Курстық жұмыс: География | Латын Америкасына экономикалық - географиялық сипаттама
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………..........3 І – тарау Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы
І.1 Табиғат ресурстары мен жағдайлары………………………………………4
І.2 Табиғат ресурсы……………………………...................................................... 6
1.3. Халқы.....................................................................................................................9
ІІ – тарау Шаруашылықтың жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері
ІІ.1 Ауыл шаруашылығы.........................................................................................15
ІІ.2 Мал шаруашылығы............................................................................................18
ІІ.3 Өнеркәсібі............................................................................................................20
ІІІ – тарау Сыртқы экономикалық байланыстар мен ішкі айырмашылығы.
ІІІ.1 Сыртқы экономикалық байланыстар……………………………………..22
ІІІ.2 Ішкі айырмашылығы........................................................................................23
Қорытынды…………………………………………………………………..........25
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Латын Америкасы деп АҚШ пен Антарктида аралығында орналасқан Батыс жарты шардағы ауданды айтады. Оған Мексика, Орталық Америка елдері, Вест – Индия және Оңтүстік Америка кіреді. Мексика, Орталық Америка және Вест – Индияны кейде Мезоамерика субауданына біріктіреді ( Орталық Америка ). Оңтүстік Америкада екі субауданды ажыратады: Анд елдері – Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, боливия, Чили және Ла- Плата елдері немесе атланттық - Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия. Соңғы субауданда алғашқы үш елді Чилимен қоса жиі Оңтүстік конус субауданына біріктіреді.
«Латын Америка» түсінігі дүниенің осы бөлігіндегі Пиреней түбегінің роман халықтары испандықтардың және португалдықтардың тілі, мәдениеті мен дәстүрінің ықпалымен тарихи қалыптасқан ұғым. Олар 16 – 17 ғасырларда Американың осы бөлігін жаулап алып, оны отарлады және осында қалыптасқан ұлттардың маңызды бөлігін құрады. Европаның басқа елдерінің - Ұлыбритания, Франция, Нидерландының отарлау жаулап алушылықтары көп болған жоқ және кем басталған, сәйкесінше оның халықтарының ұлттық әсері айтарлықтай көп емес. Қазіргі таңда Латын Америкасының 33 саяси лербес мемлекеттерінің 18- інде ресми және басым тіл – испан тілі ( халықтың 63% ); Бразилияда ( халықтың 34% ) – португал, ал 14 кішігірім елдерде ( халықтың 3% ) ресми тіл болып француз тілі ( Гаити ) жарияланған, ағылшын Гайана, Тринидад-и Тобаго, Барбадос, Ямайка , Багам аралдары , Гренада, Доминика, Сент - Люсия, Сент- Винсент және Гренадин, Сент- Кристофер және Невис, Антигуа и Барбуда, Белиз және голланд тілі суринамда. Соңғы жылдары Вест-Индияның көлемді емес жерлері тәуелсіздік алуына байланысты және Белиз, Гайана, Суринам « Кариб елдері » географиялық субауданына біріктіріліп жүр. Ал барлық аймақ БҰҰ- ның номенклатурасында « Латын Америкасы және Кариб елдері » деп аталады. Алайда ресми құжаттардан тысқары бұл аймақты ескі дәстүр бойынша Латын Америкасы деп атайды.
Латын Америкасы елдері тарихи жағдайлардың және қазіргі әлеуметтік – экономикалық дамудың жағдайларын біріктіреді. Бұлардың бәрі ұлттық тәуелсіздігін өзінің басқарушы елдерінен алған Европа елдерінің баяғы отарлары болып табылады. Испандық отарлардың көбісі тәуелсізідігін өзінің 1810- 1825 ж алды. Өзінің қалыптасу кезінде – ақ осы экономикалық әлсіз мемлекеттер алдымен Ұлыбританияға және Францияға , кейіннен АҚШ- қа қаржылық тәуелділікте болды.
ІІ д.ж.с кейінге отарлау жүйесінің күйреуі Латын Америкасы елдеріне де әсер етті. Куба халқы 1959 жылдың қаңтар айында қарулы жолмен тәуелсіздігін алды, Ұлыбританияның көптеген отарлары да егемендікке жетті. Латын Америкасындағы демократиялық қозғалыстардың нығаюына Никарагуалықтардың 1979 жылы Самос әулетінің құлатуы зор маңызы болды. АҚШ алдында басып алған жерлерді басқаруын жалғастырып келеді: Пуэрто – Рико ( АҚШ – қа өз еркімен қосылған мемлекет деп жарияланған ), Панама каналының аймағы, Виргин аралдары. Олар өз қолдарына әскери жүйені ұстап отыр, соның ішінде Кубаның территориясынндағы Гуантаманы.
І – тарау Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
І.1 Табиғат ресурстары мен жағдайлары
Латын Америкасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 мың км –ге созылып жатыр. Шығысында Атлант мұхиты, батысында Тынық мұхиты шайып жатыр. Аймақтың қоныстануы мен экономикалық дамуында теңіздің маңызы зор. 33 мемлекеттің ішінен тек Парагвай мен Боливия ғана теңізге шыға алмайды.
Латын Америкасы жер бедері мен геологиялық құрылымы аа күрделі. Оның геологиялық негізін қозғалмалы, қарқынды дамып жатқан Венесуэладан Отты Жер аралына дейін 9000 км– ге созылып жатқан Кордильер ( Анд ) тау жүйесі және Оңтүстік Американың шығысы мен орталығындағы Гвиан платформасы құрайды. Бұл оның территориясының айтарлықтай алуан түрлілігін айқындайды. Мұнда құрлықтағы ең ұзын тау жүйесі және Батыс жарты шардың ең биік нүктесі Аконкагуа – 6960 м Анды және ең ірі ойпат Амазонка ойпаты, кең жазықтар мен үстірттер бар. Аймақтың солтүстік бөлігі Мексика негізінен таулы ел. Жақын жазықтар, Юкатан түбегін қоса территорияның 1\5 – ін алып жатыр. Орталық Америкада және Вест– Индияда жер бедері таулар теңізге шығатын жазықтар мен ойпаттарға ұласады. Латын Америкасының Тынық мұхиттық тау белдемінде қарқынды тектоникалық әрекеттер – жанартау атқылауы, жер сілкінулер ( 1970 жылы Перудегі, 1985 жылы Мехикодағы жоқын зілзалалар ондаған мың адамдардың өмірін әкетті ) жүріп жатыр. Дегенмен , Анд таулары мен Мексиканың жоғарғы қыраттары колумбктік кезеңге дейінгі жоғары дамыған американдық өркениеттің отанына айналған еді.
Пайдалы қазбалары
Латын Америкасы минералды шикізаттың барлық түрлерімен дерлік қамтамасыз етілген, оның біраз түрінен әлемнің басқа аудандарынан ерекшеленеді. Мұнда салыстырмалы түрде ауқымды территорияда пайдалы қазбалардың ең ғажайып түрлерінің қосындысы кездеседі.
Барланған отын ресурстарынан мұнай мен газдың қоры көп. 1995 жылы мұнайдың қоры 18 млрд. т бағаланды. Олар Мексикадағы Мексика шығанағының қайраңында жиналған. Оңтүстік Американың ең ірі мұнайлы бассейні Маракайбо қыраты толығымен Венесуэланың территориясында орналасқан.
Тас көмірдің барланған қоры көп емес ( 1996 жылы 100 млрд.т шамасында ). Өндірілген тас көмірдің кен орны Мексикада , Колумбияның тау аралық жазықтарында, Перу мен Орта Чилиде, Аргентина мен Бразилияның құрлықтық жыныстарында бар.
Латын Америкасы темір рудасының жоғары сапалы түріне бай, әлемдік қордың 1/4– і осында. Маңызды кен орындары Оңтүстік Америка құрлықтық қалқанының кембрийге дейінгі метаморфты жыныстарында орналасқан. Бірінші орында 80 млрд. қоры бар, ал барланған темірі бар 54% – 42 млрд.т болатын Бразилия мемлекеті. Әлемдегі ірі кен орындарының бірі Боливиядағы Мутун кен орнының қоры 40млрд. т құрайды.
Латын Америкасында радиоактивті минералдарлдың ( уран, торий ) біраз қоры табылған. Бұл атомдық энергетиканы дамытуға негіз болды. Оның көп қоры Бразилия, Аргентина, Колумбия, Мексикада бар.
Бразилия жоғары сапалы марганец рудаларынан дүние жүзінде
3 – ші орында алады. Бразилия– Венесуэла қалқаны мен Вест – Индия аралдарында никель, кобальт, хром, титанның біраз қоры шоғырланған. Андта аймақта барланған вольфрам рудаларының ( Боливия, Перу ), молибденнің ( Чили ), висмуттың ( Боливия, Перу) ірі кен орындары шоғырланған.
Түсті металдардың территориялық орналасу заңдылықтары геологиялық тұрғыдан сипатталады. Андтарда, Батыс және Оңтүстік Сьерра – малреде мыстың, қалайы, мырыш, сүрме, сынаптың ірі кен орындары шоғырланған. Аймақтың үлесіне капиталистік әлемдегі ресурстардың 40% , соның ішінде Чили мен Перудегі 20% және 10% сәйкесінше келеді.
Айрықша « қалайы белдемі » Анд таулары арқылы Боливия, Перу және Бразилияның жақын аудандарын алып жатыр. Соңғы бағалау бойынша дүние жүзінің қалайы қорының 1/3 –« шоғырланған. Қалайымен сүрме серіктес жүреді және бұл минералдың ½ ( 70% – ға жуығы ) Боливия үлесінде. Қорғасын – мырыш рудаларының көп қоры Перу мен Мексикада. Латын Америкасындағы сынаптың 95% – ы Мексикада ( капиталистік елде 5,5% ) бар. Аймақта бокситтің ¼ –« бар, соның ½ – Бразилия үстіртінің шөгінді жыныстарында , қалғаны Гвиан қыратының шығыс шеті, сонымен бірге Ямайкада және Вест – Индияның басқа аралдарында орналасқан.
Бес ғасыр бойы аямай пайдаланғанына қарамастан алтынның қоры азаймаған. Соңғы кездері Бразилиядағы Амазонка бассейнінде, Венесуэлада Ориноко бассейнінде және Аргентинадағы Анд тау алды жазықтарында ірі кен орындары табылды. Күміс қоры бойынша Мексика бірінші орында, үшінші орында перу. Платина шашырандылары Колумбияда бар.
Бейметал қазбалардан Мексикадағы күкірт, мышьяк және графиттің Бразилиядағы, Венесуэла, Гайанадағы алмазды, Бразилиядағы кварц, слюда, асбест , баритті, магнезитті, Чилидағы селитраны айта кеткен жөн. Көптеген елдерде фосфорит, доломит, гипс, дала шпаты, каолиндер кездеседі.
Климаты экватордың екі жақты тропикті және субтропикті ендіктерінде және екі мұхит арасында орналасуымен және мұхиттың әсерін бөлетін күшті тау жүйесінің болуымен анықталады. Экваторлық белдеуде температуралық режим тұрақтылығымен ерекшеленеді. Максималды орташа температура ( 30 – 31 °) Колумбияда Атлант мұхитының жағалауында және Венесуэладағы Маракайбо қыратында байқалады. Қыс пен жаздың температуралық режимдерінің мезгілдерінің ауысуы тропиктерден ары мұхит бетінде байқалады. Алайда Бразилия қыраты мен Мексика үстіртінде мұхит бетінде биіктіктің әсерінен аяздар тропиктерде байқалады. Колумбияда олар кофе плантайияларына орасан зиян келтіреді. Оңтүстікке қарай температураның жылдық амплитудасы максимум 18° –ге, Аргентинада орташа жылдық 16° Мендос ауданында. Мұнда және солтүстікке қарай Гран– Чако облысында климаттың ең күшті « континенталдығы » байқалады. Мұхиттық желдер мұнда жетпейді, аз бұлттылық максималды инсоляцияны негіздейді. Жазда бұл жер шарының ең ыстық аудандарының бірі, абсолюттік температура кейде 50°–тан асады. Оңтүстік Америкада таулы аудандардан басқа, кері жылдық орташа температура болмайды, керек десеңіз Отты Жерде 2-4°. Магеллан бұғазы ешқашан қатпайды........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: География | Канада мемлекетіне экономикалық географиялық сипаттама
» Курстық жұмыс: География | Әзірбайжан Республикасы
» Курстық жұмыс: Экономика | Аргентинаға экономикалық географиялық сипаттама
» Курстық жұмыс: География | Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер
» Курстық жұмыс: География | Беларусияның географиялық орналасуына табиғи ресурсы, халқына сипаттама
» Курстық жұмыс: География | Канада мемлекетіне экономикалық географиялық сипаттама
» Курстық жұмыс: География | Әзірбайжан Республикасы
» Курстық жұмыс: Экономика | Аргентинаға экономикалық географиялық сипаттама
» Курстық жұмыс: География | Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер
» Курстық жұмыс: География | Беларусияның географиялық орналасуына табиғи ресурсы, халқына сипаттама
Іздеп көріңіз: