Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық заң және оның міндеттері
Мазмұны
Кіріспе1. Тарау. Қылмыстық заң және оның міндеттері
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы және оның белгілері
1.2 Қылмыстық заңның құрылысы
2. Тарау. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы
2.1. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы
2.2. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы
3 Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
3.1 Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи аспектісі
3.2 Қылмыстық заңның кері күшінің Қылмыстық кодексі Жалпы бөлімінің нормаларында қолданылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер және нормативті-актілер
Кіріспе
Қылмыстық заңның негізгі ұғымдарын, белгілерін, қылмыстық заңның кері күшін, кері күштің ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында қолдануға арналған.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаумен бірге елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда түбегейлі өзгерістер жүруде. Жалпы халықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 18 ақпан 2005жылы Қазақстан халқына жолдауында былай деп айтты: «біздің Конституциямыз әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келеді және мойындалады,- деді.
Конституциялық ережелерге және қағидаларға сүйене отырып жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өзіне қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылатын бірқатар ережелерін қосады. Осы ҚР ҚК бірінші рет іс-әрекеттің жасалу уақыты болып зардаптың туындау уақытына қарамастан қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау уақыты саналады деп көрсеткен.
Сонымен бірге 1959ж. ҚазССР Қылмыстық кодексі алғаш рет неғұрлым қатал заңның кері күші болмайды десе, ҚР ҚК сәйкес сотталынған адамның жағдайын нашарлататын жағдайға немесе заңға кері күш болады дейді, соның ішінде жазаны өтеген немесе жазаны өтеп болған, бірақ соттылығы бар адамға қолданылады.
Сонымен жоғарыда айтылған мән-жайлар бітіру жұмысының өзектілігін дәлелдеп тұр. Бітіру жұмысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін танимыз. Сондықтан да қылмыстық заңның кері күшінің ұғымын, қағидаларын білу маңызды.
Қылмыстық жауаптылықты тарылту және жеңілдету қылмыстық заңнамада көптеген іс-әрекеттерді қамтиды, оның ішінде қоғамға қауіпті іс-әрекетті қамтиды, тарылту қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында қолдануға жол беріледі.
Әділсоттылықты жүзеге асыру барысында соттар заңды басшылыққа алуы тиіс. Қылмыстық іс бойынша әділсоттылықты жүзеге асыру үшін қоғамға қауіпті, кейде ауыр зардаптарды қоғамның мүддесіне сәйкес қорғайды. Қылмыстық заңның ұғымы және маңызы, осы заңдардың түрі және құрылысы, ұғымы, қылмыстық құқық норманың мазмұны және маңызы мемлекеттік қылмыстық заңнаманың өзара қатынасы, кеңестік қылмыстық заңнаманың әрекеті, қылмыстық заңды талқылау және басқа да мәселелер айтылады.
1. Тарау. Қылмыстық заң және оның міндеттері
1.1. Қылмыстық заңның ұғымы және оның белгілері
Қылмыстық заң дегеніміз – қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен қағидаларын белгілейтін, қандай қоғамға қауіпті іс – қимылдарды қылмыс деп тануды, оларды жасағандығы үшін қандай жаза қолдану керектігін және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мүмкіндіктерін анықтайтын, мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік актіні айтамыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1 бабының 1 бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық кодекстен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін еана қолданылуга тиіс. Яғни, бір нормативтік бастаудың болуы қылмыстық – құқықтық ескертулерді жүзеге асыруды жеңілдетеді. Көптеген шет ел мемлекеттерінде Қылмыстық кодекс дара қылмыстық құқықтық акт болып табылмайды. Мысалы, Германияда Қылмыстық кодекске енгізілмеген, біртектес қылмыстар үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық – құқықтық актілер қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі дүниежүзілік интеграцияның өзгерістерін бейнелеп, ҚР Конституциясының мемлекеттің құқықшығармашылық қызметіндегі үстемдігін білдіреді. ҚР ҚК 1 бабының 2 бөлімінде қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделетіндігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясы қылмыстық-құқықтық сипаттағы бірқатар нормаларды (өлім жазасы туралы мәселелерді, қажетті қорғану құқығын, заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол бермейтін нормалар) қамтыған.
Егер, Конституцияны мемлекеттің құқықтық саяси негізін құрайды деп айтсақ, қылмыстық құқықтың қайнар көздеріне Конституцияның (қылмыстық саясаттын, қағидаларын олардың бағытын анықтайтын, заң аткару және құқық қорғау органдарының, жаза жүйесін немесе нақты бір қьлмыс құрамдарына қолдануды анықтаудың) барлық нормаларын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, халықаралық құқықтың жұр таныған қағидалары мен нормалары және ҚР халықаралық шарттары құқық жүйесінің құрамдас белгісі болыа табылады. Егер де, ҚР халықаралық шарттарында, заңмен қарастырылғаннан өзге ережелер көрсетілсе, халықаралық шарттар қолданылады. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары халықаралық пактілерде, конвенциялар мен басқа да құжаттарда бекітілген. Мысалы: Адам құқықтарының Жалпы декларациясында, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіде, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактіде.
Заң әдебиеттерінде бұдан басқа да көзқарастар кездеседі. Мысалы, Қылмыстық құқық оқулығында былай деп көрсетілген: «қылмыстық істерге байланысты жоғарғы инстанция болып табылатын, РФ Жоғарғы Соты қылмыстық құқықты қолдану мәселесіне байланысты түсіндірмелерді шығаруға құқылы. Заң бойынша бұл түсіндірмелер барлық соттарға міндетті сипатта болады. Себебі, қылмыстық құқықтың нормаларын қолданатын барлық құқық қорғау органдары, сотқа жұмыс істегендіктен, Жоғарғы Соттың басшылыққа алатын түсіндірмелері оларға қатысты міндетті сипатта деп айтуымызға болады». Яғни, берілген оқулықтың авторларының пікірі бойынша Жоғарғы Соттың бұл қызметі норма шығармашылық қызметіне жатқызылады.
Бірақ та, жоғарыда көрсеткеніміздей, бұл көзқарас ҚР ҚК 1 бабына кереғар келеді. Себебі, ол жерде қылмыстық заң тек Қылмыстық кодекстен тұрады деп, ал ҚР ҚК 3 бабында іс – қимылдың қылмыстылығы мен жазаланушылығы тек қылмыстық кодекспен анықталынады деп айқын көрсетілген.
Біздің қылмыстық құқықта сот прецеденті – нақты іске байланысты сот шешімі құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылмайды. Сот прецеденті басқа елдерде құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылады. Мысалы: Ұлабританияда, Канадада т.б.Кінәлі адамның қылмыстық жауаптылығын анықтау барысында сот заң ережелерін және жасалынған іс – қимылды бағалайды, түсіндіреді. Мысалы, ҚР ҚК 52 бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамдарға, ҚР ҚК Жалпы бөлімінің ережелерін басшылыққа ала отырып, ҚР ҚК Ерекше бөлімінің сәйкес бабында көрсетілген шектерде әділ жаза тағайындалады. Жаза тағайындағанда сот iстелген қылмыстық сипаты мен коғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, айыпкердiң жеке басының ерекшелiктерiн, мiнез-құлқын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалын толық есепке алады. қылмыс iстеген адамға оның түзелуiне немесе жаңа қылмыс iстеуден сақтандыруына қажеттi және жеткiлiктi әдiл жаза тағайындауы керек. Мұның өзi соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзiнiң құқықтық сана-сезiмiн басшылыққа алатынын көрсетедi. Алайда, құқықтық сана-сезiм құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсiнуге жөн сiлтейдi. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазымды адамдар, азаматтар, заңды тұлғалар үшiн мiндеттi күшi бар заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бiр болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берiлмейдi. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы бiлдiрудiң нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрiнiсi болып табылады.
Сонымен, қылмыстық заң дегеніміз – қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен қағидаларын белгілейтін, қандай қоғамға қауіпті іс – қимылдарды қылмыс деп тануды, оларды жасағандығы үшін қандай жаза қолдану керектігін және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мүмкіндіктерін анықтайтын, мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік актіні айтамыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1 бабының 1 бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық кодекстен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуга тиіс.
1.2. Қылмыстық заңның құрылысы
ҚР Қылмыстық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім жеті тараудан тұрады.
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімі ҚР ҚК міндеттері мен қағидаларын, қылмыстың түсінігін, қылмыстық жауаптылықтың негізін, қылмысқа қатысуды, іс – қимылдардың қылмыстылығын жоятын мән – жайларды, жазаның түсінігі мен мақсатын, жазаның түрлерін, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін және де қылмыстылықпен қылмыстық – құқықтық күрестің басқа да ережелерін анықтайды.
ҚР ҚК көптеген нормалары реттеуші сипатта, оларды қолдану нақты қылмыс жасаумен байланысты емес. Сонымен бірге, ҚР ҚК Жалпы бөлімінде құқық қолдану сипатындағы нормалар да бар. Мысалы, ҚР ҚК 43 бабының 4 бөлімінде түзеу жұмыстарынан қасақана бұлтару барысында, түзеу жұмыстарын бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айырумен алмастыру көрсетілген.
Реттеушінормалар келесі түрлерге бөлінеді:
1. Декларативті: қылмыстық заңның міндеттерін белгілейтін;
2. Жалпы реттеуші, қылмыстың, қылмысқа қатысудың, соттылықтың жалпы түсінігін беретін;
3. Мадақтайтын, мысалы: шартты түрде босатудың, мерзімінен – бұрын шартты түрде босатудың, бас бостандығынан айыру жазасын басқа жазаның жеңіл түрімен алмастыру шарттарын белгілейтін;
4. Рұқсат беретін, қажетті қорғану, қылмыс жасаған адамда ұстау барысында зиян келтіруді анықтайтын;
5. Босататын, ескіру мерзімінің өтуіне, жәбірленушімен татуласуына, сотталған адамның ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін нормалар.
ҚР ҚК Жалпы бөлімінің нормаларын бұлай бөліп қарастыру шартты түрде.
ҚР ҚК жалпы бөлімінде құқық қолданатын нормалар өте көп емес. Олар, айппұл төлеуден қасақана бұлтарған (41б.); қоғамдық жұмыстардан қасақана бұлтарған (42б.); түзеу жұмыстарынан (43б.); бостандығын шектеуден бұлтарған (45б.) жағдайда жазаның басқа түрімен алмастыратын нормалар.
Ерекше бөлімнің баптары бір қылмыс үшін жауаптылықты белгілейді. Бірақ та кейбір жағдайларда бір баптаекі қылмыс үшін жауаптылық көрсетілінеді. Мысалы: ҚК 200 бабының 1 бөлімі коммерциялық немесе банктік құпияны жинағандығы үшін, ал 2 бөлімі - коммерциялық немесе банктік құпияны, оның иесінің келісімінсіз заңсыз жариялағандығы үшін жауаптылықты белгілейді.
Заңдарды кодификациялаудың көп жылдық тәжірибесіне сәйкес, жаңа ережелер қосымша нөмірлермен заңның жүйесін сақтай отырып, Қылмыстық кодекске енгізіліп отырады. Мысалы: ҚК 330-1, 330-2, 330-3, 347-1 баптары.
Қылмыстық жазалар соттың үкімде жазаның мөлшерін өзгертуіне байланысты нақты анықталған және салыстырмалы анықталған деп бөлінеді.
Нақты анықталған жазаларға өлім жазасы жатады. Яғни, санкцияда дара, жалғыз бір ғана жаза көрсетіледі. Нақты анықталған санкция қолданыстағы қылмыстық кодексте жоқ. Бұл жаза түріне мысал ретінде, 1959 ж. Қылмыстық кодекстің 273-1 бабын «милиция қызметкерінің өміріне ауырлататын жағдайда қастандық жасау өлім жазасымен жазаланады» келтіруімізге болады. Осы мысалдан көріп отырғанымыздай, өлім жазасына балама басқа жаза түрі санкцияда көрсетілмеген.
Салыстырмалы – анықталған санкция жазаның түрі мен мөлшерін көрсетеді.
Салыстырмалы – анықталған санкция келесі түрлерден тұрады: жазаның жоғары және төменгі шегі көрсетілген санкция; жазаның тек жоғары шегі көрсетілген санкция; жазаның тек төменгі шегі көрсетілген санкция.
Жазаның жоғары және төменгі шегі көрсетілген санкцияға мысал ретінде: ҚР ҚК 179 бабын келтіруімізге болады: яғни, қарақшылық үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.
Жазаның тек жоғары шегі көрсетілген санкцияға мысал ретінде: ҚК 178 бабын келтіруімізге болады: яғни, тнау үшін заң шығарушы төрт жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген. Заң шығарушы бұл жерде жазаның төменгі шегін тікелей осы бапта көрсетпеген. Жазаның төменгі шегін анықтау үшін біз ҚК Жалпы бөліміндегі 48 бапты қарап, бас бостандығынн айыру жазасының төменгі шегі алты ай екендігін анықтаймыз. Ендеше сот осы алты айдан төменге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауы қажет.
Жазаның тек төменгі шегі көрсетілген санкцияда жазаның тек төменгі шегі көрсетіліп, жоғары шегі көрсетілмейді. Бірақ та бұл санкцияның түрі біздің Қылмыстық кодексте орын алмаған.
Санкциялардың көпшілігі жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің баламасын көрсетеді. Бұл соттарға кінәлі адамға жазаны дараландырумен байланыстыжасалған іс – қимылдың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық заңға келесідей талаптарды қоюға болады. Заң нақты, түсінікті, басқа нормаларға кереғар болмауы қажет. Сондай – ақ құқықтық нормалар бір жағынан – тұрақты, екінші жағынан – динамикалық болуы қажет.
- Тұрақты норманы тиянақты түрде зерттеп, талдау қажет. Себебі, уақыт өте бұл нормаларды білетін, осы нормаларды қолданатын адамдардың саны өседі. Осы норманың қолдану мерзімімен қатар, норманы қолдану тәжірибесін жалпылау және зерттеу мүмкіндігі де туындайды. Осыған байланысты, құқық қолданушылық қызметі жақсарып, әдеттегі қателіктердің саны азаяды. Норманың өміршеңдігі оның беделі мен маңыздылығын арттыра түседі. Ал екінші жағынан норма өмірдің қажеттіліктерінен арта қалып, ескіруі де мүмкін. Норманы қолдану процесі барысында, оның кемшіліктері табылуы мүмкін. Бұл жағдайда, норманы жойып немесе оны өзгерту қажеттілігі туындайды. Бірақ та назар аударатын басты мәселе, қылмыстық заң маңызды құқықтық акт болғандықтан, жиі – жиі өзгерістерге ұшырамас екен дейміз. Себебі, заң шығарушымен енгізілген кейбір олақ өзгертулер құқық қолдану тәжірибесінде әртүрлі дәрежедегі түсінбеушіліктрерді тудыруды. Мысалы, ҚК Ерекше бөлімінің кейбір баптарында бір ғана субъектінің жауаптылығын көрсететін бірнеше бөлімдер бар. Қылмыстық кодекстің 13 тарауына енгізілген өзгерістер белгілі бір алаңдатушылықтарды туындатады. Олар қылмыстың субъектісіне байланысты. Атап айтқанда, ҚР ҚК 307 бабы. Сондықтан да, заңға енгізілетін өзгерістер жан – жақты түрде зерттелінуі қажет.
Сонымен бірінші тарауымызды аяқтай келе шығарған қорытындымыз қысқаша қылмыстық заңның негiзгi қырлары мен маңыздылығын көрсетуге мүмкiндiк бередi.
- Негiзгi қыры: ол оның мемлекет билiгiнiң жоғарғы органдарының құқықтық актiсi, негiзгi мiндетi қорғау болып табылады. Соның iшiнде: тұлғаны, оның құқықтары мен бостандықтарын, табиғи, айналамыздағы ортаны, меншiктi, қоғамның және мемлекет мүдделерi мен мұқтаждықтарын, барлық құқықтық тәртiптi қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау;
- Қылмыстық заң Қазақстан Республикасы Конституциясы мен жалпылама танымал принциптер және халықаралық құқықтық нормаларына негiзделедi; Айтылғандарды қорыта келе, келесі тұжырымдарды атауымызға болады:
Қылмыстық кодекс дегенiмiз барлық қылмыстық заңдардың белгiлi бiр жүйеге келтiрiлген жиынтығы болып табылады. Кодексте қылмыстық құқықтың жалпы ережелерi мен принциптерi, нақты қылмыс түрлері мен олар үшін қолданылатын жаза түрлері мен мөлшері көрсетілген.
Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлiмнен тұрады. Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмiнде жоғарыда айтылған қылмыстық құқықтық жалпы ережелерi, мiндеттерi, қылмыс пен жазаның түсiнiгi, қылмыс пен жазаны жоятын мән-жайлар, т. б. мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлiмнiң баптары өзара бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады. Мысалы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын жағдайлар жаза тағайындауда және шартты жазаны қолдануда мiндеттi түрде есепке алынады.
Ерекше бөлiмде жекеленген нақты қылмыс түрлерi үшiн жауаптылық және жаза белгiленген. Ерекше бөлiмiнiң бабы диспозиция және санкциядан тұрады.
Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптары топтық және түрлiк болып екiге бөлiнедi. Топтық баптар бiр тектес қылмыстардың ортақ және соларға тән белгiлерiн анықтайды. Мысалы, қылмыстық кодекстiң 366-бабында — әскери қылмыстардың түсiнiгi берiлген. 307-бапта лауазымды тұлғаның түсiнiгi айтылған. Топтық баптардың түсiнiгi әр түрлi тарауда орналасқан, әр түрлi қылмыс топтарын бiр-бiрiнен жiктеуге мүмкiндiк бередi. Түрлiк баптар бойынша заңда көрсетiлген жекелеген қылмыстық белгiлерi және осы қылмысты iстегенде қандай жаза тағайындалу керек екендiгi көрсетiледi.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қылмыстық заң | Қылмыстық заң құрылымы, жүйесі
» Курстық жұмыс: Құқық | ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ ЖҮЙЕСІ ҚҰРЫЛЫМЫ
» Курстық жұмыс: Қылмыстық заң | ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
» Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар
» Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстық заң құрылымы жүйесі
» Курстық жұмыс: Қылмыстық заң | Қылмыстық заң құрылымы, жүйесі
» Курстық жұмыс: Құқық | ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ ЖҮЙЕСІ ҚҰРЫЛЫМЫ
» Курстық жұмыс: Қылмыстық заң | ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
» Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар
» Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстық заң құрылымы жүйесі
Іздеп көріңіз: