Курстық жұмыс: Психология | Психодиагностикалық талдау жүргізуге қойылатын талаптар
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Психодиагностикалық бағыттағы негізгі мәселелер.
2. Психодиагностиканың кәсіби-этикалық аспектілері.
3. Мектепке дейінгі кезеңдегі психодиагностика.
4 Психодиагностикалық талдау жүргізуге қойылатын. әдістемелер.
ІІІ. Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Психодиагностикалық бағыттағы негізгі мәселелер.
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.
Баланың қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін , танымдық процестерін анықтау нәтижесінде психолог бала мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, балалардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;
Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда мектептегі практик –психологтың жұмысы 4 (төрт) негізгі бағыттан тұрады: - психодиагностика
- психокорреция
психологиялық кеңес беру
- психологиялық ағарту
Білім беру жүйесіндегі психодиагностика – баланың психикалық даму ерекшелігін; жеке басындағы білім, дағды, іскерліктер секілді құрылымдардың жас ерекшелігі мен қоғам талабына сай келуін анықтау болып табылады.
Психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың маңыздылығы мынада:
біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін тарқату;
екіншіден, психодиагностика білім беру жүйесінде мектеп психологының барлық жұмыстарының негізі болып табылады; диагнстика мәліметтерінің негізінде түзету, дамыту жұмыстары іске асырылады; психопрофилактикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалау диагностика арқылы өтеді.
Белгілі психолог К.М.Гуревичтің көрсетуінше, психодиагностиканың міндеті – баланың өзіне де, онымен жұмыс істейтін ересектерге де түсінікті, әрі пайдалы болатындай, баланың даралық – психикалық ерекшеліктері туралы ақпарат беру болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың ерекшелігі мыналар:
1) ғылыми психодиагностикадағыдай психикалық дамудың белгілі бір заңдылықтарын анықтау емес, нақты сұрақ шешімін табу, яғни белгілі бір психикалық құбылыстың себебін табу және негізгі мақсатта – оқушының қандай да бір қабілетін дамыту туралы немесе психикалық дамуындағы белгілі бір ауытқуларды жою туралы нұсқаулар даярлау.
2) Г.Витцлактың көрсетуінше, мектептегі психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты болуы шарт; оның негізгі мәні де осы. Сондықтан мектептік білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет жүйесіндегі диагностика психологиялық, педагогикалық диагностика деп аталады.
3) Л.С.Высотский адам қылықтары туралы оқиғаларды жеке –дара қарастыру арқылы адам табиғатын барынша түсіну мүмкін еместігін, кез-келген оқиғаны адамның бүкіл өмір сүру барысымен байланыстыра қарастыру арқылы ғана іздеген сұрақ шешімін табуға болатындығын атап көрсетті. «Қазіргі уақыттағы кез келген дамудың іргетасы өткендегі даму және бұл екеуі бірігіп, болашақтағы дамуға негіз болады», - деп жазды Л.С.Высотский. Сондықтан қандай да бір даралық ерекшелігін анықтау ісін бір ғана зерттеу әдістемесін жүргізу барысында алынған нәтиже мәліметімен өлшемей, бала өмірін біртұтас қарастырып, саралау арқылы белгілі қорытындылар жасау қажет.
4) Мектептік психологиялық қызмет жүйесінде анықтау жұмысы, яғни психодиагностика немесе психологиялық түзету (дамыту) жұмыстары жеке –дара қарастырылмайды.
Д.Б.Элькониннің көрсетуінше, бізге балаларды сұрыптауға арналған диагностиканың қажеті жоқ. Оның айтуынша даму барысын бақылау өте мұқият жүргізілуі керек; себебі дамудағы болуы мүмкін ауытқуларды неғұрлым ерте бастаған жөн. Сондықтан психодиагностика мен коррекция мектепте анықтау – түзету жұмыстары болып беріледі.
Мектеп психологы анықтау негізінде диагноз қояды, белгілі бір нұсқаулар жүйесін белгілейді; әрі оның жүзеге асырылуын қадағалайды.
Психодиагностика – баланы психологиялық зерттеу әдістерін, арнайы зерттеу әдістерін кәсіби игеруді талап етеді.
Практик –психолог жұмысының мазмұны психодиагностика арқылы негізделіп, яғни білім беру саласында балалар және ересектердің психологиясын және мінез-құлқын бағалау, сонымен қатар психологиялық зерттеулер бойынша алынған сенімді мәліметтерге сүйене отырып, оларға тән психологиялық мінездеме беру. Кәсіби әрекеттің бұл түрімен айналысатын психолог, психодиагностикалық зерттеулердің практикада қолданылуын ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың негізделген және жетілдірілген теориясын білу қажет. Диагностикамен айналысатын психолог – қажет болған жағдайда зерттеу әдістерін бейімдеп, қайта жасап, тексере білуі шарт. Сонымен қатар әдістердің сенімділік және беріктілік сияқты ғылыми бағалау тәсілдерін шартты түрде меңгеруі қажет.
Психодиагностиканың кәсіби –этикалық аспектілері
Практикалық психодиагностика – психологтардың кәсіби іс-әрекетіндегі өте күрделі және жауапты бөлім. Психодиагност білімді, кәсіби шебер және жауапты болуы керек. Аталған талаптарға орай психологтарға бірқатар әлеуметтік –этикалық талаптар ұсынылады. Олардың бірқатары практик-психологтың этикалық кодексіне енгізілген, ал қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Олардың ішінде – психодиагностика құпияларын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі, сыналушыларға зиян келтіру, тұжырымдардың нақтылығы және ұсынылған практикалық сипаттамалардың өнімділігі. Осы аталған талаптарды психодиагностиканың ұстанымдары түрінде қарастырайық.
Құпияны сақтау ұстанымы – сыналушының келісімсіз диагностика нәтижелерін жарияламау. Бұл ұстаным көбінесе ересек адамдарға қатысты. Егер зерттелуші кәмелетті жасқа толмаған болса, мысалы мектеп жасындағы балалар, онда психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялау үшін міндетті түрде ата-аналарының немесе олардың орнына жауапты тұлғалардың келісімдері қажет. Тек ғылыми мақсат бойынша эксперименталды зерттеудің бір бөлімі ретінде ғана психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялауға болады, бірақ бұл жағдайда да басылымдарды сыналушылардың нақты аты –жөндерін көрсетіп сипаттауға болмайды.
Психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі туралы ұстаным зерттеу әдістерінің неғұрлым берікті және сенімді болуын талап етеді.
Зиян келтірмеу ұстанымы бойынша жүргізілетін тесттердің нәтижелері ғылыми негізделуін талап етеді, яғни тұжырымдардың қандай да бір субъектінің пікірі емес, керісінше нақты бір сенімді және берікті әдістеме қорытындысы болуы керек.
Өнімділік ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу көрсеткіштері бойынша сыналушыларға берілген міндетті түрде пайдалы болуы тиіс.
Психодиагностикамен айналысатын адамдарға ерекше квалификациялық талаптар қойылады. Оардың негізгілері: жақсы теориялық даярлық, психодиагностикалық әдістемелер және оларды пайдалану ережелерін түпкілікті білу.
3.Мектепке дейінгі кезеңде психодиагностиканы жүргізу ерекшелігі
Мектепке дейінгі кезеңде балалар психологиялық және мінез-құлықтық жағынан ерекшеліктерді меңгере бастайды, ал психодиагностикалық зерттеуде осы қажеттіліктерге сәйкес нақты көрсеткіштер арқылы білім алынады.Мектепке дейінгі кезеңдегі нормативті жас және жекелік даму ерекшелігінің көрсеткіштері;
1) Психологиялық көрсеткіштер: Шындықпен өзара қимыл (танымдық, эмоциянальды және рефлексивті даму) жағдайы. Мотивациялық –қажеттілік өрісі; Құндылық жүйесі (адамгершілік көзқарас). Жас ерекшелік (әрекет түрлері: жемісті және процесті). Жекелік –эмоционалды ерекшелік.
2) Психофизикалық көрсеткіш: жылдамдық, бейімділік, нерв жүйесінің бірқалыптылығы.
3) Психологиялық –педагогикалық өзара қимыл ерекшелігі жас ерекшеліктік өзара қатынас.
Өзіндік сана төменгі деңгейде көрінеді, сондықтан аса назар аудару көзделмейді.
Мектепке дейінгі кезеңде психодиагностиканы қолдану жас кезеңдері:
1. Сәбилік кезең (1-3жас )
2. Кіші және орта кезең (3-5жас)
3. Мектеп алды даярлық (5-7жас)
Сәбилік шақта басты психодиагностикалық әдіс «табиғи эксперимент». Баланың реакциясы мен қимылын бақылау арқылы анықталады. Мәлімет жинау «заттық ойын» әрекетінде көп қарастырылады.
Кіші және орта жаста (3-5 жас) бақылау жекелік «заттық әрекеттен» күрделеніп, ұжымдық түрге сюжеттік –рөльдік ойынға ауысады. Психологтың өзі бұл ойындарды ұйымдастырып жетекшілік ете алады. Осы жаста өзіндік сана және бағалау (достармен, үлкендермен) деңгейі көтеріледі.
Жоғарғы мектепке дейінгі кезеңге (5-7жас) жоғарғы айтылған ойындарға қоса, ойын ережелері «телімелі» тест варианттары, эксперт әдістері беріледі. Тұлғааралық әрекет және бағалау қосылады. Танымдық процестерге қарапайым психодиагностикалық әдістемелер және рефлексивті қабілетке байланысты тапсырмалар қолданылады. Қалыпты психодиагностикалық кешен психодиагностикалық жекелік картасына көрсетіледі.
Мектепке дейінгі кезеңде қолданылатын арнайы тестік ереже:
Психолог пен бала арасындағы кеңістікті бірдей ұстау (көзбен көз)
Әрекетті таңдау өрісінің еркін көрінуі (ойын, сурет, қарым –қатынас).
Тесттегі әрекет өрісінің алмастырыла қолданылады (қарым-қатынас құрастыру, қимыл –сурет).
Тест өткізгенде уақыт шектеледі (жас ерекшелігіне қарай 7-30мин дейін)
Интеллектуалды қысымды алмастыру вербальды және вербальды емес жүйеде.
Жеке бас дамуы телімелі әдісте эмоционалды қысым қысым экспрессивті және ассациативті құрал ретінде.
Текстті қайталау жалпы диагностикалық бағытта әдістемелік құралдар арқылы нәтижені береді,тест құрамын өзгерту.
Мектепке дейінгі мекемелерде психо-диагностикалық әрекет мазмұнына қарай құрылымы: бала + тәрбиеші+ ата–ана + психолог
4 Психодиагностикалық талдау жүргізуге қойылатын. әдістемелер.
«Мүсін» әдістемесі
Әдістеме мазмұны : Балаға саз балшық жинағы беріледі және тапсырма ұсынылады: 5 минут ішінде қандай да бір мүсін жасау.
Қиялды психодиагностикалау әдістемесінде баланың қиялының дамуын оның суреті, әңгімесі арқылы бағалаады. Берілген таңдау осы жастағы балаға тән: көрнекі -қимылды, көрнекі –бейнелі және сөйлемде –логикалық ойлау түрлерін анықтайды Баланың қиялы шығармашылық әрекеттерге сәйкес толық көрінеді.
Баланың қиялы алдыңғы әдістемелер сияқты 0 ден 10 ұпайға дейін бағаланады.
0-1 ұпай: егер тапсырманы орындауға берілген уақытта (5мин) ештеңе ойлап таба алмаса және қолымен жасай алмаса қойылады..
2-3 ұпай: саз балшықтан өте қарапайым бір нәрсені ойластырып және илеу. Мысалы: шарик, таяқша, төртбұрыш және т.с.с.
4-5 ұпай: ол салыстырмалы түрде қарапайым жасанды жасайды, бөлшектер екі-үшеуден аспайды.
6-7 ұпай: ерекше бір нәрсені ойлап тауып, қиял ұшқырлығымен ерекшеленеді.
8-9 ұпай: ойлап тапқан зат жеткілікті керемет, бірақ ұсақ бөлшектерді жасау ескерілмеген.
10 ұпай: ойлап тапқан зат керемет, ұсақ –түйектері орындалған және жақсы суретшілік талғаммен ерекшеленген.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | Мектеп жасындағы балалардың даму ерекшелігін психодиагностикалау ерекшелігі
» Курстық жұмыс: Психология | Психодиагностиканың даму тарихы
» Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы психодиагностика
» Курстық жұмыс: Шетел тілі | Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
» Курстық жұмыс: Социология | Білім беру әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы
» Курстық жұмыс: Психология | Мектеп жасындағы балалардың даму ерекшелігін психодиагностикалау ерекшелігі
» Курстық жұмыс: Психология | Психодиагностиканың даму тарихы
» Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы психодиагностика
» Курстық жұмыс: Шетел тілі | Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
» Курстық жұмыс: Социология | Білім беру әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы
Іздеп көріңіз: