Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М. Бекімов және пушкинтану ілімі
К І Р І С П Е
Әрбір ұлы ақын – қашанда мәңгілік және бүкіл адамзаттық құбылыс. Оның өмірінде бір-ақ мезгіл болады. Ол – туу мезгілі. Уақыттың өзге қатал заңдары оның алдында дәрменсіз. Сондықтан да ол уақыт өткен сайын белгілі бір кезең мен жеке халықтың аясынан ұзап, әлемдік биікке самғай көтеріліп, өзінің соны сипаттарын әр кез және баршаға бірдей аша, ақтара түседі, жаңара, жасара береді. Ол әр адам үшін де, әр буын үшін де – қашан да ерекше жаңалық, жаңа бүтін бір дүние, өзгеше көркемдік дүниесі, шексіз–шексіз өнер мұхиты, поэзия мұхиты. Сондықтан да ол әрқашанда қандай қауым мен халықтыі да жүрегіне тікелей жол тауып, оның ең сүйер ұлы, ең сырлас замандасы болып кетеді. Оны әр ұрпақ өзінше оқиды, одан әркім керегін табады. Өйткені әрбір ұлы ақын бүкіл адамзаттық көтереді, оларды мәңгі ескірмес жаңа тұрғыда ғана шешеді, бейнелейді. Әлемдік поэзияның өрісін кеңейтіп, оған өлшеусіз зор үлес қосқан, адамзаттың көркемдік ойын батыл ілгері дамытқан Александр Сергеевич Пушкин осындай ұлы ақын еді.
Пушкиннің ақындық данышпандығын табиғатта тек күнмен салыстыруға болады. Ақын Пушкин әдебиет әлеміне келісімен оған дейінгі онан кейінгі және өзімен тұстас өзге ақындар екінші, үшінші қатарға ығысып, күн шыққанда өзге жарық денелердің күңгірт тартып көрінбей кететініндей, ұлы ақынға жол береді. Сонымен қатар оның тағы да бір елден ерек, қайталанбас қасиеті - арады қанша уақыт өткеніне қарамастан өзінің нұрлы сәулесін өзінен кейінгі әдебиетке заманалар биігінен түсіріп келеді. Сол себепті де А.Луначарский: «Пушкин - орыстың көктемі, пушкин – орыстың жарқырап атқан таңы, Пушкин – орыстың Адам - атасы. Италияда Данте мен Петрарка, Францияда ХVІІ ғасырдың алыптары, Германияда Лессинг, Шиллер, Гете не жасаса, Пушкин біз үшін соны жасады» дейді.
Сондықтан да Пушкиннен, Толстойдан, шығыс әдебиеті үлгілерінен қазақ тіліне аударылған дүниелерде белгілі бір дәрежеде дүниетаным, нәзира дәстүрі, көзқарас бірлігі, іштей үндестік қасиеттері бар екенін айрықша атап өткіміз келеді. Бұның өзі жалпы аударма өнеріндегі белгілі бір дәрежедегі жүйеліліктің бар екенін, ал бұл жайт қазақ әдебиеттану ғылымындағы үлкен құбылыс, арналы ілімнің қалыптасқанын көрсетке керек.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. М. БЕКІМОВ ЖӘНЕ ПУШКИНТАНУ ІЛІМІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
Өмірде де, өнерде де, қоғамнан тыс, оның өсіп, өркендеу қадамынан тыс ұлылық жоқ. Ұлы ақын, кемеңгер азамат Пушкин - өз дәуірінің жемісі. «Наполеон Россияға басып кірген кезде орыс халқы өз бойындағы алып күшті алғаш сезінеді, - деп жазады декабрист Бестужев, - сонда ғана әрбір жүректе тәуелсіздік сезімі оянды, алғаш ол саяси тәуелсіздік сезімі түрінде көрінсе, кейін бүкіл халықтық тәуелсіздік сезіміне ұласты. Міне, Россиядағы бостандық туралы ойлардың басы қайда жатыр!». 1812 жылғы Отан соғысындағы ұлы жеңіс тек орыс солдаты қаруының ғана жеңісі болып қалған жоқ, бүкіл орыс халқының жеңісі жеңісі болды, оның ұлылығын бар әлемге танытты, қоғам өмірінің әр саласында әсерін тигізді, халықтың ұлттық санасын оятып, патриоттық сезімдер тәрбиеледі, азаттық күресіне бастады. 1815-25 жылдар арасында белең алған ел ішіндегі саяси толқулар мен жиі–жиі шаруалар көтерілісі осының тікелей нәтижесі еді. Орыс революционерлерінің алғашқы буыны – декабристер де осы бүкіл халықтыққозғалыс толқынында туып қалыптасты.
Данышпан Пушкиннің ақындық, азаматтық өмірі, міне, осы қоғамдық, саяси әлеуметтік ортада өтті. Сол өрлеу дәуірінің философиясы, азаттық рухы ақын шығармашылығының түбегейлі өзегін, айнымас бағыты мен ажырамас мазмұныны белгіледі, асқақ идеялармен абзал мұраттармен, өршіл ойлармен қанаттандырады. Сол, 1812 жылдан, сол Пушкин шығармашылығына басталған және оның поэзиясына өшпес өмір берген азаттыққа ұмтылушылық идеялары Пушкиннен кейінгі тұста да орыстың озық мәдениеті мен әдебиетінің ұлттық, халықтық ең жоғарғы қасиеті болып сақталып қалды. Демек, «Пушкин және бір таптың емес… тұтас халықтың, ұлттың, тілдің, тарихи тағдырдың ояну көрінісі. Сол бастапқы ұрықтар ақырында келіп біздің күндей жарқыраған революциямызға ұласты».
Лицейдің соңғы жылдарында Пушкин әртүрлі әдеби ұйымдарға қатысады, гусар полкінің үкіметке қарсы ниеттегі жас офицерлерімен танысады, басыбайлылықты сынап, еркіндікті аңсаған көптеген өлеңдер жазады. Бірақ олар баспа бетін көрмей, қолжазба күйінде тарайды. Оның 1817-20 жылдардағы саяси өлеңдері мен эпиграммаларынан декабристер идеологиясының бар эволюциясын көреміз. Жас ақын өзінің «Еркіндік», «Чаадаевке», «Ертегілер», «Қыстақ» тәрізді саяси лирикаларында ел ішіндегі қараңғылық пен қаталдықты батыл сынап, езілуші көпшілікті құлдықтан босату идеясын асқақ жырлайды, жастықтың жалын атқан отты жігерін Отанға арнауға шақырады.
Пушкин 1820 жылы азаттық жырлары үшін оңтүстікке жер аударылады. Мұнда ол декабристердің оңтүстік ұйымымен байланысады. 1824-26 жылдары туған селосы – Михайловскіге оралып, онда жергілікті әкімдердің бақылауында болады. 1826 жылы І Николай шақыртып алып: «14 декабрь күні Петербурге болған болсаң, декабристер көтерілісіне қатысар ма едің?», - деп сұрағанда, ол ешбір тайсалмастан: «Сөз жоқ, тақсыр, бар достарым қатысқанда, мен қатыспай қала алмас едім», - деп жауап береді. Осыған қарамастан патша оны «өз» ақыны жасамақ ниетімен, оның цензоры да болады.бұл цензордың «қамқорлығы» сонша, тіпті ақынның әйеліне жазған хаттарын да жасырын тексеріп отырады. Еркіндік аңсаған ақынды қанша бұлқынса да, маңайынан ұзатпайды, бұғауынан босатпайды. Бірақ декабристер көтерілісі жеңіліп, ел ішінде реакция қанша етек алса да, жаулары тарапынан қандай қорлық пен зорлық көрсе де, Карамзин мен Жуковский тәрізді ақылгөй қариялар айналасынан алыстап, жалғыз қалса да ақын өз шығармашылығының негізгі өзегі – азаттық сүйгіш армандарынан бас тартпайды. Сол үшін де ол қыршын жас күйінде, талантының нағыз кемел шағында, қатал өмірдің қатыгез қыспағында, жалдамалы жау қолынан қаза табады. Ақын Пушкин осы тұстан бастап, мәңгілік өмір көгіне біржолата самғайды.
Ұлы ақынның аз өмірі теңдесі жоқ шығармашылық ерлікке толы. Оның алғашқы лирикаларында айқын бой көрсеткен өмірге құштарлық, достық пен махаббат, сұлу табиғат пен елдік, ерлік тақырыптары бірте–бірте ақын шығармашылығында тамырын тереңдей жаяды. Жиырмаға жаңа шыққан жас жігіт оңтүстікте айдауда жүргеннің өзінде жалғыздығы мен жағдайының ауырлығына қарамастан «Қанжар», «Тұтқын», «В.Л.Давыдовқа» т.б. тәрізді өлеңдерін жазып, орыс өмірінің еңсесін басқан қатал тәртіптерге қарсылығын ашық жыр етеді.
Пушкин поэзиясы да аса принципті проблеманың бірі – халыққа, оның фолкьлорына тікелей қатысты. Туған халқы мен оның ауыз әдебиетін жанындай жақсы көрген болашақ тіпті сәби кезінен тәрбиешісі Арина Родионовна арқылы сол халық даналағының асыл маржандарын бойына сіңіре, одан тағлым ала өседі. Есейген шағында да көркемдіктің осы аналық негізінен қол үзбей, өзінің «Руслан мен Людмила», «Алтын әтеш», «Балықшы мен балық туралы» т.б. тамаша өлең ертегілерін жазады. Бұлар ақын талантының қайнар бұлағы халық даналығында да жатқандығының баға жетпес айғағы.
Халық өмірінің тереңінде буырқанған алып күшпен тыныстаған ақын алғашқы күрделі туындылардың көбін романтикалық сарында жазады. Романтизм ақынның асқақ көңіл күйіне, дүниетанымына, өршіл мұраттарына тікелей жауап береді. «Кавказ тұтқыны», «Бақша сарай фонтаны», «Ағайынды қарақшылар», «Цыгандар» поэмасында ол тәкаппар өр де Кавказдың поэзиялық сұлу бейнесін жасаумен қатар, сол асқар тауы мен әсем табиғатына лайық өжет жандардың бойындағы өлшеусіз күш-жігерді, азаттықты аңсаушылықты асқан шеберлікпен бейнелейді, адамның жан–дүниесіндегі нәзік құбылыстарды өнімді суреттейді. Адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар алғаш осы туындыларда еркін бой көрсетіп, ақынның кейінгі шығармаларында күрделі философиялық әлеуметтік жинақтаушы ойлармен толыса, молыға түседі.
Тарих, заман, болашақ проблемаларды Пушкин поэзиясында органикалық бірлікте, диалектикалық тұтастықта, бүтіндікке қойылып шешіледі. Қоғам мен халықтың келешегіне зор үмітпен қараған ақын өз заманының көкейкесті проблемаларын терең түсіну үшін тарихқа жүгінеді. Жалпы историзм – Пушкин мұрасындағы аса жанды да үздік принциптердің бірі. Оны әркез толғантқан ең негізгі мәселе – ақынның өз сөзімен айтсақ - «Адам мен халық. Адамзат тағдыры халық тағдыры». Пушкиннің «Борис Годунов» трагедиясындағы ең өзекті идея – тарихты жасаушы халық, халықтың қостауы мен қолдауынсыз қашан да, қандай да үлкен тірлік жасамаған да, жасалмақ та емес дегенге саяды. Тарихи тақырып – ақын шығармашылығының халық өмірі және оның бұлтартпас заңдарын көркемдік құралдармен ашу кілті. Шығармада Годунов трагедиясы – оның өз басының жеке қасиеттеріне байналысты емес, халықтан қол үзуінде, халықты өзіне қарсы қоюында, оны менсінбеуінде, елемеуінде. «Борис Годунов» трагедиясынан бастап Пушкин поэзиясында реализм жетекші орын ала бастайды.
Оның осы тұстағы лирикаларының ішінде Анна Петровна Кернге арналған өлеңі, «Андре Щенье», «Анчар», «Сибирь рудаларының тереңінде…», «Арион» тәрізді саяси өлеңдері ақындық пен азаматтықтың шебер қиысқан меруерттей асыл үлгілері. Махаббат тақырыбындағы жырларында ол сезім тұңғиығына тереңдей бойлап, соған лайық құдыретті сөз бен ой үйлесімін, сұлулығын тек данышпен ақынға тән шынайы шеберлікпен табады.
Атақты «Болдино күзінде» топтамасында (1830) жазылған шығармаларының қайсысы да ақын талантының кемеліне келгендігінің айғағы. Бұлардың ішінде, әсіресе, «Белкиннің повестері» - шын мәніндегі орыс прозасының басы болуымен қатар, әдебиетке айқын бағыт-бағдар сілтеген ерекше көркем де шынайы туынды. Мұнда орыс қауымының бар саласы, әсіресе, «Кішкентай адамның» өмірі, оның қуанышы мен қайғысы, арманы мен биік адамдық қасиеттері нақты көркем де шыншыл бояуын таба суреттеледі. «Шағын трагедияларында» ақын адамзаттың мәңгілік проблемаларын белгілі тарихи-әлеуметтік, философиялық–этикалық мақсатта, жоспарда шешеді. Сөйтіп ол 30-жылдардағы прозаларында сыншыл реализмнің негізін қалайды.
Декабристер көтерілісі жеңілгеннен кейін Пушкинді көп толғантқан қоғамдық мәселелердің бірі – шараулар көтерілісі. Қазан, Орынбор сапарының нәтижесінде «Пугачев тарихы» атты еңбегін жазады. Патша оны Пугачевте тарих болуы мүмкін емес деп жаратпай қайырады. Алайда еңбектің жазылу және алғашқы нұсқасының өзгермеу фактісі ақынның қарапайым құл емес, оның да тарихи болғанын және болатынын дәлелдегенінің куәсі. «Капитан қызы» повесінде де Пушкин «Емельян Пугачевтің жанды бейнесін тарихшыға тән білімділікпен жасайды», «Дубровскийде» де шаруалар бойындағы алып күшті сүйсіне суреттеуі ерекше назар аударарлық.
«Мыс салт атты» - Пушкин поэзиясының асқар биігі. Поэмада ақын бір жағынан І Петрдің Ресей алдындағы тарихи еңбегін мадақтай бейнелесе, екінші жағынан «Кішкентай адам» мен патша арасындағы, халық пен патша арасындағы бітіспес қайшылықты суреттейді, халық пен халық өкілінің аянышты тұрмысын тебіріне жырлайды.
Адамзат мәдениетінің өткен ұзақ жолында Гомердің «Илиада» мен «Одессеясы», Дантенің «Тағдыр тәлкегі», Бальзактың «Адамзат комедиясы», Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» эпопеясы тәрізді көлемді көркемдік шыңдары бар. Пушкиннің «Евгений Онегині» – осы қатардағы дүние. «Орыс өмірінің энциклопедиясы» аталған бұл негізгі кітабында ақын орыс қоғамының бүтін бір кезеңін әр алуан типтік бейнелер арқылы асқан шыншылдықпен суреттейді. Шығарманың бүкіл рухы жоғары қауым өмірінің адамды аздыру ерекшеліктерін, адамдық бақытқа қарама-қарсылығын әшкерелейді. Онегин өз қауымының ұлы да құлы да. Өз ортасының өмір салты оны өз кезінің «артық адамы» дәрежесіне жеткізеді, қанша бұлқынса да уысынан шығармайды. Татьяна болса ақын гуманизмінің бүкіл жарқын сипаттары осы бір аяулы, асыл жанның бойынан көрінеді. Романда эпикалық жанр мен лирика шебер қисынын тапқан. Шығарма, Белинскийдің сөзімен айтсақ, ақынның «бүкіл өмірі, жаны, бар махаббаты, барша сезімі, түсінігі, асыл мұраттары».
Орыс әдеби тілінің негізін салу Пушкиннің үлесіне тиді. Халықтың сөйлеу тілін ол әдеби тілдің негізгі көзі ретінде пайдаланды. Халық тілі Пушкиннің ақындық даналығының арқасында не бір терең философиялық, әлеуметтік, саяси ойларды асқан көркемдікпен бейнелеудің аса құдыретті құралы дәрежесіне көтерілді.
Ұлы тұлға А.С.Пушкиннің орыс халқының перзенті ретінде сол халықты әлемдік деңгейге көтергені мәлім. Ақынның дүние танымы, шығармаларындағы ұлттық рух, патриотизм, философиялық сипат, адам өмірінің мән-маңызы, мазмұны жайлы терең толғамдар, нәзік те сыршыл лиризм, тұңғиық психиологизм, адамзат баласын жер бетіндегі ең күшті де күрделі жаратында ретінде қарастыруы, оптимизм, азаттық. Бостандыққа негізделген гуманизм т.б. сипаттары оның жалпы адамзаттық құндылықтар қатарына қосылған мол мұрасының негізгі қасиеттеріне жатады.
Сондықтан да Пушкинді тек бір ұлттың перзенті ретінде қарастыру әбестік, ол барша адамзаттың ұлы мақтанышы. Ол туралы айтқанда қазақ топырағында Пушкинтану ілімінің тууы мен қалыптасуын айтамыз. Әдебиеттердің өзара әсер–ықпалын айтамыз, ұлы тұлғалардың өре-деңгейін айтамыз, іштей үндестгін, пікір бірлігін айтамыз. Асылы түрлі ұлттар әдебиетін сөз еткенде, ағылшын әдебиеті, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті т.с.с. деп шартты түрде жіктеп жатсақ та, ең ұлы руханият мұрасы ұлы арна - әлем әдебиетінен барып мекен таппақ.
Жалпы Пушкинтану іліміне азды-көпті қатысы бар еңбектердің дүниеге ертелі-кеш келіп жатқандары баршылық. Әлі де келмек, себебі, кез-келген үлкен өнердің болмысына ортақ бір тамаша қасиет бар, ол қасиет, әдетте, сол өнердің алды–артындағы рухани шүйгіндікпен дараланады. Себебі шын мәніндегі үлкен өнерді әбден орныға шыңдалған, рухани дәстүр ғана дүниеге әкелмек. Ал Рухани дәстүр дегеніміз ұлттық болмысты бойына терең сіңірсе ғана мәуелі ағаш сияқты тамырын тереңінен тартып, бұтағын кеңге жаяды. Нағыз өнердің уақыт пен кеңістік аясындағы өміршеңдігіне оыс сияқты рухани сабақтастық қана айғақ болса керек.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ тіліне Пушкиннің, Лермантовтың, Крыловтың бірталай шығармалары аударылды. Бірақ ол аудармалар заманның жағдайына қарай баспаның, мерзімді баспасөздің болмауы салдарынан жұртшылық арасында ауызша тарады. Абай аудармаларының бірқатары уақытында хатқа түсірілмей, баспа бетін көрместен жоғалып кетті.
Ал хатқа түсіріліп, баспа бетінде жарияланғаны А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» повесінің Молданияз Бекімов жасаған жасаған алғашқы нұсқасы. М.Бекімов есімі зерттеушілер мен оқушы жұртшылыққа 1930-1911 жылдарда ғылыми басылымдар мен мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен аударма кітаптары арқылы таныс. А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» повесі М.Бекімов аудармасында 1903 жылы Қазанда Харитоновтар бапаханасында басылып шыққан.
М.Бекімов еңбегі зерттеулер мен мақалаларда, оқулықтар мен әдебиет тарихына қатысты еңбектерде әркез лайықты бағаланып келеді.
М.Бекімовтың шығармашылық қызметін төрт салаға бөліп қарауға болады:
1) Қазақ әдебитеті нұсқаларын жинауы;
2) Аудармашылығы;
3) Әдет-ғұрыпты зерттеуі;
4) Ағартушылық – методистік қызметі;
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларынан М.Бекімов жинап-жарияланған материалдар көптеп кездеседі. Жинаған материалдарының бәрін де орысша басылымдарда орыс тілінде жарияланған. Демек, М.Бекімов қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын шебер аударып, орысша басылымдарда жариялап, өзге халықтарға таныстырушы да. М.Бекімовтың қазақ тіліне аударып, жариялаған елеулі қызметі – бүгінде өзіміз тілге тиек етіп отырған А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» повесі. Кітап көлемі қырық сегіз бет. Араб әріпнде басылған.
Аударушы кітаптың сыртқы бетіне: «Шығарушы Россияның артық шешен поэті А.С.Пушкин, перевод еттім М.Бекимов» деп жазған. Кітатптың ішкі бетіне ол өзінің ұстазына екі тілде (орыс және қазақ), арнау жазған. «Бағыл еттім переводымды, есімі өшірілмес үшін сүйікті ұстазым Дмитрий Николаевия Григорьевке», - деген.
М.Бекімов повесі бастан – аяқ толық дәл аудармай, көп жерін ықшамдап, тіпті қысқартып, келте аударған. Мәселен, аударушы түпнұсқадағы мәні үлкен эпиграфтарды, повестегі тарихи оқиға, өлке, қала, жер, күн райы суреттелетін тұстарды бірқатар кейіпкерлердің бейнелерін, кірме өлең, әңгімелерді қысқартып, тіпті тастап кеткен. Аудармашы Пушкиннің түпнұсқадағы айтайын деген ойын дұрыс ұқпаған. Орыс жазушысы бұл туындысында шарулардың Емельян Пугачев бастаған қозғалысын суреттеуді басты мақсат еткен, тек сол кездегі патша үкіметінің цензурасынан жасқанып, соның көзін бояу үшін өз шығармасының атын бұрмалап, «Капитан қызы» деп атаған.
А.С.Пушкин творчествосы – ұлан байтақ Россия елінің понарамасы іспетті. «А.С.Пушкин творчествосында оның отаны жан-жақты қамтылуы табиғи еді», - деп жазды В.Брюсов. Пушкиннің поэзиясында Россияның барлық облыстарының суреттері көз алдыңнан өтіп жатады. Ол өзі ерекше жақсы білетін орталық аймақтың (лирикалық топтамасы, «Евгений Онегин», «Граф Нулин» повестері тағы сондайлар) ғана емес, сонымен бірге Россияның бүкіл шет аймақтарының – фин заливі жағалаулары «Мыс салт атты» (және Неманнан (Мицкевичтен) Қара теңізге, Қырымға, Кавказ бен Закавказьеге (Грузия, Арзрум) дейін Мало Росиия) «Полтава» (Бссарабия), «Цыгандар» (арқылы Дон, Урал, Волга бойымен барып, кейде бір сәнді понарамаға айналатын) «Онегиннің саяхаты» (Россия әлеуметтік өмірінде ұшығы көріне бастаған ынтымақтық, досьық идеялары Пушкин творчествасында терең тамыр жайды. А.С.Пушкин ұйымдастырып, редакциялаған «Литературная газета», «Современник» сияқты басылымдарда ақын үлгісімен Россия халықтары өмірін демократтық, гуманистік бағытта көрсететін шығармалар, хабарлар басылып тұру дәстүрге айналды. А.С.Пушкин ықпалымен көптеген ақын-жазушылар Россияның шет аймағында халықтар, ұлттар, бұрын белгісіз тайпалар хал-жайына көңіл бөле бастады. Пушкиндік дәстүр ХІХ ғасырда көрініс берген кейбір буржазиялық – отаршылдық ағымдарға қарсы дамыды. Орыс әдебиетінде басқа халықтар өмірінде жанашырлық көзқарас қалыптасты. Сөйтіп, әдебиеттер байланысы тарихы пайда болды. Ал біздің дәуірімізде қазақ және орыс әдебиеттерінің ынтымақ, байланысы үлкен тарихи маңыз-мазмұнға ие болды.
Зерттеуші М.И.Фетисов түрлі ұлттар әдебиетіндегі тығыз байланыс мәселесін сөз ете келіп, ұлы ақынның қазақ әдебиетіне деген қарым-қатынасын былайша түйіндейді: « …соответствующие факты представ-ляют большой историко-литературный интерес, поскольку они свиде-тельствуют о внимательном и дружеском отношении поэта к истории, социальному положению, устно-поэтическому творчеству, языку казахского народа, к его участию в массовом крестьянском движении под руководством Емельяна Пугачева». Автордың төмендегі мына бір ойы Пушкинтану ілімінің қазақ даласына кеңінен қалай тарай бастағанынан да хабар береді. «Если при жизни Пушкин достаточно определенно и ясно высказал чувства дружбы к казахскому народу, чем и известной мере укреплял русско-казахские общественно-литературные связи, то во второй половине ХІХ века пушкинское наследие уже становиться активным фактором в развитии культуры и особенно новой демократичечкой литературы Казахстана».
Ақын Орынбор, Орал сапарынан кейін Болдинадо «Пугачев тарихын» тәмамдап, «Капитан қызы» повесін жазуға кіріседі. А.С.Пушкинді «орыс ...........

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Шәкәрім лирикасы
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Шәкәрім лирикалары

» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Мақатаев шығармашылығы
» Курстық жұмыс: Бейнелеу өнері | Бейнелеу өнері сабағында пейзажды оқыту

Іздеп көріңіз: