Курстық жұмыс: Ветеринария | Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациясындағы донорлар, эмбриондар мен реципиенттер арасындағы әсерлесу

Курстық жұмыс: Ветеринария | Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациясындағы донорлар, эмбриондар мен реципиенттер арасындағы  әсерлесу

Мазмұны
Кіріспе
1. Негізгі бөлім:
1.1. Эмбриотрансплантациядағы аталықтар мен донор аналықтарды таңдап алу………………...…4
1.2. Жануарлар эмбриондарын трансплантациялау………………...5
1.3 Эмбриондарды жуу және алмастыру…………………………….6
1.4 Донорларды ұрықтандыру………………………………………16
1.5. Реципиент. Реципенттер таңдау.
Аналықтарды жұптау: донор енесі мен реципиент енесі…...…….17
1.6. Донор, эмбрион, реципиент және трансплантаттардың әсерлесуі………………………..……………..18
Қорытынды…………………………………………………………..20
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………….2

Кіріспе
Қазіргі ХХІ ғасырдың жетістігі – биотехнология. Биотехнология жаңалықтарын ашуға қолдан ұрықтандыру, көбею фунциясын горманаль реттеу, эмбриондар трансплантациялау салаларындағы теориялық жаңалықтар негіз болды. Көбею биотехнологиясын мал шаруашылығында қолданудың болашағы орасан зор . Көптеген елдерде бұл осы күннің өзінде комерциялық жолға қойылған. Жануарлар эмбриондарын трансплантация бойынша зоотехнияда үлкен прогресс жасалған. Бұл әдіс селеукция-асылдандыру жұмыстарында мықтап орын алды. Біз қазір трансплантация әдісінің жетілдіру өзекті мәселелерден болып қалып отыр.
Бәрімізге белгілі, Қазақстанда қайта құру кездерінде мал басы күрт қысқарып кетті. Сондықтанда, Республикада мал басын жылдам қарқында көбейту маңызды мәселелердің бірі. Донорлар дегеніміз - генетикалық бағалы ооциттер мен эмбриондар алынатын аналық мал басы.
Аталықтар деп отырғанымыз , донор аналықтарды ұрықтандыратын аталық жануарлар. Ол жануарларда аса бағалы генотипі ген, физиологиялық жағынан сау аталық қасиеті жақсы дамыған жануарлар түрінің аталықтары болуға тиіс. Демек, дәл осы сияқты жануарлар ғана мал басын көбейтуге қатысады. Жай шаруашылық жануарлары дегеніміз – генотипі бойынша онда бағалы емес, бірақ физиологияылқ жанынан дендері сау, көбею қабілеттері дұрыс жануарлар. Бұл топтағы жануарларға реципиенттер жатады. Реципиенттер дегеніміз – биотехнологиядағы бөгде эмбрионды қашан бала туып болғанша өсіретін жануарлар тобы. Жай шаруашылық жағдайларына жататынында тағы да күйттеуші аталық күйттеуіштер жатады. Күйге келген аналықтарды анықтап табуға пайдаланылатын аталық жануарлар. Олар да физиологиялық жағынан дендері сау, көбеюге қабілетті жануарлар. Эмриотрансплантация – зерттеудегі көбейту биотехнологиясы әдістерін қолдануға негізделген. Донорлар мен оларға дайындалып жатқан реципиенттер жұмыс циклының арасындағы синхрондылық сақтауға тиіс. Олар оны қозғалыс рефлексі арқылы анықтайды. Реципиент – аналықтарды дайындаудың екі жолы бар:
1) Табиғи жыныс циклдарына сәйкес келетін аналықтарды тауып алу(қой шаруашылығында қолданады).
2) Донорлар мен реципиенттер арасындағы синхрондылықты жасау үшін гормональ препараттар қолдану. Донор аналыққа 5-7 (10) реципиенттер дайындалады. Реципиенттер дайындағанда жануар түріне, тұқымына қарайды. Реципиенттер ретінде тек донорлар мен жыныс циклының синхрондылығы сәйкес аналықтар алынады. Мұндайда бірінші жұмыс сатысында теріп алынған аналықтар ішінен таңдау жүргізіледі.
1.1. Эмбриотрансплантациядағы аталықтар мен донор аналықтарды таңдау Мал шаруашылығындағы донор мен аталықтарға талап жоғары. Себебі, дәл осы жануарлардан ғана генотипі бойынша аса бағалы эмбриондар алынады. Осындай эмбриондарды пайдалану биотехнологияда аса маңызды, себебі клеткалық манипуляция in vitro былай етуге мүмкіндік береді:
а) Экстракорпораль ұрықтандырғанда – қалаған жыныстағы жануар алуға;
b) Биокопирования арқылы- клонданған жануар алуға;
с) Трансгеноз арқылы – биохимиялық және зоотехниялық параметрлері оңай ,жануарларғы тән емес жануарлар алуға;
d) Трансплантация кезінде – жеделдеткен түрде аса бағалы генотипті жануарларды көбейтуге;
е) Криоконсервация арқылы – гаметалар мен эмбриондар банкін жасауға;
f) Жануарлар экспорты мен импорты кезінде – гаметалар мен эмбриондар деңгейінде алмасуға.Айтылған артықшылықтар бастапқы жұмыс этапының – донорлар мен аталықтар таңдаудың аса маңызды екенін аңғартады. Сондықтанда сұрыптаудың негізгі критерийлерінен биологиялық (түр, тұқым, жасы), физиологиялық (денсаулығы, көбейгіштігі) және зоотехниялық (өнімділігі) жануар ерекшеліктері саналады.Демек, бәсекеге қаблетті жануарлар репродукциясы биотехнология әдістері таңдап алған аиалықтар мен донор-аналықтар мынадай қасиеттерге ие болғанда ғана болуы мүмкін. Генотипті өте бағалы – ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген, зоотехниялық талаптар бойынша элита – рекорд класстарына жататын. Физиологиялық денсаулығы өте жақсы, инфекциялық ауруларға резистенттілігі жоғары, сонымен бірге көбею қасиеттері де тамаша.
Бір жануар тұқымына (таза өсіру кезінде).
Физиологиялық жетілген.
1.2. Жануарлар эмбриондарын трансплантациялау Эмбриондар трансплантациясы биотехнологиясы деп мына жұмыстарды жүргізуді айтады: Донорлар, аталықтар, реципиенттер таңдап алу. Таңдау кезінде негізгі крителийлерге мыналар жатады: биологиялық (жасы), физиологиялық (денсаулығы мен көбею қасиеттері), зоотехниялық (өнімділігі) ерекшеліктері.
Аналықтарды жұптау: енесі-донор мен енесі-реципиенттер. Аналықтарды жұптау кезінде қойылатын негізгі талаптар физиологиялық көрсеткіштер. Ол дегеніміз донорлар мен реципиенттердің күйге бір уақытта келуі.
Донорларды ұрықтандыру. Суперовуляцияланған донорларды ұрықтандыру кезінде олардың организмі организмі гормональ қаныққандығын еске алуымыз керек. Ондай қаныққандық келесі физиологиялық қайта құрулармен сипатталады:
1) күйге келу уақыты ұзарады;
2) овуляцияланған фолликулдар саны артады;
фолликулдар пісіп жетілуге кететін уақыт қысқарады.Сондықтанда, суперовуляцияланған донорларды ұрықтандыру кезінде мына талаптарды орындау қажет: 1) аталықтармен шағылыстырған кезде оның саны 1-ден 2-3-ке дейін көбейту қажет; 2) шағылысу интервалы 10-12 сағат болуға тиіс; 3) қолдан ұрықтандырған жағдайда спермадоза мөлшерін көбейту керек.
Эмбриондар трансплантациясына мына үш процедурадан тұрады :
Донорлар жыныс жолынан эмбриондар жуып алу.
in vitro жағдайында эмбриондарды бағалап, таңдап алу
Биологиялық толыққанды эмбриондарды реципиенттер жыныс органдарына алмастыру.
Жынысына қарай транспланттардың өсуі мен дамуын қадағалау. Бұл процесті бақылау тобындағы солармен тұтас (сверстниками) трансплантаттармен салыстыра зерттеу. Осылайша, эмбриондар трансплантациясы – бұл бір көбейтудің биотехнологиялық әдісі болып табылады. Онда донорлардан максимум толыққанды эмбриондар алып, оны реципиенттердің жыныс органдарына салып, максимум трансплантат алу.Эмбриондар трансплантациясы әдісін ойлап табуға аналықтардың мына қасиеттері себеп болды:
1.Аналық жұмыртқалықтарында өте мол ооциттердің қорының болуы.
2. Эмбриондардың имплантациядан алдын еркін дамуы. Соның арқасында оларды еркін бір орнынан екінші орынға алмастыруға болатындығы.
3. репродукция органдарының морфологиялық құрылысы. Соның арқасында олардағы эмбриондарды жуып алуға болатындығы.
Бұл донор – анықтан эмбриондарды реципиент-аналықтарға тасмалдау әдісі. Мал шаруашылығындағы трансплантацияның мақсаты – аса жоғары генотипті аналықтың генетикалық резервін пайдалану. Эмбриондар трансплантациясы әдісінің арқасында аналықтардың көбею мүмкіндігі артты. Себебі олардың жұмыртқалығында жұмыртқа клеткасының қоры мол. Осы үлкен генетикалық потенциальды пайдалану жөнінде эксперементтер жүргізілді. Ол жас эмбриондар генетикалық құндылығы төмен аналықтардың жыныс жолына трансплантациялау жұмыстары жүргізілді.Бұл технология мынаған қол жеткізді:
1). Бір аналықтан алынатын ұрпақ санын күрт көбейтеді;
2). Организмді гаметалара не эмбрион түрінде тасымалдауға және ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді;
3). Гаметаларалар мен эмбриондарды сұрыптау арқылы қалаған жыныста және жағымды физиологиялық – биохимиялық қасиетпен алуға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған технологияны орындау үшін белгілі бір іс-шаралар коплексін атқару керек. Бәрі орындалғанда эмбриондар трансплантациясы жүзеге асады. Барлық көбейту технологиясы мына жұмыстар сатысынан тұрады: донорларды, аталықтарды және рецепиенттерді сұрыптау, донорлар суперовуляциясы және донорлар мен рецепиенттер арасындағы жыныс циклын синхронизациялау, донорлары ұрықтарндыру (табиғи ұрықтандыру, қолдан ұрықтандыру), эмбриондарды жуу, алынған эмбриондарды бағалау, эмбриондарды рецепиенттер гениталийіне трансплантациялау. Мал шаруашылығандағы биотехнологияның бір әдісі болып табылады, ол жануар репродукциялық жүйесінің физиологиялық ресурстарынан мүмкіншілігін көбейтуге және оны бағалы генотипті эмбриондарды трансплантациялау арқылы көбейтуге бағытталған.Мал шаруашылығындағы эмбрионженерия, эмбриокультура және эмбриотрансплантация әдістері кешені жануарлардың селекциялық, немесе генетикалық резервін арттыруын қамтамасыз етеді.
Эмбриотрансплантация Жалпы трансплантация технологиясының ең басты құрамды бөлігінің бірі донор - аналықтардан толыққанды эмбриондарды алу. Мал шаруашылығындағы эмбриондар трансплантациясы – бұл мал көбейтудің биотехнологиялық әдісі. Мұндайда суперовуляция жасалып донор-аналықтардан максимум тіршілікке қабілетті эмбриондар алынады. Ол эмбриондар реципиент аналықтардың гениталийіне салынады.
Көбейту биотехнологиясында эмбриондарды трансплантация жолымен әдісі бірнеше деңгейге жүргізіледі:
1) Іс жүзінде қолдануға тиімді эмбриондарды трансплантациялау әдістерін ойлап табу;
2) Мал шаруашылығындағы эмбриодақылдық зерттеулер жүргізу;
3) Мал шаруашылығындағы эмбрионженерлікзерттеулер жүргізу. Мал шаруашылығындағы эмбриондарды трансплантациялаудың мақсаты – генотипті өте жоғары мал басын жеделдете көбейту.
Трансплантация әдісінің мәнін былай түсінеміз – донор – аналықтарға гормональ әсер етіп суперовуляция жасау, оларды күйге келген кезде ұрықтандыру, ұрықтанған жұмыртқа клеткасын гениталь аппараттарынан алу, эмбриокультураль және эмбриоинженерлік зерттеулер жүргізуі (культивациялау, бағалау, селекция және тіршілікке қабілетті сұрыптап теріп алу), одан әрі оларды реципиенттер гениталийіне алмастыру.
1.3.Эмбриондарды жуып алу және алмастыру Имплантациядан алдыңғы эмбриондарды донорлар жыныс жолынан тек жуып алға ғана болады. Эмбриондар жуып алу – эмбриондарды донорлар жыныс органдарынан жуып алу, шығарып алу әдісі. Әдіс қоректік орта қолдануға негізделген. Эмбриондарды шығарып алу үшін қоректік органы не жұмыртқа жолы арқылы жіберіледі не жатыр арқылы жіберіледі
Трансплантация әдісінің артықшылығы мен кемшілігі
№ Көрсеткіштер
Әдіс
1 Қолданылу аясы Қой және шошқа шаруашылығы Сиыр шаруашылығы
2 Артықшылығы Суперовуляция деңгейін қатесіз анықтау мүмкіндігі Биотехнолог – селекция өнердің іскерлігі мықты болған жағдайда аналықты одан әрі пайдалана беру мүмкіндігі
Донордан көп эмбрион жуып алуға болатындығында Бұл әдісті қолданғанда алмастырылған эмбриондардың жабысып, одан әрі дамуы жақсы (алмастырылған эмбриондардың 35-55% жақсы жабысады)
Имплантациядан алдыңғы эмбрион дамуының әр түрлі сатысында ала беруге болады
Алмастырған кезде ипсилатор жұмыртқалық жағын оңай тауып аласың Әдістеме қарапайымдылығымен ерекшелінеді
Кемістігі
Эмбрион жабысқыштығының төменгі (ортадан төмен) (алмастырылған эмбрионның 22-35%) Недостаточно точно определяется уровень суперовуляции
Жыныс жолдарында қабыну болады, соған байланысты жануарды пайдалану мерзімі қысқарады (2-3 жылға дейін)
Эмбриондарды тек морула, не бластоциста сатыларындағы ғана, олар жатыр мүйзіне түскеннен кейін ғана алуға болады
Цервикаль каналының тұтастығы бұзылады
Әдістеме күрделі, қосымша финанс және еңбек шығындарын керек етеді
Асептика жағдайын сақтаудың қиындығы
Жуылған сұйықтан эмбриондарды тауып зерттеуге көп уақыттың кетуі эмбриондарды тауып зерттеуге көп уақыттың кетуі
Мал шаруашылығында эмбрион жуудың үш әдісі қолданылады:
1) донор-аналықтарды сойып (зертханалық кеміргіштері мен қара мал шаруашылығында
2) хирургиялық (ұсақ және орташа жануарларды);
3) хирургиялық емес (ірі көлемдегі жануарларда).
Әрбір трансплантация әдісінің оңда теріс те жақтары бар. Эмбриондар жуған кезде оны үш кезеңге бөледі: Дайындық кезеңі, Жуу кезеңі және жуудан соңғы кезең. Қысқаша эмбриондар жуу әдісіне тоқталсақ, бірінші жануарларды сойып эмбриондарын алу негізінен зертханалық тышқандардан эмбрион алғанда қолданылады. Оларға басқа эмбриондарды шығарып алу әдісі қолданылуы өте сирек кездеседі.
Осы мақсатта алдымен тышқанды арнайы камерада тұндырып, не мойын омыртқасын тайдырып өлтіреді. Ал осыдан соң жыныс жолын басқа ткандардан ажыратады. Оларды керекті жерлерінен кесіп Петри табақшасына салады. Осыдан соң барып жұмыртқа жолдарынан эмбриондарын жуып алады.
Бірінші әдісті қолданғанда эмбриондарды зигота, алғашқы бөліну сатыларында жуып алса, екінші әдісті қолданғанда морула және бластоциста сатыларында жуып алады. Бірінші әдіс бойынша донорларды овуляциядан кейін 12-48 (56 ) сағат өткеннен кейін сойса, екінші әдіс бойынша овуляциядан 3-5 күн өткеннен барып сояды. Кезінде әртүрлі механикалық әсерлер жасайтын, нәтижесінде тканьдар тұтастығы бұзылатын эмбриондарды трансплантациялау әдісі –хирургиялық деп аталады.Қой мен ешкі, шошқада жыныс жолдарына трансплантация кезінде былай қол жеткізеді:
Ішінің ақ сызығы бойымен лапаротомия жасалады (вентраль- лапаротомия). Ол үшін жануар шалқасынан жатқызылады, жергілікті анестезия жалпы наркоз беріледі;
Лапаротомия жануар тік тұрған кезде жасалады. Операция аш бүйірден арнайы аспап арқылы пайдаланылып жасалады (эффеминатор);
Лапароскопия –әідіс арнайы аспап лапароскопиялық троактор қолдануға негізделген. Бекітіліп қойған (шалқасынан жатқызылып), анестезияланған іш қуысы тұсынан екі жерінен онша үлкен емес тілінеді (1,5-2 см): біріншісінен газ қоспасы үріледі (100% -СО2, үрілу жылдамдығы 1л/мин, көлемі 2,5-5 литров), ал екінші тесік гормональ индукцияланған аналықтан бірінші тесікпен бірге арнайы лапароскопиялық троактор мен канюля арқылы манипуляция жасап жұмыртқалық фолликулардан 5 мм сынап бағанынан асып кетпеуге тиіс. Ол ішке енген иненің сол қуысқа енгенін анық бақылау үшін керек.Әдісті таңдау жұмыс жүргізушіге байланысты. Бірінші әдістің кең тарағанын айтуымыз керек. Үшінші әдіс ооцитті алып in vitro ұрықтандыру үшін қолданылады. Хирургиялық тілік алу үшін екі жуу әдісі қолданылады. Осыдан соң барып эмбрион жууға кіріседі.Эмбрион жуып алу үшін екі әдісі қолданылады:
1) Жатырлық. Мұндайда доғал инені жатыр мүйізінің жоғарғы ұшына сұғады да, шприцпен жуу сұйығын бифуркация бағытына жібереді;
2) Жатыр –түтіктік әдіс. Бұл әдістің өзін сұйықтықты жіберу бағытына қарай тағы да екі түрге бөледі.
а) эмбриондарды жатыр мүйізінен шығарып алу, басқаша айтсақ жуу сұйығын воронкада жатыр мүйізіне қаратып жібереді (сиырлар мен шошқада);................
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Биотехнология | Мал шаруашылығы эмбриондар
» Курстық жұмыс: Ветеринария | Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісі
» Қазақстандықтар несиелерін жабу үшін ағза мүшелерін сатып жатыр
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың көбею жолдары 2-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациясындағы донорлар, эмбриондар мен реципиенттер арасындағы әсерлесу курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар ветеринария жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]