Курстық жұмыс: Құқық | Прокурорлық қадағалау
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ.
а) Прокурорлық қадағалаудың түсінігі мен мазмұны
б) Алдын-ала тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен пәні
2 ТАРАУ.
Алдын-ала тергеудің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатындағы прокурорлық қадағалауды үйымдастыру
а) Қылмыс туралы арыздар мен хабарламалардың тіркелуі, есепке алынуы мен қаралуына, прокурорлық қадағалау
б) Қылмыстық істі қозғау немесе одан бас тартудың заңдылығын қадағалау
в) Қылмыстық істің алдын-ала тергеуінің барысына жүргізілетін прокурорлық қадағалау.
1) Тергеушінің процессуалдық шешімдерінің заңдылығын қадағалау
2) Тергеу әрекеттерінің заңдылығын бағалау мәселері
г) Алдын-ала тергеудің аяқталуын қадағалау мәселері
1) Айыпталу қорытындысымен біткен істің заңдылығын қадағалау
2) Қылмыстық істі қысқартудың заңдылығын қадағалау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР ТІЗІМІ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР
I ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясының 83-бабының 1-бөліміне сай Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай ақ Республика Конституциясы және зандарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. 1995 жылы, 21-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңға сай Прокуратура органдарын негізгі бағыттары мен олардың жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады жөнiндегi қызметi 4, 5- ші баптарда көрініс табады.
1) Прокураратура органдарының негізігі бағыттары.
Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және Президентiнiң Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:
1 Конституцияның, Заң актiлерiнiң және Республика Президентi актiлерiнiң бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
2 жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;
3 сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
4 Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
5 заңда белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
6 статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
2)Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметi
1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерiстер жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруына;
2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;
3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;
4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.
3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.
5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi мен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп саяды.
Заңдарды дәлме дәл әрі біркелкі қолданылуы жоғары қадағалау Конституциялық қызметін асыру кезінде пайда болған қоғамдық қатынастар құқықтық реттеу прокурорлық қадағалау пәні болып табылады. Екенші кезекте сала бойынша, ол дегеніміз анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Салаларын атап кетейік. Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы занның 4, 6, 7, 8, 9-шы тараулары толығымен арналған:
1) Адамның және азаматтын құқықтары мен бостандықтарының занды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерінің сақталуын қадағалау. Прокурор екінші бағытта мемлекеттік оргындар мен ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың қабылданған, шығарылған бұйрықтар мен құқықтық актілері мен процессуалдық шешімдерінің заңға, сәйкес келуін қадағалауды жүзеге асырады.
2) Заңдылықтың кез келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру шараларын қолдану болып табылады. Бірақ өз құзыреті бойынша, басқа оргындарды алмастырмайды және ұйымдардың қызметі мен жеке азаматтардың өміріне араласпайды.
3) Тағы бір қадағалау бағытты жедел іздестіруге қызметіне қадағалау.
Бұл бағытқа Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы занның 6 тарауы арналған. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру, жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, сондай ақ жедел іздестіру қызметін жүзеге асыруға өкілеттігі бар, оргындар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық актілері мен іс әректтерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырыды.
Жедел-iздестiру қызметiне қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
Жедел-iздестiру қызметiнiң тоқтатылған немесе жүргiзiлiп жатқан iстерiн, жедел-iздестiру қызметiнiң барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажеттi мәлiметтердi алады, бұған жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарда жасырын негiзде қызмет ететiн немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәлiметтер қосылмайды;
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың арнайы жедел-iздестiру шараларын өткiзу заңдылығын тексередi;
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне жасалған шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;
Жедел-iздестiру қызмет жүзеге асыратын органдар шығарған жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен өткiзу тактикасын реттейтiн, ҚР ң Конституциясына, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырған кезде заңның, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда өзiнiң қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;
Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырған кезде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер жөнiнде қылмыстық және тәртiптiк iс қозғау туралы қаулы шығарады;
Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырған кезде заңды бұзудың анықталған фактiлерi бойынша прокурорлық қадағалаудың Заңға сәйкес көзделген өзге де актiлерiн шығарады;
заңсыз ұсталған адамдарды босатады;
Қажет болған кезде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар басшыларынан заң бұзушылықты жою мақсатында өздерiне бағынысты органдарда тексерiс жүргiзудi талап етедi;
Заңдарда белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.
Тергеу мен анықтама заңдылығына қадағалау.
Прокурор анықтама мен тергеу оргындарыңың актілері мен қызметін заңға сәйкестігін, жасалған қылмыстар және тергеу жүргізу туралы өтініштер мен хабарларды шешімдерін заңдарда белгіленген тәртібін сақталуына қадағалауды жүзеге асырады.
Прокурордың анықтама мен тергеу заңдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi келесі өкiлеттiгi бар:
1) анықтама мен тергеу органдарынан тексерiс үшiн қылмыстық iстердi, жасалған қылмыстар, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаманың, тергеудiң барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәлiметтердi алады;
2) жасалған немесе әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы өтiнiштер мен хабарларды қабылдағанда, тiркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын тексередi;
3) қамауда ұстауға және қамауға алуға санкция бередi;
Қылмыс жасады деп сездiк туғызған немесе айып тағылған адамды қамауға алуға санкция беру құқығы Республиканың Бас Прокурорына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарларына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген басқа прокурорларға берiледi.
4) қажет болған жағдайларда қылмыстық iс қозғайды, қылмысты iстерге тергеу жүргiзу жөнiнде жазбаша нұсқаулар бередi;
5) тергеушiлер мен анықтама жүргiзушi адамдардың заңсыз қаулыларының күшiн жояды;
6) егер анықтама мен тергеу барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудiң заңсыз әдiстерiне жол берiлсе, кiнәлi адамдардың жауапкершiлiгi туралы мәселе қояды;
7) тергеу мен анықтама толық болмаған, сондай-ақ тергеу мен анықтама барысында заңдылықтың бұзылуына жол берiлгенi белгiлi болған жағдайларда, қылмыстық iстердi қосымша тергеуге қайтарады немесе оны толық көлемiнде не нақтылы адамдарға қатысты тоқтатады;
8) анықтама мен тергеу органдарынан келiп түскен қылмыстық iстердi түптеп қарау үшiн сотқа жiбередi;
9) қажет болған жағдайларда тергеу бөлiмшелерi мен анықтама органдары басшыларынан оларға бағынысты органдарда заңды бұзушылықты жою, қылмыстардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тексерiс жүргiзудi талап етедi;
10) анықтама жүргiзушi адамның, тергеушiнiң анықтама мен тергеу органдары басшыларының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне жасалған шағымдарды қарайды;
11) бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуға шешiм жасалған адамдарды қамауда ұстаудың заңдарда белгiленген тәртiбi мен шартының сақталуын тексередi;
11-1) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға санкция бередi.
Прокурордың өз қызметі шегiндегi нұсқаулары жазбаша нысанда берiледi және ол анықтама мен тергеу жүргiзетiн адам үшiн мiндеттi.
Прокурордың маңызды өкілеттігі қамауға санкция беру ҚР-ң ҚІЖК-нің 39-бапқа 150, 153-баптарда көрініс тапқан.
Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретiнде прокурордың санкциясымен не сотты¦ шешiмi бойынша ғана және тек заңмен екi жылдан артық мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген әдейi қылмыс жасалғандығы және заңмен үш жылдан артық мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда қылмыс жасалғандығы үшiн айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екi жылдан артық емес мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiнде жаза көзделген қылмыстар туралы iс бойынша айыпталушыға (сезiктiге) қатысты, егер:
1. оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жерi болмаса;
2. оның жеке басы анықталмаса;
3. ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса;
4. ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса, қолданылуы мүмкiн.
Тергеушi, анықтаушы бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды таңдау қажет болған кезде осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарады. Қаулыда айыпталушыны (сезiктiнi) күзетпен ұстау қажеттiгi туындаған себептер мен негiздер баяндалуы тиiс. Қаулымен бiрге аталған бұлтартпау шарасын таңдаудың негiздiлiгiн растайтын материалдар қоса берiледi. Егер бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды таңдау туралы қаулы сезiктiге, ұсталған адамға қатысты ҚР-ң ҚІЖК-нің 132, 134-баптарына орай шығарылса, ол ұстау мерзiмi аяқталғанға дейiнгi алты сағаттан кешiктiрiлмей прокурорға ұсынылуы тиiс.
1.Бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды таңдау туралы қаулы материалдары прокуратураға түскен кезден бастап алты сағаттың iшiнде прокурордың кiдiрiссiз қарауына жатады.
2.Қамауға алуға санкция беру құқығы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Бас әскери прокурорға, олардың орынбасарларына, облыстардың прокурорларына, олардың орынбасарларына, аудандық және қалалық прокурорларға, сондай-ақ облыстардың, аудандық немесе қалалық прокурорлардың құқығында әрекет ететiн әскери, көлiктiк және басқа да прокурорларға және облыстар прокурорларының құқықтарында әрекет ететiн прокурорлардың орынбасарларына берiледi.
3.Прокурор заңмен көзделген негiздер болған кезде және ҚР-ң ҚІЖК-нің 139-бабында көзделген зардаптарды болдырмау мүмкiндiгi болмаған жағдайда басқа неғұрлым жұмсақ бұлтартпау шарасын таңдау жолымен айыпталушыны (сезiктiнi) қамауға алуға санкция бередi. Прокурор қамауға алуға санкция туралы мәселенi шешу кезiнде күзетпен ұстау үшiн негiз бар барлық материалдармен мұқият танысуға және айыпталушыдан (сезiктiден) жеке жауап алуға мiндеттi. Жауап алу кезiнде тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, егер ол iске қатысатын болса, кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) заңды өкiлдерi қатыса алады және қаралатын мәселе бойынша өзiнiң пiкiрiн айта алады.
4.Бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы мен қамауға алу үшiн негiздер бар материалдарды қарап және айыпталушыдан (сезiктiден) жауап алып, прокурор айыпталушыға (сезiктiге) бұлтартпау шарасы түрiнде қамауға алуды қолдану туралы санкция бередi немесе санкция беруден бас тартады. Прокурордың санкциясы немесе санкция беруден бас тарту туралы белгiсi бар қаулы тергеушiге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезiктiге) жолданады және жедел атқаруға жатады.
5.Прокурордың қамауға алуға санкция беруден бас тартуына жоғары тұрған прокурорға шағым берілуi мүмкiн. Прокурор осы бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беруден бас тартқаннан кейiн, сондай-ақ ҚР-ң ҚІЖК-нің 110-бабында көзделген тәртiппен судья бұл бұлтартпау шарасын бұзғаннан кейiн нақ сол адамды, нақ сол iс бойынша қамауға алу жөнiнде санкция берудi сұрап, прокурорға қайталап өтiнiш жасау сол адамды қамауға алу қажеттiлiгiн негiздейтiн жаңа мән-жайлар пайда болған кезде ғана мүмкiн болады.
6.Егер сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды қолдану туралы мәселе сотта туындаса, ол туралы шешiмдi тараптардың өтiнiшi бойынша немесе өз бастамасымен сот қабылдап, ол туралы қаулы шығарылады.
7.Егер сезiктiге, айыпталушыға қамауға ұстау түрiнде бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтiнiштi қанағаттандыруға жеткiлiктi негiздер болмаса, прокурор мен сот неғұрлым жеңiлiрек бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы. Прокурор мен сот айыпталушыға (сезiктiге) қолданылған қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын немесе үйде қамап ұстауды кепiлге алмастыруға құқылы. Бұл жағдайда айыпталушы (сезiктi) келiсiлген сома iс жүзiнде соттың депозиттiк шотына енгiзiлгенге дейiн қамауда немесе үйде қамауда ұстауда қалады. Осыдан кейiн прокурордың, соттың қаулысы атқарылуға берiледi.
8.Анықтаушы, тергеушi, прокурор немесе сот ҚР ң ҚІЖК нің 138-бабында белгiленген тәртiппен бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылатындығы туралы сезiктiнiң, айыпталушының туыстарына хабарлауға мiндеттi. Тергеудiң алғашқы кезеңдегi құпиясын сақтауды тиiсiнше қамтамасыз ету мақсатында iстiң ерекше сипаты мәжбүр ететiн айрықша мән-жайларда хабарлау прокурордың санкциясымен, аталған бұлтартпау шарасы кәмелетке толмағанға қолданылатын жағдайды қоспағанда, iс жүзiнде ұсталған кезден бастап он тәулiктен аспайтын мерзiмге кешiктiрiлуi мүмкiн.
Прокурор қамауға алудың мерзiмдерi мен оларды ұзартудың тәртiбiн қадағалайды.
1. Тергеудi екi айға дейiнгi мерзiмде аяқтау мүмкiн болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту немесе тоқтату үшiн негiз болмаған кезде бұл мерзiмдi аудандық, қалалыє прокурор және олармен теңестiрiлген әскери және өзге де прокурорлар тергеушiнiң дәлелдi өтiнiшi бойынша - үш айға дейiн, ал облыс прокуроры және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарлары тергеушiнiң аудандық, қалалық прокурорлар мен олармен теңестiрiлген әскери және өзге де прокурорлар қолдаған дәлелдi өтiнiшi бойынша - алты айға дейiн ұзартуға мүмкiндік береді.
2. Қамауға алу мерзiмiн алты айдан астам мерзiмге ұзартуды тек iстiң ерекше күрделiлiгiне орай тергеу бөлiмi бастығының облыс прокуроры және олармен теңестiрiлген прокурорлар қолдаған дәлелдi өтiнішi бойынша Бас прокурордың орынбасары, Бас әскери прокурор - тоғыз айға дейiн жүзеге асыра алады.
3. Қамауға алу мерзiмiн тоғыз айдан астам уақытқа ұзартуға облыс прокурорының және онымен теңестiрiлген прокурорлардың дәлелдi өтiнiшi бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағандығына айыпталған адамдарға қатысты ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры - он екi айға дейiн рұқсат етедi. қамауға алуды тоғыз айдан астам мерзiмге ұзарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының алқасында алдын ала қаралап шешім шығарылады.
4. Қамауға алу мерзiмiн одан әрi ұзартуға жол берiлмейдi, қамауға алынған айыпталушы дереу босатылуға жатады. қамауға алу мерзiмi айыпталушыға айып тағылған қылмысты жасағандығы үшiн қылмыстық заңда көзделген бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмiнен аспауға тиiс.
5. Қамауға алу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш аудандық, қалалық прокурорға және олармен теңестiрiлген әскери және өзге де прокурорларға, облыс прокурорына және онымен теңестiрiлген прокурорларға қамау мерзiмi аяқталғанға дейiнгi жетi тәулiктен кешiктiрiлмей, ал Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, оның орынбасарларына және бас әскери прокурорға - қамау мерзiмi аяқталғанға дейiнгi он бес тәулiктен кешiктiрiлмей табыс етiлуне тексереді.
6. Қамау мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш он тәулiктен аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, оның орынбасарларының және Бас Әскери прокурордың, ал өтiнiш келiп түскен кезден бастап бес тәулiктен аспайтын мерзiмде – төмен тұрған прокурорлардың қарауына жатады.
Прокурор өтiнiштi қарап, айыпталушыны қамауға алу мерзiмiн ұзартуды санкцияландырады немесе өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартады. Егер ол ұзартылмаған болса, айыпталушы қамау мерзiмi аяқталғаннан кейiн дереу босатылуға жатады.
Егер бұлтартпау шарасы ретiнде заңмен белгiленген қамауға алу мерзiмi аяқталғанда айыпталушыны босату туралы не бұлтартпау шарасы ретiнде оны қамауға алу мерзiмiн ұзарту туралы тиiстi шешiм немесе осы шешiм туралы хабар келiп түспесе, қамауда ұстау орны әкiмшiлiгiнiң басшысы оны көшiрмесiн жиырма төрт сағаттың iшiнде iстi жүргiзушi органға немесе адамға және прокурорға жолдайтын өзiнiң қаулысымен босатады.
Сот айыпталушы бойынша қамаудың шектi мерзiмi аяқталмаған, ал бұлтартпау шарасын өзгерту үшiн негiзi жоқ iстi қосымша тергеу үшiн қайтарған кезде тергеудi қадағалауды жүзеге асыратын прокурор қылмыстық iс прокуратураға түскен күннен бастап қамау мерзiмiн бiр айдың шегiнде ұзартады.
Прокуратура органдарының жоғары қадағалаудын тағы бір бағыт, ол әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалау. ҚР ң «Прокуратура туралы» занның 40-бапта көрініс тапқан. Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды прокуратура: Әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстердi қарау мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жазалау шараларын белгiлеген кезде заңдардың дәл әрi бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етуін қадағалайды және заңда көзделген тағы басқа әкімшілік іс жүргізуінің заңдылығын қадағалайды.
Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор келесі өкілеттікке ие болады. Уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдардан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәлiметтердi, құжаттар мен ....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Құқық | Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
» Курстық жұмыс: Әділет министрлігі | Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі
» Курстық жұмыс: Құқық | Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу принциптері
» Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы
» Курстық жұмыс: Құқық | Іс жүргізу құқығы
» Курстық жұмыс: Құқық | Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
» Курстық жұмыс: Әділет министрлігі | Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі
» Курстық жұмыс: Құқық | Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу принциптері
» Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы
» Курстық жұмыс: Құқық | Іс жүргізу құқығы
Іздеп көріңіз: