Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогика ғылымы

Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогика ғылымы

Мазмұны

І. Кіріспе...................................................................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Педагогика пәні және оның әдіснамалық
негіздері............................................................................................5 -12
2.2. Педагогика ғылымының құрылымы.....................................13-15
2.3. Педагогика ғылымының басқа ғылым салаларымен
пән аралық байланысы...............................................................16-26

ІІІ. Қорытынды.........................................................................................27
ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................28


2.1. Педагогика пәні және оның әдіснамалық негіздері
Педагогика пәнін және оны зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы , философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда –қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатнастары, ал педагогикада- тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар /категориялар/ - обьективтік құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогика «мақсат» «құрал» «тәсіл» «даму» және «қалыптасу» ұғымдарды кездеседі. Бірақ, олар барлық ұғымдарда кездеседі біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес тоқталамыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі- тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиенің ересек адамдардың баларға ықпал жасауы деп түсінушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процесте субьектісі бола алмайды, яғни , өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рольін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін даму үшін жасалаиын жағдай деп аныықтама берушілерде кездеседі. Бұл жеде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рольі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.
Кейбіреулер тәрбиенің практикалық тұрғдан бір жақты жалаң тәжербие сүйеніп түсіндірмекші. Мұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді, сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағданы менгеру қажет. Осы жағайда баланы жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттырады деп дәлелдейді.
Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, өйткені тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын филасофия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжербиесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді Б.И.Ленин. Сондықтан Ленин тәрбие жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.
Тәрбие жайында К.Д. Ушинский; «...мектеп, тәрбиеші және ұстаздар - адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті ал мүмкін және әлде қайдва күшті тәрбиешілері: табиғат, үйелімен, қоғам , халық ... және оның тілі »,- деді..
Ушинскйидің түсінуі бойынша бұл факторлардың әсері педагогикалық талаптардан басқа әртүрлі дәсүрлер үйелмімен ішіндегі карым-катынас және т. б.) себептерге де байланысты.
«Тәрбие» термины ордайьм тар мағнада «тәрбиеші тәр-биелейді, кен мағынада өмір тәрбиелейді деп колданады. Мұ-ның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тар мағынада тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің
ата-аналармен бipiгiп, мақастты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен біp ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие —көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелермен кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық болып айналысады. Олай болса тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның мектеп пен ата-аналалардың, бүкіл бұқараның қараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.
Тәрбие аркылы жеке адамның дүниеге ғылыми –материалистік көзқарасы, мшінез-құлықтық эстетикалық және осы сияқты қасиеттері қалыптасады, ол енбек етуге ынталы қоғамның белсенді мүuieciнe айналады.
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиенің құрамды бөліктері — білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.
Білім беру — бұл ұғымды ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Пестолации.
Білім беру деп - табиғат және коғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесә әрбір қоғамның даму дарежесіне байланысты. Мысалы, opта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеді. Kaзiprі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуіріндегі білім беру ғЫЛыми -техникалық үдеудің құдіреті факторы болып отыр. Білім беру ете күрделі ұғым, оны педагогикалық ғылым түсіндірудің әр түрлі мәні бар. егep әңгіме білім берудің сатылары жөнінде айтылса, онда бастауыш, тоғыз жылдык, орта және жоғарғы бiлiм беру ұғымдары пайдаланылады. Ал беру білім мамандыққа байланысты сөз естілсе, онда педагогикалық, медициналык, ауыл шаруашылық т.б. осы сияқты ұғымдар колданылады. Бұл
ұғымдардың бір жағынан, өзара ұйырмашылығы, ал екінші жағынан ұштасып жататын табиғи байланысы болады. Халыққа білім беру iciнiң нeгiзi — жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным ic-әрекеттері дамиды, ой-өpiсi кеңіп еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени денгейі артады.Жастардың орта және жоғараы дәрежелі мамандыққа ие болуы немесе өндірісте нәтижелі енбек етуі орта білім алуға байланысты. Оқыту оқытушымен оқушылардың біріккен іс- әрекеті, сондықтан да ол жақты процесс: біріншіден оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке дағдыға үйретеді, екіншіден міндеттерін жете түсініп, дағдына игереді және оларды өмірде қолданады.
Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдары біріңғай тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру және тәрбиелік мәне бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялық біліммен тәрбие беру бір – бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Мысалы әдебиет сабағында шығарма кейіпкерлерінің патриоттық ерлігін мазмұндау арқылы білім бере отырып мұғалім оқушыларды фашизмге қарсы өшпенділікке тәрбиелейді. Химия сабақтарында оқушылар химиялық заңдар фактылар, теориялар жөніндегі ғылымның негіңзімен қаруланады. Халаық шаруашылығының маңызды салаларында химияны қолданумен танысады. Осыған орай, мұғалім оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарын қалыптастырады, халқына берілгендік рухында тәрбиелеуге көмектеседі.
Негізгі педагогикалық ұғымдар - тәрбие білім беру оқыту біріне- бірі тәуелді, табиғи байланысты.
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогреске ие. Бір кезендерде педагогика үстірт философиялық-әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді. Ал XIII ғ. бастап педагогиканың толық қанды ғылымға айналуына теориялық ізденулерді практикалық тәрбие істерімен байланыста жүргізген ғалымдардың белсенді үлесі болды. Бұл тәрбиелік ой мен істі біріктіріп, ғылыми тұжырымдар жасағандардың ішінде бүгінге дейін танымал Я. А. Коменский, Г. Песталоцци, А. Дистерберг, К. Д. Ушинский, Л. Толстой, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий сынды педагог-ғалымдар болды.
XIX ғ. оқыту және тәрбие теориясының бұдан былай терендеуіне ықпал жасаған эксперименталдық зерттеулер еді.
Қазіргі кезенде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық, тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ анкета жүргізу, тестен еткізу, рейтингтік сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу және т.б. әдістер.
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипогезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері бел-гіленеді. Гипотеза - бұл шынайылылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылымн жаңалылық тиегі аяқталған зертгеулердің сапасын ба-ғалау үшін қолданылады. Ол казіргі кезенде әлі белгісіз, педагоги-калық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдыықтары, олардың құры-лымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипатгаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалығы каншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңды-лыктар, әдістер, бағыттар, көзкарастар, проблеманы айкындау модель орындалған ғылыми істерін теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудін практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұскаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалылық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тәуелді келеді.
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен козғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық гипотетикалық экспери-менталды-теориялық немесе теориялық прогностикалық жұмыстар орындауды қажет етеді.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Педагогика ғылымы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Педагогика ғылымы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]