Курстық жұмыс: Ветеринария | Малды күтіп-бағу технологиясын санитариялық бағалау

Курстық жұмыс: Ветеринария | Малды күтіп-бағу технологиясын санитариялық бағалау

Мазмұны
1.Кіріспе (вариант бойынша осы бағыттағы шаруашылықтың қысқаша сипаттамасы)--------------------------------------------------------------------- 3
2. Негізгі бөлім
2.1. Малды күтіп-бағу технологиясын санитариялық бағалау (микроклимат параметірлері, желдету жүйелері, төсеніш материялдары) және оларды жетілдіру шараларын ұйымдастыру------------------------- 4-15
2.2. Малды азықтандыру және азық сапасына қойылатын санйтариялық-гигиеналық талаптар------------------------------------------ 16-20
2.3. Малды сумен қамтамассыз ету жүйелері және суға қойылатын санйтариялық-гигиеналық талаптар------------------------------------------ 20-25
2.4. Ветеринариялық-санйтариялық нысандарға қойылатын гигиеналық талаптар (қи
сақтауға,өлекселерді өтелдеуге арналған орталар)--------------------------------------------- 26-30
2.5. Шаруашылықты инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтау шаралары (дезинфекция, дезинсекция, дератизация)----------- 30-36
2.6. Зооантропонозды аурулардың алдын алу және мал шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары------------------------------------------------------- 36-37
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

ІРІ ҚАРАНЫҢ ХАЛЫҚ
ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Ірі қара еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады. Қай заманда болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орыны өте зор болған.
Халық шаруашылығына түсетін қаржының тең жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді. Сол себепті дұрыс күтіп - бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты. Сондықтан бұл тарауға ірі қараны ұстап - бағу жүйелері мен күту әдістері толық баяндалып, олардың жынысына, жасына және пайдалану мақсатына қарай азықтандыру, суару, сауу, өсіру және бордақылау ерекшеліктері қорытындалған.
Ірі қарадан ет, сүт және одан жасалатын тағамдар (май, құрт, ірімшік, қышқыл сүт тағамдары) және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады. Сонымен қатар, ірі қара органикалық тьщайтқыш — көңмен қамтамасыз ете алады.
Ірі қара терісінен аяқ киім ұлтаны және жоғары сапалы былғары дайындалады. Ірі қара мүйізінен тарақ, түйме, әр түрлі әшекей жасаладьі. Қанынан қан ұнтағын, альбумин, қан шұжығын дайындайды. Сүйегінен желім, сүйек ұнтағын, ал қылшық жүнінен шетка, қылқалам жасайды. Ірі қара ірі азықты (пішен, сабан, топан) тиімді пайдаланып, жұмсалған азықты сүтпен, қосымша салмақпен тиімді ақтай алады. Малдың бұл тұқымы жер таңдамайды, тез жерсінетіндігінен кез - келген жерде өсіріледі.
Бұрын - Қазақстанда ірі қараның басым көпшілігі жергілікті қазақы мал болды да, солтүстік облыстардың кейбір аудандарында ғана қьірдың қызыл сиыры, Жетісуда және оңтүстік облыстарда швиц тұқымы мен қара ала тұқым малы өсірілді,
Қазақстанға отызыншы - жылдардың басында герефорд, швиц, симментал, қырдың қызыл сиыры және қара сиыр тұқымы көптен әкелінді де, олармен жергіліқті ірі қараны будандастыру кеңінен жүргізілді.
Кейбір шаруашылықтарда биологиялық қасиеті жағынан таза қанды немесе жақсартушы тұқымға ұқсас мал алу үшін сіңіре будандастыру тәсілі кеңінен қолдакылды.
Ірі қараны күтіп-бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық тұрғыдан бағалау
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының жетекші салаларының бірі — ірі қара шаруашылығы. Халықты азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен /ет, сүт және т.б./ қамтамасыз ету осы саланың өркеңдеуіне тікелей байланысты. Сондықтан малды күтіп-бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту, микроклиматты ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту, селекциялық тұқым асылдаңдыру жұмыстарын жетілдіру, шымыр да шыныққан төл өсіру, малдың саналалы ауруларымен күрес, сауу гигиенасы, яғни тазалығы мен сүт сапасын арттыру басты міңдет болып табылады.
Малды күтіп-бағу жүйелері мен әдістері деп мал шаруашылықтары орналасқан ауданның табиғи және эконо-микалық жағдайларына қарай материалдық және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай отырып, мал өнімдерін барынша мол алуды көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, гигаеналық және ұйымдастыру шараларьшьщ жиынтығын айтады. Сонымен, сауын малын қолда-жайылымда, қолда-лагерьде және қолда - күтіп-бағу жүйелері ұсынылады. Оларда сиырды байлап және байламай ұстау әдістері пайдаланады. Соған орай ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық ережелер, мал бағудың жүйелері мен ережелеріне ферманың бас жоспарынан бастап, малды күтіп-бағу және азықтандыру технологиясына жатқы-зылатын барлық тәсілдеріне дейін сай келуге тиіс.
Колда-жайылымда ұстау сауын сиыр шаруашылығында анағұрлым кең тараған жүйе. Қолда бағу кезеңінде мал қора-жайда, ал жайылым кезеңінде жасанды немесе табиғи өрісте ұсталады. Малдәрігерлік гигиена тұрғысынан ол малдың физиологиялық жағдайына толық сай келеді. Өйткені, бұл жағдай сиырдың табиғи түрде қанын таратып, ұдайы өсу қызметін жақсартады. Себебі, мұндай да мал еркін жүріп күн сәулесіне қыздырынады, белокқа, витаминге, микро-элементке бай аса құнды шөпке жайылады. Жайылым кезеңінде малдың жалпы жағдайы жақсарады, өнімділігі артады, қыстыкүні қолда бағылған кездегі кейбір ауру-сырқаудан өздігінен айығады.
Колда-лагерьде бағу жүйесінде мал жайылым кезеңінде жеңіл жаппалармен, басқа да қосалқы қора-жайлармен, сондай-ақ сауьш қондырғыларымен жабдықталған жазғы лагерьде ұсталады. Мал ұстаудың бұл жүйесі оның денсаулығына оңды әсерін тигізеді және ол малды қыста қолда бағу үшін де кезінде негізгі фермада жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ малдәрігерлік-санитариялық сақтық шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Клда (қолда-серуендетіп) бағу жүйесінде мал жыл бойы ферма қорасы мен серуендету алаңында ұсталады. Бұл әдіс мал кеп шоғырланатын сүт және ет өндіретін шаруашылықтарда қолданылады. Мұндай жүйе кезінде малды жайылымда ұстау тиімсіз деп табылады. Керісінше, бұл кезде мал қалқаларда серуеңдетіліп, шабылған кок балаусамен азықтандырған орынды және экономикалық жағынан тиімді деген тұжырым бар. Алайда мұндай жүйе кезінде азықтандыру, күтіп-бағу технологиясы бұзылса және уақтылы серуендетілмесе мал түрлі ауруларға көбіне жаппай шалдыққыш келеді. Республикамыздың тұрақты аймақтарындағы шаруашылықтарда малды жыл бойы қолда серуендетіп, ал таулы аймақтарында қолда-жайылымда ұстау қалыптасқан.
Сиырды күтіп-бағу әдістері. Дүние жүзі тәжірибесінде барлық жерде сауын сиырларды күтіп-бағуды байлап және байламай бағу деген екі әдісі қолданылады.
Сиырларды байлап бағу кезінде еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл технологиялық операциялар механикаландырылады, жартылай автоматты бас жіптер, сүт түтіктері қолданылады, сиыр сауын алаңында сауылады, азық үлестіру мен қи шығаруға механикаландырылған құралдар пайдаланылады.
Малды күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде шаруашылық мамаңдары мен мал күтушілерге олардың денсаулығы мен өнімділігін бақылау жеңіл. Тұрақты азықтандыру және суару, тынығу және сауу орнының болуы, жылы да құрғақ төсеніш құрылғы, кең де жарық, жақсы желдетілген қора-жай, жеке-жеке азықтандырып, сауу, тағы басқа операциялар күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде сиырлардың өнімділігін тиімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Малды байлаусыз күтіп-бағудың әдісі еңбек шығынын аздап кемітеді, еңбекті көп қажет ететін процестерді өте жақсы механикаландыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде бұл әдіс өте көп қолданылады. Бірақ байлаусыз бағып-күтуге қыстыкүні микроклимат реттеуге келетін жақсы қоражай, жеткілікті түрде төсеніш, қатты едеңді серуендету қорасы, механикалаңдыру құралдары керек. Сонымен бірге малды топтарға бөлу қажет.
Қазіргі кезде малды байлаусыз бағып-күтудің екі түрі қолданылады. Олар - қалың төсеніш үстінде бағып-күту және бокстарда төсенішсіз бағып-күту.
Көбіне, бокстарда байлаусыз бағу әдісі қолданылады. Азық ленталы транспортермен таратылса, сауу қондырғыларымен сауылса, қи тор еденнен дельтаысырғышпен шығарылса, негізінен сүт өндірудің өнеркәсіптік технологиясын қанағаттандырады.
Ірі қараға арналған қора-жайға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
Ірі қара фермасы өндірістік бағьпы, экономикалық және климаттық жағдайларына қарай төмендегідей болады:
• асыл тұқымды мал фермасы — негізгі мақсаты жаңа тұқым шығару және қолда бар ірі қара тұқымын жетілдіру, аса бағалы асыл тұқымды төл өсіру;
• тауарлы ферма-сүт, сиыр етін және аралас, яғни сүт-ет өндіреді;
• одан әрі өсірілетін, яғни табын толықтыратын төл өсіреді;
• ірі қара бордақылайтын арнайы ферма.
Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда малды күтіп-бағу әдісі мен ферманың бағытына қарай 50, 100 және 200 сиырлық қоралар, жаңа туған бұзаулар үшін профилакторийлер мен бұзаулау бөлімдері болуы керек. Бұлардан басқа төлді одан әрі өсіретін және бордақылайтын қора-жайлар және қолдан ұрықтандыратын орын қарастырылады.
Сүт фермаларында, сондай-ақ сүт блоктары мен сауын залдары сиырды күтіп-бағу әдістеріне қарай орналастырылады.
Ірі қара шаруашылықтарын жобалау, салу және пайдалану ірі қара қора-жайларын технологиялық жобалау нормасына сай /НТП-1-89/ жүргізіледі.
Сиырларды байлап баққанда көп қатарлы мал орындары қолданылады. Ол үшін мал орындарының екі қатарлы жалпы азық жолымен немесе қи жолымен біріктіріледі. Бір үздіксіз қатарға 50 орыннан /секциядан/ артық жасауға болмайды. Сиырлардың әрбір секциядан серуендету алаңына, серуендету-азықтандыру ауласына немесе өріске шығу ыңғайлылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Сиыр қорасының ортаңғы немесе бүйір бөліктеріне сүт бөлімі орналастырылады. Сиыр қоралар бір қабатты етіп салынып, төбесі жылыландырылып, желдетілетін жабынмен немесе шатыр жабынымен жабылады.
Малды байлап бағылатын сиыр қоралардың еденіне өте жоғары талап қойылады. Ол мал тұратын орындарда не тұтас, не жартылай жабық торлы етіп салынады. Еден жылы болуға, жылу сіңімділігі 12 ккал/м2-ч- °С -тан аспауы тиіс. Егер бұл көрсеткіштен асып кетсе, онда сиырлар өз денесінен еденді жылытуға көп шығын шығарады да организмнің тым сууына әкеп соқтырады. Соның салдарынан малдың өнімділігі төмендеп, азық шығыны артады. Мысалы, 12 сағатта 1 м2 ағаш не бетон еденді жылытуға сағатына 100 ккал жылу жұмсалса жылудың жұтылуындағы айырмашылық ол калориясы бойынша 2 л сүтке сәйкес келеді.
Мал сабан төсенішсіз ұсталса оның орнына резина төсеніштер пайдаланылады, сондай-ақ торлы едендер де кеңінен қолданылады.
Германия, Швейцарияда көптеген мал қораларының едені ірі қара төлін ұстау үшін жарым-жартылай саңылаулы етіп салынады. Сонда малға әрі жылы, әрі ыңғайлы болады.
Еден құрылысы сиыр қорадан қи шығару әдісімен анықталады (скреперлі, штангалы, шнекті, гидравликалық және т.б.).
Сиырлар тынығу үшін арналған орынның өте үлкен мәні бар. Малды байлап баққан кезде сауын сиырларына, суалған сиырларға, тұмсаларға деген орын нормасы тауарлы фермаларда 1,7—2,3 м2-ге тең, асыл тұқымды фермаларда — 2,1—2,4 м2 (ұзындығы 1,8—2,0 м және ені 1,2 м).
Тәжірибенің көрсетуінше мал тұратын орын қысқа (110-140 см), торлы жағы ұзын (60—75 см) болса, ол орын суып, сиыр желіні мен емшегіне зиян келтіріп, желінсауға шалдығады, тұяқтарына зақым келеді. Еденнің торлы жағының ұзындығы 40 см, саңылау аралықтары 3,5—4,5 см, сырықтарының ені 8—12 см аспауға тиіс.
Мал тұратын орын енінің еңістігі 2°С шамасында болу керек. Оның, яғни мал тұратын орынның тым қысқа болмағаны жөн. Өйткені, мал артқы аяқтарын бүгіп тұруға немесе орынның ең шетін басып тұруға мәжбүр болады. Содан тайғанақтай береді. Соның салдарынан тұяқтары ауруға шалдығады.
Мал тұратын орынның әрбір қатарының ішкі жағын қуалай оттықтар қойылды. Оның ұзындығы мал тұратын орынның еніне сай келуге тиіс. Олардың үстіңгі ені 0,6 м, түбіндегі ені 0,4 м тең; алдыңғы жақтауының биіктігі 0,3 м, мал мойнын салатын ойықтары 0,1 м, ал артқы жақтауының биіктігі 0,60—0,75 см-ге тең. Оттықтардың түбі мал тұратын орынның табанынан 5—7 см биік болуы керек.
"Бас жіп" конструкциясы сиырдың жатып-тұруына ынғайлы болуға тиіс. Қазір Грабнердің қысқа жеке-жеке "бас жібі" мен Калмыковтың тіркемелі жүйесі кең тараған.
Сауын малына автоматты "бас жіп" сенімді әрі ыңғайлы да қауіпсіз. Бұл жабдықтар малды оттық алдында жеке-жеке автоматты түрде шешілуін, яғни босауын қамтамасыз етеді.
Сиыр қораның оңтүстік жағынан серуендету алаңы салынады. Қатты төсенішті серуендету алаңында әр Сиырды серуендету алаңы сиырға 8 м2, ал қатты төсеніш болмаса 15 м2 бөлінеді. Серуендету алаңынан қи арнайы құралдармен шығарылады.
Малды байлаусыз бағып-күтілетін сиыр қоралар. Қалың төсенішті мұндай қоралардың төрт түрі бар. Олар: жаппа түрінде, жартылай ашық, арнайы есіктен серуендету алаңына сиыр еркін шыға алатын жылытылмаған жай және мал мезгілімен ғана шығарылатын жылытылған жай.
Бұл сиыр қоралардың алғашқы екеуі Оңтүстік Қазақстанда, жылытылғандары ауаның сыртқы температурасы — 15°С және одан да суық болатын аудандарда салынады.
Жылытылған қоралардың еденіне төсеніш төселеді. Сиыр қоралар жасы мен тәуліктік сауылатын сүтіне қарай бөлінген әрқайсысы 50—60 сиырлық секцияларға бөлінеді. Әрбір мал тобының бір сиырға 4-5 м2 есебінен тынығатын орны болуы керек. Сиырлар көбінесе, серуендету алаңында азықтандырылады. Серуендету алаңы әр сиырға 8—15 м2 келетіндей есеппен жасалады. Сол алаңға суды электрмен жылытатын юптык, автосуат орналастырылады.
Қора-жайда өкпек жел соқпас үшін бір қабырға қақпақсыз салынады. Суық ауа тартпас үшін қора-жайға есік салынатын ойыққа ауа бүркенішін жасау тиімді.
Сиыр қоралар барынша табиғи жолмен желдетілуі тиіс.
Төсенішті әр малға 3—5 кг мөлшерінде тәулігіне бір рет қосымша төсеп отырады. Қи жылына 1—2 рет қана шығарылады. Барлық серуендету алаңы қатты төсенішті етіліп, канализация басқышына қарай 3—4 градус еңкіштікпен жасалады.
Бокстар мөлшері мал еркін сыятындай, ал қи ол орынды ластамайтындай болуға тиіс. Ол үшін бокстың ұзындығы 1,9-2,1 м, ені 1-1,2 м болуы, ал едені қи торынан кем дегенде 15—20 см биіктікке салынуы керек. Бөлгіш биіктігінің жоғарғы жағы 120 см аспауы, төменгі жағы 55-60 см болуы қажет. Бокстар қора-жайдың сыйымдылығына қарай қора-жайды қуалай немесе кесе-көлденең жасалады.
Бокс қатарларының аралығында, әдетте қора-жайдың ортасына, жем-шөп платформасы немесе оттық орналастырылады. Бокс секцияларындағы 10—12 сиыр 1 автосуаттан су ішеді. Бокстардың артқы жағында беті тормен жабылған қи жолы бар.
Сиырлар гигиенасы
Сиыр организімінің өзіне тән биологиялық және шаруашылық ерекшелігі-физиологиялық процестердің-буаздықтың және қарқынды сүт өнімінің, сүт беру мерзімінің бір мезгілде үйлесім табуы болып табылады. Бұл процестер организмнің алмасу процестеріне, күрделі физиолошялық қызметтеріне үлкен күш түсіреді. Осы кезеңде сиыр үшін жем-шөп те, микроклимат та, күтім де, бір сөзбен айтқанда жан-жақты қолайлы әсер ететін технологаялық шаралардың маңызы зор.
Сиырдан сүттің мол шығуына септігі тиетін азықтандыру деңгейі мен қамтамасыз ету жағына баса назар аударған дұрыс. Рационда құрамына ірі азық, балғын азық, жем, минералды азықтар мен микроэлементтер енуі тиіс. Сондай-ақ рационның салмаққа, сауылатын сүті мен жыл маусымына да қатысты болғаны жөн және олардың малдың белоктарға, минералды заттарға, витамиңдерге деген физиологаялық қажеттерін өтеуі де керек. Өйткені әр минут сайын сүтпен бірге 0,66 г жуық май, 0,80 г лактоза және 0,60 г белок бөлінеді.
Сондықтан жоғалтқан энергия мен пластикалық материалдардың орнын толтыру үшін сиыр күніне 30 кг-ға дейін азық қабылдауы керек. Себебі 1 л сүт пайда болу үшін сиырдың емшегінен 300-500 л қан жүру керек.
Сапасы жақсы пішен, сүрлем, бұршақ тұқымдастардың көк балаусасы немесе астық тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастардың шөп қоспасы, сондай-ақ тамыржемістер рационыңдағы протеин, витамин, минералды заттар мөлшері мен қант-протеин қатынасын арттырады.
Сиыр рационындағы ірі азық пен шырынды азықты қоректілігі жағынан жас шөптен салынған пішендемемен алмастыруға болады, жемнің өте көп мөлшері сүттің майлылығын кемітетіндіктен оны қалыпты мөлшерде ғана берген жөн.
Рационда протеин жетіспесе жем қоспасының құрамына аминді-жем қоспасы немесе мочевина қосылады. Сонда малдың протеинге деген 20-25 пайыз қажетін алмастыруға мүмкіндік бар.
Сауын малын азықтандыру кезінде минералды заттардан рацион құрамында кальцийдың, фосфордың, хлорлы натрийдің, калийдің, магаийдің, йодтың, кобалытың, мыстың, темір, марганец, мырыштың болуын қадағалау қажет.
Сауын малының рационына енетін жем-шөпке сүттің құрамы, оның дәмдік сапасы мен технологиялық қасиеті қатысты келеді. Сүттің құрамы мен қасиеті, малды сапасыз жем-шөппен, шіріген немесе көгерген пішен, сүрлем және пішендеме сүттің құрамын бұзады.
Рационда азыкдық шалқан, қызылша, тамыржемістер пәлегі көп болса сүт ашқылтым тартып, жем-шөп татып тұрады.
Айқыш гүлді өсімдіктер сүтке қыша иісін беріп, оның дәмін бұзады.
Азықтандырудың сиыр суалтудағы маңызы да зор. Суалту— сиырды азықтандыруды және саууды өзгерту жөніңдегі сүттің бөлінуін тоқтатуға бағытталған тәсілдер жиынтығы. Сиыр дер кезінде суалтылса желінсау ауруының алдын алуға болады, сиырдың денсаулығы жақсарады, тіршілікке бейім төл алуға мүмкіндік туады, сондай-ақ өнімділігі артады.
Сиыр бұзаулауына 2 ай қалғанда суалтылуға тиіс. Сондықтан да сүт беру кезеңінің 7 айынан соң, саууды тоқтату керек. Сондай-ақ желінді сылауды да тоқтатып, рационнан мол, сүт шығаруға қатысты азықтарды /жем, шырынды азык/ түгел алып тастау керек. Сөйтіп, жұмсақ пішен беріледі. Бірте-бірте сиыр сауу саны да қысқартылады. 3-4 литрге дейін ғана сүт шығаратындар бірден суалтылады. Әдетте, сиырды 7-10 күннің ішінде суалтуға болады. Сиыр неғұрлым сүтті болса, суалту мерзімі де соғұрлым ұзаққа созылады.
Суалған кезеңде сиыр мүлде сауылмайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы — 45-60 күн. Сиырларды қолайлы суалту кезеңінің олардың өнімділігін арттырып, денсаулығы мықты төл алу ісіндегі мәні жөнінде ғылыми бақылаулар бар. Бұл кезеңнің қолайлы ұзақтығы - 45-60 күн.
Суалған кезінде малды жақсы азықпен қамтамасыз етіп, дұрыстап күтіп-бағу қажет. Қолда ұстау кезінде суалған, желіндеуге жақын сиырлардың рационына 25-35 пайыз пішен мен шөп ұны, 25-30 пайыз сүрлем мен сапасы жақсы пішендеме, 25-35 пайыз жем және 8-10 пайыз тамыржемістер енгізу ұсынылады.
Буаз сиырларды жаздыкүні мүмкіндігінше оты жақсы өрісте ұзақ ұстауға тырысып, әрқайсысына тәулігіне 60-70 кг шөп есебінен қосымша азықтандыру керек.
Буаз сиырларды үсіген немесе сапасыз азықпен азықтандырып, тым суық сумен суаруға болмайды.
Суалған сиырлардың бұзаулауына 7-10 күн қалғанда олардың рациондарынан шырынды азықтар алынып тасталынады. Олардың пішенмен және іш жүргізгіш жемнен дайындалған быламықпен азықтандырылғаны дұрыс. Бұзаулауына 2-3 күн қалғанда рациондарынан жем мүлде алынып тасталынады.
Сиырды күтіп-бағу гигиенасы. Азықтандыру, жем-шөп пайдалану анағұрлым қолайлы болатындай микроклимат жағдайларын жасаумен, серуендетумен және басқа да сиыр күтіп-бағу жағдайларымен үндесіп жатуы керек. Бұл тұрғыда жетекші орын микроклиматқа тиеді. Қора-жай кең, құрғақ, жылы, таза, жақсы желдетілетін, өкпек жел соқпайтын болуға тиіс. Сиырдан сауылатын сүтке ауаның алмасу көлемі, температура және салыстырмалы ылғалдылық едәуір әсер етеді. Ауаның температурасы +3 градустан төмендесе, сауылатын сүт 4-25 пайыз азаяды. Температура 25 градустан асса да сүт өнімділігі кемиді. Салыстырмалы ылғалдылық 85 пайыздан артса, сиыр өнімділігі 1-1,5 кг төмендейді.
Сиырларды байлап бағу қора-жай микроклиматына айырықша әсер етеді. Ол сиырға жылы әрі жылы болуымен бірге, ылғалдылықты азайтып, ауадағы аммиак құрамын кемітеді.
Сиырларды серуендетусіз ұстау микроклиматты нашарлатады, малдың өнімділігі мен денсаулығына зияңды әсер етеді.
Сиырларды ұстауда қолайлы жағдай туғызу — олардың табиғи төзімділігін нығайтып, ауруларын азайту және өнімділігін көтеру деген сөз.
Сиырларды күту. Сауын сиырларын бағып күту және қарқынды пайдаланудың дұрыс жүйесінің маңызды буыны олардың терісін, аяқтарын дұрыс күтуді және тұрақты түрде серуендетуді ұйымдастыру болып табылады. Белгіленген күн тәртібін сақтау қажет. Өйткені, малда уақытқа деген рефлекс өте тез қалыптасады. Сиырлар белгілі бір азықтандыру, суару, саууға үйренеді. Сол тәртіп бұзылса сиырлар мазасызданып, сүті кемиді. Күн тәртібі мал ұстаудың маусымына қатысты мәселе. Ол сиыр сауу реттілігімен және азықтандыру тәртібімен анықталатын мәселе.
В.Ф.Матусевичтің және т.б. зерттеулері сиырларды үнемі серуендетудің бұзаулауды қалыпқа келтірудің, ұдайы өсу қызметін жақсартудың, олардың өнімділігін арттырып, денсаулығы мықты төл алудың маңызды тәсілі екенін дәлелдеді. Егер сиырды ұстау технологаясында белсенді серуен қарастырылмаса, серуендету алаңының нормасы сақталмаса, өріске шығарылмаса алдын-ала-ақ мұндай шаруашылықта қысыр мал пайызы, гинекологиялық ауру, желінсау, аяқ-тұяқтарының ауруы, белок және минерал заттардың алмасуының бұзылуы көбейеді, яғни гипокинезия басты проблема болады..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Малды күтіп-бағу технологиясын санитариялық бағалау курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар ветеринария жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]