Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингті жетілдіру жолдары

Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингті жетілдіру жолдары

Мазмұны
Кіріспе
1- бөлім. Лизинг туралы жалпы түсінік .
1.1. Лизинг мәні мен маңызы.
1.2. Лизинг беруші мен алушының құқықтары мен міндеттері
1.3. Коммерциялық банктердің лизинг операциясын жүргізу іс -әрекеті.
2 - бөлім. Қазақстан Республикасының лизинг компаниясының дамуы.
2.1. АҚ “Вираж – Лизинг” компаниясының құрылымы және атқаратын қызметтері.
2.2. АҚ “Вираж–Лизинг”компаниясының Қазақстанда лизингті дамыту ерекшелігі және қатысушылардың рөлі.
3 – бөлім. Қазақстанда лизингтік операциялардың мәселелері және оларды шешу жолдары.
3.1. Лизингтік операциялардың жетілдіру жолдары.
Қорытынды:
Пайдаланған әдебиеттер :

Кіріспе
Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды.
Сондықтан, коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізде белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі блоып табылады. Себебі, көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.
Осы жағдайларда негізгі құрал жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады
1–бөлім. Лизинг туралы жалпы түсінік.
1.1. Лизинг мәні және маңызы.
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “ жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы – жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-сатыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір айырмашылығын келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операцмясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы “Белл Телефон Компани” деген американдық компанияның телефондардф сатудың орнына жалғ,а бергендігін тілге тиек етеді. “Юнайтед Стейтс лизинг корп.” Атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан – Францискада (АҚШ) құрыдлған. Еуропада 1962 жылы “Дойче лизинг ГМбХ” деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін – өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе ьарлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Лизинг операцияларының техникасы 11-12 суреттерде түрлі сызба түрінде берілген.
Жабдықтаушы
(Өндіруші)
Лизинг беруші
(лизинг компаниясы)
Лизинг алушы
(өндірістік кәсіпорын)
1 - құрал –жабдыққа тапсырыс беру; 2 – құрал-жабдық үшін төлем; 3 – құрал-жабдықты жеткізу; 4 – лизингтік төлемдер.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85 %- ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80 %- дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Банк
Жабдықтаушы
Лизинг компаниясы
(лизинг беруші)
Өндірістік кәсіпорын
(лизинг алушы)
2 – сурет.
1 – банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі; 2 – лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 – жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал жабдығын сатады; 4 – лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал жабдықпен жабдықтайды; 6 – лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 – лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
5
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен есептеледі:
ЛТ=АА+ НТ+ КТ+ ҚТ+ ҚҚС
Мұндағы:
ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;
КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ - көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық.
Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:
АА= БҚ * На
100
Мұндағы:
БҚ – мүліктің баланстық құны;
На – амортизациялау нормасы (%)
Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:
НТ= НР * НС
100
Мұндағы:
НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС – несие үшін сыйақы мөлшері.
Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталуы формуласы:
НР= Қб - Қа
Мұндағы:
Қб - мүліктің жыл басындағы құны;
Қа – мүліктің жыл аяғындағы құны.
Комиссиондық төлемінің (КТ) мөлшерінің формуласы:
КТ=НР * Кс
100
Мұндағы:
Кс – комиссиондық сыйақы мөлшері.
Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:
ҚТ=Шi + Шқ + Шж + Шб
Мұндағы: 6
Шi – банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шқ – көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж – банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб – басқа да шығыстар.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мындай артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг обьектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда,несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);
- Лизинг 100 % -ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамайөақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпай қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссяны көбірек алуға тырысады.
Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады: 1) лизинг беруші мен лищинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте, мәмілеге келі алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл келісімшарт соңында құрал жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы.
Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр –түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерден қамтуға тиіс:
1.Обьектісі.
2.Жабдықтау мерзімі.
3. Лизингке алу мерзімі.
4. Лизингке берушінің меншіктік құқы.
5.Тәуекелдер,жауапкершілік,техникалық кепілхат.
6. Құрал-жабдықты пайдалану.
7. Күту, жөндеу және жаңарту.
8. Зиян,қолайсыз жағдайлар.
9.Сақтандыру.
10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.
11. Төлемді кешіктіргені үшін төлемақы өсімі.
12. Сатып алу мүмкіндігі.
13. Келісімшартты бұзу шарты.
14. құрал –жабдықты қайтару.
15. салықтар, баждар.
16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
17. Тараптардың қосымша құқықтары.
18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
19. Кешіктіру шарты (келісімшарт кепілдеме алуына байланысты күшіне енеді және т.юб.)
20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы,баланс).
21. Тараптардың қолдары.
23. Қосымша (материалдардың және т.б. сипаты).
24. Қалдық құнын кепілдеу.
25.Банктердің кепілдемесі.
Қазақстанда лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:
1) аймақтық көтерме – делдалдық фирмалардың және “Қаз-контракт” корпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешкніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
2) екінші деңгейдегі бнктердің лизингтік операциялары;
3)жаңадан құрылғвн арнайы лизингтік фирмалар;
4)лизингтік халықаралық формалары – экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және Республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.
Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар, айталық: “Қаржы лизингі туралы” ҚР заңының (05.07.2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.
Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепідемесімен жүзеге асырылуға тиіс. Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады. Лизинг беруші лизинг лизинг келісіміне тұру жөнінде оңды шешім қабылдаған жағдайда тұтынушылық өтінішін және оның төлем қабілеттігін зерттеу негізінде жабдықтаушы фирмамен сатып алу, сату келісім жасауға міндетті , болашақ лизинг алушы мен жабдықтаушының арасында келісілген коммкрциялық және техникалық жағдайлар негізінде және осы жағдайдға сәйкес келісімнің жеткізу обьектісіне тапсырысты жіберуге міндетті.
1.2. Лизинг беруші мен алушының құқықтары мен міндеттері.
Лизинг беруші лизинг мәміле обьектісінің меншік иесі болып табылады. Ол жабдықтаушының жеткізілетін обьектінің дайындығы жөнінде хабарлағаннан кейін, оның жинақтылығын және сапалығын тексеруге құқы бар. Ол пайдалануға берілген, обьектіні қабылдау актісіне қол қоюға міндетті. Егер қабылдау кезінде жеткіліксіздік табылған жағдайда , ол жабдықтаушыға белгілі мерзім ішінде оны жоюға тапсыруы міндетті. Егер осы міндеттеменің орындалмаған жағдайда, жөнделмейтін обьектіні жабдықтаушының есебінен ауыстыру жүргізілуі тиіс. Лизинг беруші, егер жабдықтаушы жеткіліксіздікті жоя алмаған жағдайда, сатып алу – сату шартын бұзу туралы жариялауға құқы бар.
Лизинг берушінің негізгі міндеттемесі болып лизинг мәмілісіндегі обьектінің төленуі болып табылады. Пайдалануына енді деген антқа қол қойылғаннан кейін лизинг беруші, лизинг алушының алдындағы жауапкершіліктен босатылады, өйткенілизинг алушы, лизинг берушінің кеңесімен немесе өз еркінімен обьект мәмілесін және нақты жабдықтаушыны қалауынша таңдады. Лизинг беруші, жабдықтаушының кепілдік қызметінің міндеттемесіне де, обьектінің қажеттілігі мен тұтыну ерекшеліктеріне де, пайдалануға беру кезіндегі тигізілген залалына да жауапкершілік алмайды.
Лизинг алушы, егер шартта көзделген жағдайда, өзінің заңмен куәландырған жарғысының көшірмесін, өзінің барлық экономикалық жағдайы туралы негізгі информацияларды мерзімді және форма бойынша даму перспективасын лизинг берушіге міндетті түрде танытуы тиіс. Керек уақытта немесе жағдайда лизинг берушінің талап етілген жағдайда осы информацияны немесе жабдықты паййдаланылуы жөнінде мәліметтер бірнеше рет талап етілуі мүмкін. Егер лизинг алушының қаржылық және заңды жағдайы өзгерсе, ол осы өзгерістер туралы лизинг берушіге хабарлауы міндетті.
Лизинг алушы, жабдықтаушының берген техникалық нұсқауларға және рекомендацияға сәйкес ұстауға, оны жұмыс жөнінде керекті өндіргіш ремонт жасауға өз есебінен міндетті. Белгілі бір өзгерістер енгізу жөнінде.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Лизингті жетілдіру жолдары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар банк ісі жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]