Курстық жұмыс: География | Мектеп бағдарламасында халық географиясын оқыту
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . .3 1 ТАРАУ
1.1. Мектеп бағдарламасында халық географиясын оқыту ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . .. . .5
2 ТАРАУ
2.1. Халық географиясын оқытудағы эканомикалық және әлеуметтік мәселелерін айқындау . . 27
2. 2. Қазақстанның экономикалық - әлеуметтік және экологиялық білім беру. . . . . . . . 31
2. 3. Дүние жүзі географиясын оқытудағы негізгі ұғымдарды түсіндіру әдістері . . . . . . . . . 32
2. 4. Демографиялық мәселелерді шешуді картографиялық және статистикалық материялдарды қолдану методикасы . . . . . . . . . . .34
3 ТАРАУ
3. 1. Демографиялық және статистикалық деректерді өлкетану мақсатында қолдану тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37
3. 2. Еңбек ресурстарын бағалауда статистикалық мәліметтердің маңызы . . . . . . . . . . . . .45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . ..48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 50
ҚОСЫМША. . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52
КІРІСПЕ
Халық қоғамдағы басты күш. Қоғамды дамытушы да, қалыптастырушы да халық болып табылады. Ал, халықтың қоныстануы дегеніміз, егер кең мағынада түсінетін болсақ, бұл қоғамның қалыптасуының кңістіктегі формасы. Халық кез келген мемілекеттің басты байлығы.
Ол мемілекеттің еңбек күштерінің басты бөлігі. Біз оның санына, әлеуметтік, ұлттық мамандығына, жастық – жыныстық жанұя құрамына, білім деңгейіне көз жүгіртетін болсақ, онда әлеуметтік экономикалық саяси, мәдени, ұлттық және демографиялық жағдайын білуге көмектеседі.
Экономикалық тұрғыдан қарастырсақ, халықтың қоныстануы өндіргіш күштердің белгілі бір аумақта шоғырлануы. Ал, халықтар географиясы нысанында бағаласақ, бөлшектеніп жайлануын айтамыз.
Осы ұғымды әр түрлі тұрғыдан кең мағынада бағалау, оны зерттеудің біріншіден жан – жақты болатындығын дәлелдесе, екіншіден, халықтың қоныстануы кез – келген қоғамның табиғи және әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі бола алады.
Осы жағдайларға байланысты, халықтың қоныстану ерекшелігін сипаттау, оның себептерін анықтау, жалпы ортақ үлгісін құрастыру, соңынан барып ол құбылыстың заңдылықтарын ашу болып табылады.Бұл ғылым қажеттілік – біздің көпұлтты мемлекетімізге, қазіргі заман талаптарына сай базар нарығына өтуде өте қажетті. Демек, демографиялық зерттеу тура және жанама түрде қоғамдағы саяси – демографиялық және саяси психологиялық толқуға әсері бар.
Ол қоғамдағы саяси демографиялық жағдайды берілген уақыттағы талаптарды анықтайды. Мұны БҰҰ 1960 жылдан бері әр бір он жылдан кем емес уақытта халық санағын жүргізуді мақсат еткен. Олар жер шарында мемлекеттерде халық санағын дәл және нақты жүргізіп белгілі бір енгізілген талаптарға сай жүргізіледі.
Сөйтіп бұл мәселені демографиялық және басқа аспекттерден, халықтың өндірісі мен миграциясын қоса алғанда, және де саяси жылжумен, олардың талаптары, формасы мен сипатын қарастыру керек. Бұл практикалық мәселедегідей өмірде де баяндалады.
1 ТАРАУ
1.1. МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ХАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп бағдарламасында халық географияларын оқыту ерекшеліктерін, біз оқушыларға Ә.Бірмағанбетов пен К.Мамырованың / 1 / жалпы білім беретін 6 сыныпқа арналған «Физикалық география» оқулығынан бастап таныстырамыз.Оқушыларға 6 сыныптың V- тарауында жер бетіндегі адам заттың шығу тарихымен танысады.
Адамның жер бетінде таралуын, оның себептерін өткендегісін, қазіргісін және болашағын халықтар географиясы зерттейді.Экономикалық және әлеуметтік географияның бұл саласы демографиямен тығыз байланысты. Демография (грекше – демос – халық, графо-сипаттау жазу) - халықтың ұдайы өсуі, тууылуы, тығыздығы, сауатылығы, тілі, діні, нәсілінің заңдылықтары туралы ғылым.
Біз адамның жер бетінде таралуын және оның себептерін: оқушыларға бірнеше бөлімдерге бөліп оқытамыз:
- Жер бетіндегі халықтың саны және өсуі .
- Халықтың тығыздығы.
- Демографиялық саясат.
Жер бетіндегі халықтың саны және өсуі: Адамзат дамуының алғашқы, табиғатқа тәуелді кезеңінде талай мыңдаған жылдар бойы жердегі халық саны өте баяу өсті. Ғалымдар жаңа тас дәуірінің басында, біздің заманымыздан 8 мың жылдай бұрын жер бетінде 5-10 мылн ғана адам өмір сүрген деп есептейді.
Біздің заманымыздың басында жердегі адам саны 730 млн- ға әрең жеткен. Оның 2/3 бөлігі Азияда тұрған. Біздің заманымыздың бастапқы мың жылында халық онша көбеймеген, туу мен өлім шамамен қарайлас жағдайда болған. Мұнан кейін де көп уақытқа дейін індет ауру, соғыс және ашаршылық адам санының өсуін тежеп отырған.
Тек XVIII ғасырда ғана өнеркәсіпен ауыл шаруашылығының дамуына, тамақ өнімдерінің көбейуіне, медицнаның жетістіктеріне байланысты халықтың өсуіне қолайлы жағдай туа бастаған. Жердегі халық саны 1820 жылдары шамамен 1 млрд болған. 107 жылдан кейін 2 млрд - қа (1927ж) одан әрі 32 жылдан кейін 3 млрд - қа, 13 жылдан кейін (1987ж) 12 жылдан кейін 6 млрд - қа (1999ж) жеткендігін біз кесте түрінде де оқушыларға анықтап көрсетеміз.
Халықтың тығыздығы: Халық санының өсуіне сәйкес Жер шарындағы халықтың орташа тығыздығы да өзгеріп отырады.Адам мекендейтін құрлықтың 1 км2- іне 1920 ж. -13, 1950 жылы 18, 1987 жыл 34 адамнан келсе қазіргі кезде 40 адамнан келеді. Бірақ жеке аймақтардағы халықтың орташа тығыздығы мұнанда үлкен мөлшерде болады. Еуропамен Солтүстік Американың өнеркәсіпті аудандарында, Оңтүстік Шығыс Азияның ірі өзен алқаптарында халық тығыз қоныстанған. Қытайдағы ежелден күріш егумен айналысатын кейбір аудандарда 1 км2 жерде тұратын халық саны 1000 адамнан асып кетеді.Бұған керісінше, полярлық аймақтарда, ірі шөлдерде, биік таулы жерлерде және ылғалды экваторлық ормандарда халық сирек қоныстанған.Антрактида да тұрақты тұратын халық жоқ.
Демографиялық саясат: Жердегі халықтың ХХ ғасырдың 2 жартысында өте тез қарқынмен өскенін байқадық. Бірақ халықтың бұдан былай да осы қарқынмен өсе беруі мүмкін емес. Өйткені халықтың тіршілігіне қажет табиғат байлықтарының белгілі бір шегі бар.Бәрінен бұрын халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету ғаламдық проблемалардың біріне айналып отыр.Сондықтан көптеген елдер халық санының өсуін реттеу мақсатымен демографиялық саясат жүргізеді.
Халықтың табиғи өсімі жоғары елдерде демографиялық саясат туу санын шектеуге бағытталады.Мұндай саясатты дүние жүзіндегі халқы ең көп елдер - Қытай (1 млрд 300 млн) және Үндістан (1 млрд) жүргізеді.Қытайда «1 отбасына 1 бала» деген саясат жүргізу қолға алынған.Соның нәтижесінде халықтың жылдық табиғи өсімі 1 мың адамға шаққанда 1968 ж. 28-ден 1988 ж. 10-11 адамға дейін кеміді. Қытай үкіметі болашақта халықтың өсуін тоқтатуды көздеген демографиялық саясат жүргізіп отыр.
Халықтың табиғи өсімін азайту жөніндегі демографиялық саясат Азия мен Американың көптеген елдерінде қолға алынған.Бұған керісінше бірқатар дамыған елдерде табиғи өсімнің азайып кетуіне байланысты тууды көбейтуге бағытталған демографиялық саясат жүргізіледі. Ол елдерде тууды қолдау үшін балаға ай сайын жәрдемақы төлеу, көп балалы отбасына түрлі жеңілдіктер жасау, некелесу жасын төмендету, бала тәрбиелейтін мекемелер санын көбейту, жүкті болған әйелдерге баласын түсіруге тыйым салу сияқты шаралар жүзеге асырылады. Мұндай мемлекеттердің қатарына Франция, Германия, Болгария, Венгрия, Румьния жатады. Соңғы кездерде бұрынғы Кеңес Одағы құрамына енген бірқатар елде халықтың әл-ауқатының төмендеп кетуі және басқа жаққа қоныс аударуға байланысты халық санының күрт азаюы орын алып отыр.
Жер бетіндегі нәсілдер. Адам Антарктидадан басқа барлық материктер мен аралдарда қоныстанған. Олардың сыртқы түр-түсіне, дене құрылысына, бет пішініне өмір сүрген табиғи ортасы үлкен ықпал жасайды. Сондықтан да ыстық жақ пен суық аймақ адамдарының сыртқы келбеті бір-біріне ұқсамайды. Осыдан барып тарихи ұзақ кезеңде адамдардың нәсілдік топтары қалыптасқан.
Жер бетіндегі адамзат өздерінің сыртқы келбетінің ерекшеліктеріне қарай 3 үлкен нәсілге бөлінеді. Олар: Еуропоидтық, Монғолоидтық және Негроидтық нәсілдер.
Әр түрлі нәсілдердің өкілдері бір-бірінен дене бітімі, шашы, терісі, көз қиығы, бет пішіні, т.б жөнінен ерекшеленеді.
Негроидтық нәсілге - жататындардың терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі бір шама шығынқы келеді. Бұл нәсілдің өкілдері Африкада және Аустралияда тараған.
Негроидтық нәсіл. Сурет -1
Монғолоидтық нәсілдердің - терісі сары, шашы салалы, қайратты, жақ сүйегі шығынқы, мұрны тәмпіш, беті жалпақ, көзі қоңыр және қиғаш болады. Олар Азияның көп жерін қамтиды. Оған Американың үндістеріде жатады.
Монғолоидтық нәсіл.Сурет - 2
Еуропоидтық нәсілге - жататындардың терісі ақ, қыр мұрынды, ерні жұқа, шашы толқынды немесе жатық болып келеді.Бұған Еуропа, Оңтүтік және Оңтүстік – Батыс Азияның халқы жатады.
Еуропоидтық нәсіл.Сурет - 3
Біз сонымен қатар 7 сынып бағдарламасында материктер мен мұхиттар географиясында халықа қысқаша тоқталып өтеміз. Әр материктің халқы түрліше болып келеді. Мысалы: Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі . Материкте 4 млрд – тан астам халық тұрады, бұл Жер шары халықының ¾ бөлігін құрайды. Халықтың жыл сайынғы өсуі, әсіресе Оңтүстік – Шығыс Азияда қарқынды жүруде.Осы аймақтағы екі ел – Қытай мен Үндістанның халқының өзі 2 млрд – тан асып отыр.Сондықтан халық ең тығыз қоныстанған жерлер осы Оңтүстік –Шығыс Азияға сәйкес келеді.Осы аймақта халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 1000 – 1500 адамға жетті.Еуропалық бөлікте де халық салыстырмалы түрде тығыз қоныстанған.Әсіресе Атлант мұхитының жағалық бөліктерінде халық өте – мөте тығыз орналасқан.Материктегі табиғаты қатал Солтүстіктегі аудандар мен биік таулы өңірлерде, аптапты шөлдерде халық өте сирек.Кейбір жерлері мүлдем елсіз деуге болады.
Еуразияда Жер шарындағы барлық нәсілдердің өкілдері кездеседі. Олардың ұлттық және тілдік құрамы да алуан түрлі.Ең көп тарағаны- еуропалық тектес халықтар.Олар өңі аққұба, шаштары сарғыш түсті, көздері көгілдір болып келетін солтүстік еуропалық және өңі қараторы, шаштары мен көздері қоңыр, кейде қара болатын оңтүстік еуропалық тармақтарға бөлінеді.Азиялық бөлікте монғол тектес нәсілге жататын қытай, монғол, жапон және басқа халықтар тұрады Түркі тілдес халықтардың біразы осы нәсілдік топқа жатады. Ал экваторлық нәсілдің өкілдері Шри - Ланка аралы мен Үндістанның оңтүстігінде қоныстанған.
Қазіргі кезде әр түрлі нәсілге жататын халықтардың бір-бірімен араласуы және бір елден екінші елге емін-еркін қоныс аударуы жаппай белең алуда. Соған қарамастан, жалпы алғанда әрбір нәсіл мен ондағы ұлт өкілдерінің өзіндік тілі мен мәдениеті, тұрмыс-салты және өздеріне тән таралу аймағы сақталған. Бір нәсілге жататын халықтардың өзі тілі жағынан бір-бірінен айқын ажыратылатын топтарға бөлінеді.
Сонымен қатар Солтүстік пен Оңтүстік Америка материгін де халық санына келетін болсақ бұл екі материкте 770 млн –ға жуық адам тұрады. Оңтүстік Америка материгіне тоқтала кететін болсақ дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған материктің бір материктен табиғат жағдайларына байланысты халықтың тығыздығы әркелкі болады. Табиғаты қолайлы, маңызды теңіз жолдары өтетін жағалаулардағы халық жиі қоныстанған. Оңтүстік Америкада тұрғындар саны 1млн-нан асатын 20-дан асатын миллионер қалалар бар. Қазіргі кездегі халқының саны 18 млн адамнан асады.Халықтың басым көпшілігі шығыс жағалаудағы ірі қалаларда тұрады.
Африканың қазіргі кездегі халқының саны 700 млн – нан асады. Бұл елде өзі халық әркелкі орналасықан.Халықтың тығыздығы 1 шаршы км жерге 22 адамнан келеді.Сахара тәрізді шөлді аймақтарда халық өте сирек, ал кейбір аудандарда мүлде қоныстанбаған. Халықтың ең тығыз қоныстанған жерлері – Ніл өзенінің аңғары мен атырауы,Гвенея шығанағы мен Жерорта теңізінің жағалауында тұрады.Аустралия материгінде қазіргі кездегі халықының саны 18 млн адамнан асады.Халқының басым көпшілігі шығыс жағалаудағы ірі қалаларда тұрады. Елдегі қала халқының үлесі 86 % - ға жеткендігін айтамыз.
Қазақстан халқын В. Усиков, Т. Казановская, А.Усикова, Г.Забеновалардың / 17 / 9- сыныпқа арналған І –ІІ томдық Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясынан оқытамыз.
Қазақстанның демографиялық даму кезеңдері.Біздің еліміз демографиялық дамудың күрделі жолынан өтті
ХХ ғасыр басында Қазақстан өте жоғары туу (45 % ) мен жоғары өлу (29 % ) көрсеткіштерімен және табиғи өлімнің аздығымен (16 % ) ерекшеленеді.
Демографиялық дамудың бірінші кезңінде (1970 жылдарға дейін) өлу деңгейі тууға қарағанда тез төмендеп кетті. Табиғи өсім көбейіп, 1960 жылы ел тарихындағы ең жоғарғы шамаға жетті (306 мың адам, немесе жылына 3%о). Ол кезде сансыз көп соғысқа дейін туған ұрпақ некеге отырды. Сонымен бірге Казақстанға тың көтеруге келген мыңдаған жастар отбасын құрды.
Екінші кезеңде (1970-1987 жж.) туу мөлшері тұрақталып, кей жылдары тіпті көтеріліп отырды. 50-ші және 60-шы жылдардағы орасан көп ұрпақ отбасын құрды. Қоғамдағы қарт адамдардың тобының көбеюі өлу деңгейін көтерді. 1000 тұрғынға шаққандағы табиғи өсім екі есеге дерлік қысқарды. Бірақ абсолюттік мөлшерде ол рекордтық 1960 жылдан көп төмен болған жоқ, республика халқы ол уақыт аралығында екі ессге дерлік өсті........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: География | «Қазақстанның физикалық география» оқулығының мақсаттары
» Курстық жұмыс: География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
» Курстық жұмыс: Статистика | Атырау облысының статистика басқармасы
» Курстық жұмыс: География | Қытай халқының демографиялық мәселелері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қытай халқының демографиялық мәселелері
» Курстық жұмыс: География | «Қазақстанның физикалық география» оқулығының мақсаттары
» Курстық жұмыс: География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
» Курстық жұмыс: Статистика | Атырау облысының статистика басқармасы
» Курстық жұмыс: География | Қытай халқының демографиялық мәселелері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қытай халқының демографиялық мәселелері
Іздеп көріңіз: