Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру

Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................................3
І Тарау. Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
1.1 Қоғамдағы балабақшалардың тәрбиелік мәні...........................................5
1.2 Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелелеу, білім беру жұмыстарын үйлесімді ұйымдастыру................................................................10
1.3 Балабақшадағы тәрбиені дамыту мониторингі......................................13
ІІ Тарау мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді жаңарту жолдары
2.1 Мектепке дейінгі топтарда тәрбие жұмысын ізгілендіру және дараландыру......................................................16
2.2 Мектепке дейінгі топтарда тәрбие жұмысын жекелей және даралай жүргізу..................................19
2.3 Қазіргі заманғы бағдарламалардың өзіндік ерекшелігі..........................21
Қорытынды...................................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27
Қосымша.........................................................................................................................28

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі:
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Зерттеудің мақсаты:
Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдау, ғылыми негіздерін белгілеу. Және де мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту әрекетін дамыту әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеті:
- Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми – теориялық негіздерін анықтау;
-Балабақшадағы балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру жұмысының мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
Зерттеудің әдістері: Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнынын жаңартуда педагогикалық – психологиялық әдіс – әсілдердің бірі әңгіме әдісі, сұрақ – жауап әдістер, бақылау және байқау әдістерін қолдану.
Теориялық қолданымы:
Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыр уды жалпы тәрбие мен білім беру әрекетін жүзеге асыру.
Практикалық қолданымы:
Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту жұмысының нәтижелері жалпы білім беретін балабақшалардың оқу процесінде енгізілген жағдайда, балалардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға кең мүмкіндік жасайды. Зерттеу материалдарын балабақшадағы оқу пәндерін оқыту үрдісіне кеңінен пайдалануға, және – де балабақша тәрбиешілерінің білімін жетілдіру және қайта даярлау курстарында пайдалануға болады.
І Тарау Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
1.1 Қоғамдағы балабақшалардың тәрбиелік мәні
Балалар мектепалды топтарын бітіргенде толықтай бағдарламаны менгеріп шығады. Буынға еркін бөліп оқуға, жазбаша, ауызша есеп шығаруға ойларын жеткізе білуге дағдыланады. Әр тоқсан жаңа жыл аяғында балаларға байқау тест өткізіледі. Сәуір айында облыстық білім басқармасынан келген тексеруде балалар білімі жақсы көрсеткіш берді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі "Білі.м беруді дамыту тұжырымдамасында" 5-6 жастағы бала міндетті түрде мектепке дайындықтан өтіп баруы тиіс делінген. Онда баланы оқьггу бағдарламаның үйлесімділігі, оны шаршаудан қорғау мақсатында оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, денсаулығына назар аудару, баланың оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру көзделген.
2003-2004 оқу жылында 5-6 жастағы 3453 баланың 18 пайызы ғана балабақшада тәрбиеленсе, 2004-2005 оқу жылында 3356 баланы міндетті мектепалды даярлықтан өткізуіміз тиіс еді. Аталған жағдайларды сараптап қарасақ қаламыздағы алты балабақшаның жобалық сиымдылығы 1020 орын, қазіргі таңда 1,5 -6 жасқа дейінгі 670 бала барлығы 1195 бала оқып тәрбие алады. Тұжырымдамада көрсетілгендей, баланың дем алуын, оқуын, тамақтануын қамтамасыз ететін болсак, қаламызда балаларды дайындауға тағы 1-2 балабақша немесе мектепалды даярлық сыныбы қажет. Себебі қазіргі таңда қаламыздағы бес балабақша баламен толық және 5 жасқа дейінгі 200 бала, 5-6 жастағы 150 бала орын алуға кезекте тұр. Кадр мәселесіне келсек, кәсіпорын педагогтары 1999 жылдан бері жыл сайын балаларды мектепке дайындап, олар дайындаған балалар мектеп, гимназияларда жақсы оқушы атанып жүр.
Білім негізі —бастауышта қалады десек, оған барар жол балабақша қабырғасында мына төмендегідей проблемадар шешілуі тиіс.
1.Балаларды толықтай мектепалды бағдарламасымен қамту үшін жабылған бала - бақшаларды қайта ашу немесе мектеп жасынан арнайы талапқа сай топтар ашу (ойын бөлмесі, тамақтануы, демалуын қамта-масыз ету).
2. Топтағы бала санын реттеу.
3. Мектепалды даярлық пен бастауыш білім арасында сабақтастық болатын жүйелі бағдарлама жасау.
4.Мектепалды топтарды оқыту үшін жан-жақты жетілген кадрларды даярлау, қабылдау.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ен маңызды міндеттерінің біріне айналды.
Қазакстан Республикасының 2015жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық делінген. Осы тұжырымдаманы негізге ала отырып, мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, нәтижелі жалғастырып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 109 балабақшада, 880 мектепте мектепалды дайындық сыныптары (топтары) бар. Ол мекемелердегі баланың бастауыш мектепте қиналмай оқып кетуіне жағдай жасау мақсатында мектепалды дайындық сыныптары жұмыс істейді. Мектепалды дайындық сыныптарының ашылғанына 5 жыл болды десек, осы жылдар ішінде ҚР Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінде бірнеше нормативті құжаттар қабылданды. Министрліктің 1999 жылы шілденін 15 жұлдызындағы №97 бұйрығымен Жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардағы мектепалды дайындық сыныптары мен топтары үшін «5-6 жасар балаларды жалпы білім беретін мектеп жағдайында мектепке дайындау» бағдарламалары, «Балабақшада 5-7 жасар балаларды мектепке дайындау», бағдарламалары дайындалып білім мекемелеріне таратылады.
Ал 2003 жылы Қазақстанның Мектепке дейінгі тәрбие тарихында бірінші рет Білім және ғылым Министрлігінің басшылығымен мектепалды дайындықтың оқу - әдістемелік кешендері (оқулыктары) дайындалып таратылады. Оқулықтар көркем безендірілген, балалардың жұмыс істеуіне өте ыңғайлы, дамыту тапсырмалары баланың жас ерекшелігіне сай келеді. Педагог кадрлар үшін оқулықтардың кешенді түрде дайындалуы үлкен жеңілдіктер әкелді. Өйткені, онда баланың «Әліппе – дәптерімен» қатар, мұғалімге көмекші құрал – дидактикалық материалдар мен әдістемелік құрал бірге дайындалған. Балаларды мектепке жан — жақты дайындауға көмегі мол. Сондықтан аталған оқулыктар үшін Білім министрлігіне алғысымыз шексіз. Баланың білім сапасын қазіргі таңда мектеп бітірушідердің 2003-2004 оқу жылындағы Біріңғай Ұлттық тестердегі жинақтаған балына байланысты сараптаптасақ, сол сапаны қамтамасыз етуді бүгінгі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудан бастауымыз қажет. Сондықтан бүгінгі танда мектептер мен балабақшаларда оқу тәрбие жұмысын бірнеше аспектілерден қарауымыз тиіс. соның бірі білім мен тәрбиені ұйымдастырудың жүйесі. Ол жүйе төмендегідей болуы тиіс: (А қосымша)
- Мектепалды дайындық тобындағы оқу - тәрбие жұмысынын мазмұны мен ұйымдастыру дың тиімді әдістерін тандап алу.
- Мектеп пен балабақшадағы кадрларды дұрыс іріктеп алу.
- Материалдық - техникалық және медициналық - әлеуметтік жағдай жасау.
- Мектепалды дайындықтың сапасына әлеумет пен ата - аналар қауыммен бірге ұйымдастыру.
Аталған міндеттердің біріншісін шешуде білім мен тәрбиедегі ұтымды технологияларды пайдалану үлкен нетиже береді. Оқу –тәрбие ісінде Ә. Жүнісбеков пен Зайцевтін баланың жылдам сауатын ашу, санауға үйрету технологиясы, М. Монтессоридің сенсорлық тәрбиесі, Л.С. Выготскийдің баланың «болашақ даму аймағын болжай дамыту» технологияларының ролі зор. Тәрбиеші, мұғалім бастан аяқ өзі түсіндіріп, өзі қорытынды жасамай, баланың өзі ізденіп, талдау жасап, қорытындыға келу, өзінше жол таба білу, проблеманы шешудін сара жолдарын іздеп, табушы болуына мүмкіндік берілуі тиіс. Ондай жағдайда бала оқып - біліп жатырмын деген ойда емес, ойнаудамын деген түсінікте болады. Өйткені бұл әрекеттердің бәрі баланың бойында «даму орталықтарында» жүзеге асырылуы арқылы қалыптасады.
Ол даму орталықтары қандай болу керек деген мәселеге тоқталар болсақ, бейнелеу, табиғат материалдарынан балалардың өз беттерінше түрлі заттар жасау, қағаздан қию, шығармашылық ойындар ойнауға мүмкіндіктің болуы. Даму орталықтағы заттардың барлығы қозғалмалы, бала өз керегінше олардың орнын ауыстыра алады.
Екіншіден дұрыс іріктеліп алынған кадр мәселені нәтижелі шешетіні анық. Мектеп жүрегі - мұғалім десек, сол ұстаздарымыз қандай деген сұрак туады. Ұлағатты ұстаздар деген атқа лайықты болу үшін білімді де білікті болуы тиіс. Бізде ондай ұстаздардын қатары мектептер мен балабақшаларда жетерлік. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының №49 «Аленький цветочек » балабақшасының мектепке даярлық тобы тәрбиешісі А.Хоменко, №69 «Светлячок» балабақшасының мектепалды дайындық топ тәрбиешілері Окапова мен Г.Тұранова, №44 орта мектебінен Ж. Сейденова, Төлеби ауданының «Қарлығаш» балабақшасы-ның тәрбиешісі Қ. Тасымбекова, Төлеби ауданының «Таукешу» бастауыш мектебінен Э. Ешматова, Мактаарал ауданының Б. Момышұлы мектебінен Г. Мұсабекова, т.б.
Педагогтың білімін жетілдіріп шеберлігін шыңдауға көмектесетін шаралардың бірі ұстаздардын біліктілігін арттыру курстары. 2002-2004 жылдары үздіксіз білім беру институтыньгн курсынан 1200 ден астам мектепалды дайындык сыныптардың мүғалімдері өтті. Ол курстар институт базасында және аудандардын өтініші бойынша аудан қалаларында өтті. Мысалы 2002-2004 жылдары арнайы мектептегі мектепалды дайындық сыныптары мұғалімдері үшін Арыс, Түркістан қаласы мен Қазығұрт, Сарыағаш , Төлеби аудандарында өтті. Курс барысында педагогтар тек қана лекциялар тыңдап, практикалық сабақтар көрумен шектелмейді, тыңдаушылармен арнайы семинарлар, пікір алмасу, тәжірибе алмасу сабақтары «Шебер қолдар байкауы, экологиялық экскурциялар, «Кім алда», «Жылдам микрофон» іскерлік ойындары өтіледі, шығармашылық есептер тыңдалып, педагогтар тәжірибе алмасады.
Мектепалды дайындық сыныптары ашылғалы бері институтта бірнеше әдістемелік оқу құралдары дайындалып таратылды. Олар: «Көнілді математика», «Айналамен таныстыру экология негіздері», «Тіл дамыту», «Валеология», «Көркем әдебиеттер жинағы», «Жылдық календарлық жоспар түзуге көмекші әдістемелік құралдар», «Әдептілік әліппесі», «Дамыту ойындары» жинағы, «Бастауыш білім беру мамандарымен бірге мектептегі әдістемелік шараларды өткізу» жинағы дайындалды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру ісін жақсартудың бір жолы - ол педагогтар шеберлігін арттыру. Мектепалды дайындык бойынша озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, тарату, оқу - тәрбие үрдісін жанашыл технологиямен ұштастыра отырып, ғылым мен практиканы байланыстыру, оларды мектеп пен балабақша өміріне ендіру. Осы мақсаттарды іске асырудың бір жолы шығармашылық топ жұмысы болып табылады. Шығармашылық топ жаңа шыққан бағдарламаларды сынақтан өткізу, жаңа әдістемелік құралдарды дайындау ісіне көмектесу, практикалық сабақтар беру. Ондай шығармашылық топ үздіксіз білім беру институтының бастауыш білім беру кабинетінде бар, олардың біразының енбегі облыс көлеміне таратылған. Атап айтсақ, Шымкент каласынын №65 «Балбұлақ» балабақшасының қазақ тілі пәнінін мұғалімі З.Бұхарбекованың «Балаларды қазақ тіліне үйрету», №3 балалар үйінің «Балаларды табиғатта сауықтандыру», Төлеби ауданының «Қарлығаш» балабақшасының ағылшын тілін үйрету іс - тәжірибелері, осы балабақша әдіскері К.Нурсейтова мен институт әдіскері К. Әуелбекованың іс - тәжірибелерінен әзірленген «Әдептілік әліппесі» бағдарламасы мен әдістемелік құралы.
Ауданнан келген педагог кадрларға кез - келген уақытта тәжірибелік кеөмек беру мақсатында Шымкент қаласының №39 «Ландыш» балалар бақшасындағы педагогикалық шеберхана жұмыс істеп келеді. Балабақша ұжымы тәжірибелік сабақ көргісі келіп, тәжірибе алуға талпынған педагогтарды қабылдауға мүдделі, сондай - ақ жоспарлы түрде жылына 2-3 рет семинар сабақтарды педагог қауымды шақырып көрсетеді. Осындай жұмыс биылғы жылдан бастап Шымкент қаласының №65«Балбұлақ», №69«Светлячок». №100 «Буратино», №118 «Әсел» бақшаларында жана бағытта жүргізіліп келеді. Аталған балабақшалар әдістемелік орталықтары қызметін атқарады.
Осындай жетістіктерімен қатар әлі де болса атқарар істер жеткілікті. Жалпы білім беретін мектептерімізде мектепалды сыныптарда балдырғандардың тәрбие мен білім алуына әлі де толық жағдай жасалды деп айта алмаймыз.
Алдағы уакыттан күтеріміз - шебер де білікті мамандар қатарының толыға түсуі, бүлдіршіндерге мектеп пен балабақша үйінің қуаныш үйіне толык айналуы.
Қорыта келе айтарымыз: қазіргі кезде қала бала – бақшаларында 5-6 жастағы балаларды мектепке дайындауға біраз жағдай жасалған. Балабақша педагогтары балалар бойына барлық адамгершілік, имандылық қасиетті, білуге құшгарлықты дамытуға күш жігерін аямайды деп сенім білдіремін.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі кездегі білім берудің деңгейлері және балабақшадағы тәрбие
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі баланың қателіктеріне тәрбие тұрғысынан қарау
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]