Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың негіздері

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың негіздері

Мазмұны
Кіріспе
1 Қылмыстық іс жүргізу барысында өндірісті тоқтата тұру
1.1 Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұрудың түсінігі мен ролі
1.2 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде іс жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлар
2 Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың негіздері
2.1 Айыпталушының іске қатыса алмауымен байланысты, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері
2.2 Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың өзгеде негіздері
Қорытынды
Нормативтік құқықтық актілер
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Бірінші дәрежелік бағыт ретінде құқықтық мемлекеттің құру жөніндегі міндеттерді шешу тұлғаның құқықтық қорғалу механизмінің жетілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кепілдіктерін оңайлатуын ойластырады. Қылмыстық - процессуалдық әрекетті жүзеге асырған кезде құқықтық реформаның берілген бағытын іске асыру бірінші кезекте сот әділдігінің процессуалдық кепілдеріне сүйенуі керек, тұлғаны құқықтық қорғауға назар аударуды күшейту, қылмыстық сот ісін жүргізудің қағидаларын жүзеге асырудың кепілдерін бекіту керек. Қылмыстық процесс қазіргі талаптардың деңгейінде көп жақтық анализді қажет етеді. Қылмыстық процесс орын алып отырған тұтыныстарды анықтауды, оның жетілуін қажет етеді. Қылмыстық сот ісін жүргізу жағдайы бойынша, оның қүқықтық регламентациясы бойынша құқықтың жалпы күйі жөнінде оның қоғамның даму сипаты мен деңгейіне қаншалықты сәйкес екендігін ойлап білуге болады. Қылмыстық процесс процедурасы негізгі кінәлау және айыптау, азаматтық құқықтары мен бостандықтары қысым көрсету жағдайларын жоюға, адамдарды заңға құрметпен қарау рухында тәрбиелеуге алып келеді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сұрақтарды шешкен кезде де заң талаптары қатаң сақталынуы керек, өйткені мұндай шешім қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындауда ғана көрініс тауып қана қоймай, процесс қатысушыларының мүдделерін, сонымен қатар жедел сотқа олардың кұқығын қозғайды.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін шешу өз мақсаты ретінде қылмыстың жылдам және толық ашылуын, оны жасаған түлғаны әшкерлеп және қылмыстық жауаптылыққа тарту әділ соттық талқылау және қылмыстық заңды дұрыс қолдану табылады. Процестің жылдамдығы қылмысты уақытылы бұлтартпауды, азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың занды мүдделерін қалпына келтіруді ғана қамтамасыз етпей, ол істің барлық жағдайларын толық жан-жақты және объективті зерттеуді, іс бойынша шындықты анықтауды қамтамасыз етеді. Процестің кәдімгі барысын бөлу дәлелдемелік материалдың жоғалуына әуреленуге алып келуі мүмкін, ол сот әділдігінің міндеттерін жүзеге асыруда жақсы көрініс таппайды. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтат тұрудың сұрақтарын оқудың қажеттілігі дәл осымен анықталынады.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру қылмыстық -процессуалдық құқықтың маңызды институттарының бір ретінде ұзақ уақыттар бойы процессуалист — оқымыстылардың мұқият назарында болып отыр. Біздің республикамыздың қолданыстағы қылмыстық- процессуалдық зандылығы бұл институтты мүлде жаңа түрде көрсетіп отыр, ол бұрыңғы 1997 жылы Қылмыстық -процессуалдық Кодекс қабылданғанға дейін күші болған нормалардан анағұрлым ерекшеленеді.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың негіздеріне өзгерді — бұрыңғы заңда қарастырылған үш негіздің орнына істі тоқтата тұрудың сегіз негізі енгізілген. Олардың мөлшері өзгеріп қана қоймай, олардың сипаты да өзгерді, егер бұрын іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері іс бойынша іс жүргізуге айыпталушының (айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын тұлға) қатысуға мүмкіншілігінің жоқтығымен байланысты болса, казір заң бірқатар басқа да негіздерді қарастырады.
Істі тоқтата тұрған негіздегі заң бұзушылықтар көбінде дәлелдемелік материалдың жоғалып кетпеуіне алып келеді және ол қылмыстық процесс міндеттерін орындауда көрініс табады.
Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру институтын жалпы алғанда құқықтық реттеу және сотта іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру қолданылатындығы қылмыстық- процессуалдық заң бойынша аса жетілмеген. Іс бойынша іс жүргізудің тоқтата түру туралы заң ережелерін қолдану практикасында, соның ішінде зандылықтың жетіліп даму жолы мен олардың одан әрі шешілуін талап ететін көптеген сұрақтармен мен түсініксіздіктер пайда болады.
1. Қылмыстық іс жүргізу барысында өндірісті тоқтата тұру
1. 1. Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұрудың түсінігі мен ролі
Қылмыстық іс жүргізуді тоқгата тұру қылмыстық істің дұрыс жолмен тергеліп және шешуіне кедергі жасайтын объективті жағдайлардың пайда болуына байланысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтауға мүмкіншілік бермейтін - бір жағдайларды біріктіретін қатынастарды реттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізу құқығының функционалдық институты болып табылады. Сондықтан В.Е.Гущеваның, Х.Ж.Кеюкаеваның, М.Е.Новикованың, Н.А.Патованың көзқарастарын қолдай отырып, біз қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұруды қылмыстық іс жүргізу құқығының жеке институты болып табылады деп есептейміз.
Кейбір авторлар бұл жағдайда қылмыстық процестің екі тәуелсіз институттары орын алып отыр деп бекітеді. Осыған байланысты В.Д.Ломовский “Алдын ала тергеу және соттың талқылау сатыларында қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұрудың мәні бойынша ұқсас институттарының орын алуына қарамастан олар қылмыстық іс жүргізу құқығының жеке институттары болып табылады ”-деп жазады. Осындай көзқарасты М.А.Матющенкода ұстанып отыр.
Бірінші инстанция сотындағы қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру.
Қазақстан Республикасының - іс жүргізу заңдылығы бойынша алдын-ала тергеу сатысында, бас соттық талқылауын тағайындау сатысында, бас соттың талқылау сатысында және апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарастырған кезде іс -жүргізуді тоқта тұруға мүмкіншілік бар.
Осыған сәйкес В.Д.Ломовскийдің, МА.Матющенконың тұжырымы бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың төрт жекелеген институттары туралы айтуға болады. Біз іс жүргізудің тоқтата тұру институтын осылайша бөлшектеуді дұрыс емес деп есептейміз. Қылмыстық - іс жүргізу институты белгілі типтес қылмыстық іс жүргізу қатынастарын реттеуге бағытталуы керек және ол осы қатынастар пайда болатын сатыларға тәуелді болмауы керек.
Іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылатын сол бір жағдайлар жөнінде пайда болған процессуалдық қатынастарды реттейтін функционалдық қылмыстық процессуалдық институты болып табылады. Өзімнің көзқарасымды дәлелдеу мақсатында бұл жөнінде бірқатар оқымыстылардың айтқан пікірлерін келтіремін.
Сонымен, Н.А.Патов "Қылмыстық процестің әртүрлі институттары, сонымен қатар қылмыстық, іс бойынша тоқтата тұру институтын процестің нақты сатысының шеңберімен шектеуге болмайды — ол олардың қай сатыда пайда болуына байланыссыз процессуальдық қатынастардың қайсы бір аумағын реттейтін барлық нормаларын біріктіреді, ең бастысы бұл олардың бірыңғай құқықтық негізі"- деп есептейді. М.Е.Клюковамен, В.П.Малковта "Тектік қатыстылығы көзқарасынан қарастырғанда істі тоқтата түру басқа да бір, қылмыстық процесстің анағүрлым жалпыланған институтының немесе оның қандайда бір сатысының құрамдық бөлігі немесе элементі болып табылмайды. Бұл қылмыстық - процессуалдық іс-әрекеті қиындатылған, мүмкін емес немесе орынсыз болып келетін сатыларға жататын қылмыстық процестің жекелеген аралық институты" — деп есептейді.
Іс жүргізуді тоқтата тұру институты — бұл алдын-ала тергеу сатысы ішінде және істі апелляциялық шағымдары, наразылықтары бойынша қарастыру үшін де бірыңғай институты екендігіне ҚР-ның Қылмыстық - процессуалдық кодексінің Жалпы бөлімінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруды регламенттейтін норманың занды бекітілуі де дәлелдеме болып табылады.
Істі тоқтата тұруды ерекше бір процессуалдық форма ретінде қарастыруға болмайтындығы туралы М.Е.Клюкова мен В.П.Малкованың көз-қарастары дұрыс болып табылады.
Айтылғандардың негізінде қарастырылған институттың келесі анықтамасын ұсынамыз.
Іс жүргізуді тоқтата тұру институты — бұл қылмыстық істің дұрыс жолмен тергеліп және шешілуіне кедергі жасайтын объективті жағдайлардың пайда болуына байланысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтауға мүмкіншілік бермеуімен байланысты пайда болатын қылмыстық - процессуальдық қатынастарды реттейтін, қылмыстық - процессуалдық құқықтың нормаларының жиынтығы.
Іс жүргізуді тоқтата тұру институтының түсінігін онымен тығыз байланысты басқа түсінікпен — іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігімен сәйкестендіруге болмайды.
Сондықтан тоқтата түру институтын "іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдау жолымен олардың заңды бекітілуіне, тергеуді аяқтауға кедергі жасайтын объективті және заңмен белгіленген себептерді анықтап табуға бағытталған әрекет және айыпталушының қылмыстық сот ісін жүргізуде қатысуын қамтамасыз ету және нақты қылмыстық істі шешу үшін жағдай жасау мақсатында ерекше процессуалдық түрде жүзеге асырылатын міндетті іс әрекет " — деп түсінетін Ю.В.Даровскиймен мүлдем келісуге болмайды. Қылмыстық -процессуальдық іс-әрекет реттейтін құқықтың саласы ретінде қылмыстық - процессуалдық құқық пен қылмыстық -процессуалдық құқықтың нормаларымен реттелетін іс-әрекет ретінде қылмыстық процесс арасында теңдік белгісін қалайша қоюға болмайтын болса, солайша осыған сәйкес қатынастардың белгілі аумағында соттық және қылмыстық тергеу органдарының әрекеттерін реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылатын қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру институттын осы әрекеттің өзі ретінде қарастыруға болмайды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумы 1999 ж. 30 сәуірдегі "Жазаны тағайындау кезінде соттардың зандылықты сақтауы туралы" 1 Қаулысында келесідей нұсқалар: "Қазақстан Республикасының Конституциясында барлық адам заң және сот аддында тең екендігі туралы ережеге сәйкес және соттың үкімінсіз ешкім қылмыс жасағандығы үшін кінәлі деп танылып және қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін емес екендігін ескере отырып, әрбір қылмыстық іс жасалған қылмыстың ауырлығына және сипатына, айыпталушының қызметтік және қоғамдық жағдайына байланыссыз қатаң түрде Заңға сәйкес шешілуі керек екендігіне соттардың назарын аудару керек. "Заңдылықтың бұзылуына ешқандай ақталу қажет деп танылмайды ". Жоғарыда айтылғандар толығымен негізсіз кінәлау және жазаға тарту жағдайларын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетуді жоюға, адамдарды заңға құрметтік рухта тәрбиелеуге шақырылған қылмыстық процесстің барлық процедурасына қатысты. Заң талаптары қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сұрақты шешкен кезде де қатаң сақталуы керек, өйткені мұндай шешім тек қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындауында көрініс таппай, процесске қатысушылардың мүдделерін, сонымен қатар олардың жедел сотқа құқығын қамтиды. Бұл жөнінде М.С.Строгович былай деп: - "қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылған тұлға оның кінәлілігі туралы өзіне сотпен шешілуіне және оған сот алдында өзіне тағылған айыпты даулауға мүмкіндік алуға құқығы бар, сондықтан сотқа істі тапсырудың кешігуі тек занды негіздер болған кезде ғана рүқсат етіледі "-деп дұрыс айтқан.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерінің шешілуі қылмыстардың жылдам және толық шешілуін және оларды жасаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуды, әділ соттық талқылау және қылмыстық заңды дұрыс қолдануды өз алдына мақсат етіп қояды. Процестің жылдамдығы қылмыстың уақытылы тоқталуына, азматтардың мекемелердің ұйымдардың заңды мүдделірінің қалпына келуін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, ол істің барлық жағдайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге, іс бойынша шындықгы анықтауға ықпал етеді.
Процестің кәдімгі барысының үзілуі әділ соттылықтың міндеттерінің жүзеге асырылуына оншада жақсы емес көрініс табатын дәлелдеу материалдарының жоғалуына алып келеді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру сұрақтарын оқып-білудің қажеттілігі дәл осымен анықталынады. Іс жүргізуді тоқтата тұру қылмыстық - процессуалдық қүқықтың маңызды институттарының бірі ретінде ұзақ уақыт бойы процессуалист- оқымыстылардың аса назарында болып отыр. Біздің республикамыздың қазіргі кездегі қолданыстағы қылмыстық - процессуалдық заңдылығы бұл институтты жоғарыда айтылып кеткен оның прообразынан анағүрлым ерекшеленетін мүлдем жаңа түрінде ұсынып отыр. (Қазіргі кезде күші бар қылмыстық- процессуалдық заңдылық бойынша). Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру институтын және жеке сотта іс жүргізуді тоқтата тұру институтын құқытық реттеу қазіргі кезде күші бар қылмыстық - процессуалдық зандылық бойынша жетілуден анағүрлым алыс. Іс жүргізуді тоқгата түру туралы заңның ережелерін қолдану практикасында олардың одан әрі шешілуін талап ететін — көптеген түсініксіздіктермен сүратқгар пайда болады. Бүгінгі таңда процессуалист — оқымыстылардың көпшілігімен қабылданған, түрақтанған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқгата түру түсінігі бар деп айтуға болмайды. Қылмыстық процесс теориясында бүл сүрақ дискуссиялық болып қалып отыр. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата түру түсінігіне қатысты бірқатар көзқарастарды анализдейміз. Іс жүргізуді тоқгата түруға авторлардың назары негізінен алдын-ала тергеу сатысында аударылып келгенінен байланысты, тоқгата түрудың бізге таныс түсніктері, көп жағдайларда алдын ала тергеу іс жүргізуді тоқгата түруға қатысты. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата түру институты сотқа дейінгі іс жүргізу үшін де және соттағы іс жүргізу үшін де бірыңғай екендігіне көңіл айдара отырып қылмыстық процестің нақгы сатысына қатысты іс бойынша іс жүргізуді тоқгата түру түсінігінің бірқатар анықгамаларын қарастырайық. М.АЛельцов-Бебутов іс жүргізуді тоқгата түруды "істі осы уақытта жалғастыруға физикалық және заңи мүмкін еместігінің салдарынан іс жүргізудің уақытша үзілуі " — деп қарастырады.
Бұл кезде автор іс жүргізуді жалғастырудың "физикалық немесе заңды мүмкін еместігін" қалай түсіну қажет екендігіне түсініктеме бермеген.
"Аладын - ала тергеуді тоқтата тұру, заңда көрсетілген негіздер бойынша тергеушінің өзі шығарған арнаулы қаулы арқасында ол бойынша тергеу әрекеттерін уақытша жасалмау, іс жүргізуде тек уақытша үзіліс болып табылады деп Н.В.Жогин және Ф.Ы.Фаткулин жазған .
"Ресей Федерациясының қылмыстық процесс оқулығының авторлары келесі анықтаманы: "Алдын ала тергеуді тоқтата тұру — бұл айыпталушының болмауымен немесе оның қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмауымен негізделген қылмыстық іс бойынша іс жүргізудегі заңмен қарастырылған уақытша үзілісі" — болады .
Барлық осы анықтамаларда "уақытша үзіліс" туралы айтылады, ол біздің оймызша мүлде дұрыс емес. "Уақытша үзіліс" терминінің өзі қарсылық тудырады: "үзіліс" түсінігі "уақыт", "уақытша" түсініктерін қамтиды. Сондықтан іс жүргізуді тоқтата тұру туралы тергеудегі үзіліс туралы айтқандай дұрыс .
Орыс тілінде "үзіліс" деген сөз өз кезегімен "белгілі бір іс әрекетінің тоқтап тұру аралығы " - деп талқыланады. Сонымен "уақытша үзіліс" сөз тіркесі орыс тілі ережелерімен ешқандай келіспейді және қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігін анықтаған кезде осы екі сөздің бірін немесе "уақытша сөзін" немесе "үзіліс" сөзін қолдану қажет. Мысалы, "уақытша тоқтату" , "іс әрекеттегі үзіліс" және т.б.
Осыған байланысты "Алдын ала тергеуді тоқтата тұру тергеу әрекеттерін жүргізуге кедергі жасайтын жағдайлармен тудырылған тергеу әрекеттерін жүргізуді уақытша тоқтату болып табылады" — деп К.Ф. Гуценкомен редакцияланған "Қылмыстық процесс" окулығының авторларының анықтамасы дұрысырақ болып табылады.
Іс жүргізуді уақытша тоқгата түру қажетті шара емес екендігін көрсете отырып, А.И. Новиков бүл шараның тергеу жүмысындағы, заң арқылы негізделген жағдайларға сәйкес уақытша тоқтату керек екендігін атап көрсетеді .
Тергеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп, іс жүргізуді тоқтату шараларын қабылдауға негіз болатын жағдайларды көптеген авторлар айыпкердің немесе қылмысқа айыпкер ретінде тартылуға тиісті тұлғаның болмауымен байланыстырады. Н.А.Патованың ойы бойынша "іс жүргізуді уақытша тоқтату — бұл айыпкерді немесе айыпкер ретінде іске тартылушы тұлғаның болмына байланысты тергеуді жалғастыруға және оны бітіруге мүмкіншілігінің жоқтығынан туындаған тергеушінің процессуалдық ісіндегі үзіліс .
Бұл туралы Кургинян анығырақ тұжырымдайды, ол "тергеу ісін тоқтатуды айыпкердің әр түрлі себептермен қылмыстық -процессуалдық.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың негіздері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қылмыстық кодекс жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]