Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану

Мазмұны
Кіріспе 5
1 Халық педагогикасы - бала тәрбиелеу құралы
1.1 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңнің дүниетанымын дамытуда халық педагогикасындағы бала тәрбиесі жөніндегі негізгі бағыттар 6
1.2 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасының алатын орны 12
2 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасының рөлі
2.1 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде қолданылатын халық педагогикасы элементтерінің түрлері 14
2.2 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңдегі халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік маңызы 22
2.3 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану әдістемесі 26
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда мектепке дейінгі педагогиканы оқытуда балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын халық педагогикасы арқылы болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде көп үлесін қосуда.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын халық педагогикасы негізінде меңгертіп дамыту.
Зерттеудің міндеті:
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңнің дүниетанымын дамытуда халық педагогикасындағы бала тәрбиесі жөніндегі негізгі бағыттарын қолдану;
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасының алатын
орны
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде қолданылатын халық педагогикасы элементтерінің түрлері
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңдегі халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік маңызы
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану
Зерттеудің объектісі. Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық оқыту үрдісі.
Зерттеудің пәні. Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану.
1 Халық педагогикасы - бала тәрбиелеу құралы
1.1 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңнің дүниетанымын дамытуда халық педагогикасындағы бала тәрбиесі жөніндегі негізгі бағыттар
Нәрестелік кезеңдегі бала тәрбиесіндегі халық дәстүрлері. Балаларға тәлім-тәрбие беру ісінің табысты болуы тәрбиеші олардың жас және даму ерекшелігін дұрыс біліп, өмірін, іс-өрекетін ұйымдастыруда басшылыққа алуына байланысты. Қазіргі мектепке дейінгі педагогика, психология ғылымдары бала дамуының бірқалыпты өтпейтіндігін (секірмелі, дағдарысты өтеді) ескеріп, балалық шақты жас шамасына қарай бірнеше кезеңге бөледі. Туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңде бала үш дағдарыс сәттерін: бір жаста, үш жаста, жеті жаста басынан кешіреді. Осыған сәйкес бұл жастағы балалар өмірі үш кезеңге бөлінеді: Мұндай жас топтарына бөлінуі бағдарламалар, әдістемелік құралдар, оқулықтар жасауда, оқу-тәрбие мазмұнын айқындауда күн тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруда нақты негіз болып табылады. Бала тәрбиесімен айналысатын болашақ мамандарға, ата-аналарға баланың даму кезеңдеріне сай психикалық жеке ерекшеліктерін білу тәрбие ісінде жетістіктерге жеткізеді.
Баланың нәрестелік кезеңіне сипаттама жасайтын болсақ, бұл кезеңдебалатезөсіп, дамиды. Осыны ескеріп маңсатты тәрбие, жақсы күтім жасалса, нәрестенің денсаулығы, дене бітімі мен психикасы бірқалыпты дұрыс дамиды.
Нәрестелік кезеңде баланың дұрыс дамуын ұйымдастыру үшін күн тәртібіне сай тамақ пен тазалық қажет. Жаңа туған балаға жарығы, жылуы мол арнаулы бөлме немесе бұрыш белгілеп, сонда әлпештеп күту керек. Бөлмені күніне бірнеше рет дымқыл шүберекпен сүрту, жазда, қыста жиі желдетіп отыру талап етіледі. Бала жататын бөлмеде шылым тартуға, кір жаюға, жаялықтарды кептіруге болмайды. Нәрестеге астына қатты төсеніш салынған, айналасы қоршалған төсек керек. Төсеніштің ішіне түбіт, мамық, паралон салмай, мақтаны пайдалану қажет. Өйткені жұмсақ төсек ыстық болады да баланы терлетеді. Басына аласа жалпақ жастық қояды. Ал биік жастық омыртқасын қисайтады. Баланың астына жаялықтан кейін кішкентай сулық салады. Нәрестенің жаялыгы мен сулығын, киімдерін (олардың бәрі мақтадан жасалады) күнделікті жуып, сыртқа кептіріп, екі жағын бірдей үтіктейді. Баланың киімдерін үлкендердің киімдерінен бөлек жуып, қайнатады. Нәрестені күнде жатар алдында шомылдырады. Баланы қайнатылған өсімдік майы, арнаулы кремдермен сылап-сипап майлайды. Алғашқы айларда ол өте нәзік, кінамшіл келеді, сондықтан оны әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтау, қолынан бетінен сүймеу, бөтен адамдарды жолатпау, серуендерге адамдар аз жүретін орындарды таңдау керек.
Нәрестемен өткізілетін ойын-сабақтар (жеке және топпен өткізілетін) балабақша бағдарламасында көрсетіл-ген.
Аталған ойын сабақтардың, күн тәртібі тазалық талаптары мен күтімінің, тәрбие шараларының бәрі - нәрестенің дұрыс дамуы (ағзасының өсіп, қатаюы мен психикасының дамуы) үшін қажетті шарттар. Бала психикасының дамуы нәрестенің негізгі ерекшеліктеріне байланысты. Атап айтсақ, 2,5-3 және 5-6 айлық баланың қол қимылы дамуының калыптасуы өзге дене мүшелеріне қарағанда басым келеді. Осының салдарынан нәрестенің психикалың дамуына туа біткен атавизмдік рефлекстер: жармасу, итеру (аяқпен) қимылдары емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау ықпал етеді; ал еңбектеу итеруден емес, қолдың қозғалысынан басталатынын, сол сияқты қармау мен еңбектеудің балаға қажетті қимылдарды үлкендердің үйретуі мен жаттатыру негізінде қалыптасатынын ғалымдардың (Н.М. Акса-рина, Г.М. Лямина, т.б.) зерттеу нәтижелері дәлелдеген.
Нәрестенің көруі мен естуінің ерекшелігі - дене қозғалысынан жылдамырақ дамуы, жаңа тәжірибелерді игеруі, адамға тән мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндігі шексіз.
Нәрестенің дамуына үлкендердің қарым-қатынасы және осы жастағы тәрбиенің халың дәстүрлеріндегі маңызына тоқталайық.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдың орындары болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, такпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортанын құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мерген болған. Халық педагогикасының үлкен бір саласы - қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келіп әсерлі әдет-ғүрып, салт-дәстүрлер болып халықтың өмірінде салт-сана болып қалыптасқан. Халық педагогикасындағы салт-дәстүрлердің ұлттык санаға сіңіп, бір жол азандастырылуы салт-сана деп аталынады. Ұлттың санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсе-теді. Ұлттық сананың қозғаушы күші - ұлттың намыс, ұлттык абырой. Ол жеке түлғалардың перзенттік борышын өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғүрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор. Нәрестелік кезеңде осы халық дәстүрлерінің алатын орны ерекше. Нәрестелік кезеңнен басталатын тәрбиенің калыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттың салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді. Олардың қатарында нәресте шыр етіп дүниеге келген күннен басталатын "Шілдехана", "Бөбекті қырқынан шыгару", "Балаға ат қою", "Бесік тойы", т.б. сияқты рәсімдерді атап айтуға болады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті - тәрбие құралы. Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, өс-өс, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүниені танытатын ғаламат туындылар. Бұл -халық педагогикасының үлкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. 3. Бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпал етуін айқын-дауда тәрбиеші іс-әрекеттің алуан түрлерімен танысады. Олар:
1. Ойын әрекеті - негізгі болып табылады.
2. Оқу әрекеті - жоспарлы, жүйелі жүргізуді талап етеді.
3. Еңбек әрекеті - оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін игеруді көздейді.
4. Қоғамдық әрекетте балаларды ұжымдық жалпы тапсырмаларды орындауға үйретеді.
5. Көркем өнер әрекеті - барысында баланың көркемдік ой-қиялын, арманын, елестету сезімін, логикасын дамытуға назар аударады.
6. Спорттың әрекетте баланың денсаулыгын нығайту, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту жолдары қарастырылады.
4. Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлер. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасқан. Халқымыздың салтында сәбиді қастерлеу, өте биік мұрат болып саналады. Ұл мен қызды бөле ажыратпайды, бәріне бірдей әкелік, аналық ерекше мейірімділікпен қарайды. Ұл баланы мұрагер, қыз баланы жатты жақындатушы деп ерекше ілтипатпен үміт артады. Сондықтан да үйге жас сәби келсе дос, жолдастары, ата-ананы сәбиімен құттықтап, қалауын білдіреді. Мұндай жағдайда қымбат бұйым болса да қалаушыны риза етеді. Өйткені қалаушының ниеті ұлық болып саналады. Ал жомарттың - біздің халқымыздың өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі. Осындай ғасырдан-ғасырға ұласып, ел екшеуінен өтіп, мол да шексіз қазына болып қалыптасқан асыл мұратымыз халық педагогикасының лайланбас тұнығын, тот баспаған асылын әрбір баланың бойына сіңіру, бүгінгі күннің еңселі міндеті. Олай болмағанда ңалыптасқан тәрбие негізінде ащы да терең шындың бар екені баршамызға аян. Тілін білмеген тіленіп, салт-дәстүрін білмеген кірленіп, елін сүймеген күйініп өтетінін әрбір азамат білуге тиіс. Осыған орай, тәрбие отбасынан басталып, балабақшада, мектепте жалғасын тауып, дамытыла түсуі керек. Балабақша мен мектеп тәрбие мен білімнің орталығы болғандық-тан мұндағы жүргізілетін іс-шаралардың барлығы да халық педагогикасы негізінде жүргізілгені орынды. Ултжанды үрпақ тәрбиелеуде баланың ақл-ой, парасаты, имандылық, адамгершілік, ізгілік тәрбиесіне баулуда халықың салт-дәстүрлерді пайдалануға, тұрмыс-салт негізінде тәрбиелеуге басым көңіл бөлу қажеттілігі туындайды. Ол үшін әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер, әсемдікке тәрбиелеу, көркемдік қабілеті мен талғампаздығынн баулу, еңбекті сүйе білуге, эқологиялық және экономикалық тәрбиені, азаматтың жауапкершілік пен құқық тәрбиесіне, ұлттық тәрбиеге басым көңіл бөлу керек.
Дәріс материалдарын игеру үшін негізгі мектепке дейінгі кезеңдегі бала дамуына ықпал ететін негізгі үш факторлардың қайсысы жетекші рөл атқаратынын айқындап алу маңызды. Сондай-ақ негізгі түсініктерді нақтылап, жас ерекшеліктерін ажырата білуге басым көңіл бөлу керек. Жас топтарын естерінде сақтап тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарының мазмұны біртіндеп күрделенетінін, бағдарлама талаптарына сәйкес ұйымдастыра білу жолдарын түсіндіру қажет. Халық педагогикасы материалдарын жас кезеңдеріне сәйкес пайдаланудың әдіс-тәсілдерін қарастыру. Әр жас тобына сәйкес лайықты материалдар жинақтап жүйелеу. Халың педагогикасы мен этнопедагогиканың анықтамасын жазу, айырмашылығын анықтап алу қажет.
Мал бағып күнелткен, ұлттық баспасөзі, өзінің ана тілінде мектебі мен театры болмаған көшпелі қазақ елінің өткендегі өмірінде фольклор, салт-дәстүр жалпы айтқанда ұлттық рухани мәдениетінің ролі зор болды. Академик М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзінің халықтарын қосқан өзіндік үлесін сөз ете келе: "Гректер атақты храмдарын египеттіктер пирамидаларын, қытайлыктар фарфор бұйымдар мен мәрмәр тастан жасалған адам мүсіндсрін, итальяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, фраицузлар сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса бай өлең, жыр мүұасын қалдырды" — деп халық педагогикасының аса үлкен бағытын көрсеткен. Сондықтанда бізлің қазақ даласын зерттеуші Пурона. орыс ғалымдары жыршы халық, ақын халық - деп Пікір айтпаған деген тұжырымға келеді. М.Әуезов.
Баланы дүниеге келуіне байланыты шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізер, тоқым қағар, қыз ұзату, үйлену тойлары, ауыл азаматтарының бірлесіп еңбек етуі (киіз басу. үй салу т.б. көпшілік еңбск түрлері), адамның дүниеден қайтуына байланысты естірту, жоқтау, көрісу сияқты әдет-ғұрыптардың бәрі өлең-жырсыз, ән-күйсіз өткен емес. Мұның бәрі өлең жырдың адамның өмірлік серігі, рухани азығы болғанын дәлелдейді.
Яғни отбасы, ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамды тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алады. Салт-сананы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы, осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген. Ас пен той, қуаныш пен реніш. ұлы жиындардың бәрі халық мектебі сияқты тәрбие беру орын болған.
Дүниеге келу бала организмі үшін күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы (ана организміндегі) вегетативтік, өсіп-өнушілік тіршіліктен ол кенеттен жиі өзгеріп туратын сан алуан тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем жаңа жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл-есті адам болып өсетін дүниеге шығады.
Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Ол нерв системасының организмді сыртқы жағдайларға лайықтауға белгілі дәрежеде әзірлігімен дүниеге келеді. Осылай туған бойда организмнің негізгі жүйелерінің жұмысын (тынысын, қан айналымын) қамтамасыз ететін рефлекстер жасалады.
Алғашқы күндері сондай-ақ мыналарды байқауға болады. Терінің қатты тітіркенуі (мысылы, ине шаншу) дененің-қорғаныш тартынысына, бетінің алдындағы бір нәрсенің қарауытуы қабағын түюге, жарықты кенеттен көбейту қарашықтың кішіреюіне және т. б. себепші болады. Бұл реакциялар - қорғаныш рефлекстері деп аталады. Олар тітіркендіргіштерден қашықтауға немесе оның әрекетін шектеуге бағытталған.
Жаңа туған нәрестеден қорғаныш реакциясынан басқа тітіркендіргішпен жанасу реакциясын да байқауға болады. Олар бағдарлау рефлекстері. Нәресте дүниеге келген алғашқы үш күн ішінде күшті жарық көзіне қарай басын бұратыны бақылаулар арқылы анықталған: мысалы, күн сәулесі түсіп тұрған кезде перзентханада жаңа туған балалардың көпшілігі, бастарын сол сәулеге қарай күнбағыстай бұрып алады. Сонымен қатар, туған алғашқы күннен бастап-ақ сәбилердің баяу жылжитын жарық көзін қадағалайтыны да дәлелденген. Бағдрлау-тамақтану рефлекстері де оңай пайда болады. Езуіне, бетіне жақындау қарны ашып жатқан баланың іздену реакциясын тудырады, бала тітіркендіргіш жаққа басын бұрып, аузын ашады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, жаңа туған балаларда туа біткен бірқатар реакциялар болады: емізу рефлексі – бала аузына салған нәрсені сора бастайды; жармасу рефлексі - алақанына бірдеңе тиіп кетсе, ол жармасу реакциясын қоздырады; итеру рефлексі (еңбектеу) — табанына жанасу, т. б. рефлекстер.
Сонымен, балада дуниеге келген алғашқы күннен бастап білінетін белгілі мөлшердегі шартсыз рефлекстер болады. Соңғы жылдары ғылымдар кейбір рефлекторлық белгілердің бала дүниеге келмей тұрып-ақ пайда болатынын анықтады. Мысалы, жатындағы ұрықта он сегіз аптадан кейін ему рефлексі пайда болады.
Советтік және прогресшіл шетел авторларының зерттеулерінде алынған көптеген фактілер нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді. Үлкен адам баланың органикалық қажеттерін қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады, аударып салады. Үлкен адам баланың белсенді психикалық өмірде де қажетін қанағаттандырады: нәресте өзін қолға алғанда, едәуір жадырап қалады. Үлкен адамның көмегімен кеңістікте қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге, олардың бір-біріне қарай жылжуын байкауға мүмкіндік алады, ал
мұның өзі оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сиякты есту, сипап сезу әсерлері де үлкендер тарапынан беріледі.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-эрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.
Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашкы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен қарым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан баланың қажеттіліктері пайда болып, біртіндеп дамиды (олардың ішінде қарым-қатынас жасау кажеттілігі — эмоциялық жұтамдықтың маңызды мәні бар).
Бала алдымен жетіледі, содан кейін барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлық мінез-құлықты барлық психикалык қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта жүруге, заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауға, тануға, есте сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине нәрестелік шакта баланы үйрету көбінесе алдын ала ойластырылмаған стихиялы сипатта болады.
Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп қалған нәресте өзінің дамуында адамдық мумкіндік дәрежесіне көтеріле алмайды. Әлеуметтік орта мен арнайы үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну мен ойлауға қабілетті жеке адам қалыптасады, Үлкен адам бұл жерде де бала мен тұтас алғанда адамзат коғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында өмір сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлұматтар ала отырып, бала танымға барған сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері білім құмарлыққа дейін өседі. Баланың кызығуы бүкіл айналасындағыларға бағытталады. Бұл тектес білім кұмарлықты И. П. Павлов «риясыз» деп атады, өйткені ол органнкалык қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес еді.
Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл кимылдар жөнді үйлеспейді нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің, орасан зор маңызы болады. Солардың арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алын келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау қимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау кимылдары интериоризацяланады — көріп қабылдауға ауысады.
Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді карапайым кимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің заттардың толып жатқан касиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткініші, өзгермелі әсерлер негізінде тұрақты, оған тәуелсіз талаптардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және тұрақтылыққа ие болады.
Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын ала болжап, қоймаса да, осы қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте қабілетті болады. ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда Халық педагогикасының ролі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Халық педагогикасының жастарды тәрбиелеудегі рөлі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Халық педагогикасы материалдарын оқу-тәрбие процесіне ендіру
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі балаларды жан - жақты тәрбиелеу
» Курстық жұмыс: Педагогика | Балалар тәрбиесі халық педагогикасы

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]