс жеке адамдардың қоғамдық форма (түр) шеңберінде және де сол арқылы табиғат заттарын иемденуі. Осы тұрғыдан, меншік ( иемдену) – өндіріс шарты қағидасы тавтологиялық (құрғақ қайталау) пайымдау болып көрінеді. Меншіктің бұл анықтау облысы, енді оны кез келген политэкономиялық ұғымдарға тән заңдылық – мән, мазмұн, форма тәуелділігі шеңберінде талдауды қажет етеді. Мән дегеніміз – құбылыстың ішкі құрамдас элементтерінің өзара бірлігін, ал мазмұн - ішкі, сыртқы факторлар әрекет етуінің ерекше формадағы көрінісі, байланыс заңдылықтары. Олай болса, форма тұрғысынан алып қарасақ мән, мазмұн қасиеттерінің көріну сипаты, сандық-сапалық көрсеткіштері экономикалық ұғымының (ғылыми категория) ерекше болмысы ғана, сыртқы көріну ерекшелігі. Форма – ic-қызмет түріне тікелей тәуелді. Бұл зандылықтар негізінде “меншік” ұғымы мәні экономикалық құбылыстардың (өндірістік қатынастар жүйесіндегі) дамуының мән-мазмұндық жаңару заңдылықтары, түр өзгерістерінің жаңа үлгісіне, түріне әсер етуі тиіс. Яғни меншік – өзіндік мәні, мағынасы бар ұғым ретінде көріну формасы мен мазмұнының жүйелі даму ерешеліктерін көрсетеді. Бұл – трансформация құбылысының негізі. Экономикалық әдебиеттерде “меншік,,,иемдену„,” қағидасын түсiндіру елеулі қиыншылықтарды бастан кешiрiп келдi. “Өндіріс – табиғат заттарын иемдену, игеру мазмұнын құрайды, ал меншік – оның әлеуметтік формасы” қағидасын сындарлы түсіндіру сирек кездеседі. Осы тұрғыдан бұл қайшылықты шешуде В.Н.Афанасьев пікірі орынды деп айтуға болады: “Табиғат заттарын адам өмір сүрунің негізіне айналдыру ретінде иемденудің қоғамдық формасы бар және ол өндіріс процесінің мәнін көрсетеді,,, (Еңбек процесі),,, ал иемденудің белгілі формасының өзі басқа қырынан қаралған өндіріс процесі немесе дәлірек айтсақ, “иемдену адамның өмір сүруін қамтамасыз ету процесі ретінде өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қайшылықты бірлігі”. Өндіргіш күштер тарапынан иемдену – еңбек процесі ретінде оның мазмұнын құрайды, ал өндірістік қатынас тұрғысынан – “меншік” атауымен қоғамдық мәнді формада көрінеді. Сонымен, меншік анықтамасын талдау, оның өмір сүру жағдай – шарттарын иемдену үшін болатын қатынас екенін көрсетеді. Бұл қатынас әзірше санада ғана бар, талдаудың бастама пункті (қайнар көзі) – абстрактілі ойлау жүйесіндегі үздіксіз қайталанатын қатынастардың мәнін анықтайды. Иемдену процесінің еңбек, меншік қырларының бірлігі мен айырмашылығы таным зандылығының ерекше сипаты ғана. Бұл, кейінірек, меншік пен еңбек ұқсастығы (айырмашылығы) заңы ретінде тұжырымдалады. Еңбек пен меншік ұғымдары мәндерінің өзара кірігу (взаймопроникновение) процесі иемденудің аса бай мазмұнын құрайды, бірақ шешуі де өзара сәйкес келмейді. Үздіксіз дамып бірегей құбылыстың – иемденудің қарама-қарсы екі ұғымдардың мән-мазмұнын, формасын біріктіру – меншіктік сипатын, даму зандылықтарын да анықтайды. Бұл мағынада меншікті иемдену арқылы анықтау тавтология (құрғақ мылжың) емес, керісінше, меншіктің өндіріс алғы шарты, дамыған нәтиже ретінде өндірісте жүзеге асатын нақтылы иемдену процесі екенін көрсетіледі. Екіншіден, өндipic нәтижелерін иемдену (бөлу, айырбас, тұтыну) меншік қатынастарын нақтылайды, сандағы қатынастарды объективті, материалдық сипатқа ие етеді. Сонымен, иемдену өндіріс факторларын, өндipic нәтижелерін өмір сүру үшін игеру меншіктің мән-мазмұнын анықтайды. Ғылыми ұғым элементтері ic-тәжірибеде нақтылы жүзеге асып жатқан ic-қызмет формаларымен мазмұны байиды. Меншік – ғылыми ұғым, меншік – ic-қызметтің ерекше формасы ретінде өндipic процесінде ғана айқын көрінеді. “Меншік – ғылыми ұғым” жүйесін талдаудан ғылыми зерделеудің келесі кезеңі – жалпы экономикалық жүйедегі оның (ұғымының) ic-әрекет ету қызметін, механизмін (тіптен түр өзгерістерін) саралау арқылы еңбек, өндipic процесінің даму сатыларына сәйкес бейнелеуді талап етеді. Бұл жіктеу (“Диалектика собственности” Я. Аубакиров, Б. Байжұманов) меншік қатынастарының диалектикалық дамуын дәлме-дәл айқындау үшін қызмет етеді.
Бұл айтылған тұжырымдардың екі үлкен қорытынды жасауға болады. Біріншici, “меншік” ұғымы өндірістік қатынастар жүйесінде дамымаған нәтиже ретінде бастама қызметін (қайнар көзі) атқара отырып, өндipic нәтижесінде дамыған бастамаға (нәтижеге) айналады, яғни үздіксіз жетілдіріп отыратын себеп-салдарлы дамуды көрсетеді. Мәселе, енді, оның түр өзгерістерін, даму сатылары мен кезеңдерін дәлме-дәл айқындау мүмкіндігін табу. Бұл үшін ұғымның ішкі элементтерін, мүдделері, қажеттіліктер, өндipic факторлары сияқты нысандардың өзара тәуелді байланыстарын зерттеу қажеттігі туындайды. Екінші қорытынды, меншік ұғымының ғылыми жүйесі оның нақты өмірде кездесетін сан-алуан бай формаларының ерекшеліктерінен тазартылған, аршылған абстрактілі – логикалық жалпылама, баршаға ортақ түсінікке алып келуі тиіс. Мәселен, “Байлық” ұғымы адам енбегімен өндірілген өнімдердің бәріне тән қасиеттердің ортақ сапасының сандық өлшемі, осы тұрғыдан А.Смит оны “меншік” ұғымының синонимі ретінде қабылдайды. Немесе “ақша” ұғымы тауарлар дүниесінің негізгі қасиетінің бipi – айырбас құнының, құнның жалпыға ортақ өлшемінің қоғамдық мәнін абстрактылы-логикалық бейнелейді. Ақшаның анықтамасының өзі 3 қасиеттең бірлігі – тауар, ерекше тауар, жалпы эквивалент – көрсетеді, яғни ұғымның өзі құрылым элементтерінің жүйесінің айқындаушысы қызметін атқарады.
Ал, “меншік” ұғымына келгенде бүгінгі политэкономия ғылыми “иемденуден” басқа еш нәрсе айта алмайды. Және де оның заңгерлік анықтамаларын ғана талдамайды. Бұл политэкономиялық мәнді заң-құқықтық мазмұнмен қарадүрсін түсіндіруге алып келеді. Экономикалық құбылыстардың бастапқы нүктесі, дамыған жиынтығы, барлық қайшылықтарын өз бойында ерекше жүйемен байланыстырып сипаттайтын меншік ұғымының құрылым элементтерін анықтау аса маңызды мәселе. Бұл элементтер басқа туынды қатынастар бойында түр өзгерістерге ұшырағанымен, өзіндік болмысын басқа деңгейлерге ұдайы қайталап отыру қажет. Сонда ғана, өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштер даму диалектикасы тарихи-логикалық негізделедi. “Меншік дегеніміз – адам өмірін ұдайы өндіру” қағидасы меншіктің мәнін, қызметін көрсетеді, өндірістік қатынастардың алтын кілті қызметін атқарады. Адам өмірінің танымдық негіздерін жоғары ортақ ұғым – атау жүйесін адамдардың бәріне ортақ құбылыс мәніне сәйкес қажеттіліктер мен мүдделердің үздіксіз дамуын ғана көрсетеді. Адамның болмысы – қажеттіліктерінің инстинкттен сапалы қалыптасуы заңдылығын, санадағы ic-әрекет, мақсат-мұраттарының (мотиві) мүддеге өмір сүру қажеттілігі мүдделер арқылы қоршаған ортаға қатынасқа айналады, яғни “меншік” ұғымын құрайды. Жануардан жабайы адамның, одан homo sapiens-тің шығуы – тарихи меншіктің бастама нуктесі. Сол себепті, “меншік” ұғымының ішкі элементтері ретінде элеуметтiк тұлғалардың қажеттiліктері мен мүдделерінің өндipic факторларына қатынасын көреміз, яғни осы 3 элемент арқылы меншік конституциясын айқындаймыз.
Өндipic факторлары деп – біз негізінен жер, өндipic құрал-жабдықтар жүйесін және адамның еңбекке кабілетін айтып отырамыз. Экономика курстарында оған 4-ші элемент – кәсіпкерлікті не 5-шi интеллектуальді байлықты да қосады. Ал, кейбір ғалымдар үшін өндipic факторларының саны – олардың ой-қиялымен ғана шектеледі.
Меншік дегеніміз – иемдену қатынасы - қажеттіліктер мен мүдделердің өмір сүру жағдай - шарттарына қатынасының адам өмірін ұдайы үздіксіз өндіру үшін болатынын көреміз.
Бұл анықтама, енді, меншікті нақтылы жанды тұлғасы бар, объекті – нысаны айқындалған, өзіндік ішкі элементтердің белгілі қасиеттерінің жиынтығы ретінде көрсетеді.
Меншік құрлымының бай мазмұны осымен ғана шектелмейді. Адам жеке өмір сүрмейді, жабайы тобырдан бастап қауымдастықтың ерекше түрлерінің шенберінде ғана өзіндік болмасын қалыптастырады. Қауым, отбасы т.б. әлеуметтік құрлымдар меншік құрлымына әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениет элменттерін кіргізедi. Қауым даму заңдылығы құқықтық қатынастардың дамуына алып келеді. Меншіктің сыртқы көріну түрі – құқықтық қатынастар, енді, өз кезегінде шешуші құбылысқа айналады.
Қажеттіліктер мен мүдделер – әлеуметтік қауымдастық түрлеріне сәйкес меншіктің (полритэкономиялық тұрғыдан) жанды тұлғаларын қалыптастырады: жеке адам, отбасы, қауым, ру, тайпа, ұлыс, ұлт, халық. Бұл тұлғалардың даму тарихы – меншіктің ішкі құпиясы ретінде тарихы, этнографиясы т.б. ғылымдар шұғылданатын зерттеу нысаны.
Экономикалық теория үшін маңызды - қажеттіліктер мен мүдделердің себеп-салдарлы, өзара тәуелді байланысын жалпы сипаттау.
Екіншіден, меншік тұлғаларының өзара біріккен қажеттіліктері мен мүдделері жүйесінің даму заңдылықтарын белгілеу ғана.
Қауымнан жеке отбасыларының дербес шаруашылық жүргізуге бөлінуі, яғни өндіргіш күштер дамуының белгілі кезеңдерінде сәйкес жеке меншік институтының қалыптасуы әлеуметтік қауымдастық даму заңдылықтармен қатар жүреді.
Жалпы философиялық негізде талдау – адам қажеттіліктерінің табиғи (материалдық) негіздерімен бірге, оның әлеуметтік, рухани қажеттіліктерінің де үздіксіз дамуын көрсетеді. Осы тұрғыдан, қажеттілік дегеніміз – адам болмысындағы табиғат пен әлеуметтік факторлардың сезімдегі тіршілік етуге бағытталған түсінікті ғана бейнелейді. Бұл түсінікті түйсіктен (инстинкт) ерекшеленуі – ойлау жүйесінің ерекшелігіне байланысты көп сатылы деңгейде қалыптасады, сезімдік үлгі, мүдделер сипатында бекиді, қажеттіліктер мен мүдделер ұғымдарын жіктеу де ойлаудың абстракциялы жүйесінде ғана айқын көрінедi.
Қажеттіліктердің жіктелуі жеке санада ғана жүзеге асады. Ал, мүдделердің жіктелуі өндipic жағдайлары мен қоршаған ортаның әсерімен әлеуметтік қауымдастықтардың әртүрлі деңгейлерінде ұлттық санада берік орнаған, құқықтық формалар арқылы айқындалады. Мәселен, өзіндік меншік, жеке меншік, қауымдық не ру-тайпалық меншік, ұлттық немесе қоғамдық меншік ұғымдары мүдделердің жіктелу туындысы ретінде тарихи-құқықтық формада бекиді.
Меншік нысандарының даму ерекшеліктеріне қатысты меншік құбылысы күрделенеді, әлеуметтік тегеурінді күшке айналады.
Иемдену құбылысын материалдық және адамдық факторлардың диалектикалық тәуелді байланысында зерттеп-талдау ғылыми нәтижелердің сындарлы сипатына әсерін тигізеді. Барлық қоғамдарға тән абсолютті ақиқат болуы тиіс емес, олардың ерекшелігі, өзіндік мазмұны қалыптасады. Екіншіден, ғылым мен техниканың дамуына сәйкес меншік объектілерінің өндіріске тартылу сипаты, мән-мазмұны жаңа әлеуметтік формаларды талап етеді. Мәселен, адамның еңбекке қабілеті еңбек құралдары дамуымен тығыз байланысты және тәуелді қатынаста дамып отырады. Осы тұрғыдан, жұмыс күшін немесе еңбек қабілетін иемдену дегеніміз – жер және еңбек нәтижесі – өндіріс құрал-жабдықтарын иемденудің ерекше қырын ғана көрсетеді.
Объекті - нысандары иемдену ерекшеліктеріне байланысты талдауды жалғастырсақ.
Аса маңызды нысан - жерді иемдену құбылысы, негізінен, 2 сипатта көрінеді. Жер-ана ұғымы оның адамзат ұрпақтарының біріне opтақтығын көрсетеді. Тек дамыған қоғамда ғана жерді мемлекеттік шекаралармен бөлу санада бекиді.
Екіншіден, жер өндірістің жалпы негіздері ретінде табиғи байлықтардың қазбалары, жайылымдық және eгістік, орман-тоғай, су ресурстары түрінде өндіpic құрал-жабдықтары қызметін атқарады. Әлеуметтік қатынастардың нәтижесінде меншік нысаны ретінде жерге бұл қатынас әр түрлі дәрежеде жүзеге асады. Оған әсер ететін жағдай ретінде меншік титулын, еңбек құралдарының бар-жоқтығын, нақтылы еңбек қабілетінің қалыптасу деңгейлерін айтсақ жеткілікті.
Адам еңбегі нәтижесінде жасалған өндipic құрал-жабдықтарына меншік нысаны ретінде иемдену процесі бұрыннан бар, қордаланған байлықты иемденудің құқықтық формаларынан туындайды. Бастамасы белгісіз, соңы көрінбейтін үздіксіз өндіpic процесінің нәтижесі ретінде әлеуметтік негізделеді. Адамның өзін-өзі меңгеруі, табиғат заттарын игеруі, иеленуі еңбек процесі арқылы оның нәтижелерін де иемденуге жол ашады. Кез келген әлеуметтік құрылым осы негізде қоғам негізі – меншік қатынастарын нығайтады, құқықтық негізде қорғайды (жазба ескерткіштерден – Соломон жазбалары, Тәукенің “Жеті жарғысы”).
Осы меншік нысандары ішінде тарихи шешуші қызмет атқаратын – жерге меншік қатынастары. Мәселен, формациялық даму ілімінің атасы К.Маркс былай дейді: “Жерге меншік қатынастарынан өсіп шығатын өндipic құрал-жабдықтарына меншік жүйесі кез-келген экономикалық жүйенің базисін құрайды... Материалдық (рухани) игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларында осы негізде адамдар олардың еркінен тыс өндірістік қатынастар жүйесіне енеді... Бұл қатынастар өзінің болмысын анықтайтын өндіргіш күштер дамуына әлеуметтік шек қояды...”
Меншік ұғымы белгілі жүйеде кең өpicтey, даму арқылы аса бай мазмұнды береді. Жалпы философиялық, политэкономиялық, заң-құқықтық және шаруашылық мүлік қатынастарының макро-микроэкономикалық деңгейлерде көрініс түрлерінің сан-салалы сандық және сапалық қасиеттері тарихи иемдену шарттарына байланысты. Меншік – жалпы ғылыми ұғым (категориясы) ретінде, оның кез келген тарихи түрлерінен ерекшелігі иемденудің әдіс-тәсіліне, сипатына және де ішкі элементтерінің сандық және саплық тәуелділігімен айқындалады. Потенциалды түрде алғанда “меншік” ұғымы өз бойында “құмыраға қамалған жынның” сиқырлы күшін жинақтап, мүдделер қозғалысы арқылы болжап білмейтін, есептелмеген заңдылықтарға алып келетін құбылыс ретінде сипатталады. Бұл құбылыстың жүйедегі орнын, атқаратын қызметін, жүзеге асу құралдарын айқындау үшін жалпы мүдделердің мақсат-мұратын, тәуелді байланыстарының қайшылықты бірлігін көрсету керек. Иемденудің қайшылықты болмысын мына үзіндіден анық бағалауға болады: “...Жеке адамдар әрқашан өз болмысынан шығады және шығып келеді. Олардың қатынасы нақтылы өздерінің өмір сүру процесінің қатынасы болып көрінеді. Ал олардың қатынасы өздерінің дербес тіршілігіне қарсы тұруы қайдан шығады? Олардың өздерінің өмір сүру күштері оларға үстемдік жүргізетін күштерге айналуы неліктен? Егер бip сөзбен жауап берсек: нақты сәттегі өндіргіш күштерінің дамуына тәуелді дәрежедегі еңбек бөлінісінен деп жауап беруге болады”...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]