Курстық жұмыс: География | Қызылорда облысының Құмкөл мұнай кеніші орналасқан жердің физико-геогафиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайы

Курстық жұмыс: География | Қызылорда облысының Құмкөл мұнай кеніші орналасқан жердің физико-геогафиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайы

Кіріспе
Қазіргі кезде ғылыми – техниканың қарыштап алға басуы, адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта – табиғатқа орны толмас зор зиян тигізіп отыр.
Бүгінгі таңда экологиялық жағдайдың нашарлауы мұнай және газбен ластану есебінен де жүріп отыр. Жылу – энергетикалық ресурстарды тым артық пайдалану, соның бірі – мұнай, қоршаған ортаның ластануына, яғни экологиялық жағдай қаупі дәрежесінің артуына әкеліп отыр.
Мұнай кеніштерін өңдеу барысында топырақ және ландшафтарға әсер ету факторлары механикалық бұзылу және химиялық ластану болып табылады. Топырақ жамылғысының механикалық бұзылуы іздеу, ұңғыларды барлау және технологиялық объектілер құрылысы кезінде жүреді. Нәтижесінде өсімдік түрлері жойылады, топырақ горизонттарының жоғарғы бөлігі тығыздалады және бұзылады, ал ол өз кезегінде эрозия үрдісінің дамуына әкеліп, екінші ретті тұздалуының себебі болады.
Қазақстан – мұнай және табиғи газға бай елдердің бірі. Мұнай қоры бойынша әлемде 12 – ші орында, ал мұнайды өндіру бойынша 23 – орынды алып отыр. Республикамызда қазіргі кезде 208 – дей мұнай кеніштері бар, олар территориямыздың 62% – ын алып жатыр. Осы мұнй кеніші қатарына Қызылорда облысы да жатады. Болжам бойынша бұл жердегі мұнайдың қоры 350 млн тонна болса, 100 млрд м³ газ үлесі алып отыр.
Ластанудың негізгі себептері:
● Ластаушы заттармен атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы
сулардың, топырақтың ластану.
● Технологиялық құрал – жабдықтардың төменгі сапасы мен олардың
апатқа ұшырау мүмкіндігінің жоғарлылығы.
● Топыраққа түсетін ауыр техниканы пайдалану.
● Шөл зонасы топырағының төменгі өнімділігі.
● Ластанудың алғы шарты болып табиғи жағдайларда жазықтың бедер
әсері, климат аридтілігінің жоғарғы деңгейі, тұздану, карбонаттылық,
құрылымсыздық, топырақтың құнарлы қабаттарының жұқалылығы
жатады.
Жұмыстың мақсаты: Құмкөл мұнай кенішінің қоршаған ортаға тигізер әсерін зерттеп, оның ластану деңгейін бақылап, бағалау.
Жұмыстың міндеті:
● Алынған үлгілерге зерттеу жүргізу арқылы мұнаймен бүлінген
топырақтың, өсімдіктің ластану деңгейін анықтау.

● Топырақ және өсімдік үлгілерінің құрамындағы ауыр металдар мөлшерін
анықтау.
● Мұнай құрамын анықтау.
1.1. Қызылорда облысының Құмкөл мұнай кеніші орналасқан жердің физико – геогафиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайы
Құмкөл ″Харрикейн Құмкөл Мұнай″ ААҚ және ″ Торғай Петролеум″ ЖАҚ мұнай – газ кеніш орны Қызылорда облысының Оңтүстік Торғай және Қарағанды облысында 1984 жылы ашылып, 1991 жылы өндіріс эксплуатациясына енген болатын. Мұнай қоры 200 млн.тонна құраса, жылдық қолдану көлемі 10 млн. тонна мұнай және 100 млн м³ газ мөлшерін құрап отыр.Мұнай горизонт биіктігі – 86 метр,ал газдікі – 32 метр. Олардың жер көлемі 10,7 және 0,9 гектар тиісті жерді алып жатыр. Кеніште 3000 бақылаушы құбырлар бұрылған,соның ішінде қазіргі уақытта 400 құбыр фонтанды жағдайда өнім беріп отыр. Құмкөл мұнай кеніш орнының мұнай құрамы бойынша күрделі параметрлі жоғарғы молекулярлы парафинді топқа жатады. Құмкөл кеніш мұнайы жеңіл, парафинді, смола тәрізді, аз күкіртті болады. /1,2/
Кесте 1 Дегаздалған мұнай фракциясы құрамы мен физико – химиялық жағдайы
Аталуы Өзгеріс диапазоны Орта көрсеткіштері
Тығыздығы, кг/м 806,0 – 857,5 823,8
Жабысқақтығы, мПа*: 20ºС
50ºС 5,86 – 25,05
2,19 – 7,77 11,024,02
Қату температурасы, ºС 3 – 23 11,6
Мұнайдың парафинмен қанығу температурасы, ºС
44 – 52,7
47,8
Салмақтық құрамы,% кг:
Күкірт
Парафин
0,06 – 0,39
6,9 – 19,76
0,136
8,86
Фракцияның көлемдік шығуы,
% көлем.:
100 ºС дейін
200 ºС дейін
300 ºС дейін
0 – 11
16 – 38
36 – 60

4,5
25,73
45,7
Кеніш орны Қаракемір және Арысқұм ауданының шөлді зонасында орналасқан. Жер асты суы 5 – 10 метр тереңдікте минералданған түрде кездеседі. Территорияның негізгі климаттық көрсеткіштері 2 кестеде көрсетілген.
Құмкөл мұнай кеніші орналасқан аймақтың климаттық жағдайы кенет континентальды шөлді зонаға жатады. Осы көрсетілген мәліметтер өте қатал климаттық жағдайды көрсетіп тұр: қыс мезгілінде төменгі және жаз мезгілінде жоғарғы ауа температурасы, өте аз жауын – шашын мөлшері. Тәуліктік және маусымдық ауа температурасы құбылмалы.
Қысы – қоңыр салқын, қары аз жауады. Аязды емес күндер 168 – 200. Алғашқы аяз 8 қазаннан басталып, соңғы аяз күндер – 12 сәуірде аяқталады. Қар жамылғысы айтарлықтай тұрақты емес, әдетте беткі қабатын жел ұшырып кетеді. Орташа максимальды қар жамылғысының биіктігі – 6 см – ге дейін жетеді. Қар жер бетінде 33 – 35 күн жатады. Қыс мезгілінде абсолютті максимальды температура 44 – 47 C°, орташа температура 9 – 12 C° аралығында болады.
Жазы ─ ыстық, әрі құрғақ. Күндізгі жоғарғы температура + 42 C° - ге дейін маусым айынан тамыз айы аралығында сақталады, ауа температурасы түнде +18+22 C°- дейін төмендейді. Жазда ыстық жел, құмды дауыл жиі болып тұрады.
Топырақ ылғалдылығының сарқылмас көзі және топырақ құнарлылығының элементі орташа жауын – шашынның мөлшері жылына – 120 мм. Жауын – шашын мөлшері минимальды болуына және температураның жоғары болуына байланысты құрғақшылық кезеңдері он жылда төрт – бес рет қайталанады. Ылғалдылықтың жоғарғы көрсеткіші ауа температурасына тікелей байланысты.
Жаз айларында температура жоғарғы болғандықтан, топырақ ылғалдылығы да аз болады /3/.
Кесте 2
Метеорологиялық көрсеткіштер Метеостанция
Қарақұм Жетіқоңыр
Ауаның жылдық орташа температурасы,С° 7,0 5,8
Қаңтар - 13,6 - 14,1
Шілде 26,7 25,3
Минималды абсолютті температура, С° -35 -37
Максималды абсолютті температура, С° 41 40
Тәуліктік орташа температура, С°
0 3914 3573
5 3845 3499
10 3646 3274
15 3248 2838
Аязды емес күндер 168 143
Жылдық жауын – шашынның орташа мөлшері, мм 121 141
1.2 Топырақ жамылғысының ерекшелігі.
Мұнай кеніші орналасқан топырақ жамылғысы сұр – қоңыр, тақыртәріздес, шөлді құмды және сор жерлер алып жатыр. Топырақ жамылғысы – механикалық құмды, тұзды, нашар гумустанған карбонатты. Гумус мөлшері – 0 ,38% – ты құрайды. Сапалық құрамы бойынша тұздану сульфатты болып келеді. Бұл жерлер өнімділігі төмен жерлер қатарына жатады./4,5/
Территория шөлейтті зонада орналасқандықтан, сортаң жерлер алып жатыр. Яғни, сортаң дегеніміз – натрий ионына қаныққан жерлер ( сіңірілген Na+ 30% жоғары ).
Қуаңшылық жағдай артқан сайын, су тұздылығы ұлғайып, оның құрамында күкірт пен хлор тұздары артады. Соған орай сол жерлердің территорясы егін шаруашылығына жарамсыз жерлерге жатады /кесте – 3/
Тақырлар – белгілі топырақ құраушы борпылдақ жыныстар үстінде жан – жақты көтеріңкі құрлықтан мезгілді ағын сулармен ( жаңбыр, қар сулары) әкелінген шаң – тозаңды түйірлер шоғырлануы нәтижесінде қалыптасады. Тақырлар бұл территорияның 20% алып жатыр, тақырлар – карбонатты, гумус мөлшері 0,5% құрайды /6/.
Топырақ жамылғысына жоғарғы дәрежеде әсер ететін техногенді салмақ, бұзылған, ластанған және тұздалған жерлер көлемінің прогрессивті артуына әкеліп отыр. Осындай табиғи жағдайда негізгі өсімдік жамылғысын кедей ксерофитті, гиперксерофитті және әрқилы галофитті өсімдік түрлері құрайды. Көптеген өсімдіктер минерализация кезінде топырақта ерітілген тұздарды толтырудың көзі қызметін атқарады: хлоридтер, сульфаттар, натрий және калий тұздары ( сексеуіл, жыңғыл, боялыш).
Кеніш орнында өсімдік жамылғысының прогрессивті формада шөлдену үрдісі әсіресе бұрғыланған және мұнай газ құбыры орналасқан территорияларда байқалады, нәтижесінде мұнаймен ластанған территоряларды жиі тазалау кезінде өсімдік жамылғысы мүлдем жойылған. Үлкен территорияда жүйесіз қолданылған техногенді қысым нәтижесінде өсімдік жамылғысы құрамында әрқилы арамшөпті түрлер ( адыраспан, ебелек, итсегек, қияқ) ене бастады. Бұл жағдайда ландшафт өзінің индикациялық құндылығын жоғалтады.
1.3 . Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әралуандығы
Қарастырылып отырған территорияның өсімдіктері аралас шөлді – дала типіндегі өсімдіктерге жатады. Осындай табиғи жағдайда негізгі өсімдік жамылғысын кедей ксерофитті, гиперксерофитті және әрқилы галофитті өсімдік түрлері құрайды.
Яғни көп тараған өсімдіктер түрлері олар: сор шөптер, жусан және эфемерлер. Арысқұмның құмды массив жер бедері тегіс болмағандықтан, өсімдік түрлері де біркелкі болып таралмаған. Соған байланысты кеніш орналасқан территорияның өсімдік жамылғысы құмның төменгі бөлігінде астық тұқымдас-псаммофитті бұталар және псаммофитті жусандар қауымдастығы таралған.
Көбіне құмда өсетін өсімдіктер жусан- эфемерлі бұта қауымдастығына жататын – қара сексеуіл (Halaxylon aphyllum) түрі жатады. Бұта тектес түрлерінен таралғандар : жыңғыл жүзгін (Calligonum aphyiius), жартылай бұталы боялыш (Salsola laricifolia) және басқа да әртүрлі жусан түрлерін айтуға болады. Сонымен қатар эфеиероид тобына илак немесе құмдықиякөлең (Carex physodes) кіреді. Ол өзінің тармақталған жемтамырларымен құмның жоғарғы қабатын бекітеді де, құмды ұстап тұрады. Илак- шөлді зонадағы қатты тамырланған өсімдік, ол құрғақ кезінде мал шаруашылығында азықтың негізгі көзі болып табылады.
Эфемероидтар өзінің сырт пішінінен нағыз мезофиттерге жатады. Олар ерте көктемде дамып, құрғақшылық кезең басталғанда даму циклін аяқтайды.
Сортаң жерлер орналасқан территорияларда өсімдік жамылғысы мүлдем кездеспейді, себебі тұзды ортаға бейімделген галофиттер үшін де тұз концентрациясы жоғары болып келеді.
Балшықты тегіс жерлерді өсімдік жамылғысы жартылай бұталы сора шөбі қауымдастығы мен сексеуіл алып жатыр. Тек қана ылғал құбылмалы жайлы кебірленген қоңыр құм мен құмайт, бетеге т.б өсімдіктер таралған.
Құм балшықты топырақтарда жусанды, бетегелі жусанды, жусанды бұйырғын, бұйырғын көкпекті топтар алып жатыр.
Тақырлы жерлерде биік өсімдіктер мүлдем кездеспейді, тек төменгі сатыдағы балдырлар мен қыналар таралған. Жасыл балдырлардан мынадай түрлері бар: Chlorella , Palmela,Protococcus,Chrarocuccum, Pleuroccus т.б.
Эфемероид саны мен түрі жағынан айтарлықтай көп емес: Carex physodes, Poa pulbosa, Allim filidens, Rhinopetalus Karelinii т.б түрлері кездеседі. Ал, эфемерлер түрлері керісінше көп кездеседі: Lepedium perfoliatum, Eremopyrum orietae, Bromus tectorum, Malcolmia Karelinii, Kaclpnia linearis т.б түрлері бар /7/.
Көптеген өсімдіктер минерализация кезінде топырақта ерітілген тұздарды толтырудың көзі қызметін атқарады: хлоридтер, сульфаттар, натрий және калий тұздары ( сексеуіл, жыңғыл, боялыш).
Кеніш орнында өсімдік жамылғысының прогрессивті формада шөлдену үрдісі әсіресе бұрғыланған және мұнай газ құбыры орналасқан территорияларда байқалады, нәтижесінде мұнаймен ластанған территоряларды жиі тазалау кезінде өсімдік жамылғысы мүлдем жойылған. Үлкен территорияда жүйесіз қолданылған техногенді қысым нәтижесінде өсімдік жамылғысы құрамында әрқилы арамшөпті түрлер ( адыраспан, ебелек, итсегек, қияқ) ене бастады. Бұл жағдайда ландшафт өзінің индикациялық құндылығын жоғалтады.
Кеніш орналасқан жердің жануарлар әлеміне келіп тоқтайтын болсам, орнитофаунаның 160 түрі бар, оның ішінде ұя салатын құстар 47 түрі, қыстайтындар 18 түрі және жыл құстардың 97 түрі мекендейді. Соның ішінде Қазақстан қызыл кітабына жоғалу қауіпі бар құстар енгізілген. Аймақтағы териофаунаға 41 түрлі жануарлар түрі кіреді. Оның төрт түрі насекомдар қатарына, 3 түрі жарқанаттылар, 9 түрі – жыртқыштар, 1 түрі – қосқанаттылар, 20 түрі – тышқандар, 3 түрі – қоянтәрізділер отрядына жатады /8,9/.
1.4 Мұнайдың физико – химиялық сипаттамасы.
Мұнай – әртүрлі өнімдер өндірудің бағалы шикізаты. Сол өнімдерді бірі – ішкі жану двигателдеріне пайдаланылатын сұйық жанармай мен май өнімдері. Мұнай әртүрлі дәрежеде көмірсулармен қаныққан С : Н қатынасы мұнайды басқа отын қазба байлықтарынан ерекшелендіреді.
Тығыздығына байланысты мұнайды 3 топқа бөледі:
1. Жеңіл мұнай тығыздығы – 0,8 г/см3 (60%)
2. Орташа мұнай тығыздығы – 0,0871 – 0,8104 г/см3 (30%)
3. Ауыр мұнай тығыздығы – 0,910 г/см3 (10%)
Қазақстанның кен орындарындағы мұнайдың көпшілігі ауыр, күкіртті және жоғары күкірттілерге жатады. Технологиялық классификация бойынша күкірт құрамына тәуелді 3 топқа бөледі:
1. Күкірті аз мұнай – күкірт мөлшері 0,5%
2. Күкіртті мұнай – күкірт мөлшері 0,5 - 2%
3. Күкірті жоғары мұнай – күкірт мөлшері 2% /11/.
Мұнайды көптеген көмірсулармен қатар, жоғарғы молекулалы шайырлы асфальтенді заттар бар. Мұнайдың элементарлы құрамы көміртегі (85 - 86%), сутегі (11 - 12%), оттегі (0,6 – 0,9%), азот (0,1 – 0,6%), күкірт
(0,6 – 1,6%), әртүрлі микроэлементтердің жүзінші және оныншы үлестері (қорғасын, кобальт, стронций, хром, ваннадий, никель және т.б). мұнайлардың әртүрлі генетикалық, химиялық, өнеркәсіптік және тауарлық жіктеуі бар. Ең маңыздылары – химиялық және технологиялық жіктелу. Химиялық жіктелуі негізінде 250 – 3000С аралығында қайнап бітетін фракцияның топты көмірсутектік құрамы алынған. Осы фракцияда көмірсутектердің қандайда бір класының басымдылығына тәуелді мұнайлар 3 түрге бөлінеді: металдық (парафиндік), нафтенді және ароматтық. Жоғарғы молекулалы көміртекті емес компоненттер (сұйық шайыр, қатты асфальтендер) мұнайдың көп бөлігін құрайды. Олардың құрамында микроэлементтер, соның ішінде барлық металдар бар /11,12/.
Қазақстан Республикасында кездесетін мұнайлардың құрамында 27 -28% дисцилеттар бар. Ол фракцияның 60% - н көмірсутектер құрайды. Сонымен қатар мұнай құрамында көміртегі тотығы, күкірт диоксиді, күкіртсутек, азот тотықтары, фенол, аммиак, әртүрлі минералды тұздар кіреді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қызылорда облысының Құмкөл мұнай кеніші орналасқан жердің физико-геогафиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар география жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]