Курстық жұмыс: Қылмыстық заң | Қылмыстық заңның дамуы

Курстық жұмыс: Қылмыстық заң | Қылмыстық заңның дамуы

Мазмұны
Кіріспе 4
1 ТАРАУ. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары және көне заңдары.
&1. Төле бидің «Жеті жарғысы» қазақ заңдарының бастауы.
&2. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің қылмысқа қатысты қолданылуы.
2 ТАРАУ. Қазақ ССР-інің Қылмыстық кодексі мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің салыстырмалы талдауы.
&1. Қылмыстық заңның ұғымы және негіздері.
&2. Қазақ ССР-інің Қылмыстық заңы мен ҚР-ның Қылмыстық кодексінің салыстырмалы сипаттамасы
3 ТАРАУ. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы -құқықтық реформаның жемісі.
&1. Қылмыстық заңның мақсаттары мен міндеттері.
&2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңының даму жағдайлары.
&3. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы демократиялық, құқықтық мемлекет заңының бастауы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының тарихын жазу кезек күттірмейтін аса келелі мәселе, еліміздің абыройлы міндеті. Әрісі дүние жүзі, берісі өз республикамыздың заңгерлері үшін қазақ елінің әлімсақтан келе жатқан сот істері мен билер үкімін тарихи тұрғыдан танып білу – аса қажет нәрсе.
Біздің дәуірге дейінгі жыл санауды және одан кейінгі дәуірлердегі, жалпы, жер бетіндегі мемлекеттердің дамуы, қалыптасуы бір-бірімен етене аралас өркен жағынан тарих теріске шығармайды. Ендеше мемлекетіміздегі үшінші
Әлем жұртшылығының алдында осы кезге дейін қазақ халқы көшпенді, өз алдына мемлекет, ел билеу заңы жоқ жабайы халық ретінде сипатталып келді. Бұл әрине ақиқатты тарихты бұрмалаушылық еді.
Тарих деректеріне жүгінсек, қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет құрғалы бері бірнеше заңдар жинақтарын қабылдаған. Мұндай заңдар қатарына алдымен 16-ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасымхан (1511-1520 ж.ж.) дәуірінде қабылданған "Қасым ханның қасқа жолын" жатқызуға болады. 16-ғасырдың аяғыңца 17-ғасырдың басында билік құрған Есімханның (1548-1628 ж.ж.) "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағы болғаны тағы белгілі. 17-ғасырдың аяғында 18-ғасырдың басында Тәуке хан тұсыңда (1680-1718 ж.ж.) атақты "Жеті жарғы" деп аталатын конституциялық құжат жасалды.
"Жеті жарғыға" сол кездегі қазақтың тұрмыс, әдеп ғұрпына, өміріне тән қоғамдық қатынастардың негізгі салалары енген. Бұл құжат жеті саланы: жер дауын; жесір дауын; құн дауын; бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, руаралық дауды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тәртіптеген (оның жазба толық нұсқасы әлі табылған жоқ, бізге ұрпақтан-ұрпаққа ауызша ауысқан түрі ғана жеткен).1
Заң ғылымы-ұзақ тарихы бар, ертеден ауызға ілінген, жалпы алғанда байырғы жылдардың бірі. Заң ғылымы шын және толық мәнісіңде заң дүниесін, заң қүрылысын жете танитын ғылым болып 19-ғасырдың ортасында қалыптасты. Заң ғылымының негізгі салалары-азаматтық, қылмыстық және сот құқықтары. Бұл салалар қазақ жерінде бұрын болған. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанда заң жиынының жаңа салалары пайда болады. Олар: жер, су, орман кен, табиғат қорғау, еңбек, еңбекпен түзеу, тұрғын үй, шаруашылық, мемлекеттік, әкімшілік, транспорттық және тағы басқалар. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанда мемлекетке маңызды бірнеше заңда жиынтығы қабылданды: Қаз. ССР-нің "Еңбек туралы" заңдар кодексі, "Азаматтық кодекс", "Жер кодексі", "Су кодексі", "Неке және жанұя кодексі", "Табиғат қорғау заңы" және т/б. Соның ішінде Қаз.ССР-нің "Қылмыстық кодексі", 1959 жылы 22-ші шілдеде қабылданып, 1960 жылы 1-ші қаңтардан бастап күшіне енген. Бұл кодекс ССР одағы мен одақтас республикалардың қылмыстық заңдары негіздеріне сәйкестендіріліп жасалды. Онда "Жалпы " және "Ерекше" деген екі үлкен бөлім бар. Бірінші бөлімде қылмыс, жаза,жаза тағайындау, және одан босату туралы ережелер мен қағидалар белгіленген. Екінші бөлім қоғамға қауіпті қылмыстық іс әрекеттердің түрлеріне арналған. ҚазССР-ң қылмыстық кодексі 256 баптан құрылған. Бұл кодекс совет қоғамдық және мемлекеттік құрылысты, социалистік құқық тәртібін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды көздеді.
1991 жылы Қазақтан Республикасы егеменін алуына байланысты, еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгерді. Республиканың қалыптасуы, елде экономикалық, құқықтық реформалары жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту, жаңа заңдарды қабылдауды қажет етті. Соның ішінде 1997 жылы 16 шілдеде жаңа "Қылмыстық кодекс" қабылданды.
Еліміздіњ тєуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланѓанына жеті жыл болды. 1997 жылы шілденіњ 16-сында Ќазаќстан Республикасыныњ жања Ќылмыстыќ кодексі ќабылданып, ол 1998 жылдыњ 1 ќањтарынан бастап зањды к‰шіне енді.
Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының дамуын жеке сала ретінде қарастыруға арналады.
1 ТАРАУ
Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы және көне заңдары
&1.Толе бидің "Жеті жарғы " қазақ заңдардың басталуы.
Әр елдің әу бастан өз заңы болады. Сол себепті қазақ халқының ұлт болып қалыптасқандығының бір белгісі - өзіне тән заңдылықтарының болғандығы. Бірде бір түрмесі болмаған ата-бабамыз ұлан-байтақ жердің бүгіндігін, халық бірлігін сақтап келгендігінің басты белгісі - дәстүрлік құқықтарының бұлжымай орындалғандығында деп білеміз. Өз бұзығын өзі түзеп, өз дауын өзі шешіп отырған халықтың ата заңы - аталы сөз болған. Аталы сөзді жүйелеп тасқа басу - заңды жүйелеу 15-ғасырдан, Жәнібек ханның баласы Қасым ханнан басталған. Оны Шығай ханның баласы Есім хан жалғастырып, 1680 жылы таққа отырған Жәңгірдің баласы Тәуке хан ары қарай дамытты. Ол қазақ қоғамының ішіндегі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хаңдықтардың уақытша болса да ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулармен батыл күресуге болмайтынын түсінді. "Халық кеңесін" және "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, жыл сайын бір мезгілде Күлтөбенің басында үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрған.
Хан ордасында сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шежіреші-шешен жыраулар отырған. Олар өте маңызды саяси, әскери және азаматтық мәселелерді ақылдасып шешкен. Бүл кеңестің қолында сот құқығына, заң шығару құқығы да болған. "Қасым ханның қасқа жолы ", "Есім ханның ескі жолы " және Тәуке ханның " Жеті жарғысы " осы хан кеңесінің шешімі арқылы елге таралған.
Қазақ халқының әдеп - ғұрып заң қалыптары мен этикалық қағидалары - ұзақ дәуірлердің ішіңде жинақталған, жазылмаған заңға айналған жол-жоба. Олардың әдеп - ғүрып заңдары қарапайым және өз заманына ыңғайланып жасалып, бұрмаланбай орындалып отырған. Орындалуын ханнан бастап ру ақсақалдары, билер қадағалаған.
Ел аузындағы аңызға қарағанда дәстүрлік құқықтың (жарғының) негізін салушы - Қорқыт Қарақожаұлы екен. Оның
" Атамекенді жерұйық деп білу оны жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау..." Деген сияқты жарғылары "Қорқыт айтыпты" делініп әлі айтылып келеді . Жалпы Қорқыт өз тұсындағы хандықтардың сот, әскери, қоғамдық тәртіп, діни істерше қатысты жарғылар жасап, оны атқаруға да көп көмегін тигізген.
Қорқыттан кейінгі қазақтың дәстүрлік жарғыларын жасаушы - Майқы би. Сөз атасы - Майқы би 12-ғасырдың аяғы мен 13-ғасырдың басында Шыңғыс ханға ақылшы болған . Ол жасаған жеті жарғы мүмкін "Тәуке ханның жеті жарғысына" мұрындық болған шығар.
Қазақ тайпалары 8-ғасырдың өзінде "ақсақалдар ережесі", "ата-баба жолы", "жөн-жосықтар" деп аталатын заң тізбектерін шығарған. Содан келіп "жарғы" деп аталатын заңдарын қалыптастырып, ел салтына сіңірген. Осы жарғы бойынша елді аузына қаратқан, билігіне ұйытқан билер дауды шешіп, елді жарастырып, халықтың билігін сақтап отырған.
Тарихшы ғалымдардың айтуынша 15-ғасырдың ортасы қазақ мемлекетінің мемлекеттік ірге тасы қаланып, өз заңдылығын жүйеге келтірген уақыты екен. Қазақ хандығы Жәнібектің ұлы Қасым ханның хандық еткен тұсында күшті мемлекетке айналған. Қазақ халқының жүйеленген құқықтық әдет-ғұрпы сол кезде "Қасым ханның қасқа жолы " деген атпен жария болған. Ғасыр бойы жазылмай жинақталған құқықтық әдет-ғұрыптар қазақтардың жаңа мемлекеттік құрылымына сай бейімделіп жасалған. "Қасым ханның қасқа жолы" кодексі бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жер дауы мен мүлік дауын тәртіптейтін құқықтық қалыптар жүйеленген. Екінші бөлімде қылмыстық және жазалау шарттарын тәртіптейтін құқықтық нормалары негізге алынған. Үшінші бөлімде әскери заң, оның орындалуы мен осы занды бұзғандарға қолданылатын шаралар қамтылған. Төртінші бөлім елшілік жораларына (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайылық, сөйлеу мәнері) арналған. Бесінші бөлімде мерекелер мен жиындардағы ережелердің құқықтық қалыптары жүйеленген.
Қасым ханнан кейін қазақ халқының құқықтық құрылымының дамуына ерекше үлес қосқан Шығай ханның баласы Есім хан болды. Осы тұста ойраттар шабуылы тынымсыз болғандықтан " Қасым ханның қасқа жолына " Есім ханның енгізген жаңалығы - әскери заңды күшейте түсуі. Қалғанын өзгеріссіз қалдырған. Сол себепті халық бүл заңдар жинағын " Есім ханның ескі жолы " деп атаса керек .
&2. Әдеп-ғұрып заңдарының қылмысқа қатысты қолданылуы
Қазақ халқының өмірінде ең бір ірі жарғылар жинағы -Тәуке ханның ел ауыз бірлігін нығайтуға арнап шығарған, қазақ әдет-ғұрып заңдарының жинағы (Жеті жарғы). Осы заңдарға сүйеніп қазақ билері қоғам ішіндегі дау-жанжалдарды шешіп отырған. Жарғы сөзі қазақша әділдік, шешім деген үғымды білдірген. " Жеті жарғы " үш бөлімнен тұрады деуге болады. Біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып заңдарын қамтыған "Қасым ханның қасқа жолына" негізделсе, екіншіден, "Есім ханның ескі жолына" - ел басқару ісіне, үшіншіден Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңалықтарына негізделіп жасалған қазақ халқының саяси, әлеуметтік өміріндегі ең ірі заңдар жарғысы осы Тәуке ханның "Жеті жарғысынан" басталған болар Жеті жарғы - жеті жарлық, жеті дау, жеті шешім деген ұғымды білдіретін болуы керек. Оларға: қазақтың ең бір жан ауыртар дауы - жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал-мүлік дауы, ұрлық-қарлық айып-жаза, алым-салық т.б. кірген. Тағы бір дерек бойынша " Жәнгір ханның ұлы Тәуке хан "Қасым ханның қасқа жолын", "Есім ханның ескі жолын" өз заманына сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен Тәуке ханның "Жеті жарғысы " деп аталып кеткен делінеді. 1
Енді сол жеті жарғыға тоқталайық.
Бірінші жарлығы: " Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін " .
Екінші жарлығы: "Төрелер мен қожалардың жай қатарыңдағы біреуі өлтірілсе олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс ".
Үшінші жарлығы: "Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе "бүтін құн", ал үйдің жапсарына байланған ат теуіп өлтірсе "жарты құн", ал үйдің артына байланған ат теуіп өлтірсе тек "ат-тон" айып төлейді.
Төртінші жарлығы: "Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін деседе ерікті, сұраусыз болады ".
Бесінші жарлығы: "Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп, сөккені үшін (қол тигізбесе) - қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек ".
Алтыншы жарлығы: "Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң - ақбаталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін ".
Жетінші жарлығы: " Ұрыдан айыр түйеге - нар, атқа -аруана, тайлаққа - атан, тайға - ат, қойға - тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді ".
Сонымен " Қасым ханның қасқа жолын", "Есім ханның ескі жолын ", " Тәуке ханның жеті жарғысын " қазіргі жеке -жеке заң кодекстерінің арғы атасы деп атасақ қателеспеген болармыз.
2 ТАРАУ
Қазақ ССР- інің Қылмыстық Кодексінің Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына дейін
&1. Қазақ ССР-інің Қылмыстық заңы және оның ерекшелігі.
Бұрын қолданылған Қазақ ССР. қылмыстық кодексін 1959 жылы қабылданған еді. Жаңа қылмыстық кодекс 1997 жылы 16 шілдеде қабылданды. Қылмыстық Кодекс дегеніміз - барлық қылмыстық заңдардың белгілі бір жүйеге келтірілген жиынтығы болып табылады. Кодексте қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін және қаңдай қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қылмыс болып табылатынын анықтайтын үғымдар, қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін жазалар белгіленеді. Қылмыстық Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімінде жоғарыда айтылған қылмыстық құқықтың жалпы ережелері, міңдеттері, қылмыс пен жазаның түсінігі, қылмыс пен жазаны жоятын мән-жайлар, және т/б мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлімнің баптары өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар жаза тағайындауда және шартты жазаны қолдануда міндетті түрде есепке алады. Ерекше бөлімде жекеленген нақты қылмыс түрлері үшін жауаптылық және жаза белгіленген. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі бірнеше тарауларға бөлінген. Әр тарауға бір объектінің маңыздылығына қарай тиісінше орын берілген. Қылмыстық заңның заң шығарушының еркін білдіретін белгілі бір техникалық ережелерге негізделген. Өзіндік құрылымы бар. Қылмыстық құқылық нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді:
1) Декларативті - яғни, қылмыстық құқықтың жалпы міндеттерін айқындайтын нормалар (Қылмыстық Кодекстің 2-бабы).
2) Анықтаушы - яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген институттарына айқындама беретін нормалар (Қылмыстық Кодекстің 9-бабы).
3) Арнаулы - яғни, нақты қылмыс құрамына және оған тағайындайтын жазаға сипаттама беретін нормалар (мысалы, Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі, барлық нақты, жекелеген қылмыс құрамдары).
Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімінің бабы өзінің құрылысы жағынан Ерекше бөлімдегі баптың құрылысынан өзгеше болады. Жалпы бөлімнің бабы тек қана дизпозициядан құралса, ал Ерекше бөлімнің бабында дизпозицияға қоса санкцияда болады, Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптары топтық және түрлік болып екіге бөлінеді. Топтық баптар біртектес қылмыстардың ортақ және соларға тән белгілерін анықтайды. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 366-бабыңда - әскери қылмыстардың түсінігі берілген.
307-бапта лауазым адамның түсінігі айтылған.1
Топтық баптардың түсінігі әртүрлі тарауда орналасқан, әртүрлі қылмыс топтарын бір-бірінен жіктеуге мүмкіндік береді. Түрлік баптар бойынша заңда көрсетілген жекелеген қылмыстың белгілері және осы қылмысты істегенде қандай жаза тағайындалу керек екендігі көрсетіледі. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптары дизпозициядан және санкциядан құралады. Кодекстің Ерекше бөлімі бабындағы қылмыстың атауын және оның белгілеріне сипаттама беретін жағын дизпозиция деп атаймыз. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 120-бабындағы әйелді зорлаудың диспозициясы былай: "Зорлау, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау" деп көрсетілген. Диспозицияның төрт түрі бар:
1) Жай дизпозиция - қылмысты іс әрекеттің атын ғана айтып қояды, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Жай дизпозиция қылмысты іс әрекеттің мазмұны оның белгілерін
ашып көрсетілмегеннің өзінде жеткілікті түрде түсінікті болған жағдайда қолданылады. Мысалы, 96-баптағы "Адам өлтіру", 175-баптағы "Ұрлық".
2) Сипаттамалы диспозиция-қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде нақтылап көрсететін диспозиция сипаттамалы деп аталады. Жай дизпозицияға қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы артықшылығында дау жоқ. Сипаттамалы диспозицияға 166-бапта көрсетілген шпиондық жасау құрамы мысал бола алады. Мұнда шпиондық жасау аталып қана қоймай, оған "мемлекеттік немесе әскери құпияны құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам
.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қылмыстық заңның дамуы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қылмыстық заң жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]