Курстық жұмыс: Психология | Психология тарихы
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................3
І ТАРАУ. Психологияның ежелгі таным ретіндегі ғылыми-теориялық аспектілері.
1.1 Шығыстық психотехникалардың психология ғылымында қолданыс табуының ерекшеліктері ………………...……………………......…..5
1.2 Батыс елдері психологтары мектептерінің психологиялық
құндылығы....................................................................................................7
ІІ ТАРАУ. ХХ ғасырдың басындағы психологиялық ой-пікірлердің теориялық маңызы
2.1. Ж.Аймауытовтың психологиялық еңбектерінің мәні........................14
2.2. М.Жұмабаевтің қазақ психологиясына қосқан үлестері......................21
2.3. Т.Тәжібаевтың психологиялық ой-пікірлері
ІІІ ТАРАУ. Қазақстандағы психология ғылымы.
3.1. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының
алғашқы кезеңі ...............................................................................................26
3.2. Қазақстандағы психология ғылымына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін психология пәнінде іске асыру жолдары .............................29
Қорытынды....................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................34
1.1. Шығыстық психотехникалардың психология ғылымында қолданыс табуының ерекшеліктері
Дзен ілімінің адам өмірінде үлкен рөл алатын бір себебі дзен ұстаздары күнделікті және діни өмірдің арасындағы айырмашылықтарды емес, керісінше олардың қатынастарын қарастырған. Жалпы дзен Үндістанда пайда болып, Қытайда өсіп, дамуының көркеюі Жапония елінен көрініс тапқан. Сондықтан Жапония Шығыс медицинасы мен Батыс ақылының түйісетін жері болып саналады. Бүгінде дзен дін, догма, ақиқатты іздеуші және философияға қатысты ілім емес. Ол барлық құбылыстарды шындықта қандай болса, дәл сол қалпында қабылдауға негізделеді. Оның мақсаты «осында және қазір»басқа еш жерде болуы мүмкін емес. Дзен үшін ешқандай «ертең» сөзі тіршілік етпейді. Басты шындық нақ осы шақтағы сәтке сәйкес келеді. Сол үшін дзен әдістер мен тапсырмалар, құралдар мен мақсаттар арасында айырмашылықтар жасамайды.
Дзен сөзінің этимологиясы санскриттің «дхъяна» сөзінен шыққандықтан ол «медитация » деген мағына береді. Барлық будда мектептері адамның рухани дамуы үшін медитация техникаларын қолданғандықтан Қытайда оны «чань», ал Жапонияда медитацияны-«дзен» терминімен атаған.
Дзеннің дәстүрлі қарастыратын мәселелері мынадай.
1. Адамдардың ұғымдарды дұрыс қолданбауына байланысты дзен түзетулер енгізіп, оны дұрыс пайдалануға үйретеді және логикалық ойлау параметрлерін анықтайды.
2. Батысқа қарағанда Шығыстағы дзен «даналық» туралы терең мағынада зерттеген.
Дзен негіздерінде өмір қозғалыс пен тыныштық балансынан құралған.Ал қозғалыс пен тыныштық арасындағы үйлесім әсерінен адам өзінің тіршілігінің орталығына жақындайды. Ол үнемі оның ішкі әлемінде және қимыл мен тыныштық, сергектік пен ұйқысына байланысты болады. Сонымен қатар дзен ілімінде жадырау нәтижесіне жету өте қиындықтар тудырып отырған. Ол үшін эгоисттік сананы ментальды және физикалық деңгейде көрсету аса қажетті болған. Өзіндік сананың қалыптан тыс ұлғаюын дзен ойлау формасын табиғи емес деп санаған. Себебі сананың қалыптасуын сыртқы жағдайлардың әсер етуінен жүзеге асатынын байқаған. Адам өзінің эгосының жасанды екенін түсінгенде ғана, табиғи қалпы мен шындықты қабылдау тәсілдері мен интуициясын түсінетінін аңғарған. Сана табиғи және интуитивті болғанымен көп жағдайда эгоцентрлік концептуалды ойлаудан басымдық көреді. Адам өмір процесіне қатысушы болудың орнына үнемі концептуалды ойлаудың әсерінен өз-өзіне махаббат пен жауапкершілік сезімін, өзінің қатынасын бағалау арқылы құндылықтар шкаласын құрайды. Мұндай әрекеттерден ақиқат сезімі ой мен сезім хаосында жоғалады. Осыдан қалай саналылық күйіне жетуге болады? деген сұрақ туындайды. Нәтижеге жету үшін дзеннің әдістері мен техникаларын пайдалануға болады. Бірі Риндзай, екіншісі сото әдісі.Дұрыс шешімін табу үшін Риндзай адептері төмендегідей тәжірибе жасаған. Олар дәстүрлі ойлауға қарсы шығып, кенеттен пайда болатын интуицияға жүктелген. Ал сото –дзен мектебінің өкілдері медитацияның дзаден яғни отырып орындалатын әдісін пайдаланған. Жүргізілген әдістердің мақсаты адамдардың эгоисттік санасын жалпы әлемдік санаға қосу болып табылған.
Мыңдаған жылдар бойы Үндістан медитация жолымен жүргендіктен, кез-келген ойдан босанып, таза сананы сақтауға үйренген. Дзен әдісін көптеген тарих беттерінде есімдері қалған монахтар қолданған. Солардың бірі Бодхидхарма. Ол рухани мәдениет тарихының дамуына үлкен іс жасап, Үндістан мен Жапонияға қарағанда Қытайды тепе-теңдік ұстайтын ел деп қарап, өзінің ілімін осы жерде қалаған. Себебі Конфуцийлік өнеге қандай жағдай болмасын орталықты, тепе-теңдікті сақтай алатын болған.
- Үнді монахы Бодхидхарма «чань» (дзен) дәстүрінің негізін б.э. 520ж. Қытай елінде салған. Бодхидхарма патриарх-ұстаздардың арасында тұңғыш медитацияны қолданушылардың бірі болды. Мәліметтерге сүйенсек, ол қатал мінезді және қадала қарайтын,сұсты адам болған. Өз өмірінде жаңа білім ашуға аса назар аударып, медитацияның жаңа әдістерін өңдеп, мектептерде тәжірибе жасаған. Оның басты мақсаты адамдардың өзіндік табиғатын тану және оны ашу.
- Созанның өмірбаянында ол қай жерде туылып, қай жерде дүние салғаны туралы деректер көрсетілмеген. Шығыс түсінігі бойынша адамның өмірі туралы дәлелі емес, керісінше не істегені аса қажетті. Созан өз әдісінде өзгенің шындықтағы бейнесін көру қандай болса, ақиқаттағы бейнесін дәл солай қабылдау керектігін айтқан. Егер сіз ақиқатты көргіңіз келсе, әрбір пікірден бас тартыңыз. Сана адамның ұнамды болуы, оның көрінуінің арасындағы күрестің бар болуынан азап шегеді деген. Оны қалай жеңуге болады? Оның қандай да бір тәсілі бар ма? деген сұраққа Созан: Сіз ақиқатты сезгеніңізде ауру сізден арылады. Себебі бұл ауруға дәрі-дәрмек жоқ. Сондықтан біз дәріні қабылдаған сайын оған үйреніп қаламыз. Сонда ауруды ұмытып, тек дәріні ойлай бастаймыз. Енді аурудың өзі емес, дәріні қолдану біздің ауруымызға айналады деген.
- Риндзай «айқай» ұстазы ретінде танымал. Ол кенеттен айқайлау әдісін адамдардың үндемеуі үшін пайдаланған. Адамдар оған аспан әлемі, философия мен теологияға қатысты сұрақтарды қоя бастағаннан, Риндзай кенеттен айқай салатын болған. Себебі сол сәтте сана естен танып, бірнеше уақытқа дейін тыныштық күйде болып, тек айқай ғана қалған. Осы кезде адам санасы сөніп, уақыт тоқтаған секілді сәт орын алатын болған. Бұл медитацияның құпиясын пайдалану арқылы Риндзай адамдардың ылғи таусылмайтын ойлауы мен қажетсіз сұрақтарына шек қойып, әрбір адамның өз-өзіне концентрациялануына мүмкіндік берген. Себебі сол уақытта адам өз ішкі орталығын табады. Айқай болса орталыққа шоғырландырады. Бұл әдісті әлемдегі көптеген мистиктер қолдануға тырысқанымен, бірақ олардың іс-әрекеттері жасанды болып көрінген. Риндзай өз әдісін таңқаларлықтай қолдана білгендіктен, оның айқайы адамға қылыш секілді шаншылып, адамның тіршілік ету орталығына дейін жеткен. Риндзайдың тағы бір ерекше қасиеті ол үнемі адамдарға медитацияның қолдану техникасын қарапайым сөзбен түсіндірудің арқасында адамдарға үлкен өнеге көрсеткен. Әсіресе медитация туралы түсіне бермейтін адамдарға ерекше көңіл аударған. Сонымен қоса Риндзай ақиқаттың ескі және жаңа болуының маңызы жоқ. Негізінен шындық үнемі жаңа, себебі адамның санасы өсуде және көптеген кеңістікті жаулап алуда деген. Риндзай үшін дзен бұл тірі дәстүр. Шебер тірі кезде оның сөздері де маңызға ие, ал ол дүниеден өткенде –шеберден берілетін тәжірибесі де тоқталады. Ол қазіргі заманғы болу үшін өз уақытында орындалуы тиіс деген.
- Джалаладдин Румидің айналу әдісі орталықты табуға бағытталады. Егер адам бірнеше сағат айналатын болса, бірте –бірте ішкі әлемінде орталықтың бар екенін байқап, оған тәжірибелік жұмыстар жасаған. Олар өзін орталыққа қою әдісін тапқан және өмірде әдіс ретінде пайдаланған.
- Махакашяпа мен Бодхидхарма адам орталығын табуда тәжірибе жасаған. Олар адам санасында ештеңке қалмайтын, таза қатысудың нүктесін табуды көздеген. Бұл ықпал Чуань Цзы, Ли Цзы мен Лао Цзыдың ұлы мұраларының бірігуі мен одан бетер көркейе түскен. Бұл тұлғалардың барлығы да адамның ішкі әлемін зерттей отырып, өзін-өзі табуға тырысқан.
- Доген дзен әлеміне ішкі революция мен толық үнсіздікті, ішкі тыныштық орталығын енгізді. Мына көзқарасында Доген : « Өмір жолын зерттеу -өзін-өзі зерттеу» деген.
- Нансен рухани өмірдің материалдық өмірден бөлінбейтінін айтқан. Ол: «Адам жан дүниесін тазалау үшін тәнін қинаудың қажеті жоқтығын» ескерген.
- Ма-Цзыны –өз заманында «бос айна» деп атаған. Ол «жауап қайтармау» ілімін ұсынған. Тек «осында және дәл қазір» күйін пайдаланған. Ма-Цзы адамды шексіздік таңбасының орталығы етіп алған және ол арқылы аспанның, әлемнің, адамның ішкі дүниесінің тереңдігін түсіндірген.
Жоғарыда берілген медитациялық әдістер б.э. 400-1000жж. Дзен шеберлерінің қолдануының әсерінен біздің заманымызға жеткен. Бүгінгі таңда осы ілімнің кейбір әдістері психология ғылымында да жиі пайдаланылады. Әсіресе медитацияның сан алуан түрлері Үндістандық философ Раджниш Ошо еңбектерінде көптеп кездеседі.
1.2. Батыс елдері психологтары мектептерінің психологиялық құндылығы
Алғашқы психика туралы ұғым анимамен (лат.«анима»-рух, жан)-байланысты. Ол барлық тіршілік иелерінде жан бар деп қарастырған. Уақыт өте келе ежелгі философиялық ілімдерде психикалық аспектілерді идеализм немесе материализм тұрғысынан анықтай бастағандықтан, ежелгі материалист- философтар Демокрит, Лукреций, Эпикур адам жанын шар тәрізді майда және қозғалыссыз атомдардан құралады деп тұжырымдаған. Ал ежелгі грек идеалист философы Платон (б.э,д, 427-347жж.) жан мәңгілік, ол тән мен жан бір-бірімен тығыз байланысады. Өзінің жаратылысынан жан -тәнді басқарады деген. Ұлы философ Аристотель «Жан туралы» трактатында психология ілімінің өзіндік ерекшелігі бар саласы ретінде қарастырып, алғаш рет жан мен тәннің бөлінбейтіндігі туралы ой қозғаған.
Психологиялық ілімнің дамуының жаңа кезеңі VIIғ. бастау алғандықтан, жаратылыстану ғылымдарының көмегімен тәжірибелік –эксперименталдық әдістер арқылы адам санасының заңдылықтарын зерттеу қолға алынған. Ол кезеңде ойлай алу мен сезіну қабілетін сана деп қарастырғандықтан, психология сана туралы ғылым ретінде дами түскен.Ал өз пікірінде Р.Декарт (1596-1650) адам жаны мен тәнінің арасында өзгешеліктер бар деген қорытындыға келген. Сонымен қоса тән де қозғалыс жасай алатынын айтқан. Ол заманда мұндай көзқарастар қарама-қарсы дуалисттік ілімдер көкейкесті мәселелер туындатқан. Адамдарды тәндік (физиологиялық) және психикалық (ішкі сезімдік) процестер қалай байланысатындығы туралы сұрақтар қатты мазалаған. Өз өмір сүру барысында Декарт механикалық модель негізінде құлықты түсіндіретін теорияны жасап шығарған. Ол құлықтың детерминистік концепциясын сыртқы физикалық әсерден ағзаға қимылдық заңдылық арқылы жауап қайтаратын зерттеген. Сол себептен «жан» ұғымы «ақыл», кейінірек «сана» ұғымына ауысқан. Тән мен жанды қайта байланыстыруға Голландия философы Спиноза (1632-1677) әрекет жасады. Ал неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716) Декарттың қалыптастырған психика мен сананың теңдігіне қарсы шығып, санасыздық психика ұғымын енгізді.
Психология өзіндік ғылым ретінде I ғ. 60-шы жылдары бөлінгендіктен, ол арнайы ғылыми зерттеу мекемелері мен психикалық лабораториялардың жоғары оқу орындарында кафедралардың, психологиялық құбылыстарын эксперименттік тұрғыда зерттеген. Бірінші нұсқалы эксперименттік психологияны неміс ғалымы В.Вундт(1832-1920) Лейбцигте ашқан.
Функционалисттік бағыт.
Американ психологы У.Джеймс адамның сана қызметі мен оның қызметінің рөлін зерттеуге аса мән берген. Ол адам санасының түрлі жағдайларға үйренуі мен жаңа әрекетті игерудің гипотезасын жасаған. Жалпы функционалисттер үшін психология сана қызметін зерттейтін ғылым. Олар интроспекция, тапсырманы орындау уақытын пайдалану әдісін қолданған.
Ресей психологиясының тарихында Г.И.Челпанов (1862-1936) үлкен рөл алады. Оның басты үлесі Ресейде психологиялық институтты (1912) құруында. Психологиядағы эксперименталды бағыттағы объективтік әдістерді зерттеуде В.М.Бехтерев (1857-1927) зор ықпал жасады. Ал И.П.Павлов еңбектері ағза бөлшектерінің шартты –рефлекторлық байланысын зерттеуге бағытталады. Оның еңбектері психолоиялық іс-әрекеттердің физиологиялық негіздерін түсінуге бағытталды.
Бихевиористтік бағыт.
Американ психологы Уотсон 1913 жылы психология объективті эксперименталды әдістерді зерттегенде ғана ғылым ретінде аталынуы құқылы деген. Сондықтан ол әрбір жағдайға сәйкес келетін құлықты анықтайды және оны объективті белгілейді. Бихевиористтік бағытты ұстайтындар үшін психология мінез-құлық туралы ғылым, ал санамен байланысты ұғымдарды психологиядан алып тастау керектігін айтады.
Гештальт психология.
Германияда Т.Вертгеймер, В.Келер мен К.Левиннің психологияны тұтастық құрылым ретінде зерттеу бағдарламасынан бастау алған. Гештальт туралы ұғымы (немістің«форма») сенсорлық ілімдерді зерттеуден туындаған. Гештальттықтардың психология ғылымына қосқан үлесі психологиялық бейне ұғымын өңдеу мен психологиялық құбылыстарға жүйелі ықпал етуінде.
ғ. басында психология ғылымында психоанализ немесе Фрейдизм бағыты пайда болды. Зигмунд Фрейд психологияға қажетті тақырыптарды: санасыз мотивация, психиканың қорғаныс механизмдері, сексуалдылықтың рөлі, балалық шақтағы психологиялық жарақаттың ересек шақтағы мінез-құлқына әсер етуі т.б. енгізді.
Адамның психикасының санасыз табиғатының орталығын әлеуметтік жағдаймен байланыстырғандар К.Хорни, Г.Салливен, және Э.Фромм. Бұлардың барлығы Фрейдтің психоанализ реформаторлары (неофредистер).
Психологияның аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивті психология болды. 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористтердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым сахнасына келген еді. Когнитивті психологияның көрнекті өкілдері –Дж. Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон. Когнитивті психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер - ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму.
Гуманисттік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты-бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Гуманисттік бағыт көрнекі өкілдерінің бірі Абрахаам Маслоу еді. Ол жеке адам психологиясының есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін қадап айтқан. Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықыласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға (самоактуализация) деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік адамға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмтылу (адам табиғатынан қайырымды). Ч.Дарвиннің теориясын өзінше түсіндірген Маслоу, тек жыртқыш та күшті хайуанаттар өмір сүруге бейімді деген Ч.Дарвиннің ұйғарымымен келіспей, бұл жануардың негізгі инстинкті еместігін дәлелдеуге тырысты. Маслоу жануардағы өз ұрпағын жалғастыруға деген инстинкті адамдағыдан бірде кем еместігін, ал сол инстинкт оларды бір-біріне көмектесуге мәжбүрлейтінін талай баса айтқан. Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адамның өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндетті. Ал мұндай міндетті атқару қажеттілігі, Маслоуше, тек дені сау, салауатты адамдарда туындайды. Есі кеткендер мен жүйке сырқатына шалдыққандар өз алдына мұндай талап қоя алмайды. Сырқаттың өзі де адамның осы мүмкіншіліктерінен дұрыс та толық пайдалана алмай, қанағаттану рахатына бөленбегенінен болып отыр. Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге шығаруы тиіс. Өз мүмкіншілігін ашудың (самоактуализация) мәні не? Маслоу пікірінше, бұл тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті. Әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке деген қажетсінумен дүниеге келеді. Бұлардың бәрі адам өзегінде, оның міндеті осы гуманисттік қажеттіліктерді іске асыруда белсенділік көрсету.
Маслоу бірінен -біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1. Физиологиялық қажеттіліктер. 2. Қорғаныс қажеттіліктері. 3. Қорек тағамдық қажеттіліктер, осылардың бәрінен жоғары –адамгершілік қажетсінулер, яғни 4. шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек ету. Міне, осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды.
Трансперсоналды психология адамды рухани ғарыштық тіршілік иесі ретінде және әлеммен, ғарышпен, адамзатпен тікелей қатыстығын қарастырады. Сонымен қоса ақпараттық ғарыштық алаңға кіруге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол адамның санасыз психикамен байланысты болатынын, оған адамзаттың «санасыз ұжымының» ғарыштық ақпараттық «әлемдік санасымен» байланысты болатынын жатқызуға болады.
Кеңестік дәуірдегі психология өз пәнінің диалектикалық- материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамытты. Психология пәнін материалисттік тұрғыдан түсінудің негізгі үлкен идеялық –теориялық күрес барысында қаланып, әдістері белгіленді. Аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б.А.Ананьев, П.П.Блонский, А.С.Выготский, А.В.Запарожье, К.Н.Корнилов, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов, Б.М.Смирнов, Д.Н.Узнадзе және басқалар болды. Бүгінгі таңда Ресей мемлекетінде психологияның сан түрлі саласында қызмет ететін ғалымдардың саны шексіз.Әсіресе эзотерикалық ілімдерді, парапсихологияны,трансперсоналды психологияны зерттеуде жаңа ғылыми ақпараттарды ашуда. Солардың ішіндегі шығу тегі эзотерикадан бастау алған ежелден бері келе жатқан психологиялық техникалардың бірі гипнозды айтуымызға болады. Бүгінде оның түрлі әдіс-тәсілдерін мына психотерапевттер қолдануда: Е.Н.Довбня, Ф.Е.Рыбаков, В.Н.Коротко, П.П.Подъяпольский, А.И.Яроцкий, А.Ф.Лазурский, Ю.В.Каннабих, В.М.Нарбут, Ф.Д.Неткачев, В.А.Гиляровский, М.П.Кутанин, М.В.Стрельчук, Д.В.Кандыба т.б. Жалпы гипноздың кең тараған жерлері ретінде Батыс Еуропа мен Американы мысалға келтіре аламыз. Ал Шығыс елдері болса, ежелден келе жатқан медитациялық әдістерді пайдаланады. Ендігі кезекте Америкалық гипноздың қалай дамығанына көшейік.
Адамзат тарыхында көп жылдар бойы күмәнді әрекетке қызығушылық танытқан гипнозды зерттеген ғалымдардың мансапқа(карьера)жетуіне кедергі жасады. 1875 жылы Францияда Месмердің талабын зерттеу үшін арнайы жиналған корольдік комиссия қорытындысы Месмердің жақсы атағының күл талқанын шығарды. Гипноз және гипнозға қатысты құбылыстарды зерттеуге бел буған Шарконы құрметтеушілердің көпшілігі осы кезден бастап онымен қатынастарын тоқтатты. Керемет мінездеме алған доктор Джеймс Эсдэйлге (1847) гипнозды хирургияда қолданғаны үшін қызметтік өсуіне тиым салынды.
Зигмунд Фрейд гипнозды зерттеу процесінде кездескен көптеген кедергілер мен қиындықтардың нәтижесінде гипнозды зерттеуден бас тартты. Оның шәкірті К.Г.Юнг гипнозға қызығушылығын жоғалтты. Өйткені ол бұл құбылысты қадағалай алмағандықтан, оның әсерін түсіне алмады. Осы салаға қатысты жазылған және мұра етіп қалдырылған Джеймс, Жане т.б.гипноз туралы еңбектері ғалымдардың арасында сенімге ие бола алмады.Себебі ол медициналық ғылым мен тәжірибелік парадигмалық негіздеріне сәйкес келмеді. 20-шы жылдары гипнозды зерттеуді шындап ізденуді және оның теориялық оқытудың әйгілі маманы болып Кларк Л.Халл(1933) саналды. 1923 жылдардың соңында Висконсинаның түлектеріне гипноз саласындағы өзіндік жетістіктерінің қыр-сырын көрсету үшін, Халл Эриксонға гипноздан семинар өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Халл гипноздың әсер ету әдістерін бірыңғай стандартқа сәйкестендіріп келтіруге ұмтылған болса, ал Эриксон оған ұмтылыс көрсетпеді. Қайткенде де олардың өзара қарым-қатынасы жалғасын таппады. Эриксонның ерекше қабілетті адам жөніндегі даңқы кеңінен тарады. Ол Мендота мемлекеттік емханасының медициналық қызметкерлерімен психологтарына гипноздан сеанс өткізуге шақырылды.
Мильтон Эриксон 1901 жылғы желтоқсан айының 5-і күні Невада штатына қарасты алтын іздеушілер елді мекенінде дүниеге келді. Эриксонның ерте балалық шағы өте ауыр өтті. Оның есту қабілеті бұзылған және толық түсті көру қабілеті зақымдалған. Оның есту қабілетінің бұзылғаны соншалықты ән айтуды айқай-шу ретінде қабылдады. 17 жасында Эриксон полиомиелитпен ауырып, соның әсерінен жартылай сал (паралич) болып қалды. Оған өмір бойы төсек тартады деген болжам жасаған. Бірақ ол он жылдық үздіксіз жаттығулардың нәтижесінде, жүру қабілетін қалпына келтірді. Осындай өмірлік тәжірибесі оның байқағыш қабілетін ерекше дамытты. Ол вербалды емес белгілерді, ым-ишараларды, дене қимыл белгілерін тез қабылдап, дұрыс талдай алатын деңгейге жетті. .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | Ж.Пиаженің зерттеуелрі баланың сөйлеуі мен ойлауы
» Курстық жұмыс: Психология | Ж.Пиаженің зерттеуелрі баланың сөйлеуі мен ойлауы
» Курстық жұмыс: Психология | ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
» Курстық жұмыс: Психология | ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН САЛАЛАРЫН АНЫҚТАУ
» Курстық жұмыс: Психология | Психикалық және физикалық дамулар
» Курстық жұмыс: Психология | Ж.Пиаженің зерттеуелрі баланың сөйлеуі мен ойлауы
» Курстық жұмыс: Психология | Ж.Пиаженің зерттеуелрі баланың сөйлеуі мен ойлауы
» Курстық жұмыс: Психология | ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
» Курстық жұмыс: Психология | ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН САЛАЛАРЫН АНЫҚТАУ
» Курстық жұмыс: Психология | Психикалық және физикалық дамулар
Іздеп көріңіз: