Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы

Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы

Мазмұны
Кiрiспе ………………………………………….......……………………………………… 4
I. Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
1.1. Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мазмұны мен мәнi……………6
1.2. Республикалық бюджеттердiң кiрiс мен шығыстары және оның құрылымы…………………...........12
II. Бюджеттiң кірісі мен шығысы түсімдеріне экономикалық талдау жасау
2.1 Республикалық бюджеттiң кірісі мен шығысының түсімдері …………..19
2.2 Бюджет балансы және бюджет тапшылығы………………........................26
III. Мемлекетті басқарудың негізгі нысаны ретінде бюджетті жетілдіру жолдары .......................28
Қорытынды……………………………………………………………………….33
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………….35

Кiрiспе
Бюджет - мемлекеттiк билiктiң қызметiн қамтамасыз ету үшін ақша қаражатын құру және жұмсау түрiн бiлдiредi. Бюджеттiк қатынастардың объективтiк сипаты мемлекеттiң қолында мемлекет үшін маңызды мiндеттердi шешуге қажеттi Ұлттық еңбек бөлiгiн мемлекет жолына шағындандыруымен бюджеттiк қатынастың объективтiк сипаты болып келедi.
Бюджет екi бағытта әрекет етедi:
1) ел экономикасын басқарудың, жоспарлаудың, реттеудiң(немесе қажет болған жағдайда аймақтық өзiн-өзi басқаруына қажет болған жағдайда) экономикалық темптiгi ретiнде;
2) территория мен сала арасында Ұлттық табысты тарату оныңкөмегiмен жүзеге асырылатын ақша қатынастарын Ұйымдастыру және қаржылық ресурстарды басқару механизмi.
Бiрiншi бағыттағы бюджеттi қолдану, бұл бюджет ел немесе аймақтық қаржылық жоспары екендiгiн бiлдiредi.
Екiншi бағыты - бұл бюджеттiңмемлекеттiңқаржылық жүйесiнiң тобы екендiгiн бiлдiредi. Бюджеттi қолдану мемлекеттiң қаржылық саясымен айқындалады, бюджеттiк саясат оның бiр бөлiгi болып келедi. Бюджеттiк саясат – бұл бюджеттi құру, бюджет барысын реттеу, бюджет тапшылығын басқару және бюджеттiк бақылауды Ұйымдастыру бойынша заңдық, экономикалық, Ұйымдастырушылық шаралардыңжиынтығы болып келедi. Бұл жұмыста мемлекеттiк бюджеттiңэкономикалық мәнi мен мемлекеттiк бюджет тапшылығыныңмәселелерi қаралып отыр. Бюджеттiңреттеушiлiк ролiнiңартуы оны қаржылық шаруашылық жоспары ретiнде қарауға негiз болды, ол экономикалық тұрақтылыққа қолжеткiзу және құрылған тұрақтандырушыкөбiнесе бюджеттiк механизмныңмұндай тағайындалуы көп жазылған табыстық бөлiгiнiңқалыптасу сыпатына және шығыныңбағытталуыныңкөздерiне байланысты болып қаралады, ол түсімнiңмынадай негiзгi тұрлерiнен құралады: табыстық салық, кәсiпорындар мен корпарациялар салығы, әлеуметтiк сақтандыру жарнасынан, акциздерден, тұтыныс заттарыныңсалығынан құралады.
Меншiктiк табыстарына жататындары салықтар мен жиындары сол бюджетке түсетiндерi, сонымен қатар мүлiктi жекешелендiруге және оны сатудан түскен табыс, жердi жалға бергеннен және басқа да мүлiктi жалға бергеннен, айыппұлдар мен т.б. түскендерi жасады.
Табысты жоспарлау – бұл сай келерлiк бюджетке толығымен немесе тиянақты белгiленген ұлесте тұрақты немесе ұзақ уақыттық негiзде бекiтiлген тәртiппен түсуi болып келедi.
Жұмыстың аналитикалық бөлiмiнде қазiргi жағдайы оның тапшылық мәселерi мен одан шығу жолдары қарастырылады. Барлық деңгейден бюджеттің шығындары бюджетке еңгiзiлген ағымдық шығындарға бөлiнедi және дамуға бөлiнген жұмсалулары да бюджетке енгiзiледi.
Одан әрiде бұған толығырақ тоқталамыз. Бюджет табысы оның шығынына теңелуi қажет. Шығындарының табыстың артып кетуi бюджет артылуын тудырады, яғни қаражаттың бос қалуын туындайды. Ол алып тастауға жатпайды.
Шығындардың табыстан артып кетуi бюджеттiң тапшылығын құрайды. Бюджеттiң тапшылығы бәрiмiзге белгiлi болып отырғандай қажетсiз-ақ.
Ол аймақты қаржылық қолдау қорына қаражатынан, дотация, субвенция есебiнен, сонымен қатар несиелер мен займдар шығару есебiене жабылады. Егер бюджеттi орындау барысында тапшылықпен бекiтiлген деңгеймен артып кетсе, онда шығынды секвестерлеу механизмi еңгiзiледi. Мұның не екендiгiн жұмыс барысында бiздiң елiмiздiң бюджеттiк жүйесi қаралады. Өйткенi бюджет республикамыздың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын көрсетедi. Бюджеттiк қаражаттардың қалай орындалуын, қалыптасып және жұмсалынып жатудың маңызын бiлген жөн. Республиканың бюджетiнiң қалыптасуы мен орындалуы ҚР “Бюджет жүйесi” жайлы заңына сай негiзделiнедi.
Бұл жұмыс барысында бiз толығырақ түрде әрбiр тарауын аша отырып, оның iшiнде бюджет жайлы және бюджеттiк тапшылық, Қазақстан Республикасының бюджеттiк жүйесi жайлы, бюджеттiк саланың тапшылығы оны жою бойынша жүргізiлген шаралар жайлы, елдегi қаржылық тұрақтылық және дұрыс макроэкономикалық тенденцияларды бекiтуге толығырақ тоқталамыз.
I. Мемлекеттік бюджеттің атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
1.1 Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мазмұны мен мәнi
Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшелiктерiн бiлдiретiн айрықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiң кәсiпорындармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiңайрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға қоғамдық қажеттердi өтеуге арнаған. Орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты.
Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатынастарынан түзеуге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы “мемлекеттiк бюджет” деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттiк бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретiнде объективтiк сипатқа ие. Оны бөлудiң дербес саласы ретiнде өмiр сүруiн қоғамдық өндiрiстiң өзi айқындайды.
Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етедi. Қаражатты орталықтандыру халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздiксiз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажет. Арнаулы бюджет саласының құндық бөлiнiсi мемлекеттiң табиғаты мен қызметiнен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға, бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтiк-мәдени шаралар өткiзуге, қорғаныс мiндеттерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етедi.
Сөйтiп мемлекеттiк бюджет ұдайы өндiрiстiң қажеттерiнен мемлекеттiң табиғатынан объективтi қажеттiлiк туындайтын болып табылады.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажыратататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан жеке құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы, ол ұлттық шарушылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында-бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор-бұл қоғамдық өніммен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Экономика қазiргi жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салық және аумақтық құрылымдар мүмкіндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты учаскелерiнде шоғырландырып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Сөйтiп құндық бөлiністiң айрықша бөлiгi ретiнде мемлекеттiк бюджет айрықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктердi қанағаттандыруға қызмет етедi.
Нақты, объективтi бөлiстiң қатынастардың формасы болғандықтан айрықша қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттiк бюджет экономикалық категория ретiнде көрiнедi.
Қаржы қатынастарының жиынтығы ретiнде мемлекеттiк бюджетте қаржы категориясында мән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлiстiк сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүредi. Сонымен қатар бюджеттiк қатынастардың белгiлi бiр ерекшелiктерi болады. Бiрақ ол ерекшелiк қаржыға тән сипат шегiнен шықпайды. Мемлекеттiк бюджет құн бөлiнiсiнiң айрықша саласы ретiнде мыналармен сипатталады.
Жиынтық қоғамдық өкiмiнiң мемлекеттiң қасында жинақталып, қоғамдық қажеттердi өтеумен байланысты бөлiс қатынастарының айрықша экономикалық формасы болып табылады.
Құнды жасап, оны тұтыну процесiн бедерлейтiн материалдық өндiрiс қаржысы мен құнды тұтынуға қызмет ететiн өндiрiстен тыс сала қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары, аумақтар экономика секторлары қоғамдық қызмет салалары. Арасында құнды қайта бөлiкке салуға арналған.
Қоғамдық өнiмнiң тауар формасындағы қозғалысымен тiкелей байланысы жоқ құнды бөлiсiн, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндiрiс пен өндiрiстен тыс салаларды қаржы қатынастары тауар-ақша қатынастарымен астасып жатады.
Кез-келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарды бейнелеп, ссудалық операцияларға лайық материалдық-заттық көрiнiс табады.
Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында - бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық (бөлiс) процестерi мемлекет жұмылдырып пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi.
Бюджет қоры - қоғамдық өнiм мен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайту халыққа әлеуметтiк–мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiндегi қажеттердi қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi алғы шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысыныңпроцесiн бiлдiредi.
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекетпен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкіл экономикаға ықпал құралы ретiндегi ролi көрiнедi.
Бюджет механизмi – мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формаларымен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiсiп салу жолымен жүзеге асырылады.
Өндiрiс құрал-жабдықтарына мемлекетiк меншiктiң әзiрше, басым болуы шаруашылықты үлестерiне жүргізудi қажет етедi мұның өзi бюджет қатынастарының жұмыс iстеуiнiң жоспарлы мақсатын алдын-ала айқындайды.
Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиiстi қаржы құжаты елдiң негiзгi қаржы жоспарында бейнеленетiндегi жеткiзедi. Онда бюджеттiң экономикалық мазмұнын құрайтын бөлiс процестерi қарастырылады. Кiрiстер және шғыстардың баптары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздерiмен жұмсалу бағыттарын көрсетедi. Негiзгi қаржы жоспары – мемлекеттiң жоспары қызметiнiң нәтижесi, онда қоғамның барлық мүлiктерiнiң мүддесiнен бейнелейтiн мемлекет еркi бейнелейдi. Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын “Мемлекеттiк бюджет” туралы заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
Қоғамдық ұдайы өндiрiстегi мемлекеттiк бюджеттiң рөлi, ең алдымен, өндiрiлген Ұлттық табыстың 39 процентiнiң жалпы қоғамдық өнiмнiң 18 процентiнiң бөлiгi және қайта бөлуге түсуiнен көрiнедi. Ол жоғарыда атап өтiлгендей қаражатты елдiң халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндiрiс секторлары, экономикалық аудандарымен аумақтары арасында бөлiнедi.
Бүкіл халық шаруашылығының бюджетi болғандықтан, мемлекеттiк бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды.
Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс саласында оның өсуiнiң ретiнде зор роль атқарады. Бюджет қаржысы жеке (жеке кәсiпорындар шеңберiнде) және қоғамдық (бүкіл халық шаруашылығы ауқымында) қорлар қозғалысын. Кәсiпорындағы күрделi жұмсалымдары мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсiпорындардың өзiндiк айналым қорларына қосылып оның, iркіліссiз бiр қалыпты жүруiне мүмкіндiк бередi.
Өндiрiстен тыс салалардағы бюджет қаржысы олардың қызметiнiң одан әрi дамуының басты көзi. Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың басым көпшiлiгi өздерiнiң табыс көздерi жоқ болғандықтан, мемлекеттiк бюджеттен қаржылындырылады. Бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы мемлекеттiң шығындары -жалпы мемлекеттiк ауқымдағы әлеуметтiк мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндiк беретiн қаржы базасы. Өндiрiстiк емес салалардың қызметiн қаржы ресурстарымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемiн қалыптастыруға, оны пайдалану да аудандық пропорцияға, оны пайдалануда аудандық пропорцияға әсер етуi мүмкін.
Бюджет жүйесi экономикалық қатынастармен заң нормасына негiзделген өз алдына жеке бюджеттердiң жиынтығы.
Бюджет құрылысы дегенiмiз – бюджет жүйесiн құрудың принциптерi, оның буындарын өзара байланыстырудың ұйымдық формалары.
Бюджет жүйесiнiң құрылымы елдiң Ұлттық, мемлекеттiк құрылысымен анықталады. Мемлекеттiк федеративтiк және унитарлық құрылыстры болуы мүмкін; бiрiншiсiнде үш буынды бюджет жүйесi қолданылады. Ортақ бюджет федералдық, республикалық, федерация, мүшелерiнiң республика, жер штат және т.б. бюджеттерi.
Екiншi екi буынды бюджет жүйесi қолданылады: орталық бюджет және жергiлiктi бюджеттер. Екеуiне де бюджеттердiң белгiлi бiр дәрежеде дербестiгi мен бөлектенуi бар бiрақ орталық төлемдерiн орталықтандыру және әлеуметтiк-экономикалық процестердi басқару деңгейiне қарай реттеп отырады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесiнiң құрылымына мыналар кiредi:
-Республикалық бюджет;
-Жергiлiктi бюлджет.
Жергiлiктi бюджеттер: облыстық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық бюджеттер.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшылығымен айқындалады.
Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді.
Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді.
Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда:
• ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру;
• әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
• ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.
Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдеріне, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігіне, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігіне көрінеді.
Мемлекеттің бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары,әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары-салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады.
Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды.
Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлтттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді.Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау,оны жасау мен....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]