Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық жүйелерді басқарудың мәні мен негізгі принциптері
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім: Педагогикалық жүйелерді басқарудың мәні мен негізгі принциптері
1. Басқару, мектепішілік басқару және мектепішілік менеджмент
2. Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары
3. Мектеп басшысының басқару мәдениеті
4. Мектепті басқарудың жаңаша заңдылықтары
5. Мектепті басқарудағы ұйымдастырушылық қызмет
Қорытынды.
Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік – қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.
Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде «Білім туралы» заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.
Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты «Білім туралы» заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттармен де айқындайды:
- білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қорғалуы;
- білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, дамудеңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;
- білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;
білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі.
Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын мемлекеттік білім стандарттарын сақтау арқылы іске асырады. Білім стандарты оқу бағдарламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктемесінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдарының міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тұлғаныі өзін-өзі айқындалуынақолайлы жағдай туғызады.
Білім беру саласында мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық және аудандықбасқару мекемелері.
Мемлекеттік басқару органдары – білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды жәнеіске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айқындайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді.
Қазіргі жағдайда білім беруді басқару жүйесін орталықсыздандыру (дезентрализация) процесі жүреді. Оның мәніжоғарғы басқару органдарының бірқатар функциясынжергілікті органдарға беру. Бұл жерде республикалық органдар стратегиялық бағыттарды талдап жасаумен айналысса, жергілікті органдар нақты қаржылық, кадрлық, материалдық және ұйымдастырушылық мәселелермен айналысуы тиіс.
Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұртшылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғышарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі – мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.
Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі. Оның өкілеттілігі өте кең; жалпы мектептік конференция мектеп кеңесін, оның төрағасын сайлайды,олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді. Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші мектептікіне өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия, штаб құрып олардың құқықтары мен міндеттерін өкілеттік шегін белгілейді. Ал, конференцияға шешуші дауыспен орталау және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері, ата-аналар, жұртшылық өкілдері сайланады. Конференциялар аралығында жоғары басты органның рөлі мектеп кеңесіне беріледі.
Мектеп кеңесінің қызметі мынадай негізгі бағыттарда іске асады:
- конференция шешімдерін іске асыруды ұйымдастырады;
- мемлекеттік және қоғамдық органдар оқушылардың мүддесіне қатысты мәселе қарастырғанда ата-аналармен бірге оқушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
- бірінші сыныпқа оқушылар қабылданғанда олардың жасын, оқу түрін белгілейді,
- бюджет шығындарының есебін талқылайды, оқу орнының жеке қорын қалыптастырады, оқу орнының бюджеттік және бюджеттен тыс қаржысын жұмсауының негізгі бағыттарын айқындайды;
- Мектеп директорларының, оның ішінді орынбасарларының, жекелеген мұғалімдердің есептерін тыңдайды;
- Мектеп әкімшілігіжәне жұртшылық өкілдерімен бірігіп ата-аналарға педагогикалық білім беруге жағдай туғызады. Жұртшылық немесе ата-аналар өкілдерінің бірі басқаратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоғамдық ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жүргізеді. Кеңестің шешімі ата-аналарға хабарланады. Әрине, кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қоштап дауыс бергенде заңдық күші бар деп есептеледі.
Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуі білім жүйесін мемлекетсіздендіру және білім мекемелерін диверсификациялаудан көрінеді.
Мемлекетсіздендірудің мәні мемлекеттік білім беру жүйесімен бірге мемлекеттік емес білім мекемелерінің де құрылуын аңғартады. Олар мемлекеттік ақпарат құралына енбейді, мұғалімдер мен тәрбиешілер, оқушылар мен ата-аналар, өздерінің жеке мүдделері, аймақтық, ұлттық, кәсіптік, діни бірлестіктің, топтың мүддесіне жұмыс жасайды. Ал диверсификация (латын тілінен алғанда – көптүрлілік, дамудың жан-жақтылығы) бір мезгілде білімберу мекемелерінің бірнеше типінің қатар дамуы. Мысалы, гимназия, лицей, колледж, жекелегенпәндерді тереңдетіп оқытатын, мемлекеттік емес білім беру мекемесінің бірқатар ерекшеліктері болады. Ондай мекемені басқару тікелей оның құрылтайшысы немесе сол құрылтайшы тағайындаған қамқоршылар кеңесі іске асырады. Мемлекеттік емес білім мекемелерінің қамқоршылар кеңесінің өкілеттілігі, басқару құрылымы, мекеменің басшысын сайлау, тағайындау тәртібін айқындайтын өз жарғысы болады.
Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидалардысақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылаужәне тағы басқа топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы таңдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады:
- педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу;
- орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі;
- жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі;
- педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.
Енді осы аталған негізгі қағидаларға жеке-жеке тоқталып өтпекпіз.
Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру. Мектепішілік басқару ең алдымен басшылардың,мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдайда тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшыларын сайлау, педагогикалық кадырларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі – мектептегі демократиның бастауы. Сол сияқты мектептібасқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделеді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығы жете скзінген әрбір мұғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауғажәне шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыстыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.
Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы. Педагогикалық процесті басқару жүйесініңтабиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші белгісі – мектепті жүйе ретіндетанып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаға сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі – оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшін ортаныөзіне бағындырады.
Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық мектептің басшысы мен ұжымның басқару қызметтерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін де қарастырады. Бұл қағиданы іске асыруда біржақтылыққа жол белмеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметінің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз.
Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі. Мектеп және педагогика тарихы шамадан тыс орталықтандырудың әкімшілік басқаруды күшейтуге әкеліп соғатындығына талай рет көз жеткізді. Басқаруды орталықтандыру төменгі буындағы жетекшілердің, мұғалімдер мен оқушылардың бастамалығын шектеп, оларды өздерінің қатысуынсыз қабылдаған шешімдерді жай ғана орындаушыларға айналдырады. Біржақты орталықтандыру жағдайында басқару қызметінің қосарлануы, уақыт шығыны басшы мен орындаушылардың жұмыс бастылығы орын алады.
Соған сәйкес орталықсыздандыруға шамадан тыс мән беру педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін төмендетеді. Орталықтандыруды орталықсыздандыруға пайдасына жығыпберу тұтастай басқару мен әкімшіліктің рөлін төмендетіп, басқарудың талдамалық және қадағаушылық қызметін жояды. Мектеп тәжірибесі көрсетіп отырғандай демократиялық ойындар және орналықсыздандыруға әуестенушілік ұжымының қызметі мен өміріне елеулі нұсқан келтіріп, педагогикалық ұжымда түсінушілік пен жанжалға негіз болып, әкімшілік пен қоғамдық басқару орындарының бір-бірінеқарсы тұруынажол береді.
Сондықтан да мектепішілік басқарудықамтамасыз етуде орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру әкімшілік және қоғамдық органдар басшыларына бүкіл мектеп ұйымының мүддесін ескеріп, кәсіптікдеңгейде шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, педагогикалық жүйенің барлық құрылымдық бөлімдерінің қызметін жоғарыдеңгейде көтеруге жағдай туғызады.
Жекебилік пен басқарудың біртұтастығы. Бұлқағиданыіске асыру педагогикалық жүйені басқаруда субъективтілікке, билеп-төстеушілікке жол бермеуге бағытталады. Басқару қызметінде әріптестердің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, олардыталдамалау жасау меншешім қабылдауға қатыстыру, әр түрлі көзқарастарды салыстыра отырып оңтайлы шешім қабылдаудың маңызы зор. Оның үстіне алқалық шешім ұжымның әрбір мүшесінің тапсырылған міндетке жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды.
Басқарудағы жеке билік тәртіпті қамтамасыз етіп, педагогикалық процеске қатысушылардың өкілеттілігін айыптаудыжәне оны қатаң сақтауды қамтамасыз етеді. Егер алқалы билік қабылданғаншешімді іске асыру кезеңінде белгілібір шешім қабылдаса, бұл өте маңызды.
Педагогикалық жүйе басшысының жеке билігін билеп төстеуді, беделді алға салу емес,ол терең педагогикалық бітім мен тұлғаның және әлеуметтік психологияны жете меңгеру, оқушы, мұғалім, ата-ананың дербес-психологиялық ерекшеліктерін жете есеп алуға негізделеді. Басқарудағы жеке мен алқалы билік біртұтастығының көрінісі. Жеке билік шешімді орындауда жеделдігімен ерекшеленсе, алқалы билік біршама «бәсеңдігімен» ерекшеленеді. Сондықтан да тактикалық әрекеттерді айқындағанда жеке билікке, ал стратегияны талдап жасағанда алқалы билікке арқа сүйенген дұрыс болмақ.
Бұл принцип оқу-тәрбие процесін басқаруда қоғамдық негізде жұмыс істейтін түрлі комиссиялар мен кеңестердің қызметінен көрініс табады. Әсіресе қжмдық ізденіс пен қабылданған шешімге жеке жауапкершілік қажет болатын съезд, селт, конференциялардың жұмысыосы қағиданы қатаң басшылыққа алады. Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты орталықта және жергілікті жерлерде бұл қағиданың күнделікті практикада орнығуына қолайлы жағдай туғызады.
Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі және толықтылығы. Педагогикалық жүйені басқару......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептерде білім беру
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептің оқу тәрбие процесін басқару
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары
» Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқару
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептерде білім беру
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептің оқу тәрбие процесін басқару
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары
» Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқару
Іздеп көріңіз: