Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық психалогиалық қарым қатынас

Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық психалогиалық қарым қатынас

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................ 3-4
I.тарау. Педагогикалық психологиялық зерттеудегі қарым-қатынас мәселесіне теориялық талдау...................................................................... 5
1.1. Отандық педагог психологтар мен ойшыл ғалымдардың қарым-қатынасы туралы зерттеу жұмыстарына жұмыстарына талдау................................. 5-11
1.2. Педагогикалық қарым-қатынас функциялары.................................... 12-16
II. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың сипаттары......................... 17
2.1. Педагог пен студент арасындағы қарым-қатынас стильдері мен түрлері.............................................................................................................. 17-23
2.2. Педагогтың сөйлеу техникасы мен мәдениеті...................................... 24-26
III. Қорытынды................................................................................................ 27-28
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................ 29


I.тарау. Педагогикалық- психологиялық зертеулердегі қарым-
қатынас мәселесіне теориялық талдау.
1.1. Отандық психолог-педагогтар мен ойшыл-ғалымдардың қарым-қатынас туралы зерттеу жұмыстарына талдау.

Тіл, сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері мәселелерінің 200 жүз жылдық уақыт аралаған қамтыған тарихы бар. Бұл мәселенің көптеген маңызды сұрақтарын Цициронның өзі жалпы түрде қарастырған болатын. Сөйлеушінің негізгі коммуникативті міндеттерін Цицирон былай деп анықтаған: « не айту керек, қай жерде және қалай айту керек?» Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып Цицирон сөйлеудің айтылу сапасын анықтады, өйткені « кез-келген жағдайдағ, кез-келген орында, кез-келген уақытта әр түрлі жағдайларда бірдей ойлампаздық пен айқындылық берілмейді».
Қазіргі уақытта қарым-қатынастың негізгі тәртіптерінің бірі- нақты айтылатын ойдың мазмұны мен айту формасына байланысты. Оратордың « не, қай жерде, қалай» деген үш міндетті орындау негізінде Цицирон оратор типін де анықтады. Бұл анықтау бойынша орынды сөйлеген оратор ең жақсы тип.
Қазіргі қоғамның дамуынды, қарым-қатынассыз адам әрекеттерінің жүзеге асуы мүмкін еместігін атап өту керек. Адамдар әр түрлі ұжымға кіре отырып, өзара әрекеттеседі, бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі, бір-біріне өзара әсер етеді, рухани толығады, өз жолдастырның қарым-қатынасын басқарады, қоғамның материалдық жағдайын қамтамасыз етеді. Өмірден алынғпн көптеген фактілерде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мазмұны мен жиілігі, ішкі және сыртқы келбеттеріне, бір-бірінің сұранастарын қанағаттандыра алуына байланысты.
Әдеби талдауларда сөйлеу қарым-қатынасын және педагогикалық қарым-қатынасты басқа да ғылымдар (философия, социология, социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы
психология, педагогика және педагогикалық психология) көзқарас тұрғысынан зерттелетіні көрсетілген.
Жеке тұлғаның әлеуметтену процесінде, қоғамда адамның қалыптасуында, сонымен қатар қарым-қатынас процесінің механизмінде қарым-қатынастың ролін социологтар ( Л.М.Архангельский және т.б.) зерттейді. Қарым-қатынас мәселелерін әлеуметтік зерттеудің нәтижелері бойынша, жеке тұлғаның өмірлік іс-әрекет құрылымында қарым-қатынас басты орындардың біріне ие.
Қарым-қатынас феноменінің келесі бір бағыты, қарым-қатынас мәселелерін алғашқылардың бірі болып зерттеген В.М.Соковнин дамытуда. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынасты өзара түсінісу және өзара әсер ету ретінде қарастырды.
Г.М.Андреева іс-әрекет пен қарым-қатынас байланысына біршама кең түсінік ұсынады, егер қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің жағы ретінде (іс-әрекет тек қана емес, сонымен бірге еңбек барысындағы қарым-қатынас) және өзіндік дериват (вариант) ретінде қарастырылса. Г.М.Андреева: « кез келген қарым- қатынас түрі адамдардың бірлескен іс-әрекеттің спецификалық формасы », - деп атап көрсетті.
Бір қатар зерттеушілер қарым-қатынасты, адамның белгілі бір даму сатыларында (сәбилік шақ, мектепке дейінгі шақ, жеткіншектік шақ) маңызды орынға ие- коммуникативті іс-әрекет немесе қарым-қатынас іс-әрекеті ретінде, іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде түсінеді.
Әрі қарай «коммуникация» терминінің түсінігін қарастырайық. Сонымен, Б.А.Родионовтың ойынша, «коммуникация» термині қарым-қатынасты техникамен қамтамасыз етуді белгілейді. Бұл терминнің дүниеге келуі индустрияның даму кезеңіне сәйкес келеді деді.
Осы күні «коммуникация» түсінігі адамның әр түрлі іс-әрекет облысында кездеседі. Кең мағынада коммуникация – материалды әлемнің кез келген обьектісінің байланыс құралы. Бірақ біздің ойымызша «коммуникация» түсінігін адамдар арасындағы бағытталған байланыс процесі ретінде қарастыруға да болады.
Е.Д.Жарков коммуникация мен қарым-қатынас айырмашылығына көңіл аударғандардың алғашқыларының бірі болды. Ол «негізінен кез келген ақпарат алмасу қарым-қатынас болып саналады. Бұндай түсінік осы терминді өте кең мағынада береді: қарым-қатынас жалпы іс-әрекетпен шектеулі. Коммуникация мен қарым-қатынасты айыра білу керек. Біріншісі ақпаратты беру мен алуға қатысты. Екіншісі- өзіндік ұйымдасу процесіне кез келген коммуникация- қарым-қатынас, бірақ кез келген қарым-қатынас коммуникация емес, яғни, индивидтер қарым-қатынасы коммуникативтік байланыссыз да жүзеге асуы мүмкін. Онда процесс тек қана өзімен бірге психикалық әрекеттің өз-өзіңе бағытталғандығын көрсетеді».
Көптеген авторлардың еңбектерінде «қарым-қатынас» пен «коммуникация» түсінігі синоним ретінде қолданылады. Ол «коммуникация» сөзін ағылшын тіліндегі әдебиеттерден алумен байланысты, онда «communication» сөзі жеке тұлғалар арасындағы категорияларды суреттеуге, қолданылады.
Біз Е.С.Кузьмин мен В.Е.Семеновтың «қарым-қатынас» пен «коммуникация» түсініктерін синоним ретінде қарастыруға болмайды деген көзқарастарын қолдаймыз.
Бұл авторлар К.К.Платонов сияқты, басқа адамдарға қарағанда, қарым-қатынас (жеке бастық, психикалық процесс ретінде), өзара әрекет (физикалық және психофизикалық процесс ретінде), коммуникация (ақпараттық ретінде, бір немесе екі жақты байланыс) әртүрлі деңгейдегі түсініктерін қолданған орынды.
К.К.Платонов қарым-қатынасты коммуникация деп аталатын және ақпаратты алмасу түрінде көрінетін біршама кең өзара әрекет шеңберінде қарастырады.
А.А.Бодалев бастысы- басқа адамдар оның құндылықтар жүйесінің орталығы болу үшін, басқа адамдарға бағыттылық қалыптастыру керек деп есептеді.
Алайда, адам қарым-қатынаста сауатты болу үшін, сауаттылықты қамтамасыз ететін өзіндік интеллектісінде, сонымен қатар, өзіндік эмоционалдық және еріктік сфераларында бірқатар мінез-құлықтарға ие болу керек.
Зерттеушінің ойынша қатынасты жеке тұлғаның басты сапаларының бірі қарым-қатынасқа тез түсе алу. Коммуникативтік сапалардың ішінен А.А.Журавлев сыйлаушылықты, басқа адамдарға жылы жүзділік, мейірімділікті атап көрсетеді. Сонымен қатар жеке тұлғаның келесі бір қалыпты, тұрақты қарым-қатынасты ұйымдастыра алу, эмоциясын басқара алу, өзін-өзі ұстай сияқты коммуникативтік сапалары маңызды дегенмен автордың ойынша жоғарыда келтірлген сапалар коммуникативті сапалар қатарын шектемейді. Олар коммуниктивті қабілеттер құрылымын құрайтын компоненттердің бірі болып табылады.
В.Д.Дранков пен А.В.Дранков: « жалпы қабілеттер- бұл адамда мінез-құлқының негізгі өзіне тән қасиеттері және қырлары: қарым-қатынасқа тез түсе алушылық, ілтипаттылық, бақылампаздық, әділеттілік, байсалдылық, тартымдылық, шыншылдық, ұстамдылық, және т.б. »
Г.С.Васильев коммуникавтивті қабілеттердің үш құрылымын анықтады: басқа адамдардың оны түсіне алуы; басқа адамдарды түсіне алу қабілеті және басқа адамдарға әсер ете алу қабілетті. Автордың берген құрылымына орай мынандай белігілерін айыруға болады:
-сыпайылық, тәртіптілік, қарым-қатынаста серіктесін тыңдай алу, яғни, мінез-құлық мәдениеті ретінде, біздің көзқарасымыз бойынша, индивидтің бар біліміне, іскерлігіне және дағдысына орай қабілеттілігі көрініс береді. Сонымен бірге, « қабілеттілік индивидтің бар білімін, іскерлігін, дағдысын ғана емес, шапшан, терең және қарапайым іс-әрекет тәсілдері мен құралдарын да қамтиды ».
Біз жұмысымызда В.Д.Парыгин көзқарасын қолдаймыз. Ол қарым-қатынасты ақпараттық процесс ретінде, адамдардың бір-біріне қатынасы ретінде, индивидтердің өзара әрекет процесі ретінде, бір-бірін өзара түсінісу процесі ретінде, қиын және көп қырлы процесс деп түсіндіреді. Мұндай сипаттама қарым-қатынас процесінің бір қатар аспектілерін мәнді қатарларын қамтитындықтан қарым-қатынасты көп қырлы әлеуметтік құбылыс деп атауға мүмкіндік береді.
Б.Ф.Ломов ұсынған қарым-қатынас мәселелерін зерттеу бағдарламасы назар аударуды қажет етеді. Оның ойынша – қарым-қатынас, іс-әрекет сияқты қоғамдық тарихи категория болып табылады, бұл күрделі көпөлшемді және көпқырлы процесс. Оның көзқарасы бойынша « іс-әрекет және қарым-қатынас индивид өмірінің екі жағынан көрінеді ».
Б.Ф.Ломовтың анықтауы бойынша « қарым-қатынас » түсінігі келесі мәнге ие: « Қарым-қатынас – оған субъект ретінде түсетін адамдардың өзараәрекеттесуі. Бұл кезде тек бір субъектінің келесісіне әсері емес, міндетті түрде өзара әрекет екенін атап өту керек. Қарым-қатынас үшін аз дегенде екі адам керек. Олар қарым-қатынас субъектілері ». Қарым-қатынасты көпөлшемді полифункционалды процесс ретінде көрсете отырып, Б.Ф.Ломов, осы функциялардың негізгі үш класын анықтады: реттеуші – коммуникативті; ақпаратты - коммуникативті;аффекті - коммуникативті.
Б.Ф.Ломов, іс-әрекет және қарым-қатынас өмір процесі жағымен тығыз байланысты деген көзқарасты қолдады. Біз, Б.Ф.Ломовтың қарым-қатынас пен іс-әрекет арасындағы « бір-біріне өтуі мен ауысуы көптеп байқалады » деген позициясын ұстанамыз. Кейбір іс-әрекет түрлерінде оның құралдары мен амалдары ретінде, қарым-қатынасқа тән құралдар мен амалдар қолданылады, ал іс-әрекеттің өзі қарым-қатынас заңдары бойынша құрылады (мысалы, педагог пен лектор іс-әрекеті).
Психологияда, философияда, әлеуметтануда қарым-қатынас мәселелерін зерттеуде өңделген амалдар маңызды жалпытеориялық мәнге ие және педагогикада қарым-қатынас мәселесін зерттеу бағытын анықтайды.
Педагогика ғылымының тәрбие үрдісінде өзарақарым-қатынас мәселесіне деген қызығушылық ХVIII ғ. аяғы мен ХІХ ғ. 2-ші жартысында пайда болды.
Педагогикада қарым-қатынас мәселесі қатынас мәселесі базасында туындады. Ғалымдар « қарым-қатынас » пен « қатынас » терминдерін ұқсастыруға тырысты. Балалар мен ересектер арасындағы қатынасты зерттеп отырып, оларды өзарасыйластық, гумандылық негізінде құру қажеттілігін атап көрсетті. (В.Г.Белинский., Н.А.Добролюбов., Н.Г.Чернышевский).
К.Д.Ушинский зерттеулерінде педагог пен тәрбиеленуші қатынасында педагогикалық тактыға көп көңіл бөлінеді.
ХІХғ. педагогтарды біріктіріп, ұжымда туындайтын қатынас жеке тұлғаның даму бағытын анықтайтын орта болып табылады деген көзқарас болды.
В.А.Сухомлинскийдің соңғы еңбектері өзарақатынас мәселелеріне байланысты. Бұл еңбектерде «қарым-қатынас» термині көп кездеседі, бірақ ол В.А.Сухомлинскийдің теориялық талдауының пәні деп есептеуге болмайды. Ол педагог пен оқушы қарым-қатынас мәселесіне көп көңіл бөлді. Қарым-қатынас мәселесін көптеген педагогтар қарастырғанмен, педагогикада ол жеке дара мәселе ретінде анықталмайды. Мысалы, ұжымды тәрбиелеу мәселелерін қарастыра отырып, М.Д. Виноградова, Б.Т.Лихачев, Л.И.Новикова, И.Б.Первин және т.б. ұжымдағы жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты; Ю.П.Азаров, А.Ю.Гордин және т.б. педагогикалық шеберлік мәселесін зерттеді; О.С.Богданова, Н.И.Болдырев, И.С.Марьенко, Л.П.Рувинский оқушылардың өзіндік тәрбиелеу сұрақтарын және т.с.с.
Ғалымдар мен білім беру үрдісінің қызметкерлерінің педагог пен тәрбиеленушілердің өзарақатынас мәселесіне қызығушылығының артуы бүгінгі таңда заңдылық. Бүгінгі күнде педагогтарды кәсіби дайындау жүйесінде педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары О.А.Абдуллин, Н.В.Александрова, Д.Ф.Николенко, А.В.Петровский, А.И.Пискунова, Л.Ф.Спирин және т.б. еңбектерінде ашылып қарастырылған.
Жалпы қарым-қатынас мәселесін, педагогикалық қарым-қатынас пәнінен айыру, оқушылар аудиториясымен қарым-қатынасқа түсуде кәсіби педагогикалық іс-әрекет басты орындардың бірі және өзіндік ерекшеліктерге ие болуымен байланысты.
Педагогикалық қарым-қатынас мәселелерін теориялық және практикалық өңдеулердің маңыздылығы, ең алдымен, оқыту-тәрбиелеу процесін жетілдіру қажеттілігімен, тәрбиеші тарапынан баланың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне көңіл аударумен анықталады.
А.В.Киричуктың дәлелдеуі бойынша, қарым-қатынастың қоғамда тек ақпараттық қана емес, сонымен бірге мотивациондық, гностикалық және реттеуші функцияларын анықтайды. Қарым-қатынастың бұл функциялары «өзара диалектикалық байланыста, біртұтас жүйе ретінде жеке тұлғаның ақыл-ойының, адамгершілігінің және физикалық дамуына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар барлық ұжымдық бірлестіктердің әлеуметтік дамуына ықпал етеді ».
Педагогикада « қарым-қатынас - өзара әрекеттесу » күрес идеясы ерекше мәнге ие болады. Себебі, жеке тұлға болып қалыптасудың күрделі, қарама-қайшылыққа толы процестің табиғи нәтижесі болып табылатын, тәрбие үрдісінде педагогикалық міндеттерді шешуде тәрбиеленуші тарапынан жиі өзіңдік тәрбие деген « қарсылық » туындайды.бұл қарсылықты есепке алмай тәрбие процесін жүзеге асырып, түсіну мүмкін емес. Тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші күресі барысында өзінің кәсіби іскерлігін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге көптеген кәсіби маңызды сапаларды игереді, педагогикалық шеберлігі қалыптасады.
Педагогикада қарым-қатынасқа тән келесі бір қыры, педагог үшін – қарым-қатынас – кәсіби түсінік болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынасты педагог пен оқушы балалардың өзара әрекеттесуі ретінде суреттей отырып, И.В.Стархов, балабақшадағы, мектептегі педагогикалық қарым-қатынас, оқушыларды оқыту іс-әрекеті арқылы тәрбиелеуде бірлікте көрінентінін атап көрсетті. Бұл бірліктің нәтижесінде, педагогтар мен оқушылардың өзара түсінісуі мен өзара әрекеті болып табылатын педагогикалық қарым-қатынастың функциялары анықталды.
Коммуникативті іс-әрекет мәселесін өңдеуде А.В.Мудрик көп үлесін қосты. Ол өзіне дейінгі зерттеушілердің тәжірибелерін жалпылап, коммуникативті іс-әрекетті ұйымдастыру мен басқару туралы бірқатар ұсыныстарды өңдеді.
Ол коммуникативті іс-әрекетті балалардың ұжымдық тіршілік іс-әрекетінің феномені ретінде анықтайды. А.В.Мудрик ақпараттық- пікір-талас деңгейіндегі коммуникативті іс-әрекетті толықтырады деп санады. Коммуникативті іс-әрекеттің мұндай түсінігі оның мазмұндылығын, тереңдігін, эмоционалдығын бейнелейді. Сөйлеу коммуникативтік іс-әрекеттің негізігі элементі болып табылады. Себебі, ол- адамдар арасындағы өзара түсіністіктің негізгі құрамы. «Балалар коммуникативтік іскерліг деп жаздыА.В.Мудрик- қарым-қатынастың табысты болуы және баланың оған қанағаттануы осыған байланысты».
Н.Д.Хмель және М.П.Шульц педагогтың балалармен коммуникативті іс-әрекеттің педагогтық балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру іскерлігінің нәтижесі ретінде қарастырды.
Г.А.Томилова коммуникативті іс-әрекетке өзінше сипаттама береді. Ол бұл әрекеттің бірге қайыру, байланыс орнату, педагогтың экспрессивті қабілеттері және т.б. сияқты маңызды жерлерін бөліп көрсетеді.
Н.Д.Хмельдің концепциясы құнды саналады, оның ойынша «педагогикалық процесс- педагог-тәрбиеленушілер» жүйесінің қызмет етуі, бұл жерде балалар арасындағы өзара әрекеттесуі барлық мәдениет байлығын меңгеруге, өскелең ұрпақты қоғам өміріне және еңбекке белсенді қатысуға дайындауға бағытталды.
Педагогикалық процестің кез келген актісі «педагог-тәрбиеленуші» жүйесінің қызмет етуінсіз мағынасыз болып табылады. Сондықтанда коммуникативті іс-әрекетті бұл жүйеде педагогтардың да, тәрбиеленушілердің де іс-әрекетінің өнімді тәсілі болып табылады. В.В.Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынасқа толық анықтама береді. Автор педагогикалық қарым-қатынасты « педагогтар мен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетінің жолдары мен дағдылары кіретін жүйе » деп түсінеді.
Коммуникативті іс-әрекетті тұлғааралық қатынас динамикасын С.В.Сергева зерттеген. Оның жасаған нәтижелерінің арасында, оқытушының коммуникативті іс-әрекеттегі қатынас процесін іске асыру факторы ретінде жоғары кәсіби қатынас қажеттігі туралы ой маңызды болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан, қарым-қатынас мәселесінің тарихи бар екендігін аңғаруға болады. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде қатынассыз адам іс-әрекетінің қарапайым актісі болуы мүмкін емес.
Социологиялық, философиялық, психологиялық – педагогикалық әдебиеттердегі қарым-қатынас мәселесінің негізгі тәсілдерінің таңдалуына сүйене отырып, біз мынандай қортындыға келеміз.
« Қарым-қатынас » әр алуан мағына беретін түсінік болып табылады. Ғылымда қарым-қатынас қажеттілік, индивидтің өміп әрекетінің бір жағы, іс-әрекет түрі ретінде, оның компоненті ретінде, процесс ретінде және т.б. айтылады.
В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық шығармашылығында қарым-қатынас әр түрлі айтлады: ол педагогикалық процестің әр бір микроэлементін сіңіретін сияқты, кез келген педагогикалық акция осыдан басталады. Оның жұмыс жүйесінде ең алдымен өзінен емес, балалардан қарым-қатынасты ұйымдастыру – бұл оны шын мәнінде сезіну, өзіңді онымен эмоционалды түрд......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Педагогикалық психалогиалық қарым қатынас жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Педагогикалық психалогиалық қарым қатынас

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]